Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


Қарыншалық тахикардияның сирек түрлеріне жатады



бет4/5
Дата14.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#134626
1   2   3   4   5

Қарыншалық тахикардияның сирек түрлеріне жатады:

1. Полиморфты қарыншалық аритмия – қарыншалық кешендердің әртүрлі бағытты болуы – миокард ауыр зақымдалған науқастарда, кейде IА сыныбы (хинидина, дизопирамида, новокаинамида) дәрілерін қолданғаннан кейін пайда болуы мүмкін.

2. "Пируэт" типті аритмия, қарыншалық кешендердің түрі мен бағытының біртіндеп өзгеруі

3. Кешендердің қарама қарсы бағытталуымен екі бағытты аритмия. Ол болжамы жағынан жағымсыз. Қарыншалық аритмиялардың дамуында Q - Т интервалы ұзаруына орын беріледі, ол туа біткен, сонымен бірге жүре пайда болуы да мүмкін. Бұндай науқастар емінің кешеніне b-блокаторларды қосу ұсынылады, оларды ұзақ аз дозада тағайындайды (40 - 80 мг/тәулігіне)

4. Оң жақ қарыншаның аритмогенді дисплазиясы – оң жақ қарыншаның басым зақымдануымен болатын, QRS кешені бар Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасымен жиі болатын қарыншалық ұстамалармен көрініс беретін сирек дамитын туа біткен ауру. Диагноз ЭхоКГ көмегімен қойылады. Антиаритмиялық ем бұл патологияда әдеттегідей жүргізіледі.

5. Идиопатиялық қарыншалық тахикардия – миокард зақымдануы жоқ, бірақ тұрақсыз вегетативті симптомдармен көрініс береті, жас адамдарда дамитын патология. Тұрақсыз немесе тұрақты тахикардия түрінде болуы мүмкін. Жиырылу өте жоғары болғанда да науқастар жақсы көтереді. Қарыншалық кешендер Гисс шоғырының сол немесе оң жақ аяқшасының блокадасы түрінде болады. Ұзақ уақыт болған аритмия жүрек дилатациясы белгілерін береді. Басқа көзқарас бойынша қарыншалық тахикардияның бұл түрі ДКМП алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін. Ұстама врепамилмен (изотинмен) нәтижелі тежеледі.

6. Жүктеме кезінде дамитын қарыншалық тахикардия миокард ауруларымен (жиі ЖИА) қатар болады, бірақ дені сау адамдарда дамуы мүмкін.Ол асқыныстар тудырмайды, b-блокаторлар қабылдағаннан кейін тежеледі [7,8].

Брадиаритмиялар

Брадиаритмиялар (синусты брадикардия, синоаурикулярлы блокада, баяу атриовентрикулярлы ырғақ, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің баяулауы II және III дәрежелі) егер тұрақсыз гемодинамикамен болса, жүректің органикалық зақымдануы салдарынан асқыныс ретінде дамыса (инфаркт немесе реанимациялық терапия жүргізу барысында, жиі Морганьи-Адамс-Стокс ұстамалары салдарына дамыса) терапияны қажет етеді. Адекватты гемодинамиканы қалпына келтіру үшін жиі 0,1% атропин ерітіндісін 0,3-1,0 мл бастапқы дозасында енгізу арқылы ЖЖЖ жоғарылату жеткілікті.

Атропиннің кері әсерлеріне ауызда құрғау, шөлдеу, лоқсу, құсу, ішек атониясы мен іш қату; бронх демікпесімен науқастарда жөтелдің күшеюі, зәр шығарудың бұзылысы, мидриаз, фотофобия, аккомодация параличі, тахикардия, мазасыздық, тремор, бас ауру, психомоторлық қозу жатады.

Атропинді қолдануға қарсы көрсеткіш глаукома, созылмалы зәр шығарудың қиындауы (қуық асты безінің аденомасы), ішек атониясы, тахикардия, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, айқын атеросклероз, препаратқа сезімталдықтың жоғары болуы болады. Брадиаритмия және АВ-блокадаларда атропинді арнайы көрсеткіштер бойынша миокард ишемиясы, ішек өтімсіздігі, ішек атониясы, бауыр мен бүйрек ауруларында, жабықбұрышты глаукомада да қолдануға болады.

Атропинмен емнің нәтижесіздігі уақытша электростимуляцияға көрсеткіш болады, ал оны жүргізу мүмкіндігі болмағанда орципреналин (10-30 мкг/мин. дозасында ЖЖЖ бақылаумен к/т тамшылап, терапиялық әсер пайда болғанша) енгізуге болады.

Госпитализацияға көрсеткіштер: жедел дамыған және гемодинамикалық маңызды брадиаритмиялар [20].



Экстрасистолия

Экстрасистолия кезінде антиаритмиялық ем жүргізуге негізгі көрсеткіштер:

1. Экстрасистолалар пайда болғанда (әдетте жиі) жүректің ауыр органикалық патологиясы, немесе церебральды және тәжді тамырлардың айқын склерозы кезіндегі дамитын немесе үдейтін гемодинамикалық бұзылыстардың белгілері.

2. Экстрасистолалар кезінде болатын жағымсыз субъективті симптомдар (жүрек қағуының үзілісі, тоқтап қалу сезімі, әлсіздік және т.б.), жиі невротикалық бұзылыстары бар науқастарда байқалады.

3. Кейбір бақылауларда (әдетте мониторлау кезінде) экстрасистолаларды қауіпті ырғақ бұзылыстарының – ұстамалы тахикардия, жүрекшелердің жыбыры мен дірілінің жаршысы ретінде тіркеуге болады. Оларды мүмкіндігінше бірден тежеу керек.

Антиаритмиялық терапияны таңдауда ырғағқ бұзылысының негізінде жатқан себептер (органикалық немесе функциональды), симпатикалық немесе парасимпатикалық жүйке жүйесінің басымдылығы, гипер- немесе гипотензияға бейімділік міндетті түрде ескеріледі.

Жүрекшелік және түйінді экстраситолалар кальций каналдарының блокаторларына сезімтал болса, қарыншалық – IС сыныбының жаңа антиаримиялық препараттарымен тежеледі. Қарынша үстілік және қарыншалық экстрасистолалармен науқастарда бірдей нәтижелілікпен: кордарон, этмозин, хинидин, b-блокаторы, аллапинин, пропафенон қолданылады. Жиі экстрасистолаларда антиаритмиялық терапияны сынама жүргізуден бастауға болады, науқасқа бір мезгілде аритмияға қарсы препараттың 1/2 тәуліктік дозасы беріледі: хинидин - 600 мг, новокаинамид - 1,5 этмозин - 160 - 200 мг, кордарон - 600 -1200 мг. Егер үш сағаттың аралығында экстраситолалар санының жартысы азайса, ал ерте политопты және топтық экстрасистолалар толық жойылса сынама оң деп бағаланады.

Бірақ жиі антиаритмиялық заттардың таңдауы, сынама мен қаталіктер тәсілімен біртіндеп жасалады. Препараттың алғашқы таңдауы экстрасистолалардың түріне емес, антиаритмиялық терапияның тудыратын асқыныстарына немесе оның жоғары нәтижелілігіне байланысты болады. Тахикардия мен гипертензияға бейім науқастарға b-адреноблокатор жақсы әсер береді; брадикардиямен, гипотониямен, өткізгіштіктің баяулауымен адамдарға бұл препараттар қарсы көрсетілген, оларға беллатаминала, хинидинді препараттар, кейде ритмилен тағайындалады. Сынамалық емнің ұзақтығы b-блокаторлар, хинидин, ритмилен, новокаинамид үшін 1 -2 тәулік, этмозин, аллапинин, дифенин, пропафенон үшін - 3-4, ал кордаронды тағайындағанда 6-7 күн. Антиаритмиялық терапияның нәтижелілігін науқастың жағдайының жақсаруы мен ЭКГ мәліметтері бойынша дәлелдейді. Нақты объективті көрсеткіштерді тәуліктік мониторлау береді. Емнің жақсы нәтижелілігінде экстраситолалар тәулігіне 75% азаюы қажет, ал топтық экстрасистолалар толық жойылуы керек. Қосымша науқастардың жартысында экстрасистолалардың физикалық жүктеме байланыстылығын анықтауға мүмкіндік беретін ВЭМ жүргізіледі [17].



Жыбырлы аритмия

Жыбырлы аритмияның ұстамалы түрі оның жедел тежелуіне көрсеткіштердің болуына байланысты әртүрлі әдістермен жойылады. Егер жыбырлы аритмия ұстамасы үдемелі гемодинамика бұзылыстарымен – коллапс, естен тану, кардиальды демікпе, стенокардия ұстамасымен асқынса ол бірден 3 кВ - 6 кВ күші бар разрядпен электроимпульсті терапияны қолданумен тежелуі керек. Жүректің электостимуляциясын (эндокардиальды немесе өңештік) да қолдануға болады. Бұл үшін жүрекшелер деңгейінде электродтарды орналастырғаннан кейін 15-60 секунд аралығында стимуляция жасалады (1 минутта 350 импульске дейін); талаптануды бірнеше рет қайталайды.

Егер ұстаманы бірден тежеуге көрсеткіш болмаса, екі кезеңді ем жүргізіледі. Алдымен ЖЖЖ минутына 100 дейін төмендетеді, ол үшін верапамил (0,5 - 1 мин 5 - 10 мг к/т), обзидан (5-10 мин 5-10 мг к/т), строфантин (0,5 мг баяу 20 мл 5% глюкоза немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде) немесе кордарон (5-20 мин 300 - 400 мг к/т) тағайындалады. Егер синусты ырғақ қалыптанса – науқасты 1/3-1/2 тәуліктік дозасында сол дәрімен тұрақтандырушы терапиясына ауыстырады.

Сиреген, бірақ қалыптанбаған ырғақпен науқасқа парентеральды немесе таблетка түрінде антиаритмиялық терапияны ырғақ қалыптанғанша жалғастырады. Келесі препараттардың тәуліктік дозасы ұсынылады: новокаинамид - к/т баяу 1 - 1,5г; ішке 1,5 - 2,0 және әрі қарай әрбір сағат сайын 0,5 жалпы дозасы 4,0 - 6,0 дейін; дизопирамид (ритмилен) - к/т 150 мг, ішке 300 - 400 мг; хинидин - ішке 0,4 - 0,6 және әрі қарай 0,2 – ден 1 сағаттан кейін жалпы дозасы 1,4-2,0 дейін; кордарон - к/т 150 - 450 мг; этацизин - к/т 50 мг, ішке 100 мг; пропафенон - 150 мг к/т, ішке 450 мг дейін.

Аритмия мен WPW синдромы қатар болғанда верапамилді қолдануға болмайды, себебі антриовентрикулярлы өткізгіштікті баяулата отырып, Кент шоғыры арқылы көп мөлшерде импульстердің өтуіне жағдай жасап қарыншалар фибрилляциясын тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда таңдау препараттары новокаинамид, ритмилен және этацизин болып табылады.

Жыбыр аритмиясы қайталануынының алдын-алу ол жиі (аптасына 1 рет және одан көп) қайталатын науқастарда жүргізіледі. Аз дозада кордарон (200 мг/тәу) және бірқатар антиаритмиктердің қосындысы: хинидин мен дигоксиннің, верапамилдің, b-блокаторлардың; хинидиннің орнына новокаинамид немесе ритмилен қолдануға болады.

Медикаментті нәтиже болмағанда және қайталанатын ауыр жыбырлы аритмияның ұстамалары болғанда операция қолданылады – атриовентрикулярлы байланыс деструкциясы және кардиостимулятор имплантациясы [15,26].

Жүрекшелер жыбыры мен дірілінің тұрақты түрі

Жыбырлы аритмиямен науқастардың емі индивидуальды көзқарасты қажет және бірқатар жағдайлармен анықталады. Біріншіден, жыбырлы аритмиямен барлық науқасқа синусты ырғақты қалыптандыру міндетті емес. Декомпенсация белгілерінсіз және субъективті тұрде жақсы көтеретін көп жылдық жыбырлы аритмия болса бұл мәселені талқылау қажеттілігі жоқ.

Басқа жағдайларда синусты ырғақтың қалыптануы лазымды, бірақ бастапқыдан –ақ бұл мәселенің шешілуі мүмкін болмайтын жағдайларды да ескеру қажет. Бұл аритмияның ұзақтығы (1 жылдан аса), егде жас (60 жастан аса) және жүрек қуыстарының шамадан тыс кеңеюі, ең бастысы – сол жақ жүрекшенің (диаметрі 5- 5,5см жоғары) болуы. Жыбырлы аритмияның атриовентрикулярлы блокадамен (Фредерик синдромы), айқын брадикардиямен, жүрек қуыстарында тромбтың болуымен, әсіресе анамнезінде тромбоэмболиялық асқыныстар болуымен қосарланса емдеу міндетті түрде жүргізіледі.

Жүрекше жыбыры мен дірілінің тахиаритмиялық түрінде, әсіресе декомпенсация кезінде мен дефибрилляцияға қарсы көрсеткіштер болмағанда міндетті түрде синусты ырғақты қалыптандыруға лазым жасау қажет; бұл кезде медикаментті ем мен дефибрилляция арасында таңдау жасалады. Бірінші жағдайда кордарон немесе хинидинмен емдеу нәтижелі (сонымен бірге, кинилентинмен және этмозинмен). Кордаронмен емдеу тәулігіне 600 - 1200 мг дозасында, 6-8 күн аралығында жүргізіледі, бірақ синусты ырғақтың емнің 10-12 күні қалыптануы болған жағдайлар да белгілі. Хинидинді тәулігіне 0,2 - 0,4 дозасында бастап, әр күн сайын оны 0,2 жоғарылатады және тәуліктік дозаны 1,8 - 2,0 дейін жеткізеді. Нәтижеге жеткенде емді тұрақтандыру дозасында (тәулігіне 0,2 - 0,4) жалғастырады. Егер ырғақ қалыптанбаса емді тоқтатады.

Алғашқы жүргізілетін ЭИТ алдында және одан кейін антиаритмиялық препараттар тағайындалмайды. Кардиоверсия наркоз көмегімен жасалады, 5-6кВ разряд қолданылады.

Қайталамалы кардиоверсия жаслар алдында 2-3 күн аралығында антиаритмиялық заттар тағайындалады, олар әрі қарай тұрақтандыру терапиясы ретінде жоспарланады. Жиі бұл кордарон және хинидин. Егер синусты ырғақты қалыптандыру мүмкін болмаса, онда жыбырлы аритмияның нормо- немесе брадиформасына ауысуына және оның ұзақ мерзімге тұрақтануына бағытталған ем жүргізу керек. Бұл мақсатта дигоксин, верапамил, обзидан және олардың қосындысы, әсіресе, дигоксин мен верапамилдің қосындысы қолданылады. Жыбырлы аритмиядан кейін синусты ырғақтың тұрақтануында кордарон нәтижелі, бірақ оын ұзақ қолданғанда бірқатар асқыныстар дамиды, сондықтан кордаронды басқа антиаритмиялық препараттардан нәтиже болмағанда қолданады.

Қарыншалардың дірілі мен фибрилляциясы, қарыншалардың асистолиясы – естен танумен, тыныс алудың тоқтауымен, ірі артерияларда пульстің жоғалуымен көрініс беретін агония алды жағдайы. Нақты диагноз ЭКГ тіркеу арқылы қойылады.

Шұғыл шаралардың нәтижелілігі олардың басталуының жеделдігіне байланысты және бұл уақыт 4-6 минуттан аспау қажет. Алғашқы тәсіл ретінде (электрлік дефибрилляция жасауға мүмкіндік болмаса) төс аймағына жұдырықпен ұру және жасанды тыныс алу мен жүректің тікелей емес массажы жасалады. Дефибрилляция кезінде 5 кВ разряд, әрі қарай 6-7 кВ дейін жоғарылатумен қолданылады. Дефибрилляциядан нәтиже болмағанда әрбір 5 минут сайын 0,5 – 1мл - 0,1%- адреналинді 10 мл физиологиялық ерітіндімен енгізеді. Адреналин көктамырға, трахеяға, жүрекішіне енгізіледі. Лидокаин (100 мг), кейде новокаинамид (100 мг) қайталап жасалады [8,26].


5. АРИТМИЯНЫ ЕМДЕУДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН

СТАНДАРТТЫ ҚАТЕЛІКТЕР

(М.С Кушаковский, 1999ж)

1. Препаратты немесе дәрілік заттар кешенін таңдау науқастағы синусты түйіннің дисфункциясын есепке алмастан немес оның болу мүмкіндігін ескерместен жүргізіледі.

2. Егер алдымен ағзадағы К жеткіліксіздігі, әсіресе, гипокалиемия, гипомагниемия жойылмаса тахиаритмияның емі нәтижесіз болатындығы ескерілмейді.

3. Әртүрлі сыныптар препараттарын қосып немесе біртіндеп (қажетті интервалсыз) к/т енгізу барысында олардың кардиогемодинамикаға аддитивті мүмкіндігін ескерусіз жүргізуге болмайды (мысалыр,егер I сыныптың новокаинамиді мен IV сыныптың верепамилін бірге қолданғанда шок дамуы мүмкін).

4. Қарынша ішілік блокадасы бар науқастарға экстрасистоланы жою мақсатында 1С сыныбының препараттарын, мысалы, этацизинді тағайындауға болмайды. Бұл QRS кешенінің шамадан тыс кеңеюі мен қарыншалық тахикардияның жылдам дамуына алып келеді.

5. Q-Т интервалының ұзаруы бар науқастарға, экстрасистолия немесе қарыншалық тахикардияның алдын-алу үшін IA және III сыныптарының препараттарын тағайындауға болмайды. Олар Q-T интервалының әрі қарай ұзарып, қарынша фибрилляциясына айналытын екі бағытты ұршық тәрізді қарыншалар фибрилляциясының дамуына әкелуі мүмкін.

6. Бір мезгілде науқастарға В-адреноблокаторлар мен верапамилді тағайынлауға болмайды. Ол СТ тоқтауы немесе ауыр АВ блокадасын дамытуы мүмкін.

7. Дигиталисті аритмияны емдеуде де қателіктер аз емес:

А) Электрлік дефибрилляция мен кардиоверсия қолданылмайды.

Б) Хинидин мен новокаинамидті ұсыну қарынша фибрилляциясымен асқынуы немесе АВ түйінді блокадасының үдеуін дамытуы мүмкін.

8. WPW синдромаымен науқастарда тахиаритмияны емдеуде жағымсыз коллизиялар болуы мүмкін:

А) Егер науқаста жүрекшелер фибрилляциясының ұстамасы тіркелсе, онда оған жүрек гликозитері, В-адреноблокаторлар, верапамил мен дилтиаземді тағайындауға болмайды.

Б) Осы қарсы көрсеткіштер қосымша жолдың қысқа антеградты нәтижелі ретроградты кезеңі (жүрекше фибрилляциясы кезінде өте қысқа R-R интервалы) бар науқастарға да тиесілі.

9. Кордаронды тағайындау кезіндегі қателіктер:

А) Қалқанша безі, бауыр, созылмалы өкепе ауруларында тағайындалмайды.

Б) Жүрек жеткіліксіздігі кезінде қанығу кезеңін жүргізу қажет емес. Аз дозамен емдеу.

10. Қарыншалық қозулар санын алдымен жиілетпей жүрекше фибрилляциясын жоюға болмайды.

11. АВ-блокадалар диагностикасында өткізгіштік бұзылысының деңгейі ескерілмейді.

12. Мономорфты қарыншалық тахикардиясы бар науқасқа көп мөлшерде глюкозаны енгізу кезінде хаостық қарыншалық тахикардия асқынысы пайда болуы мүмкін.

13. Көп мөлшерде глюкокортикоидтарды қолдану кезінде К иондарының жеткіліксіздігі дамып, аритмия туындауы мүмкін.

14. Осындай жағымсыз әсер инсулин мен адреналиннің жоғары дозаларын енгізгенде болуы мүмкін.

15. Сол жақ қарыншаның айқын гипертрофиясы бар гипертониялық ауруымен науқастарға диуретикті тағайындағанда К иондарының шығуына байланысты жүрекше фибрилляциясы дамуы мүмкін [10].



ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, жүрек аритмиясын емдеумен байланысты кейбір жалпы қағидаларға тоқтала кетейік:

1. Антираитмиялық терапия стратегиясын анықтау жеңіл тапсырма емес және ырғақ бұзылысы бар науқастармен белгілі бір жұмыс тәжірибесінің болуын талап етеді.

2. Аритмия терапиясы жауапты ісі және науқасқа көп көңіл бөлуді, оны жүргізудің қауіп дәрежесі мен жақсы нәтиже беретін басымдылығы арасындағы қатынастың болуын қажет етеді. Науқас үшін шамадан тыс пассивті, жасқанатын дәрігер де, оның агрессиялы, «ойсыз батыл» әріптесі де бірдей деңгейде аритмияны емдеуде қауіпті.

3. Аритмия емінде уақтылық жоқ. Анамнезіндегі қалып қойған жайттар, ЭКГ ескерілмеген «минимальды» өзерістер, мысалы, PQ, QT ұзаруы немесе QRS кеңеюі науқас өміріне қауіпті ауыр асқыныстарға алып келуі мүмкін.

4. Аритмия емі медицинаның көптеген бөлімдерін, басқа ағзалардың аритмияға әсерін, антиаритмиялық терапияның көптеген ағзаларды зақымдау асқыныстарын білуді талап етеді. Дәрігер-аритмолог тек кардиология мәселелерінде ғана емес, сонымен бірге, барлық ішкі ағзалар мәселелерінде де ұшқыр болып, яғни жақсы дәрігер-интернист бола білу керек. Сонымен қатар, аритмия емімен шұғылданатын терапевт те антиаритмиялық терапия қағидаларымен таныс болуы қажет.

ТестІліК ТАПСЫРМАЛАР




  1. Вагусты сынамалар көмегімен тежеуге болады:

A) ұстамалы суправентрикулярлы тахикардияны

B) ұстамалы қарыншалық тахикардияны

C) ұстамалы жыбырлы аритмияны

D) қарыншалық фибрилляцияны

E) синусты түйінді тоқтату үшін


  1. Физикалық жүктеме кезінде дамитын қарыншалық тахикардия ұстамасының алдын-алу мақсатында таңдау препараты болып табылады:

A) хинидин

B) верапамил

C) атенолол

D) этацизин

E) дигоксин


  1. Идиопатиялық қарыншалық тахикардияда әсерлі препарат:

A) обзидан

B) верапамил

C) новокаинами

D) кордарон

E) лидокаин


  1. Пропафенон (пропанорм, ритмонорм) қандай антиаритмиялық қасиеттерді біріктіреді:

A) I С сыныбы + бетта – адреноблокаторлардың

B) I С сыныбы + кальций антагонистерінің

C) I С сыныбы + I А сыныбы

D) I В сыныбы + бетта – адреноблокаторлардың

E) I А сыныбы + бетта - адреноблокаторлардың


  1. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз. Соталол:

A) бетта – адреноблокатор болып табылады

B) шынайы бета – блокаторлармен салыстырғанда миокард жасушаларының әсер ету потенциалдарын ұзартады

C) жүрекшелер, қарыншалар, өткізу жүйелерінде рефрактерлі кезеңді ұзартады

D) бауырда метаболизмі болмайды

E) қарыншалық аритмияларды тежеуде ғана қолданылады


  1. Верапамилдің әсері:

A) натрий каналдарын тежейді

B) кальций каналдарын тежейді

C) калий каналдарын тежейді

D) хлорид каналдарын тежейді

E) калий каналдарын белсендендіреді


  1. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз. I А сыныбының антиаритмиялық препараты:

A) қарынша ішілік өткізгіштікті баяулатады

B) жоғары концентрацияларда атриовентрикулярлы өткізгіштікті баяулатады

C) QT интервалы ұзақтығын жоғарылатады

D) қарынша ішілік өткізгіштікке әсер етпейді

E) рефрактерлі кезеңдерді ұзартады


  1. Қызыл жегілік синдромның дамуы қай препаратты қабылдағанда пайда болуы мүмкін:

A) метопрололды

B) новокаинамидті

C) лидокаинді

D) этацизинді

E) верапамилді


  1. QT интервалының ұзықтығын қысқартады:

A) лидокаин

B) хинидин

C) новокаинамид

D) пропранолол

E) кордарон


  1. Лидокаинмен емдеуге қарсы көрсеткіштер:

A) қарыншалық экстрасистолия

B) ұстамалы қарыншалық тахикардия

C) қарыншалық экстрасистолия + оң жақ аяқшаның толық емес блокадасы

D) қарыншалық экстрасистолия + Гис шоғырының сол жақ аяқшасының алдыңғы бұтағының блокадасы

E) синусты түйіннің әлсіздік синдромы


  1. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз. Дифенин:

A) гликозидті интоксикация салдарынан болған қарыншалық аритмиялар емінде қолданылады

B) гипогликемия салдарынан дамыған аритмияларда әсерлі

C) ұстамалы жыбырлы аритмияларда әсерлі

D) жүктілік ұарсы көрсеткіш болып табылады

E) нистагм, дизартрия кері әсерлері болып табылады


  1. Бетта – адреноблокаторларды тағайындауға қарсы көрсеткіш:

A) жыбырлы аритмия

B) жұрекшелер дірілі

C) қарыншалық экстрасистолия

D) қарынша үстілік экстрасистолия

E) АВ – блокадасының 2 дәрежесі


  1. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз. Кордарон:

A) препарат липофилді және ағзалар мен ұлпаларда белсенді жинақталады

B) ұлпаларда баяу жинақталады және олардан баяу шығарылады

C) кумулятивті әсері жоғары емес

D) толық антиаритмиялық әсер 2-3 аптадан кейін пайда болады

E) тиреоидты гормондардың рецепторлармен байланысын ингибирлейді


  1. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз. Кордаронды к/т қолданудың әдісі:

A) бастапқы доза 6 мл 5% ерітіндіні (300 мг) к/т енгізу

B) препарат 3-5 мин аралығында енгізіледі

C) препарат 15-30 мин аралығында енгізіледі

D)1-2 мин аралығында препаратты енгізгенде артериальды гипотензия дамуы мүмкін

E) әрі қарай қажет болғанда к/т тамшылап 6 мл 5% ерітіндіні 300 мл 5% глюкоза ерітіндісінде күніне 3 рет


  1. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз. Кордаронды ішке қолданудың әдісі:

A) бастапқыда қанығу терапиясы 600-800 мг/тәу

B) қанығу терапиясының ұзақтығы 1-3 апта

C) қанығудан кейін және әсер алғанннан соң дозаны біртіндеп төмендету

D) тұрақтандыру дозасының көлемі индивидуальды таңдалады

E) тұрақтандыру терапиясы үшін препаратты аптасына 1 рет қолдану жеткілікті


  1. Верапамилмен емдеуге көрсеткіш. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз.

A) ұстамалы суправентрикулярлы тахикардия

B) ұстамалы қарыншалық тахикардия

C) суправентрикулярлы экстрасистолия

D) суправентрикулярлы тахикардия ұстамаларының алдын-алу үшін

E) жыбырлы аритмия кезінде ЖЖЖ төмендету


  1. Ұстамалы суправентрикулярлы тахикардияны верапамилмен емдеудің дұрыс әдісін көрсетіңіз:

A) бастапқы доза 2-4 мл 2,5% к/т бірден

B) бастапқы доза 6-8 мл 2,5% к/т бірден

C) бастапқы доза 10 мл 2,5% тамшылап физиологиялық ерітіндіде

D) верапамилді ішке 40 мг әрбір 12 сағат сайын

E) верапамилді ішке 160 мг әрбір сағат сайын


  1. Антиаритмиялық заттар ретінде магний тұздары қолданылады. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

A) ұзарған QT интервалдарымен науқастарда «пируэт» типті қарыншалық тахикардияда магний сульфаты әсерлі

B) ұстамалы қарынша үстілік тахикардия кезінде магний сульфаты барынша әсерлі

C) 10 мл 25% ерітінді болюсті к/т тамшылап

D) поляризациялық қоспа құрамында енгізуге болады

E) коллапс, тыныс алудың тоқтауын дамытуы мүмкін


  1. Антиаритмиялық заттардың аритмогенді әсерін емдеу. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

A) препарат дозасын төмендету

B) антиаритмиялық заттарды қолданбау

C) тахибрадикардия синдромында жасанды ырғақ жүргізушісінің имплантациясs

D) аритмогенді әсер садарынан ауыр гемодинамика бұзылыстарында электроимпульсті терапия қолдану

E) ұзарған QT интервалы кезіндегі қарыншалық тахикардияда лидокаин, әсері болмағанда – электроимпульсті терапия



  1. Синусты брадикардияға тән емес:

A) жүрекшелер мен қарыншалар ырғағы бірдей

B) QT интервалы ырғақтың баялауына сәйкес ұлғаяды

C) систолалық көрсеткіш ұлғаяды

E) QRS кешенінің ұзақтығы қалыптының шоғарғы шекарасына сәйкес келеді шоғарғы шекарасына сәйкес келеді

D) жүрек циклінің ұзақтығы 2 сек асады



  1. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз. Синусты тахикардия емінде қолданылады:

A) негізгі ауруды емдеу

B) седативті заттар қолдану (валериана, пустырник, валокордин және т.б.)

C) бетта – адреноблокаторлар блокаторы

D) жүрек жеткіліксіздігі кезінде жүрек гликозидтерін

E) I С сынып препараты


  1. Экстрасистолалық аритмия емі бойынша ұсыныстар. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз.

A) экстрасистолия сипатын анықтау (функциональды немесе органикалық)

B) тәуліктік мониторлау жүргізу

C) тәулігіне 100 экстрасистоладан төмен болғанда – белсенді антиаритмиялық терапия

D) препаратты таңдау эктопиялық ошақтың орналасуын байланысты

E) қырғақ қалыптанғанда препаратты дозасын біртіндеп төмендету арқылы қолданбауға болады


  1. Тәуліктік мониторлау кезінде науқаста тәулігіне 9000 экстрасистола тіркелді. Емдеу тактикасы.

A) антиаритмиялық терапия қажет емес

B) антиаритмиялық терапия ыңғайсыз сезімдер болғанда жүргізіледі

C) антиаритмиялық терапия препараттарды индивидуальды таңдаумен

D) белсенді, интенсивті антиаритмиялық терапия

E) емдеу барысында экстрасистолалар саны тәулігіне 700 дейін төмендесе препараттарды тағайындамау


  1. Функциональды экстрасистолаларда қолданылады:

A) метопролол

B) дигоксин

C) хинидин

D) этацизин

E) лидокаин


  1. Қарынша үстілік және қарыншалық экстрасистолар кезінде әсері бірдей препарат. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

A) верапамил

B) кордарон

C) аллопинин

D) пропафенон

E) дизопирамид



  1. «Тар» QRS кешенімен ұстамалы суправентрикулярлы тахикардияны тежеудегі рефлекторлы әдіс:

A) Вальсальва сынамасы

B) каротидті синус аймағының массажы (Чермак – Геринг сынамасы)

C) құсу рефлексін тудыру

D) шарды үру сынамасы

E) жоғарыдағының барлығы


  1. Ұстамалы суправентрикулярлы тахикардияны медикаментті тежеуде қолданылмайды:

A) верапамил

B) новокаинамид

C) кордарон

D) натрий аденозинтрифосфаты

E) лидокаин


  1. Ұстамалы суправентрикулярлы тахикардия емінде электрлік дефибрилляция қолданылады. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

A) медикаментті антиаритмиялық ем нәтижесіз болғанда қолданылады

B) жедел сол қарынша жеткіліксіздігі дамығанда

C) аритмиялық коллапста

D) жедел коронарлы жеткіліксіздік дамығанда

E) рефлекторлы тежеу әдістері нәтижесіз болғанда


  1. Өңеш арқылы электростимуляция қандай ырғақ бұзылысында қолданылады:

A) суправентрикулярлы экстрасистолияда

B) ұстамалы суправентрикулярлы тахикардияда

C) синусты тахикардияда

D) қарыншалық экстрасистолияда

E) ырғақ бұзылысын емдеуде қолданылмайды


  1. Ұстамалы суправентрикулярлы тахикардия кезінде медикаментті емдеу әдістері қолданылады. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

A) антитахикардиальды кардиостимулятор имплантациясы жиі рецидивті

және емге рефрактерлі ұстамалар емінде қолданылады

B) ЭКС режимін жүректің электрофизиологиялық зерттеуінде қолданады

C) хирургиялық ем жиі рецидивті және емге рефрактерлі ұстамалар кезінде көрсетілген

D) хирургиялық ем мақсаты аритмогенді ошақты алып тастау, оның изоляциясы немесе модификациясында

E) хирургиялық емдеу әдістері қолданылмайды





  1. Трансмуральды миокард инфарктысымен науқаста ұстамалы қарыншалық тахикардия дамыды. АҚ 80/40 мм.с.б. Емдеу тактикасы:

A) новокаинамид қолдану

B) лидокаин қолдану

C) обзидан қолдану

D) кордарон қолдану

E) электроимпульсті терапия (дефибрилляция)


  1. WPW синдромы кезінде «кең» QRS кешенді ұстамалы суправентрикулярлы тахикардияны тежеу. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

A) лидокаин қолдану

B) новокаинамид қолдану

C) строфантин қолдану

D) верапамилді қолдану қарсы көрсетілген

E) медикаментті терапия нәтижесіздігінде, жедел жүрек және коронарлы жеткіліксіздік дамығанда электрлік дефибрилляция қолданылады


  1. Жыбырлы аритмия кезінде жүрек жиырылуын сирету үшін қолданылады:

A) кордарон

B) верапамил

C) обзидан

D) дигоксин

E) хинидин


  1. Жедел дамыған III дәрежелі атриовентрикулярлы блокадада преднизолонды қолдануға болады:

A) ЖИА, жедел миокард инфарктісінде

B) гипертрофиялық кардиомиопатияда

C) ЖИА, атеросклерозды кардиосклерозда

D) миокардитте

E) алкогольды кардиомиопатияда
35. Жүрекшелердің жыбырына әкелмейтін фактор:

А) жиі және топтық экстрасистолия

В) ерте жүрекшелік экстрасистолия

С) Р тісшесінің біршама кеңеюі

D) жүрекшелік тахикардия, әсіресе полиморфты түрдегі Р тісшесі

E) суправентрикулярлы ырғақ жетекшісінің миграциясы





  1. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз. Кардиостимуляторға абсолютті қарсы көрсеткіш:

A) магнитті, СВЧ алаңдарда жұмыс істеу

B электролиттермен жұмыс

C) вибрация жағдайларында жұмыс

D) шамалы физикалық жүктеме

E) жүргізушілік жұмыс


  1. Морганьи – Адамс – Стокс синдромы кезіндегі шұғыл көмек. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

A) төс аймағын жұдырықпен ұру

B) жүректің сыртқы массажы

C) өкпенің жасанды вентиляциясы

D) к/т эфедрин енгізу

E) жүрек ішіне адреналин енгізу


  1. Қарынша ішілік блокада емінің қағидалары. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

A) негізгі ауруды емдеу

B)бір мезгілде дистальды атриовентрикулярлы блокаданың II дәрежесі дамығанда – кардиостимулятор имплантациясы көрсетілген

C) бетта – адреноблокаторлар Гис – Пуркинье жүйесіндегі өткізгіштікке айқын әсер етпейді

D) кальций антагонисттері (верапамил) Гис – Пуркинье жүйесіндегі өткізгіштікке айқын әсер етпейді

E) жүрек гликозидтері қарынша ішілік блокадамен науқастарға қарсы көрсетілген


  1. Өткізгіштік бұзылыстарының емінде изадрин қолданылады. Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

A) бета- 1 және бета-2 адреностимуляторлар тобына жатады

B) жүректің бета-1 – адренорецепторлар стимуляциясында тахикардия дамиды

C) миокардтың оттегіне қажеттілігі жоғарылайды

D) бета – 2 – адренорецепторлар стимуляциясында өкпе артерияларының тарылуы болады

E) к/т 1 мл 0,5% изадрин ерітіндісін 250 мл 5% глюкоза ерітіндісінде 15-30 кап минутына енгізіледі


  1. Идиовентрикулярлы ырғақты емдеу тактикасы:

A) к/т новокаинамид енгізу

B) к/т верапамил енгізу

C) к/т лидокаин енгізу

D) к/т хинидин енгізу

E) жасанды ырғақ жүргізушісінің имплантациясы

Жауап эталондары:

1-А

2-C


3-E

4-А


5-E

6-B


7-D

8-B


9-А

10-E


11-C

12-E


13-E

14-C


15-E

16-B


17-А

18-B


19-А

20-E


21-E

22-C


23-D

24-А


25-А

26-E


27-E

28-E


29-B

30-E


31-E

32-C


33-E

34-D


35-E

36-D


37-D

38-E


39-D

40-E.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет