Жобаланған автоматтандырылған жүйені машинаға қолдану тапсырманы қою және математикалық әдістермен ЭЕМ-ді пайдалану арқылы оларды шешуге жүйелік ыңғайды кеңінен қолдануға негізделген. Математикалық моделдердің маңызды түрлері: детерминирленген модель бұрынғы объекті туралы жеткілікті ақпарат арқылы болашақ машинаны болжауға мүмкіндік береді; -
ықтималдық модель – болашақта нақты болатын ықтималдылықты болжайды;
-
эвристикалық моделдер белсенді ізденіс негізінде гипотез және болжау аймағына жатады.
Машиналардың ұтымды құрылымын жобалау тапсырмасын шешу үшін оның барлық талаптарын және өзара байланысын қарастыру керек: техникалық қызмет көрсету және жөндеу, кешенді технологиялық процестер және өндірісті тұтас ұйымдастыру және т.б.
Байланыстардың қалыптасу этапы көп уақытты талап етеді. Бұл байланыстардың заңдылықтарын анықтау үшін көбінесе ғылыми зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
9-дәріс. Өндірісте пайдалану кезіндегі машина құрылмасына қойылатын талаптар. Құрастырудың негізгі тиімді принциптері
Тапсырманы қалыптастыру үшін өзара байланысты сипаттайтын заңдылықты білу қажет.
1. Тиімділігі – қабылданған шешімдер тиімді болуы тиіс, демек берілген шарт пен уақытта неғұрлым аз шығында, анағұрлым көп эффект бере алатын вариант таңдалып алынады.
2. Жүйелік үйлесім – анықталатын фактор сапасының неғұрлым үлкен санын, олардың өзара байланысын, ал кейде қайшылығын ескеру қажет.
3. Шығармашылық үйлесім – конструктор алдынан шыққан кез-келген техникалық қиындықтарды шешуге шығармашылықпен қарау, шетелдік үлгілерді көшірмеу, бұрынғы тәжірибені ғана емес, сонымен қатар өзінің эрудициясын, данышпандығын қолдану қажет.
4. Қалыптандырылған үйлесім – бұрыннан бар стандарттар, модулдер, параметрлік қатарларды максималды қолданудың жиынтығы (секциялау және агрегаттау).
5. Технологияның приоритеті – жаңа технологиялық машиналар белгілі технологиялық процестерді орындау (технологияның артықшылығын ескеру қажет) және неғұрлым аз энергия шығындары үшін жасалады. Бұл машина қазіргі заманғы ғылым мен техниканың деңгейіне сәйкес және өндірілетін өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуі тиіс.
6. Әлеуметтік зардапты ескеру – санитария мен гигиенаның, қауіпсіздіктің, адамға ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға да зиянсыздығын, эргономикалық және эстетикалық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
10-дәріс. Құрастыру құжаттарының ортақ жүйесі
Құрастыру құжаттарының ортақ жүйесі (ҚҚОЖ) – бұл ұйымдар мен өнеркәсіптерде пайда болатын және кеңінен қолданылатын құрастыру құжаттарын рәсімдеудің, жетілдіру кезіндегі өзара байланыстағы ережелер мен нұсқалардың кешенді мемлекеттік стандарттары.
Құрастыру құжаттарының ортақ жүйесі стандарттарын белгілеу үшін келесідей құрылым белгіленген: МЕСТ 2.000-00,
мұндағы, МЕСТ – мемлекеттік стандарт;
2 – стандарт класы (ҚҚОЖ);
0 – стандарттардың жіктелу тобы;
00 – топтағы стандарттардың реттік нөмірі;
00 – стандарттың тіркелу жылы (соңғы екі сан).
Құрастыру құжаттарының ортақ жүйесі стандарттарының кешені шартты түрде 10 топқа бөлінген 125 стандарттан тұрады.
0 топ – Жалпы жағдай (МЕСТ 2.001-93).
1 топ – Негізгі жағдай (МЕСТ 2.101-91).
2 топ – Құрастыру құжаттамаларындағы бұйымдардың белгіленуі және жіктелуі.
3 топ – Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері.
4 топ – Машина жасау мен құрал жасаудағы бұйымдар сызбасын орындау ережелері.
5 топ – Құрастыру құжаттамаларымен жұмыс істеу ережелері – санау, сақтау, көшірме жасау, өзгерістер енгізу (МЕСТ 2.501-89).
6 топ – Эксплуатациялық және жөндеу құжаттамаларын орындау ережелері.
7 топ – Сұлбаларды орындау ережелері.
8 топ – Құрылыс және кеме жасаудағы құжаттамаларды орындау ережелері.
9 топ – Басқа да стандарттар.
Құрастыру құжаттарының ортақ жүйесі негізінен құрастыру құжаттамаларымен жұмыс істеу және рәсімдеу, орындаудың ортақ ережесін қолдануды ұсынады. Олар:
-
құрастыру құжаттарын ұйымдар арасында ешқандай қайта рәсімдеусіз айырбастау мүмкіндігі;
-
қажет емес құжаттарды жетілдірмей, көшірмесін жасамай-ақ кешенділігін тұрақтандыру;
-
құрастырмалық жетілдіру кезінде унификациялауды кеңейту мүмкіндігі;
-
құрастыру құжаттары мен графикалық бейнелер пішінін жеңілдету;
-
құрастыру құжаттарын өзгерту жұмыстарын және жобалау-құрастыру жұмыстарындағы еңбек сыйымдылығын қысқарту;
-
ЭЕМ-ді қолдану арқылы техникалық құжаттарды өңдеуді автоматтандыру және механизациялау;
-
өндірісті техникалық дайындау шарттарын жақсарту.
11-дәріс. Бұйымдардың түрлері және олардың құрылымы
Бұйым деп өнеркәсіптерде дайындауға жататын кез-келген зат немесе заттар жиынтығын айтамыз.
Бұйымдар былайша бөлінеді:
-
олардың қолданысына байланысты – негізгі бұйым (таратуға немесе жеткізуге арналған) және көмекші өндіріске арналған (өнеркәсіптің тек өз қажеттілігіне арналған).
-
құрамдас бөліктерінің болу немесе болмауына байланысты – специфицирленбеген (бөлшектер) – құрамдас бөліктері болмайды және специфицирленген (құрастырма бірліктер, кешендер, жиынтық) – екі немесе одан да көп құрамдас бөліктерден тұрады.
Сонымен бұйымның келесідей түрлері болады: бөлшектер, құрастырма бірліктер, кешендер, жинақтар.
Бөлшек – құрастырма операцияларды қолданбай-ақ, маркасы мен аталуы бойынша біртекті материалдан жасалған бұйым (маховик, құйылған тұрық, пластина); сонымен қатар бұл – қорғаныш немесе сәндік жабындысы бар бұйым (хромдалған бұранда), немесе жергілікті пісіру, пайкалау, жапсыру, тігу қолданылып жасалған бұйым (қатты қағаздан жасалған жәшік, материалдан пісірілген құбыр және т.б.).
Құрастырма бірлік – құрамдас бөліктерінің бір-бірімен байланысуы құрастырма операциялар көмегімен дайындаушы зауытта жасалатын бұйым (бұрап алу, тойтару, дәнекерлеу, жаншып қақтау, желімдеу, тігу), мысалы, станок, төмендеткіш, шприц-машина, вакуум-аппарат.
Сонымен қатар құрастырма бірліктерге функционалдық қызметтері бірдей құрастырма бірліктер мен бөлшектердің жиынтығы жатады. Мысалы, машинаның, автоматтың, автоматтық желінің электрлі жабдықтары, шыны құбыр өткізгіштегі фланецті-бұрандалы қосылыстың құрамдас бөліктерінің жиынтығы (жартылай жалғастырғыштар, резиналы тығындағыш сақиналар, гайкалар) және басқалар.
Кешен – өзара байланысты эксплуатациялық функцияларды орындауға арналған, дайындаушы-зауытта құрастырма операциялардың көмегімен қосылмаған екі немесе одан да көп специфицирленген бұйымдар. Мысалы, сары май өндірісіне арналған қондырғының (кешеннің) құрамына дезодаратор, майжасағыш, қаймақжасағыш және т.б. кіреді. Кешенге кіретін әрбір специфицирленген бұйым, барлық кешенге берілген бірнеше негізгі функциялардың біреуін орындауға арналған.
Жиынтық – бірдей эксплуатациялық қолданыстағы, дайындаушы-зауытта құрастырма операциялардың көмегімен қосылмаған екі немесе одан да көп бұйымдар (ЗИП жиынтығы, өлшеуіш аппараттар жиынтығы, буып-түю ыдыстарының жиынтығы).
12-дәріс. Құрастыру құжаттарының жинағы және түрлері
Құрастыру құжаттарына жетілдіру мен дайындауға, бақылауға, қабылдауға, эксплуатация мен жөндеуге қажетті берілгендер, бұйым құрылымы мен құрамын анықтайтын графикалық және мәтіндік құжаттамалар жатады.
Графикалық құрастыру құжаттарына төмендегілер жатады:
1) бөлшектер сызбасы – жасауға және бақылауға қажетті бөлшектің сызбасы мен басқа да берілгендерінен тұрады;
2) құрастырма сызба (ҚС) – жинауға және бақылауға қажетті құрастырма бірліктердің сызбасы мен басқа да берілгендері;
3) жалпы көріністің сызбасы (ЖК) – бұйымның көрінісі, қимасы, кескін көрінісінен тұрады. Сонымен қатар бұйымның құрастырмалық құрылымын түсінуге мүмкіндік беретін мәтінді бөлім мен жазулардан, бұйымның құрамы туралы мәліметтерден және негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әсері мен жұмыс принципінен тұрады (бұйымның техникалық сипаттамасын орналастыруға болады).
4) теориялық сызба (ТС);
5) ауқымдық сызба (АС);
6) монтаждық сызба (МС), электрлік сызба (ЭС);
7) жинақтаушы сызба (ЖС);
8) сұлбалар – онда бұйымның құрамдас бөліктері мен олардың арасындағы байланыстардың белгілеулері мен кескіндері көрсетіледі. МЕСТ 2.701-84 бойынша оларды былайша жіктейді:
сұлба түрлері: Э – электрлік; Г – гидравликалық; П – пневматикалық; К – кинематикалық; С – қиыстырылған;
сұлба типтері: 1 – құрылымдық; 2 – функционалдық; 3 – принципиалдық; 4 – байланысу сұлбасы; 5 – қосу сұлбасы; 6 – жалпы; 7 – орналасу сұлбасы. Мысалы, Г3 – гидравликалық принципиалды сұлба.
Мәтінді құрастыру құжаттарына төмендегілер жатады:
1) спецификация құрамдас бірліктер мен кешендердің құрамын анықтайды. Ол келесідей бөлімдерден тұрады: құжаттама, кешендер, құрастырма бірліктер, бөлшектер, стандартты бұйымдар, басқа да бұйымдар, материалдар, жиынтықтар. Бұл бөлімдердің болу немесе болмауы бұйымның құрамына байланысты;
2) спецификация ведомосі (СВ) – бұйымның құрама бөлігінің санын көрсететін барлық спецификациялардың тізімі.;
3) сілтеме құжаттар ведомосі (ҚВ) – бұйымның құрастыру құжаттарына сілтеме жасалған құжаттамаларының тізімі;
4) сатып алынатын бұйымдар ведомосі (СВ) – сатып алынатын бұйымдар тізімі;
5) сатып алынатын бұйымдарды қолдануға рұқсат ведомосі (БВ);
6) түпнұсқа ұстаушылар ведомосі (ТҰ);
7) техникалық ұсыныстар ведомосі (ТҰ);
8) нобайлық (эскиз) жоба ведомосі (НЖ);
9) техникалық жоба ведомосі (ТЖ);
10) түсіндірме хат (ТХ) – жетілдірілетін бұйымның жұмыс принципі мен қондырғының сипаттамасынан, сонымен қатар жетілдіру кезіндегі техника және техника-экономикалық негіздемеден тұрады. Ол төмендегідей бөлімдерден тұрады: кіріспе, бұйымның қолданылу аумағы және тағайындалуы, техникалық сипаттама, таңдалынып алынған құрылымның негіздемесі және сипаттамасы, бұйымның сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігінің есебі, бұйымды қолдана отырып жұмысты ұйымдастыру сипаттамасы, күтілетін технико-экономикалық көрсеткіштер, қалыпты бағалау деңгейі немесе унификация деңгейі (МЕСТ 2.106-84);
11) техникалық шарт (ТШ) – бұйымды жасау, бақылау, қабылдау және жеткізу талаптарынан тұрады (барлық көрсеткіштердің, нормалардың, ережелер мен жағдайлардың жиынтығы). Техникалық шартты МЕСТ 2.114-70 бойынша құрады:
12) сынаудың әдістемесі мен бағдарламасы (ӘБ);
13) эксплуатация, жөндеу және басқа да құжаттар (Қ ...);
14) есептеулер (ЕЕ);
15) инструкция (И)
16) кесте (К).
Әрбір бұйымға мыналар жетілдіріледі:
-
құрастыру құжаттарының негізгі жиынтығы;
-
немесе құрастыру құжаттарының толық жиынтығы.
Негізгі құрастыру құжаттарына төмендегілер жатады:
а) бөлшектер үшін – бөлшектер сызбасы;
б) құрастырма бірліктер, жиынтықтар, кешендер үшін – спецификация.
Құрастыру құжаттамаларының негізгі жиынтығына (ҚҚ) барлық бұйымдарға қатысты құрастыру құжаттары жатады (құрамдас бөлігінің құрастыру құжаттары оған кірмейді).
Құрастыру құжаттарының толық жиынтығына бұйымды құрастыру құжаттарының негізгі жиынтығы жатады. Құрастыру құжаттарының негізгі жиынтығы бұйымның барлық құрамдас бөліктеріне жасалады.
13-дәріс. Құрастыру құжаттарын жасаудың негізгі стадиялары
1) Техникалық ұсыныс – бұйым жасаудың әртүрлі нұсқадағы мүмкіндік шешімдері мен тапсырыс берушінің техникалық талдауы негізінде бұйым құжаттамасындағы технико-экономикалық және техникалық негіздеме, жетілдірілетін және бұрыннан белгілі бұйымның құрастырмалық және эксплуатациялық ерекшеліктері мен патенттік ізденістен тұратын құрастыру құжаттарының жиынтығы.
Міндетті құжаттар – техникалық ұсыныс және түсіндірме хат (ТХ) ведомосі. Қосымша мыналар да жетілдірілуі мүмкін: жалпы көріністің сызбасы (ЖК), ГС, сұлбалар, кестелер, есептеулер және т.б. Барлық құжаттарға П белгісі беріледі.
2) Нобайлық жоба – жетілдірілетін бұйымның ауқымдық өлшемдері мен негізгі параметрлері, қолданысын анықтайтын мәндер, сонымен қатар бұйымның жұмыс принципі мен қондырғы туралы жалпы мәлімет беретін принципиалды құрастырмалы шешімдерден тұратын құрастыру құжаттарының жиынтығы.
Нобайлық жобаның міндетті құжаттары – НЖ және ТХ ведомосі, ал қосымша құжаттарға ЖК, ТС, ГС, сұлбалар, сатып алынатын бұйымдардың ведомосі және оларды қолдану шешімі, сынаудың бағдарламасы мен әдістемесі, кестелер, есептеулер және т.б. Барлық құжаттарға Э белгісі беріледі. Бұйымның үлгілері мен макеттері де сыналуы, дайындалуы мүмкін. Нобайлық жоба техникалық ұсынысты жетілдірудің негізі болып табылады.
3) Техникалық жоба – техникалық құжаттаманы жетілдіру үшін берілгендері мен жетілдірілетін бұйымның құрылымы туралы толық мәлімет беретін соңғы техникалық шешімдерден тұратын құрастыру құжаттарының жиынтығы. Техникалық жобаның міндетті құжаттары – ЖК сызбасы, техникалық жоба ведомосі, ТХ, ал қосымша құжаттар – бөлшектер сызбалары, ТС, ГС, сұлбалар, сатып алынатын бұйымдардың ведомосі және оларды қолдану шешімі, ТУ, сынаудың бағдарламасы мен әдістемесі, кестелер, есептеулер. Барлық құжаттарға Т белгісі беріледі.
4) Жұмысшы құрастыру құжаттамасын жетілдіріледі:
а) сынау үлгілері үшін;
б) ағынды өндіріс үшін. Бұған барлық бөлшектердің, құрастырма бірліктердің, спецификациялар мен басқа да қажетті құжаттардың сызбалары кіреді.
Бұл бұйым жасаудағы алдыңғы барлық кезеңдерін біріктіретін, ең соңғы маңызды құрылымдық кезең болып табылады.
14-дәріс. Жабдықты құрастыруда қолданылатын негізгі ережелер
Технологиялық жабдықты құрастырғанда келесі ережелерді сақтау керек:
- машинаның қажетті берілісін анықтауда, оның сенімділігін және машинаны қолдану кезіндегі эксплуатациялық шығындарының экономикалық тиімділігінің өсуіне құрастыру барысында бағыну;
- машинаның өнімділігі мен онда орындалатын операциялар көлемін арттыру арқылы қажетті берілісті максималды жоғарылатуға жету;
- энергия қажеттілігін, қызмет көрсету және жөндеуді азайту арқылы машинаның эксплуатациялық шығындарын мүмкіндігінше төмендетуге жету;
- өнімділікті, өнімнің сапасын жоғарылату және еңбек шығындарын қысқарту мақсатында машинаны автоматизациялау деңгейін максималды жоғарылату;
- машинаның сенімділігін мүмкіндігінше арттыру;
- машиналарға жоғары дәлдікті өлшемдерді салу және жетілдірудің басқа да жолдарын қарастыру арқылы олардың техникалық ескіруін ескерту, олардың ұзақ қолданылуын қамтамасыз ету;
- машинаның әмбебаптылығы мен сенімділігін арттыру мақсатында интенсификацияның алғы шарттарын эксплуатацияда қолдану;
- негізгі машинаға құрылымдық элементтерін толығымен қолдану мақсатында туынды машинаны құрастыру мүмкіндігін қарастыру;
- сүйкелу беттерін бөлшектер тұрығына орналастырмау қажет; жөндеуді жеңілдету үшін оларды бөлек және оңай ауыстырылатын бөлшектерге орналастыру керек;
- агрегаттылық принципін жүйелі түрде ұстау қажет; тораптарын тәуелсіз агрегат түрінде құрастырып, жиналған машинаға бекіту керек;
- жинау кезінде бөлшектерді таңдау болмауы тиіс, бөлшектердің толық өзара орын ауыстырылуы қамтамасыз етілуі қажет;
- салыстыра тексеру операциясын болдырмау, бөлшектер мен тораптарды орыны бойынша реттеу; машинаны жинау кезіндегі бөлшектер мен тораптардың дұрыс қондырылғандығын қамтамасыз ететін құрылымдағы элементтерді қарастыру;
- машинаның және бөлшектердің жоғары беріктілігін қамтамасыз ету;
- бөлшектердің циклді беріктілігінің жоғарылауына ерекше көңіл бөлу; күш концентрациясын төмендету; жеңілдетілген өңдеу енгізу;
- циклді және динамикалық жүктемеде жұмыс істейтін тораптар мен механизмдерге жүктеменің тербелісін жеңілдететін серпінді элементтер енгізу;
- құрылымға жоғары қатаңдық беру;
- машинаның толық тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, машиналардың эксплуатациялық сенімділігін мүмкіндігінше жоғарылату;
- машинаны қарапайым қызмет көрсететін етіп жасау, қызмет көрсету көлемін қысқарту, периодты реттеуді алып тастау, механизмдерді өздігінен қызмет көрсететін агрегат түрінде жасау керек;
- эксплуатацияда машина күшінің өсу мүмкіндігін ескерту, автоматты реттегіштерді, шектік құрылғылар мен сақтандырғыштарды енгізу;
- машинаны дұрыс қолданбаған жағдайда бұзылулар мен апаттардың болу мүмкіндігін жоғалту, басқару органдарын дұрыс қолданбау мүмкіндігін білдіретін бітеулер енгізу, машинаны басқаруды максималды автоматтандыру;
- бірі екіншісіне салыстырмалы түрде дәл координацияны қажет ететін бөлшектер мен тораптарды қате жинау мүмкіндігін болдырмау;
- периодты майлауды алып тастау, майлау материалының сүйкелу байланысымен үздіксіз автоматты берілісін қамтамасыз ету;
- ашық механизмдер мен берілістерді болдырмау; механизмдерді сүйкелу беттеріне кір шаңдары мен ылғал кірмейтін және үздіксіз майлауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жабық тұрықтарға бекіту;
- бұрандалы қосылыстарды өздігінен босап кетпеуі үшін сенімді сақтандырғышты қамтамасыз ету; ішкі қосылыстарды қарсылау әдістерімен бекіту (шплинттер);
- ашық ауада немесе белсенді химиялық ортада жұмыс істейтін машиналарда бөлшектердің коррозиясын ескерту;
- жаңа технологиялық процестерге арналған жаңа құрылымдарды, сол сияқты машиналарды жобалағанда барлық жаңа элементтерді тәжірибе, моделдеу, дайындау уақыты және тораптарды сынау арқылы тексереді.
15-дәріс. Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттарын құрастыруда қойылатын негізгі талаптар
Құрылымның технологиялығы – бұл мүмкін болатын ұтымды еңбек, құрал, материал шығындары мен өндірісті, дайындаманы, эксплуатацияны және жөндеуді дайындаудың техникалық уақытының жиынтығы.
Құрылымның технологиялығы ыңғайлы болып табылады. Құрылымның технологиялығы құрылымның технологиялығы деңгейімен бағаланады.
мұндағы, К – жетілдірілетін құрылымның технологиялығының көрсеткіші, құрылымдық құжаттаманы жетілдіру сатысында бір немесе бірнеше белгілерін сипаттайды;
Кб – бұйым құрылымының технологиялылығын салыстырмалы бағалауда белгіленген негіздік көрсеткіш.
Құрылымның технологиялығының негізгі көрсеткіштері:
-
бұйым жасаудың еңбек сыйымдылығы;
-
бұйымның технологиялық өзіндік құны.
Технологиялылықтың қосымша көрсеткіштері екі топқа бөлінеді:
-
технико-экономикалық – бұйымды жасау, эксплуатациялау немесе жөндеу құралдарының бағасы немесе еңбек шығынын сипаттайды;
-
техникалық – шығын және материалдарды дұрыс қолдануды, дайындаудың сапасы мен дәлдігін, технологиялық процесс пен құрылымды унификациялауды анықтайды.
Технологиялылықты бағалау және талдау үшін түріне және басқа да белгілеріне қарап жіктейді (бұйымды жетілдіру және өндіру сатысына қарай, құрылымдық және технологиялық құжаттаманы жетілдіру түрі, дайындау процесінің түрі, бұйымның құрылымдық сипаттамасы бойынша).
Мысалы, бірінші белгісіне сәйкес қарастырылады:
-
өндірістік;
-
құрылымның эксплуатациялы технологиялылығы;
-
техникалық қызмет көрсету кезіндегі құрылымның технологиялылығы;
-
құрылымның жөндеу технологиялылығы.
Бөлшектер құрылымының технологиялылығын бағалау негізгі құрылымдық сипаттамамен жүргізіледі: беттік пішін, өлшемдер, материал және тағы басқалар.
Стандартизация – бұл қауіпсіздік талаптары мен эксплуатация шарттарын орындау кезінде жалпы ұтымды тиімділікке жету үшін белгілі аймақтағы қызметті жеңілдету мақсатындағы ережелерді қолдану мен орындау.
Стандарт төмендегідей болады:
-
міндетті түрде орындалуы тиіс талаптар ретінен (норма) тұратын құжат түрінде;
-
негізгі бірлік немесе физикалық тұрақты түрінде (ампер, вольт, метр, g=9,81м/с2, =3,14 ...);
-
физикалық салыстыру үшін бір зат түрінде (метр эталоны).
Стандартизация деңгейі с коэффициентімен бағаланады:
мұндағы, Nc, N – стандартты бөлшектер және бөлшектердің жалпы саны.
Унификация – бірдей функциянальды қолданыстағы бұйым түрлері, типтері, маркалары және типті өлшем сандарының; осы элементтердің құрамдас бөліктерінің; негізгі және екіншілік өлшемдерінің; жіберу мен қондырудың; материал маркаларының; дайындау әдістерінің; технологиялық көрсеткішінің; техникалық құжаттамасының және т.б. рационалды қысқартылуы.
Унификация түрлері:
-
тип аралық;
-
салалық және сала аралық;
-
бөлшектердің, құрастырма бірліктердің және машиналардың унификациясы;
-
машина және аппарат элементтерінің құрастырма бірліктерінің унификациясы;
-
материалдардың сорты және маркасы, электродтардың, бекітілген типтік өлшемдердің және басқа да стандартты бұйымдардың унификациясы;
-
техникалық құжаттаманың унификациясы.
Типтендіру – бұл жалпы техникалық сипаттамалармен типтік құрылымдық немесе технологиялық шешімдердің жетілдірілуі және орындалуы.
Унификация негізінде туынды машинаның пайда болуы келесі әдістермен жүргізіледі:
1. Секциялау – машиналарды бірдей секцияларға бөлу және туынды машиналарды унифицирленген секциялардан жинаудан тұрады. Секциялауға төмендегілер жақсы келеді: тасымалдағыштар – таспалы, шынжырлы, ковшты элеваторлар және т.б., дискілі сүзгілер, пластиналы жылу алмастырғыштар, ортадан тепкіш сораптар.
2. Сызықты өлшемдерді өзгерту әдісі –машинаның немесе агрегаттың бойлық қима пішінін сақтай отырып ұзындығын өзгертуден тұрады. Бұл әдіс негізінен роторлы машиналарға (шестерналы және ортадан тепкіш сораптар, компрессорлар, араластырғыштар) қолданылады.
3. Негізгі агрегаттық әдісі – негізгі агрегатты қолданып машинаға әртүрлі қолданыстағы арнайы жабдықты қосу (жол машиналары, өздігінен жүретін крандар, тиегіштер, ауыл шаруашылығы машиналары, ас үй комбайндары).
4. Конверсиялау – негізгі машинаны немесе негізгі элементтерін әртүрлі қолданыстағы агрегат жасауға қолдану. Мысалы, піспекді қозғалтқыштың іштен жануын жанармайдың бір түрінен екінші түріне, бензинді газдыға, ауалы компрессорларды фреон, аммиакқа айналдыру.
5. Құрастыру – машиналарды параллель байланыстыру әдісін қондырғының жалпы қуаты мен өнімділігін арттыру мақсатында қолданады. Қондырғыдағы екі және одан да көп қозғалтқыштар ұшақтың қанатында болады.
6. Модификациялау – негізгі құрылымын өзгертпей өнім түрлеріне және операцияларға, жұмыстың тағы да басқа шарттарына арнап машинаны қайта жасау.
7. Агрегаттау – жалпы станинада кешенді және әртүрлі орналасқан бірдей тораптардан тұратын, унифицирленген агрегаттарды үйлестіре отырып машина жасау.
8. Кешенді стандарттау – агрегаттауға жақын. Қарапайым типтегі агрегаттарға қолданылады: тұндырғыштар, булы қондырғылар (түбі, құбырлы торлар, құбырлар, фланецтер және т.б.).
16-дәріс. Металсиымдылық, тораптар мен бөлшектердің құрылмаларын жасауды жеңілдету.
Металсиымдылық құрылымдық және өзіндік болып бөлінеді.
Құрылымдық металсиымдылық - таңдап алынған материал номенклатурасын тиімді пайдалануды; қымбат және табылмайтын материалдарды қолданбау мүмкіндігін; стандартты профилдерді пайдалануды т.б. зерттейді.
Өзіндік металсиымдылық – көлемнің машинаның негізгі өлшемдеріне (қуат, өнімділік т.б.) қатынасын зерттейді.
, (1)
Өзіндік металсиымдылық (яғни техника-экномикалық сипаттама бірлігіне қатысты) қуаттылығы және өнімділігі әртүрлі, бірақ бірдей жағдайда пайдаланатын машиналарды салыстыру үшін қажет.
Металсиымдылықты азайтудың негізгі бағыттары.
1) Салмақты азайту;
2) Материалды пайдалану коэффициентін көбейту (машинаның негізгі өлшемінің салмағына қатысты);
3) Тораптар мен бөлшектердің унификациясы;
4) Қатаңдықтың артық мөлшерін азайту, метал материалдарды метал емес түрімен алмастыру, берік материалдарды қолдану арқылы құрастыру сұлбаларының тимділігін арттыру.
Массаны азайту. Әр бөлшектің кесіндісінде және осы кесіндінің әр нүктесінде кернеу бірдей болатын бөлшектерді тиімді салмақтау әдістерінің бірі. Бұл жағдай тек қана салмақ бөлшектің барлық нүктесінде бірдей түскен кезде болады (қысылу-созылу). Осылайша ортақ беріктік (қатаңдық) пайда болады.
Кесіндінің салмақ аз түсетін ортасын жою кернеудің бірдей таралуын қамтамасыз етеді.
1-сурет. Кесіндінің салмақ аз түсетін ортасын жою сұлбасы.
Сыртқы диаметрін үлкейту – кернеудің бастапқы деңгейге келтіруге мүмкіндік береді және dc ары қарай көбейту оны (кернеуді) төмендетеді.
-
- сурет. Шатунды иілу күшіне төтеп беру үшін жасалған әртүрлі құрылмаларының сұлбасы.
2 суретте шатунға түсетін салмақты өзгерту сұлбасы көрсетілген: а және б –шатунның иілуге жұмыс істеуі; в - шатунның (массасы аз болады) сығуылу кезінде жұмыс істеуі. Қатаңдық қасиетті ассиметриялы созылудан қарағнда сығылуға жақсы қарсы тұратын материалдар үшін (сұр шойын пластиктер). Созылу мен сығылудың ең үлкен кернеулерінің қатынасы олардың қатаңдық шектеріне байланысты ұлғайту қажет.
3-сурет. Әртүрлі күштердің әсері: болттардың созлулары (а) олардың қысылуларына (б) ауыстырылған.
3-суретте иілуге төщімділігі жағынан (а) пайдалы емес және мақсатқа сәйкес тиімді (б) сұр шойынан құйып жасалған кронштейннің құрылмалары көрсетілген.
Бөлшектерді жеңілдетудің тағы бір бағыты – күш ағынынан алшақта орналасқан кернеуі аз жерден металды алып тастау (4-суретте).
4-сурет. Бөлшектерді жеңілдетудің құрылмалық тәсілдері:
а-шестерня; б-ернемектер (фланецев); в-ойықты жетектеме (пазового поводка).
Диск түріндегі шестерняны күш аз түсетін ауданнан металын алып тастап жеңілдету керек. 4 (б)-суретте ернемектен жіңішкерту тәсілі көрсетілген.
4 (в)-суретте ойықты жетектемені ішкі құрылмаларын және қалыңдығын жіңішкерту арқылы салмағын жеңілдету түрлері көрсетілген.
5-суретте ортақ беріктікке жету үшін білік құрылмасын өзгерту жолдары көрсетілген.
Материалды пайдалану коэффициентін көтеру:
-
соғылма бөлшектерді құйма бөлшектермен ауыстыру;
-
ыстық және суық қалыптаумен дайындау (6-суретте);
-
Стандарттық және арнайы жеңілдетілген профилді қолдану.
5-сурет. Бірқалыпты беріктікке жету мақсатында біліктердің құрылмаларын өзгерту.
6-сурет. Қалыпталған тақтайшалы құрылмалар.
Салмақ жеңілдетудің ең көп мүмкіндігіне бөлшек саны аз және күш ағыны ең тиімді рационалды құрастырмалы сызбаларды қолдану арқылы жетеді. Механизм топтарын қысқарту және артығын алып тастау машина салмағын жеңілдетеді. Аумақтық өлшемін және көлемін азайту мақсатында бөлшектерді рациональды орналастыруға мысал ретінде екі сатылы төмендеткішті алуға болады. Бұндай қарапайым үш білікті сызба бойынша дайындалған бастапқы құрылманы (7 (а) -сурет) кішірек және жеңіл етіп жасауға болады (7 (б) –сурет, екі білікті сызба). 1 және 4 дөңгелектерді осылайша орналастыру үштіректерге түсетін салмақты анықтап тұратын 2 және 3 аралық дөңгелектерге әсер ететін күштерді біршама азайтады. 7 (а) –суретте бастапқы және сонғы дөңгелектерден шығатын Р1, Р2 күштері бір жаққа бағытталған; олардың нәтижелері R мәні нақты болады. 7 (б) –суретте Р1, Р2 күштері әр жаққа бағытталған, осыдан R/ мәні екі есеге азаяды.
7-сурет. Төмендеткіштің жетілдірілген құрылмасының сұлбасы.
Құрылма салмағы көбінесе күш сызбасына байланысты болады. Күштік сызбасы рациональды болады, егер күштер созылуға және сығылуға жұмыс істейтін элементтер арқылы аз аудандар тұйықталатын болса. Раторлы машинаның жетегі 1 төмендеткіш 2 және конусты алты тісті беріліс 3 арқылы іске қосу рациональды емес (8 (б)-сурет).
8-сурет. Күштік сұлбаны жетілдіру.
Осында пайда болатын радильды және осьтік күштер машина мен төмендеткіш тұрықтарын, біліктерді ауырлатады. Ернемекті электрқозғалтқыш пен төмендеткіш 4 арқылы жетектерді пайдалану тиімді (8 (б)-суретте). Бұл жағдайда жетектің реактивті күштері төмендеткіш тұрығында теңестіріледі және жүйе элементтеріне қосымша ауырлық күштерін түсірмейді. Қондырғының ауқымды көлемдері бірден азаяды.
Дәріс 17. Материалдарды қысқарту әдістері.
1.Ыстық қысыммен өңдеу – кристаллиттерді арнайы бағыттау арқылы материалдарды жұмсақ құрылымын тығыз құрылымға айналдыру нәтижесінде қарапайым түрге енеді. Кристаллиттер арасындағы қуыс тығыздалып пісіріледі, кристалиттердің түйісіп әсерінен қабаттардағы қоспалар жоғары температураның мен қысымның әсерінен ұсақталып металдарда ерейді.
2. Легрлеу – металдарды тұтқырлықты, ыстыққа, суыққа, тотығуға және тозуға т.б. төзімділікке қарсы жеке қасиеттерін арттыру арқылы беріктікті жақсарту.
3. Термиялық өңдеу арқылы қысқартуда (жоғарғы, орташа және төменгі босаңдату (отпуск) арқылы шынықтыру және изотермиялық шынықтыру) қалыпсыз құрылым, тығыздықтың дислокациясының артуын және күшті деформациялы атомды-кристалды құрылымның (сорбит, троостит, мартенсит, бейнит) жинақталуын туғызады.
Құрылмалық болаттар үшін көбінесе жетілдіріледі (улучшение) (сорбитте жоғарғы босаңдатумен шынықтыру) – ол болаттың беріктігін, тұтқырлығын, пластикалық қасиетін жақсартады.
-
Химия -термиялық өңдеу арқылы қысқартуда – жоғарғы деңгейлі көмірқышқылмен қанықтыру (цементация) немесе азотпен қанықтыру (азоттау) → әртүрлілігі → термодиффузиялық беттік легрлеу → легрленген элементтер атомдарымен беттік деңгейді қанықтыру; хроммен легрлеуде – хром (Cr) және алюминимен (Al) қанықтыру; сульфадтау – кікірт (S) көмірқышқыл және азотпен (N2) қанықтыру; борлау (бормен (B), көмірқышқыл және азотпен) титандау, берилеу, борлау силицилеу (Si, Fe2Si) және т.б.
-
Суық пластикалық деформациялық тәсілмен өңдеу – қалыптау.
Құрылма қатаңдығы.
Қатаңдық – жүйенің жұмыс қабілеттілігін бұзбайтын, деформациялайтын сыртқы күштің әсеріне жүйенің қарсы тұру қабілеті.
Шыдамдылық – қатаңдыққа қарсы түсінік жүйенің сыртқы күштің әсерінен біршама үлкен деформацияға түсу қабілеті.
Қатаңдық – жүйеге түскен күшпен Р осы күш тудыратын деформацияның f қатынасын көрсететін қатаңдық коэффиценті арқылы анықталады.
Гук заңы бойынша сығылу-созылу:
(1)
мұндағы F-сырық қимасы, мм3; l-күштің қозғалысына бағыттас сырықтың ұзындығы.
Шыдамдылық коэффициенті:
, (2)
Айналдыру үшін:
, (3)
мұндағы Iр – сырықтың қимасының полярлы моментінің инерциясы.
Иілу үшін:
, (4)
мұндағы а - жүктелу жағдайына қатысты коэффициент.
Дәріс 18. Құрама қатаңдығын анықтайтын факторлар.
Құрылма қатаңдығын келесі факторлар анықтайды:
- материалдың серпімділік модулі( созылу-сығылу кезіндегі қарапайым серпімділік модулі−Е; айналу, иілу кезіндегі модуль−G).
- кесіндінің геометриялық сипататтамалары (F кесіндісінің ығысу, созылу-сығылу кезінде; I−иілу кезіндегі инерция моменті; Iр−айналу кезіндегі).
- деформацияланатын дененің сызықтық өлшемі (L);
- ауырлық және тірек түрлері ( коэффициенті).
Қатаңдықтың өзіндік көрсеткіштері
Әр түрлі материалдардан жасалған бөлшектер массасын, беріктігін және қатаңдығын салыстыру кезінде төрт түрллі жағдай қарастырылады:
-
Конфигурациялары бірдей бөлшектер (бірдей салмақ кезінде кернеуі де бірдей, ).
Қатаңдықтың салыстырмалы коэффициенті:
шарты бойынша, болады.
Қатаңдық қоры:
,
мұндағы -созылу кезіндегі қатаңдық шегі;
σ – бөлшектегі әрекет етуші кернеу.
шарты бойынша, болады.
Бөлшек массасы:
мұндағы -материал тығыздығы.
-
Қатаңдығы бірдей бөлшектер
Созылу-сығылу кезінде;
.
-
Беріктігі бірдей бөлшектер .
Сонда
-
Массасы бірдей бөлшектер.
ал .
Созылу-сығылу кезіндегі барлық жағдай үшін масса, қатаңдық және беріктік көрсеткіштері 1 - кестеде көрсетілген. Өзіндік беріктік мәні және өзіндік қатаңдық мәні бөлшектердің барлық түріне бірдей ортақ.
-
– кесте. Масса, қатаңдық, беріктік сипаттамалары
Қатаңдықты арттырудың құрамалық тәсілдері
1. Иілуді барлық шарттар арқылы жою, сығылу немесе созылу арқылы оны ауыстыру.
2. Иілетін бөлшектер үшін – мақсатқа сәйкес тіректер қою және қатаңдық бойынша әртүрлі тиімсіз салмақтарды жою.
3. Рационалды, бірақ массаны біртіндеп өсіру арқылы кесіндінің инерция моментін арттыру.
4. Сығылуға жұмыс істейтін қабырғаларды рационалды күшейту.
-
Бір кесіндіден екіншіге өту және тығындау аудандарын күшейту.
-
Диагоналды және тура байланыстарды енгізу арқылы деформацияны тоқтату.
-
Қатаңдыққа аралас бөлшектерді пайдалану .
-
Қорапты бөлшектер үшін әртүрлі сфералық, жұмыртқа тәріздес және т.б. формаларды пайдалану.
-
Диск түріндегі бөлшектер үшін конусты, сфералық формаларды, гофрлеуді пайдалану.
-
Плитка түріндегі бөлшектер үшін берік қорапты, екі денелі, ұяшықты және ұялы құрылмаларды қолдану.
Дәріс 19. Иілуді созылу-сығылумен ауыстыру.
Кесіндінің ең шеткі бөлігіне қисаю, айналу кезінде салмақ көп түседі, ал созылу-сығылу кезінде материал толығымен қолданылып, кесіндінің барлық жерінде кернеу бірдей болады.
Сырықтың қисық кронштейнді түрде болуы қатаңдықтың жұмыс шартын өзгертеді. (1 сурет). 1а суреттегі сырықты кронштейнді қолдану иілуден сақтандырады.
1-сурет. Сырықты кронштейнің құрылмаларын өзгерту сұлбасы.
Кронштейн түтігі көбінесе созылу-сығылуға жұмыс істейді (4.9 сурет).Кронштейн түтіктерін тұтас қосатын болса, конструкция одан да берік және қатаң бола түседі. Ветикальды түтігі бар кронштейн (1 а сурет) 4.9 б суреттегі кронштейнге қарағанда қатаңдығы аздау, себебі вертикальды түтіктің ұшына салмақ түскен кезде, күш әсер ететін бағыт бойынша орын ауыстырады және деформацияны шектеу үшін оның қатаңдығы қолданылмайды.
20-дәріс. Машина құрылмаларының тозуға, жылуға, дірілге төзімділігі
Тозуға төзімділік. Көптеген бөлшектер тозудың нәтижесінде істен шығып қалады. Тозған машиналарды жөндеу үшін біздің мемлекет жыл сайын ондаған миллиард қаржы бөледі. Кейбір машиналарда жөндеуге жұмсалған қаржы олардың өз құнынан да асып кетеді. Мысалы, жыл сайын тек ғана карьерлерде пайдаланатын экскаваторды жөндеуге кететін қаржы елімізде жыл сайын шығарылатын барлық экскаваторға кеткен қаржыдан 1,44 есе артық болса, ал жерді бұрғылау станоктары үшін көрсетілген қаржы 2 есе артық болады. Тракторлар мен бульдозерлерді жөндеуге кететін қор бөлшектерінен 180000-дай жаңа машина, ал станок өнеркәсібінде 150000-дай металл кескіш станоктарын жинастыруға болар еді. Машина бөлшектерінің 80-90-і тозудан істен шығатындықтан олардың тозуға төзімділігін арттыру мемлекеттік талап болып саналады. Тозған бөлшектер көбінесе төмендегі бұзылу жағдайларына әкеп соғады:
1. Тозу нәтижесінде бөлшектердің беріктігі төмендейді және динамикалық күштердің шамасы артады. Бұл жағдай бөлшектердің сынуына әкеп соғады.
2. Приборлардың, өлшеу аспаптарының және станоктар бөлшектерінің тозуы, олардың дәлдігін кемітіп, қолдануға жарамсыз етеді. Қазіргі уақытта тозудың көптеген түрі анықталады. Тозу машина бөлшектерінің жанасу бетіне сырттан енген қаттылығы жоғары абразивтер түсуден, тотығудан, металдардың бірімен-бірі қабысып қалудан және қажудан пайда болады.
3. Машиналардың пайдалы әсер коэффициенті азайып, шу көбейеді.
Машина бөлшектерінің тозуға төзімділігін арттыру үшін оларға мынадай жағдайлар жасалуы қажет:
1. Бөлшектердің үйкелісетін жерлерін үнемі майлап, үйкеліс коэффициентін азайту үшін антифрикциялық материалдар қолдану қажет.
2. Қыздырып және химиялық әдістермен өңдеу арқылы тозуға төзімділігін арттыруға болады. Мысалы, көміртегімен қандыру, хромдау, азоттау және т.б. өңдеу арқылы болаттардың беріктігін, тозуға төзімділігін бірнеше есе арттыруға болады.
3. Тез тозатын бөлшектерді ауыстырмалы немесе жылжымалы етіп жасаған жөн. Мысалы, сырғанау подшипнигінің астарын ауыспалы етіп жасау немесе конусты подшипниктердің сыртқы сақинасын жылжымалы етіп жасау тозудан пайда болатын саңылауды болдырмауға мүмкіндік береді.
4. Бірімен-бірі жанасатын бөлшектердің материалдарын дұрыс таңдау жөн: а) тісті дөңгелектерді мейлінше қаттылығы жоғары етіп жасаған дұрыс. Шыныққан болаттан жасалған тісті дөңгелектер салмағы жағынан жақсартылған болаттан жасалған тісті дөңгелектерден 3 есе кем және олардың жұмыс істеу мерзімі жоғары. Шыныққан болаттардың қаттылығы абразив бөлшектерінің қаттылығынан жоғары болған жөн; ә) үйкелісте болатын машина бөлшектерінің бірін қаттылығы жоғары материалдан , ал екіншісін үйкеліс коэффициенті кем, тозуға төзімді материалдан ( қола, жез, баббит) жасаған жөн; б) тек қана тот басып үгіліп тозуданжыл сайын мемлекет 10 млн. дай металл жоғалтады, олардың құны бірнеше миллиард теңгеге жетеді.
Бөлшектерді тот басудан қорғау үшін әр түрлі түсті материалдармен, полимерлер мен шыны материалдармен жабу әдісі қолданылады. Сондай-ақ жаңа материалдарды, атап айтқанда, өзекті арқаулы материалдар, металды керамикалық, графитті металдар және пластмассаларды кеңінен қолдану қажет.
Жылуға төзімділік. Машина бөлшектеріне шамадан тыс күш түсіргенде, олар тез істен шығып қалады, оның себебі:
1. Материалдардың беріктігі төмендейді, материалдардың температурасы 300-4000-қа жеткенде олардың беріктігі төмендеп, өздігінен “жылжу” пайда болады, былайша айтқанда, пішінін өзгертеді.
2. Жоғары температурада май өзінің майлау қасиетінен айырыла бастайды. Айталық, автотрактор майы температурасы 1200С-қа жетпей-ақ бұзылады, тек арнаулы май 300-4000-қа дейін майлау қабілеттілігін сақтап қалуы мүмкін, ал одан жоғары температурада үйкеліс күшінің кенеттен артуынан ол да майлау қабілеттілігінен айырылып, бөлшектердің бірімен-бірі жабысып қалу қаупі туады.
3. Ыстықтың әсерінен бөлшектер арасындағы саңылау азаяды, дәлдік кемиді және басқа ұнамсыз жағдайлар пайда болады.
Дірілге төзімділік. Дірілге төзімділік деп, бөлшектердің зиянды тербеліссіз,
өздеріне тән тербеліс режимдерінде жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Машина бөлшектерін діріл төзімділігіне есептеу іс жүзінде зиянды тербелістің немесе резонанс құбылысының пайда болу шарттарын есептеуге әкеп соғады. Бізге белгілі резонанс құбылысы меншікті тербеліс пен еріксіз тербелістің жиілігі бірдей болғанда пайда болады. Міне, осыны алдын-ала ескеріп, айнымалы бөлшектерін сол жағдайларда жұмыс істемейтіндей етіп жасау, дірілге төзімділікке есептеу болып саналады.
21-дәріс. Машина сенімділігінің негізгі теориясы. Сенімділік теориясының негізгі түсініктері мен терминдері
Машиналардың сенімділігі. Машиналардың сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Кейінгі кезде машиналардың сенімді, берік болуына өте мән беріліп жүр. Себебі машиналар, агрегаттар, автоматтар неғұрлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырылған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істеуін талап етеді. Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтағы автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан қазір машина бөлшектерін сенімділікке есептеу жолдары қарастырылуда.
Машина мен олардың жұмыс істеу шартын анықтау үшін, алдымен МЕСТ 27002-83-те берілген ұғымдармен танысқан жөн. Көрсетілген стандартта берілген ұғымдарды 4 топқа бөліп қарастырған тиімді. Олар біріншіден есепке алушы зат, объект, екіншіден сол объектінің жағдайлары, үшіншіден олардың қасиеттері мен ерекшеліктері және соларды анықтайтын көрсеткіштер.
1 топ. Объект зат.
1. Бұйымдар, заттар – оларға түрлі машиналар немесе олардың бөлшектері, приборлар, жабдықтар және т.б. заттар жатады.
2. Бұйымдар элементі – машина бөлшектері, бөлшектер және басқа зат бөлшектері.
3. Ремонттауға келетін бұйымдар істен шыққан жағдайда, қайтадан жұмыс істеу қалпына келтіруге болады. Бұған көптеген машиналар, автомобильдер, станоктар, крандар және т.б. жатады.
4. Ремонттауға келмейтін бұйымдар - машиналар жұмыс істеп тұрған кезде оларды жөндеп қалпына келтіруге болмайды. Мысалы, электролампа, домалау подшипниктері, сондай-ақ тісті берілістер, біліктер және т.б. Тісті берілістер, біліктер, подшипниктер ремонттауға келеді, бірақ ол үшін машинаны тоқтатып, айтылған бөлшектерді зауытқа не юшеберханаға жеткізу керек.
2 топ. Жағдайлар мен оқиғалар.
5. Жөнделген немесе қалыпқа келтірілген деп, бұйымдардың, заттардың техникалық құжаттарда көрсетілген шарттарға сәйкестігін айтады.
6. Жөнделмеген немесе қалыпқа келтірілмеген деп, техникалық құжатта көрсетілген бір немесе бірнеше шарт орындалмаған жағдайды айтады.
7. Жұмыс істеу қабілеттілігі деп, машина мен механизмнің техника көрсеткіштеріне сай жұмыс атқара алуын айтады. Мысалы, жеңіл автомобильдің бір жері майысып немесе бояуы көшіп кеткен болса, ол оның жұмыс істеу қабілетінен айырылғанын көрсетпейді, ол тек жөнделмеген, қалыпқа келтірілмегенін ғана көрсетеді.
8. Істен шығу, бұзылуы деп, жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайды түсінуіміз қажет.
3 топ. Қасиеттер мен ерекшеліктер.
9. Сенімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздеріне жүктелген міндетін, негізгі көрсеткіштерін сақтай отырып, белгілі бір мерзімде сақталу қасиетін айтамыз. Машина мен механизмдердің сенімділігі олардың тоқтап қалмай, ұзақ жұмыс атқарып өзінің көрсеткіштерін сақтап қалу ерекшеліктерімен анықталады.
10. Істен шықпау, бұзылмау деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің еріксіз бұзылмай жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.
11. Шыдамдылық, төзімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің керекті жөндеу жұмысын жүргізіп қажетті күтім жасап, уақтылы майлау арқасында тозығы жеткенше жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.
12. Жөндеуге ыңғайлылық – тозуды немесе тоқтап қалуды алдын-ала болжап, оларды кезінде түзеп отыруға ыңғайлылық қасиетімен анықталады.
13. Сақтауға ыңғайлылық деп бір жерден екінші жерге ауыстыруда және белгілі мезгілде сақтау кезінде бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздерінің техникалық құжатында көрсетілген көрсеткіштерін сақтап қалу қасиетін айтады.
4 топ. Сандық көрсеткіштер.
14. Жұмыс көрсеткіші немесе істелген жұмыс деп, машина мен механизмдердің, бұйымдардың пайдалану уақытын немесе бітірген жұмысын, жүрген жолын және т.б. көрсететін көрсеткішті айтамыз.
15. Бұзылуға дейінгі жұмыс деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің екі жөндеу (ремонт) аралығында орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады.
16. Бірінші бұзылуға дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткіші деп, машина мен оның бөлшектерінің бірінші рет істен шығуына дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады.
17. Ресурс – тозығы жеткенге дейінгі жұмыс көрсеткіші. Жөндеу аралығындағы ресурс деп, бірінші капиталды жөндеуге дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады. Мысалы, транспорт машинасының жүрген жолы, экскаватордың қазған топырақ мөлшері, машина бөлшектерінің жұмыс істеу мерзімі көрсетіледі.
18. ү - проценттік ресурс жасалынған бұйымдардың, машина мен оның бөлшектерінің белгілі бір проценті ( көбінесе 90 шартпен) көрсетілген ресурсты атқаруы қажет. Мысалы, домалау подшипниктердің катологта көрсетілген динамикалық жүк көтергіш көрсеткіші сол текті, сол өлшеммен шығарылған домалау подшипниктерінің 90 -ті көрсете алады деген сөз.
19. Берілген ресурс деп, машина мен оның бөлшектерінің қандай жағдайда болғанына қарамастан осы берілген ресурстан соң тоқтатылуын айтады.
20. Жұмыс істеу мерзімі деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің тозығы жетіп жұмысқа жарамсыз болғанға дейінгі уақытты айтады.
21. Жөндеуге кеткен орташа уақыт деп, жөндеу кезінде сынған жерді тауып, оларды қалыпқа келтіруге кеткен орташа уақытты айтады.
22.Дайындық коэффициенті деп, бұйымдардың, машина мен механизмдерінің планмен алынған техникалық күтім аралығында қандай да бір уақытты алсақ та олардың жұмыс істеуге дайын тұру ықтималдығын көрсетеді.
23. Істен шықпай, бұзылмай жұмыс істеу ықтималдығы деп, белгілі уақыт аралығында немесе берілген жұмыс көрсеткіштер аралығында тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы.
24. Бұзылу жиілігі деп, белгілі бір уақытта барлық істен шыққан бұйымдардың сол уақытта жұмыс істеп тұрған бұйымдардың барлық санына қатынасын айтады. Бұл термин тек жөндеуге келмейтін бұйымдар үшін қолданылады.
22-дәріс. Қысым әсерінде істейтін аппараттарды есептеу және құрастыру
Айналу қабықшаларының моментсіздік теориясы
Екі жақын орналасқан қисық сызықты беттермен шектелген денелерді қабықша деп атайды. Осы екі беттің арасындағы қашықтық беттердің мөлшерлеріне қарағанда бірнеше есе кем болады. Жұқа қабырғалы қабықшалардың техникалық теориясы қатпарлар теориясының гипотезаларына негізделген.
Жұқа қабырғалы қабықшаларға жататын қабықшалардың қабырғасының қалыңдығы орталық беттің ең кіші қисық радиусымен салыстырғанда өзара қатынасы 0,05-тен аспайтын болады.
Мынандай болжам жасайық – қабықшада пайда болған күштер біркелкі қабырға қалыңдығы бойымен орналасқан делік. Бұл жағдайда қабықшаға әсер жасаған күштер оны майыстыра алмайды. Осы болжамға негізделген теория моменсіздік теориясы немесе мембраналық теория деп аталады.
Мысалға алып отырған қабықшаның ішкі қысым Р әсерінде болып тұрған кезінде екі өзара сәйкес меридианальдық және екі меридианаға нормальды кескіндермен бөлінген элементті зерттейік. Меридиан және шеңберлік бағыттағы элементтердің өлшемдерін dSm және dSt белгілейік.
m – меридианның қисықтық радиусы;
t – меридианға перпендикуляр кескіннің қисықтық радиусы;
h – қабықша қабырғасының қалыңдығы.
Бөліп алынған элементтің қырларында меридианал m және шеңберлік t күшлер және оларға сәйкес mdSth және tdSmh тырысу күштер пайда болады.
Тырысу күштер tdSmh=aс=bс элементтің беттеріне перпендикуляр бағытта теңдеуші күшті ab туғызады. Бұл күш ab=bcdt=tdSmh(dSt/t). Сол сияқты тырысу күштер mdSth сол бағытта теңдеуші күш туғызады: mdSth(dSm/m).
Осы тырысу күштердің қосындысы элементке әсер жасап тұрған нормальды қысымды тең деп тұрады.
немесе
Меридиональды m және шеңберлік t күшлерді өзара байланыс жасап тұратын негізгі теңдік жұқа қабырғалы ыдыстарға арналған Лаплас теңдігі деп аталады.
t және m күшлерінің екі функциясын анықтау үшін жалғыз бұл теңдік қанағаттанарлықтай болмайды. Екінші теңдікті шығару үшін конус тәрізді нормальды кескінмен қабықшаны бөліп төменгі жағын жоққа шығарамыз. Р әріпімен орталық теңдеуші сыртқы күштерді белгілейміз. Бұл күштер кескіндеп алынған бөлікке әсер етеді.
Енді былай жазып алуға болады
Осы теңдіктен m күшін анықтаймыз
23-дәріс. Жылу аппараттарын есептеу және құрастыру
Температураның жоғарылауы (жылу машиналарының қызуы, жоғары жылдамдықтар мен ауыр жүктемелер; цикликалық жүктемеде бөлшектер серпімді гистерезис есебінен қызады) бөлшек өлшемдерінің өзгерісіне әкеледі. Температураның тербелісі кезінде материал иілу немесе сығылу мүмкіндігінен айырылса, онда жылулық кернеудің пайда болғаны.
Төмендегідей болып бөлінеді:
-
аралас тежелу (торможение смежности) дегеніміз бөлшектің жылулық деформациясының кедергі бөлшектермен тежелуі.
-
пішіндік тежелу (торможение формы) деп бөлшек талшықтарының аралас тежелуін айтамыз.
Аралас тежелуге мысал ретінде жұмыс кезінде әртүрлі температура немесе сызықты кеңейтілу коэффициенті әртүрлі материалдардан жасалған бөлшектер қосылысын айтуға болады.
Мысалы, шпилька мен төлке сызықты кеңейтілу коэффициенті 1 және 2, ал олардың температуралары сәйкесінше t1 және t2-ге тең материалдан жасалсын.
Бастапқы температурасы – t0. Қыздырған кезде болт (шпилька) пен төлке бастапқы температурадан t0-ден l1t1 және l2t2 өлшеміне дейін ұзарады. Мұндағы t1= t1 - t0 және t2= t2 – t0, l – қосылыс ұзындығы.
Керілген жүйеде температуралы тартылыс (натяг) пайда болады.
(1)
немесе салыстырмалы бірлікте
; (2)
Қосылыста термиялық күш Р1 пайда болады. Гук заңына сәйкес болттың салыстырмалы ұзаруы е1 және төлкенің қысқаруы е2 жүреді:
; (3)
мұндағы, - болттың қатаңдық коэффициенті;
- төлкенің қатаңдық коэффициенті;
және - болт пен төлкенің қимасы.
бұдан
және (4)
Әдетте тартылып тұратын және тартылған бөлшектердің температуралары бірдей, яғни t1=t2. Сонда (4) формула (2)
(5)
Үш нұсқа болуы мүмкін:
1) 2>1 (аллюминийлі, магнийлі, мыс бөлшектерді болат болттармен тарту). Мұндай қосылыстарды қыздырғанда пропорционалды тартылыс пайда болады t(2-1). Төмен температураға дейін суытқан кезде бұл фактор жоққа шығарылады. Сәйкесінше бастапқы құрастырмалы тартылыс азаяды. Осының әсерінен қосылыстың негізгі қабілеттілігі төмендейді.
2) 1>2 (болат және шойын бөлшектерді аустенитті болат болттармен тарту). Қыздырғанда t(2-1) жарамсыз. Яғни қосылыстың жүктеме қабілеттілігі төмендейді, ал төмен температураға дейін суытқан кезде бұл фактор қалыпты. Демек бастапқы тартылыс ұлғаяды.
3) 1=2 (болат және шойын бөлшектерді болат болттармен тарту). Бұл жағдайда t(2-1)=0, яғни бастапқы тартылыс қыздырғанда және суытқанда да өзгермейді.
Кернеудің болтта тартылуы
(6)
Кернеудің төлкеде қысылуы
(7)
қатынасы
(8)
Шпилька және төлке материалдарының серпімді модулдеріне байланысты емес және олардың тек қима қатынастарын анықтайды.
(6) және (7) формулалар негізінде төмендегідей қортындылар жасаймыз:
1) Тұрығындағы термиялық кернеуді азайту үшін шпильканы серпімді, ал тұрығын қатаң етіп жасау керек.
2) Шпилькадағы термиялық кернеуді азайту үшін тұрығын серпімді, ал шпильканы қатаң етіп жасау керек.
Тұрықтың беріктілігі тартылған қосылыстың беріктігін анықтамайтындықтан, мүмкіндігінше серпімді тұрық – қатаң шпилька деген ережені ұстану керек.
Тартылған қосылыстың беріктігі термиялық кернеуден басқа қосылысты тарту күшіне және қосылысқа әсер ететін жұмысшы күшке де байланысты.
(4) теңдеуден термиялық күштерді азайтудың төмендегідей әдістерін көреміз:
-
тартылатын бөлшектердің температура айырмасын азайту (тартылатын бөлшекті суыту немесе тартатын бөлшектің температурасын көбейту);
-
сызықты кеңейтілу коэффициенті мәндерінің айырмасын азайту.
24-дәріс. Сұйық тамақ өнімдерін бөлуге арналған жабдықтарды есептеу
Тамақ өндірісінде роторлы машиналардың ішіндегі ең көп тарағаны центрифугалар мен ажыратқыштар болып табылады. Олардың негізгі мақсаты тағамдық көп фазалы әртекті жүйелерді фракцияларға бөлу. Олар ортадан тепкіш күш әсерінен тығыздықтары бойынша ажыратылады.
Тамақ өндірісіндегі роторлы машиналардың негізгі түрлері: сұйықтарды бөлуге арналған ортадан тепкіш машиналар. Олар центрифугалар мен ажыратқыштар.
Центрифугалар мен ажыратқыштардың жұмысшы органы ротор болып табылады. Онда ортадан тепкіш күштің әсері көмегімен өнімнің бөлінуі жүреді.
Центрифугалар төмендегідей өндірістерде қолданылады:
-
қант – утфелді қант оттеки мен кристалына бөлуге;
-
крахмалды-ағынды – крахмалды шырынды судан бөлуге;
-
ет – май массасын шыжықтан және майлы сулы эмульсиядан бөлуге және т.б.
Ажыратқыштар төмендегідей өндірістерде қолданылады:
-
сүт – сүттен қаймақ пен майсызданған сүт бөлуге, сүтті тазалауға және нормализациялауға; жоғары майлылықтағы (80-85% дейін) қаймақтан қалыпты майлылықтағы (33-40%) қаймақты бөлуге және т.б.
-
сыра ашыту – сыра сусласын және дайын сыраны ағартуға;
-
консерві – жеміс және басқа да шырындарды ағартуға және тазалауға.
Достарыңызбен бөлісу: |