Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі



бет1/4
Дата16.06.2016
өлшемі12.01 Mb.
#138474
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16.1.01/03-2013

OӘК

«Технологиялық жаб-дықтарды есептеу және құрастыру» пәнінің оқу-әдістемелік материалдар



№ 2 баспа

«__»____ 2013 ж.








ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»

мамандығына арналған
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫ

ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013


1 ДӘРІСТЕР


1-дәріс. Кіріспе
«Тамақ өндірістерінің машиналары мен аппараттарын есептеу және құрастыру» курсы кең профильді инженер – механикті дайындауға негізделген. Онда тамақ өнеркәсіптері кәсіпорындарда қолданылатын тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттарын есептеу мен құрастыру әдістемелері қарастырылады.

Курста конструкциясы күрделі жабдықтарға көп назар аударылады – мұндай машиналарға салыстырмалы түрде жоғарғы қысымда жұмыс істейтін аппараттар және жылдам айналатын роторлы машиналар жатады. Жабдықты есептеу мен құрастыру пәні беріктілік, тұрақтылық, дірілге тұрақтылық, сенімділік негізінде қарастырылады.

Пәнді оқу барысында инженер – механиктерді дайындау бағдарламасына кіретін теориялық механика, материалдар кедергілері, машиналар бөлшектері, процесстер мен аппараттар және т.б. курстар бойынша алған білімдерін пайдалана білуі керек.

Қазіргі тамақ өнеркәсібінің машиналарын жобалауда жоғарғы қуаттылықтағы машиналар мен аппараттарды, үздіксіз әрекеттегі агрегаттарды, автоматталған желілерді жасау мәселелері қарастырылады. Тамақ өндірістеріндегі инженер-механиктердің алға қойған мақсаты техниканың жетістіктерін өнеркәсіптерде қолдану, сонымен қатар экологиялық­ нормаларға сай қалдықсыз технологияларды қалыптастыру.

Тамақ өндірістерінің машиналары мен аппараттарының бөлшектері мен тораптарын құрастыру мен есептеу жолдары екі бағытта қарастырылады:


  • қозғалмайтын тораптары бар стационарлы әрекетті жабдықтар және осы жабдықтардың құрылмаларын анықтау;

  • жұмысшы органдары қозғалмалы әрекетті жабдықтар және оның ­ конструктивті түрлерін анықтау.

Пәннің мақсаты – студенттерді ұйымдастырушылық-техникалық, тәжірибелік-зерттеу, жобалық-құрастыру негізінде қазіргі таңдағы жоғарғы тиімділікті машиналар мен апараттарды беріктікке және тиімді жобалау кәсібіне бейімдеу. Математикалық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқу негізінде технологиялық жабдықтарды есептеу және құрастыруда инженерлік есептерін шешу.

Пәнді оқуда қойылатын тапсырма:

  • жобаланатын машинаның құрылымын және жобалану түрлерін оқып-үйрену; машина жасауда негізгі оңтайды даму бағыттарын анақтау;

  • машина өнімділігінің негізгі теориясын, сенімділік теориясын оқып-үйрену;

  • өндірістерде көлемi шағын, электр мен жылу энергиясы шығындарын аз жұмсайтын және де осындай қажеттiлiктер жабдықтың берiктiгi мен өңделетін өнiмнiң сапасына керi әсер етпеу жақтарын қарастыраты, неғұрлым тиімді тамақ өндірісі машиналары мен апараттарын есептеу және құрастыру әдістерін оқып-үйрену.

Ауылшаруашылық шикізатын кешенді түрде қайта өңдеу және азық-түлік тағамдары өндірістерінде кездесетін мәселелерді тиімді шешу негізінде жетілдірілген жабдықтарды жасаудың маңызды жағдайлары төмендегідей:

- жаңа машина құрылмасының құнын өнім бірлігіне қатысты төмендету (қуаттылық);

- машинаның бірлік қуаттылығын тиімді шегіне дейін жоғарлата отырып, сонымен қатар ауқымды өлшемдерін кішірейту;

- энергия тұтыну және өзіндік материалсиымдылығын төмендету;

- эксплуатациялауда және машина құрылмасының қауіпсіздігі мен сенімділігін экономиялық жағынан қамтамасыз ету.

2-дәріс. Жабдықтардың жіктелуі.
Технологиялық жабдықтар келесі белгілері бойынша жіктеледі:


  1. функцияналды тағайындалуы бойынша;

  2. жүзеге асатын процестің түріне;

  3. құрастырмалы орындалуы мен жұмыс істеу принципіне;

  4. қозғалыс әрекетінің сипаттамасына;

  5. автоматизациялау дәрежелері және жүйеге.

Алғашқы үш белгі «Процестер мен аппараттар» және «Тамақ өндірісінің технологиялық жабдықтары» курстарында өткізіледі. «Тамақ өндірісінің машиналары мен апараттарын есептеу және құрастыру» курсында жобаланатын жабдықтың түрі мен өнімділігінің есептелуі ғана маңызды болғандықтан тек қана қозғалыс әрекетінің сипаттамасы мен автоматизациялау дәрежелері және жүйелеріне ғана жіктеледі.

Технологиялық жабдық қозғалыс әрекетіне байланысты үш түрге бөлінеді:



  1. бір позициялы;

  2. ағынды (үздіксіз);

  3. аралас (комбинированные).

Бір позициялы – қарапайым бір қолданыстағы әрекетті машина - өндеу процессі басынан аяғына дейін бір жерде жүргізіледі, сондықтан келесі бір затты өңдеуге тек, машинадан дайын затты түсіргенде ғана кірісуге болады.

Бұл машиналар үшін:

Трт,

мұндағы Тт – технологиялық цикл, яғни өнімнің машинада бөлғандағы уақыты, с;

Тр – жұмыс циклы, - дайын өнімнің бірлік немесе порциялық берлу моментіндегі аралық уақыт, с.
Ағынды машиналар – бұл машиналарға өңделініп жатқан зат барлық уақытта (үздіксіз немесе үздікті) тиеледі, бір жабдықтың ішінде тасымалданады, осындай өңдеу кезінде, кезекпен өз орынын өзге көбірек тиелген машинаға береді. Мұндай машиналарды қолданудың түйіндік мағанасы, берілген тапсырмада Т/Т (технологиялық процестің циклі) Тр << Тт орындау.

Егерде ағынды машиналарда азық түліктік ағыны аялдап үзілісті түрде істесе –мұндай машиналарды үзідікті-ағынды істейтін машиналар деп аталады. Егерде ағын машинада үздіксіз бірқалыпты қозғалса, онда мұндай қозғалысты үздіксіз-ағынды деп аталады.

Машинаның жұмыс құрылғылары келесі түрде болады:

- цикльды – белгілі бір жағдайда қайтымды қозғалыс жасайтын;

- ацикльді – бірқалыпты-айнымалы (ротационды) қозғалысты немесе қозғалмайтын. Ротационды қозғалысқа шнекті, дискалы пышақтар, араластырғыштар (оларды бастапқы жағдайда көрсету қиындық туғызады). Қозғалыссыз бағыттаушы бақылаушы қондырғылар газды аппараттарды қыздырғыштар, сәулелі қондырғылар.

Жұмыс құрылғалары өнімді позиционды, аралас қозғалысты түрде өңдеулері мүмкін.

Жоғарыда қарастырулар нәтижесінде машиналардың үш түрін сыныптар мен топтарға бөлуге болады.

0 сыныпты жұмысшы құралдары ацикльді түрде келетін, бірпозициялы машиналардан тұрады (МОК картоп тазалағыш машинаны жатқызуға болады).

І сыныпты жұмысшы құралдары цикльді түрде келетін, бірпозициялы машиналардан тұрады (жеміс түрінен жасалған өнімдерді буып-түйетін машиналар МУ).

ІІ сыныпты негізгі жұмысшы құралдары цикльді түрде келетін үзідікті-ағынды істейтін машиналар құрайды және бұлардың әрқайысы тұрақты позициядан тұрады (қаптайтын-буып-түйетін машиналар ФУА).

ІІІ сыныпты үздіксіз-ағынды істейтін машиналар құрайды және олар не позициялы (балықтарды бөлетін автомат) немесе ілеспелі (котлет қалыптайтын автомат) қозғалысты болып келеді.

ІV сыныпты бірқалыпты-айнымалы немсе ротационды қозғалысты үздіксіз-толассыз істейтін машиналар құрайды.

Автоматтандырылған дәрежелер бойынша технологиялық машиналарды келесі түрлерге бөлуге болады:

- қарапайым – машиналар яғни оператор жаттанды түрде бағдарламаның көмегімен берілген технологиялық операцияны орындайды (электр жүкшілер);

- жартылай автоматты (автоматтандырылған) – машина яғни негізгі технологиялық операциялар операторсыз кіргізілген бағдарлама негізінде орындалады. Тек оператордың фнукциясы тиеу және түсіру және машинаны реттеуден тұрады (ыдыстарды жуатын машина);

- автоматтандырылған – машина, толтырылып және қосылғаннан кейін, барлық жұмысшы операцияларды кіргізілген бағдарлама негізінде оператордың қатысуынсыз орындалады (құятын автоматтар).

Егер автомат логикалық операцияларды іске асыру қабілеттілігі болса, өзі шығарып және айнымалы жағдайда технологиялық процесті бағдарламаның орындалатын мақсаты негізінде жүзеге асырса, онда бұны өздігінен реттелетін немесе кибренетикалық деп аталады.

Машинаның автоматтандырылған жүйесі келесі түрде сипатталады:



  1. басқару әдісі;

  2. қозғалтқыштан жұмыс құрлдарға энергия беру әдісі;

Жартылай автоматтандырылған және автоматтандырылған технологиялық басқару әдістері келесі түрде болады:

а) кіргізілген бағдарламаға сәйкес орталықтандарлған қатаң басқарылу, жұдырықшалы таратып-басқару біліктері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұларға командалы аппаратты ауысымды түйісу дискалары, перфокарта, магнитті жазатын таспалар және т.б.;

б) жұмсақ басқару жолдарында, жұмысқа қосу және өшіру механизмнің орындайтын әрбір кезекті жүрісі сәтті түрде аяқталғанда немесе жасалынып жатқан заттың анықталған жағдайларда, машиналардың ішкі бағыттырының жолдары арқылы қадағаланады.

Берілістің электрқозғалтқыштан жұмыс құралдарына берілу әдістері келесідей түрлерге бөлінеді: механикалық, гидарвликалық, пневматикалық, электрлік және аралас жүйелерде автоматтандырылады.




3-дәріс. Машина өнімділігінің негізгі теориясы.
Машина өнімділігі, машинаның жұмысның ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Машина өнімділігі деп - белгілі бір уақытта машинаның өндіретін (қайта өңдеу, шығару, өңдеу) өнімнің саны немес мөлшерін айтамыз. Ол т, кг немес м3 сағатына немес секунты арқылы өлшенеді және олар жұмыс (технологиялық) процесінің жүруін нақты сипаттайды, осының нәтижесіне қарап машинаның басқа пареметрлерін максималды түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Өнімділік үш түрге бөлінеді: нақты ПН, теориялық ПТ, және технологиялық П//.

1. Машинаның нақты (факторлық) өнімділігі ПН- өнімнің кондициялық нақты мөлшерімен анықталады, яғни өнімділіктің уақыт бірілігіндегі орташа мөлшерін береді (бұндай өнімділікке, ауысымдағы эксплуатацияда немесе басқа мезгілдердегі жағдайларда және әртүрлі түрдегі циклдік емес шығындар; машинаны реттеу, орнықтыру немесе құрылғаларды айырбастау, механизмдер мен тораптарды жөндеу, машинаны жинақтау және т.б. кіреді).

Егерде, τсм - ауысымның ұзақтығы; τМ - ауысым кезіндегі машинаның жұмыс істеу ұзақтығы; τп -кідіру ұзақтығы; п -жұмысшы циклдардың саныдарын белгілеп, жұмысшы циклдағы бір бұйымды берудегі машинаның нақты (факторлық) өнімділігі ПН анықтасақ:



, (1.1)

Мұндағы τр - жұмыс циклдағы уақыт; τотн -кідіріс кезіндегі салыстырмалы уақыт.

2. Машинаның теориялық өнімділігі ПТ- өнімнің санымен анақталатын, бірлік уақыт ішінде тоқтаусыз жұмыс істегенде машина өндіре алатын мүмкіндік өнімділік.

Жұмыс циклінде бұйымды беруде машинаның теориялық өнімділігі мына формуламен табылады:



, (1.2)
Машинаның нақты өнімділігі, теориялық өнімділіктің функциясы болып табылады, сонымен қатар машинаның экспулатациялық және өндірісті ұйымдастыру жағдайларына байланысты.

Нақты өнімділік пен теориялық өнімділіктің айырмашылықтарын машинаның қолдану (теориялық өнімділік) коэффициенті деп аталады.


(1.3)

η/ машинаның жұмыс істеу кезіндегі уақытты жоғалтудың салыстырмалы мөлшерімен сипатталады және машинаның рационалды эксплуатациялық көрсеткіші болып табылады.

3. Машинаның технологиялық өнімділігі П//- машинаның ішкі цикльді уақытты есептемей босжүрісті өнім өндіруді айтады. Бұған үздіксіз-толассыз әрекетті машиналар (мысалға, алманы ұсақтап алма пюресін жасайтын машина) жатады. Бұндай машиналардың теориялық өнімділігі бірден технологиялық өнімділікті береді.

Олай болса, технологиялық өнімділікті өнімді үздіксіз өңдеу кезінде өнімнің машинада болған уақыты деп қарастыруға болады.

Мысалға, технологиялық процесте сүтті плунжерлік гомогенизатормен гомогенизациялауда, оны принципті түрде дискалы гомогенизаторды қолданып ағынды әдіспен іске асыруға бола тұрғанымен де, оны плунжердің бос жүрісті жіберген шығынмен бірге цикльді түрде іске асырады.

Теориялық өнімділіктің технологиялық өнімділікке қатынасын өңдеудің үздіксіздік кэффициенті (машинаның технологиялық өнімділігін қолдану) деп аталады.



(1.4)

Толассыз машиналар үшін η//=1 тең.

Бір орындау құралынан тұратын циклді машиналар үшін өңдеудің үздіксіздік кэффициенті келесі түрде анықталады:
(1.5)

Мұндағы τк= +( τр/р)+τх0 – кинематикалық циклді уақыт;

τ/р – өңделетін объектіге тікелей әсер ететін жұмысшы жүрістің арақашықтығының бөлігі;

( τр/р) - өңделетін объектіге қолданылмайтын жұмысшы жүрістің бөлігінің уақытты (жұмысшы құралдың объектіге кіру уақытты);

τх, τ0 –бос жүрісті уақыт мен жұмысшы құралдың тоқтау уақыты.

Егер циклді машинада т жұмысшы құралдары болса, онда:


(1.6)

Олай болса,



(1.7)

Нақты өнімділікті арттыру келесі жағдайларды жоғарлату негізінде іске асырылады:

а) технологиялық өнімділікті П//, яғни процестің өзін қарқындату есебінде;

б) өңдеудің үздіксіздік кэффициенті η//, яғни бос жүріске кететін, кідірістерге, жұмысшы құралдың объектіге кіру уақыттарын қысқарту есебінде;

в) машинаны пайдалану коэффициенті η/, яғни цикльдік емес шығындарды қысқарту және ауысымдылықты ұлғайту есебінде.

Аналогтық қатынастар болады және нақты өнімділік үшін келесі түрде анықталады:



(1.8)

(1.8) формуладан байқағанымыздай, , τотн.=const болса болады және ПТ=const, болса болады.

Машинаның ПТ арттыру мақсатында η//<0,5 болғанда,тбірінші жағдайда бос жүріске және көмекші операцияларға кететін уақыттарды қысқарту, мүмкін болған жерлердегі барып қайтатын жұмыс құралдарын бірқалыпты айнымалы жұмыс құралдарымен ауыстыру, уақытта орындалатын операцияларды біріктіру. Өнімді өңдеу процесін қарқындатып, η//>0,5 технологиялық өнімділікті арттырған жағдайда ғана теориялық өнімділіктің көтерілгенін анғаруға болады.

Пайдалану коэффиценті η/≤0,5 болғанда нақты өнімділікті көтерудің қарапайым және тиімді тәсілі машинаның цикльдік емес тоқтауларын қысқарту, ал пайдалану коэффиценті η/>0,5 болған жағдайда теориялық өнімділікті арттыру керек. Неғырлым тиімдірегі ол, бір мезгілде пайдалану коэффиценті мен теориялық өнімділікті арттырғанда ған қол жеткізуге болады.

Теориялық өнімділік машинаның сыныптарына, жұмыс құралдарының жылдамдығы мен жеке операцияларды біріктірудің дәрежесіне және өңделетін объектінің геометриялық параметрлеріне тәуелді.

Кез келген машинаның өнімділігі:



мұндағы Е - өнімнің сиымдылығы (өңделетін объектінің немесе материалдың бір сәтте машинада болған мөлшері);

τТ – технологиялық цикльдің уақыты.

Машинадағы өнімнің сиымдылығы берілген объектінің даналық өндірілуі, бір ағында параллельді өтетін ағындардың сандарындағы j объектілердің сандарына Z байланысты анықталады:

E=jZ. (1.10)
Кез келген машинаның өнімділігі шығатын өнімнің бірлік уақытына кері пропорциональды:

E=jZ/τТ=j/τp=( 1/ τp)j=1. (1.11)


Массалық өнім өндіретін ағынды әрекетті машиналар үшін жұмысшы цикльдің уақыты ретінде масса бірлігінде немесе көлемінде өндіруге кеткен уақытты алады, яғни бұл жағдайда жұмыс цтклі өзінің мағанасын жоғалтады.

Ағынды машиналарда технологиялық циклдің уақыты мен сиымдылық келесі қатынастар арқылы анықталады:


τТ =L/υср; Е=AL, (1.12)
Осының негізінде машина өнімділігі келесі қатынаспен табылады:
Пт =Аυср=Е/L=Е/(τТυср), (1.13)
мұндағы L – машинадағы өнімнің жүріп өткен жолы; υср – машинадағы өнімнің орташа қозғалыс жылдамдығы; А – пропорциональдық коэффициент.
Бақылау сұрақтары
1. Технологиялық машиналар қандай белгілерге байланысты жіктеледі?

2. Машинаның жұмысшы құралдары қалай жіктеледі?

3. Технологиялық машиналар қандай сыныптар мен топтарға бөлінеді?

4. Технологиялық машиналар атоматтандырылған дәрежелеріне қарай қалай жіктеледі?

5. Өнімділік дегеніміз не?

6. Өнімділіктің қандай түрлерін білесіз?

7. Машинаның пайдалану коэффициенті (теориялық өнімділігі) нені сипаттайды?

8. Машинаның нақты өнімділігін қалай көтеруге болады?



4-дәріс. Бөлшектер мен тораптарды құрастыру кезіндегі жалпы мәліметтер.

Тамақ өнеркәсібінің жабдықтарын жүйелеу.
Өңделетін өнімге әсер етуі бойынша тамақ өнеркәсібінің жабдықтарын аппараттарға және машиналарға бөлеміз. Аппараттарда физика-механикалық, жылулық, диффузиялық, химиялық, биохимиялық, электрлік және басқа процестері жүреді, ал машиналарда негізінен өңделетін объектіге механикалық әсер кезінде технологиялық процестер жүреді. Бұл процестерді механикалық деп атайды.

Технологиялық жабдықтарды машиналар мен аппараттарға шартты түрде бөлеміз. Кейбір машиналарда механикалық өңдеу ретінде қыздыру, суыту, массаалмасу, химиялық реакциялар жүреді. Сондықтан "технологиялық машина" терминін - технологиялық процесті жүзеге асыруға арналған техникалық құрылғы деп түсіндіреді.

Тамақ өндірістерінің машиналары және аппараттары көбінесе химиялық және аралас салалар өнеркәсіптерінің жабдықтарына ұқсас. Техникалық даму барысында тамақ өндірістерінің жеке машиналары мен аппараттарын басқа ­ өнеркәсіптерде (­мысалы, сүт өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылатын сүттен қаймақты бөлуге арналған сұйықты сепараторлар тамақтық, химиялық және басқа да өнеркәсіп өндірістерінде кеңінен қолданылды). Қант өнеркәсіптерінде кеңінен белгілі центрифугалар ­ химиялық өнеркәсіптерде қолданылады. Химиялық өнеркәсіпте тиімді жұмыс істейтін пластинкалы жылуалмастырғыштар­ сүт өнеркәсібінде қолданылады .

Жабдықты құрастыру кезіндегі есептеулер.

Құрастыру критериялы, еркін және кездейсоқ шешімдер қабылдаумен байланысты. Ең дұрысы критериялық шешім.

Құрастырудың негізгі бағыты оптимизациялауда.­ Оптимизациялау облысында екі негізгі талаптарды белгілеп қоюға болады: ең аз шығындармен қажетті тиімділікті алу; шектелген қорларды қолдана отырып, максималды тиімділікті алу. Ең аз шығындар критерияларын қолдану немесе максималды тиімділік оптимизациялауды жүзеге асыруға көмектеседі .

Бөлшектің негізгі құрастыруында, есепке жататын өзара байланыстар болады.

Өзара байланыс І–ІІ. Еңбек шығындары және құралдарды құрастыру кезінде, техникалық қызмет етуде мен жөндеуде тұтастықтың жоғарылауы құрастырма бірліктерді тұтастық талаптарының орындалуымен байланысты. Құрастырма бірліктердің компановкасының талаптарын қанағаттандыратын бағыттардың бірі жоғары төзімділікті материалдардан жасалған кіші габаритті өлшемді бөллшектерді құрастыруды жетілдіру. ­

Өзара байланыс І-ІІІ. Техникалық қызмет ету мен жөндеуде құрастырма бірліктердің еңбек шығындарының азаюы және компоновкаға арналған құралдардың жүктеу режиміне сәйкес бөлшекті таңдаумен байланысты.

І-IV өзара байланыс. жоғары төзімділікті материалдардан жасалынған, аз габаритті бөлшектерді қолдана отырып, құрастырма бірліктердің тұтастық талаптарын қанағаттандыру.

Өзара байланыс І-V. Бөлшекке зақым келуін азайту және бөлшек шыдамдылығын арттыруға арналған тиеу циклдарының санын қысқарту.

Өзара байланыс П-IV. Бөлшектің қауіпті қимасының жеткілікті өлшемдерін қамтамасыз етуі; бұл кезде қосылысқа кіретін бөлшек құрылымына емес, қосылыс құрылымына ерекше назар аудару ­керек.

Өзара байланыс П-V. Техникалық қызмет ету мен жөндеу кезінде шыдамдылықты жоғарылату, құралдар мен еңбек шығындарын төмендету. Бөлшек шыдамдылығының жоғарылауымен зақым келетін бет кедір-бұдырлықтарын азайтуға болады. Мұндай бөлшектерді механикалық өңдеуден кейін ажарлайды.

Өзара байланыс Ш-IV. Жүктеулерді ескере отырып, статикалық беріктілікті жоғарылату.

Өзара байланыс Ш-V. Бұл байланыс бір бағытта болады, бөлшектердің шыдамдылығы эксплуатация шарттарына байланысты сыртқы тиеулермен анықталады .

Өзара байланыс ІV-V. Пайдалану шарттарындағы қажетті беріктілік пен шыдамдылықты қамтамасыз ететін пайдалану шарттары мен оларды шешу жолдарын іздеу.

Құрастыру процесінде суықпен өңдеу әдістерімен дайындалған, типтік бөлшектерге қолданылатын негізгі параметрлер: түрі, материалы, конструкторлық базасы, өлшемдері, массасы, беттердің кедір-бұдырлығы.

Өзара байланыс VІ-VIII. Бөлшек түрінің талаптарын қамтамасыз ету, құрастырма бірліктердің беріктілік есебімен, құралдарды дайындау, ең аз еңбек шығындарын прогрессивті әдістермен өңдеу.

Өзара байланыс VІІ-Х. Дайындау мен жөндеуге минималды еңбек және ақшалай шығындарды қамтамасыз ету үшін материал таңдау­. Бөлшек массасының төмендеуі, аз тығыздықты және беріктілік сипаттамасы бар материалдарды қолдануды талап етеді.

Өзара байланыс VІІ-ХП. Беттің кедір-бұдырлығының минималды параметрлерін қамтамасыз ету кезінде қызметтік тәртіптегі материалды таңдау. Бет кедір-бұдырлығының қажетті параметрлерін алу үшін, мысалы, шлицтік тесікке термиялық өңдеуді қолданады, ол бөлшек материалының қажетті қаттылығы мен біркелкі құрылымына алып келеді.

Өзара байланыс VІІI-XI. ­ Құрастырма бірліктегі бөлшектің орналасуын базалау арқылы қамтамасыз ету.

Өзара байланыс ІХ-X. Тұтастықты ескере отырып, бөлшек өлшемдерін анықтау үшін құрастырма бірліктерді беріктікке есептеу және тұтастық шешімдерін таңдауды жүргізу.

Өзара байланыс ХП-XI. Беттердің кедір-бұдырлығына байланысты бөлшектің тағайындалуын анықтау, оның дәлдік класына және өңдеу әдісіне тәуелді болады. Бөлшек құрастыру кезінде өзара әрекет сұрақтарымен қоса өндіріс талаптарын, бөлшектердің бірыңғайлығын, дайындау технологияларын және т.б. ескеру керек.

Бөлшек материалын таңдаудың негізгі талаптары беріктік, шыдамдылық, берілген массасына, кедір-бұдырлыққа, бөлшектердің бірыңғайлығына, термо өңдеу шарттарына және т.б. байланысты.

5-дәріс. Технологиялық процестің ерекшеліктерін ескере отырып, жабдықты жобалау.
Жабдықты таңдау дайын өнім мен жасалатын материал қасиеттерімен анықталады. Машинада немесе аппаратта өтетін технологиялық процестің талдауы құрастырудың параметрлік синтезін және құрылымның негізін ұсынады. Құрастырудың құрама бөлімі болып машина схемасы мен олардың тораптырының варианттарын таңдау болып табылады. Бұл жағдайда конструктордың интуициясы мен білімдарлығы шешуші роль атқарады.

Қажетті операцияларды орындайтын геометриялық және механикалық параметрлерді анықтау машина немесе аппараттың параметрлік синтезіне жатады

Теория жүзінде белгілі дисперсті фазаның түйіршіктелген құрамы, фазалар тығыздықтары мәндері мен дисперстік орта тұтқырлығы, сонымен қатар сепаратор өнімділігі және ашық суспензиядағы қатты фаза бойынша сепаратордың сипаттамасын анықтауға болады. Бірақ та түйіршік құрамының, сол сияқты сепараторға суспензияның кіруіне дейінгі қатты фаза концентрациясының тұрақсыздығынан, сепаратордан өту процесінің математикалық моделін пайдалану ­мүмкін емес. Сонымен қатар, математикалық моделдер ротордың әр алуан конструктивті ерекшеліктерінің ықпал жасауын ескере алмайды. Сондықтан бөлуші жүйенің дисперстік сипаттамаларын анықтау әдістерін дифференциялау керек.

Аппарат өнімділігіне байланысты жетек үлгісі туралы сұрақты шешеді, ал өнімділіктің көрсеткіш мәнінен ротордың айналу жиілігін табады. Өндірістік сепаратор тәжірибелік зерттеулердің нәтижесінен сепаратор параметрлерінің соңғы таңдауы алынады.

Жабдықтың жаңа конструкцияларын жасауда жобалаудың әрбір кезеңі жайлы өңделетін жүйелер туралы ақпараттар алумен байланысты белгілі-бір тәжірибелік зерттеулердің орындалуын талап етеді.

Жабдықтың конструкцияларына қойылатын талаптар.

Бастапқы құрастыру кезеңінде техникалық ұсынысты талдайды, онда машина немесе аппараттың жалпы құрылым синтезін өткізеді.

Өнеркәсіпті өнімнің сапалық көрсеткіштері маңызды элементтер болып саналады:

- жабдықтың функционалдық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер,- өнімділік , энергия шығындары, жұмысшы органдардың айналу жиіліктері, күш және т.б.;

Жабдықтың сенімділігі, яғни қажетті функцияларды орындайтын, объектінің қабілеттілігін анықтайтын параметрлердің қабілеттілігін сақтау.

Эргономикалық және эстетикалық көрсеткіштер, адамдар жүйесіне жататын - машина ;

Бұйымды дайындау мен эксплуатация процестерімен байланысты технологиялық көрсеткіштер; қауіпсіздік, стандарттау, бірыңғайлау, патентті - заңды және экологиялық көрсеткіштер.

Тамақтық жабдықты құрастыру кезінде, ­ санитарлы-гигиеналық және коррозиялық талаптарды ескеру қажет. Кейбір жағдайларда жабдықтың жаңа конструкцияларын жасау кезінде, жобаланушы объектінің әртүрлі деңгейлеріне жататын көптеген варианттар, конструкциялар ұсынылады. Бұл жағдайда тиімді варианттарды табу үшін ­ реттелген іздеу жүргізіледі. Мұнда жобалаушыға тәуелді (шешуші факторлар) және тәуелді емес конструкция сипаттамаларын анықтайды. Одан кейін салмағын тағайындау арқылы салыстырмалы ылғалдылыққа байланысты жобалау кезінде анықталатын параметрлерді белгілейді. Әрбір шешуші факторға сандық мәндерді қойып, ауыспалы тәуелділіктерді анықтайды.

Осындай реттелген іздеуді ЭЕМ-нің көмегімен жүргізуге болады.

6-дәріс. Құрастыру кезеңдері.
Өнеркәсіптің барлық салаларының бұйымдарына құрастыру құжаттарын дайындаудың негізгі тарауларына МЕСТ белгіленген. Жалпы жағдайда жобалауға арналған негізгі материал ретінде техникалық тапсырма алынады. Ол машинаның (аппарат) параметрлерін, қолдану аймағы мен шарттарын анықтайды.

Техникалық тапсырма. Конструктор өнеркәсіп салаларынан білімі жоғары болу керек. Конструктор тапсырма тексеру керек, кейбір жағдайларда оны түзетудің қажеттілігін дәлелдеу қажет. Техникалық тапсырма өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарымен берілсе, онда тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандырумен қатар, басқа да кәсіпорындарда машинаны қолдану мүмкіншілігін қолдану.

Техникалық ұсыныс. Орындаушы ақпаратты материалды талдайды және бұйым түрлерінің орындалуын мақсатқа лайықты дәлелдейді .

Нұсқалы жоба. Бұл құжат құрылғының приниципиалдық шешімдері мен бұйымның әрекеттеріне жататын конструкторлық материалдың кешенінен тұрады. Орындаушы оның негізгі параметрлерін, принципиалдық сұлбаларын, жалпы сызбасын, құрастырма бірліктер мен бөлшектердің ең маңыздыларын келтіреді.

Техникалық жоба. Бұйымға соңғы техникалық шешім техникалық жобада орындаушымен беріледі. Оған ­ сұлбалар, есептеулер, техникалық шешім және сенімділік көрсеткіштері келтіріледі.

Жұмысшы жоба. Бұл кезеңде барлық конструктивті ниеттер, өңдеулер және тәжірибелер іске асырылады. Орындаушымен барлық бөлшектер мен машинаны құрастыруға арналған конструкциялық құжаттама әзірленеді.

Жобаны бастаудан машинаны өнеркәсіпке енгізуге дейін белгілі бір кезең өтеді, оның ұзақтылығы жобалы жұмыс сапасы мен күрделігіне байланысты. Көрсетілген кезең келесі сатылардан: жобалаудан, машинаны дайындаудан, зауыттық жөндеулер және тәжірибелі үлгі жеткізгіштерден тұрады. Осыдан кейін техникалық құжаттама жасалады, машинаны дайындау мен өнеркәсіптік сынақтар жүзеге асады. Одан әрі сериялы құжаттама өңделеді және сериялы шығару ұйымдастырылады.



Құрастыру әдістемесі.

Жаңа машинаның параметрлерін таңдауы кезінде конструктивті орнын басушылық принципі сақталу керек.

Мүмкін болатын конструктивті шешімдерді жасау кезінде келесіге мыналарды ескеру керек:

Табиғатта кездесетін жүйелердің әрекет принциптерін қолдану мүмкіншілігі;

Кері әсерді қамтамасыз ету арқылы қозғалмайтын элементтерге қозғалыс беру;

Бір элементте әртүрлі функцияларды біріктіру жолымен бірнеше элементтердің мүмкіншілігі;

Элементтердің беріктілігі және өзгеруінің мақсатқа лайықтылығы;

Әртүрлі материалдардың қолдану және жасау мүмкіншіліктерінің жақсарту мақсаттарында бөлшектерді бөлу;

Бөлшектерді бөлу және қиыншылық тудыратын бөлімдерді шығару.

Құрастырудың маңызды элементі ретінде нұсқалы және жұмысшы құрастырудан тұратын құрастыру болып табылады. Бастапқы кезде ­негізгі сұрақтар - кинематикалық және күштік схемаларды таңдау, қажетті өлшемдер және бөлшектердің түрлері және олардың орынды ­ орналасу сұрақтары шешіледі.

Құрастырудың негізгі ережесі ол ең тиімді вариантты таңдау. Конструкцияның негізгі бөлшектеріне беріктік және қаттылық есептерін есептеу керек. Бірақта факторлардың қатар және анау есеп-қисап бар болу әдістері жиі еске алынбайды , не бөлшектерді болады , емес ұшырайтындар есеп-қисапқа . Құрастыру жанында даярлау сұрақтары қажетті еске алыну және технологиялық мақсатқа лайықты түр бөлшектеріне қосып беру .

Құрастыру жанында конструктивті элементтердің барынша көп бірыңғайлаулары жетуге ереді, шарттар еске алыну, работо анықтаушы ­ машина қабілеттілік, жүйе өңдеуін машина майлаулары , охлажде ­ ния , құрастырулар , тәртіптеп сұрыптаулар, агрегат бекітулері және қосылудың оған көршілес бөлшектердің және д т.| құрастыру әдістемесін центрден тепкіш су перісі насос жобалауы үлгісінде қарап шығамыз. Бұл жағдайда ­ негізгі база чествесі насос гидравликалық бөлімдері нобай алынған ( күріш .1.3).



7-дәріс. Жобаланатын машинаның құрылмасы. Негізгі жүйелік талдау
Машинаның құрылмасын болжаудан бастау керек (жағдайды, объекті модельдеу). Болжаудың ең көп тараған әдістері:

  1. экстраполяция әдісі жинақталған тәжірибені қолдануға негізделген, аз уақытта болжауда қолданылады.

  2. экспертті бағалау әдісі эксперт-мамандар тобының көзқарастарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс субъективті сипаттама береді.

  3. моделдеу әдісі, талдау үшін ұқсастық теориясы негізінде пайда болған моделдерді қолдануға негізделген.

  4. аналогтар әдісі, бір объектінің басқасына құрамын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Машина құрылымдарын болжау машинаның функционалды қолданысын, негізгі техникалық және экономикалық параметрлерін, мүмкін болатын компоновкалы сұлбаларын, жаңа материалдар мен дайындама түрлерін, бөлшектер мен тораптарды дайындаудың жаңа технологиясын қарастырады.

Соңғы кезде құрастыруда жүйелік талдау (жүйені талдау және жинау) кеңінен қолданылады.

Жүйелік талдаудың негізгі тапсырмалары:


  • спецификалық байланысты зерттеу, жүйенің бөлек типтеріндегі заңдылықтарды орнықтыру;

  • осы негізде анықталған әдістердің сипаттамасын жетілдіру және оқу.

Жүйелік талдаудың қорытындысы – арнайы мәселелердің шешім әдісі болып табылады.

Құрастыруда машина немесе аппарат жүйе ретінде қарастырылады. Жүйенің өзара байланысатын құрылымына және оның бөлшектерінің құрамына көңіл бөлінеді.

Жүйелік үйлесімнің ең басты артықшылығы, оның органикалық бөлігі логика-әдістемелік талдау болып табылады.

Жүйелік талдаудың басты сұрағы көп вариантты тапсырманың шешімінен ұтымды вариант беретін мүмкіндік критерий таңдау болып табылады. Бұл жұмысты екі кезеңде жүргізеді:



  • объектінің берілген сипаттамасын қамтамасыз ету параметрлерін анықтау;

  • ұтымды критерийде бекітілген бір немесе бөлек сипаттама бойынша құрылымды жақсарту.

Бөлшектерді құрастырудағы негізгі берілгендердің арасында өзара байланыс болады.

Өзара байланыс І – ІІ: еңбек және жинаудағы құралдар, технологиялық жабдық пен құрастырма бірліктерді жөндеу шығындарын азайтуды жоғарылатуға тырысу (мысалы, беріктігі жоғары материалдан аз ауқымды өлшемді бөлшектер құрылымын жетілдіру);

Өзара байланыс І – ІІI: неғұрлым қолайлы жүктелу режиміне сәйкес келетін бөлшектің орналасуын таңдау;

Өзара байланыс І – ІV: жеңілдетілген технологияны қолдану арқылы тұтастықты қамтамасыз ету;

Өзара байланыс I – V: бөлшекке зақым келуін азайту және бөлшек шыдамдылығын арттыруға арналған тиеу циклдарының санын қысқарту;

Өзара байланыс ІІ – IV: байланыс құрылымына ерекше мән беру қажет;

Өзара байланыс VI – VIII: прогрессивті әдістермен өңдеу мүмкіндігіне негізделген бөлшектің ұтымды пішінінің талаптарын қамтамасыз ету;

Өзара байланыс VII – Х: бөлшектің массасын төмендету сәйкес беріктіктегі және ең аз тығыздықтағы материалдар сипаттамасын қолдануды талап етеді;

Өзара байланыс VII – ХI: бөлшектің таңдалған материалы үшін кедір-бұдырлықтың минималды параметрлерін орнату;

Өзара байланыс Х – IХ: тұтастықты ескере отырып бөлшек өлшемдерін анықтау;

Өзара байланыс ХI – ХІІ: бөлшек беттерінің кедір-бұдырлығы дәлдік класына және өңдеу әдісіне байланысты.
8-дәріс. Жобаланған автоматтандырылған жүйені машинаға қолдану
Машинаның жоғары сапалылығы мен тиімділігі жобалау процесін ұйымдастыруға байланысты. Қолмен жобалауды қолдану құрылым варианттарын талдау мүмкіндігін жоғалтады.

Қазіргі кездегі машиналарды құрастыру тапсырмасын жобаланған автоматтандырылған жүйені машинаға енгізу нәтижесінде шешуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет