455
бездері сияқты секреция аппараты арқылы шығуды да ескеру керек. Бұл
жолмен енгізу тәсіліне байланыссыз кейбір алколоидтар (морфин, атропин,
хинин), ауыр металл тұздары (мышьяк, сурьма), жұпар иісті қосылыстардың
туындылары, эфир майлары, бояулар, сантонин шығады.
Тыныс жолары арқылы: ұшқыш наркотиктер, эфир майлары,
көмір
тотығы, күкіртті сутек т.б. шығады. Шығу жылдамдығы заттардың
физикалық – химиялық қасиеттеріне, дем алу көлеміне, өкпенің қанмен
жабдықталу дәрежесіне т.б. байланысты.
Тері бездері мен майлы бездер арқылы ауыр металл тұздары, галоидтар,
күкіртті сутегі, мышьяк, фекол, салицил қышқылы сияқты заттар шығады;
олардың кейбіреулері теріде жиналып қалады.
Заттардың әсері мен химиялық құрылысының өзара байланысы. Заттың
химиялық құрылысын білу арқасында оның фармакологиялық сипатын алдын
ала болжауға мүмкін екендігі туралы бірқатар мысалдар бар.
Сондықтан
заттардың химиялық құрылысын өзгерту арқылы белгілі бағытқа сай
қанағаттандырарлықтай препарат алуға болады. Алайда, бұл ережемен
қыйыспайтын жағдайлар да кездеседі, өйткені химиялық құрылысының
өзгеруіне қарай физикалық-химиялық қасиеттері де өзгереді;
сөйтіп бұл
өзгерістер сіңу, ажырап бұзылу, организмде жаңа заттар пайда болу, тағы сол
сияқты құбылыстарға ықпал тигізеді.
Рецептурада қабылданған салмақ және өлшеуіштер дәріханалық
практикада салмақ мөлшері ретінде - грамм, ал көлем мөлшері ретінде -
миллилитр қабылданған. Осы уақытқа дейін сұйық заттардың салмағы ғана
көрсетіліп келген еді,
мұны ескеру керек, мемлекеттік фармокопеяның
сегізінші басылымына сәйкес, дәріханалар кейбір заттарды көлем
өлшеуіштері арқылы жазып береді және жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: