Мағыналық бөліктері
|
Тілдік құрылымдар
|
Мәтіннің тақырыбы (мәтін деп аталады, ... тақырыбына арналады..)
|
|
Мәтінде айтылған ақпараттар (талданады, қарастырылады...)
|
|
Болашақ бағдарламасының шарттары қандай, сіздің алдағы уақытты осы бағдарлама арқылы шетелге оқуға түсу жоспарыңызда бар ма?
|
|
Бағдарламаның қазақстандықтар үшін қандай артықшылықтары мен ерекшеліктері бар?
|
|
ОҚЫЛЫМ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
12- тапсырма. Есте сақтаңыз!
Есімше кестеде берілген төрт түрлі жолмен жасалады:
№
|
Жұрнақ
|
Мысал
|
1
|
-қан, -кен, -ған, -ген(өткен шақ есімше)
|
алған, келген,кеткен
|
2
|
-ар, -ер, -р,– с (болжалды келер шақ есімше)
|
барар,оқыр,оқымас
|
3
|
-мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек (мақсатты келер шақ есімше)
|
Бармақ, келмек,жүзбек
|
4
|
-атын, -етін, -йтын, -йтін (ауыспалы өткен шақ)
|
алатын,санайтын,өретін
|
Шығыс септігіндегі есімшенің жасалу жолы:
Есімше
|
+шығыс септігі
-нан/--нен/-дан/-ден/-тан/-тен
|
Мысалы:
|
Алған, көрген
|
+нан, нен
|
Алғаннан, көргеннен
|
етістік+қысы бар/келген ойы/ниеті/тілегі бар - фразеологиялық құрылымы. Мысалы: Барғысы бар, барғысы келген ойы бар, барғысы келген тілегі бар.
ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ___13-_тапсырма.'>ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ
13- тапсырма. Мәтіннен оқып, есімшені табыңыз. Есімше + шығыс септігі және етістік+қысы бар/келген ойы/ниеті/тілегі бар құрылымдарын пайдаланып сөйлем құраңыз. Мысалы: Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра. Оқығандардан кеңес алып, шетелге оқуға барғысы бар.
Қай жұрттың болсын болашақ тұрмысына ерік беріп, жаңалық кіргізетіні, халықтың ұлғайып кеңеюіне кедергі болатын зиянды ғұрып-әдетін, қараңғылығын жоятын жолбасшы көсемі – сол халықтың өз арасынан шыққан оқығандары. Қараңғы халықтың тұрмысын гүлдендіріп, жарыққа шығаратын да, халықтың еңсесін құрытып, ұйқыға салатын да – оқығандар. Оқығансыз қара халық ешқайда бармақшы емес. Сондықтан оқыған деген сөз терең мағына иеленбекші. Яғни оқыған адамдар байлық, билік, дәрежені олар мақсат қылмайды һәм ондайларды олар бақ-дәреже деп танымайды, мақтану үшін іс қылмайды, сыртқы бояуға масаттанбайды. Анық әділдік, адамдығына жұрт сенеді. Мынау былай шығар-ау деп айтудан тіл күрмеледі. Жат-жақын, туған-туысқан демейді. Өзін адам баласы үшінмін деп, өзі үшін өзгені құрбан қылмайды. Шын досынан айнымайды, басқаға кек сақтап, дұшпандық ұрығын шашпайды. Болашаққа үлгі болуды мақсат қылады.
Ақпарат дереккөзі: https://ortalyq.kz/aza-o-y-andary/
ОҚЫЛЫМ
14- тапсырма. Оқыңыз, жаттығыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |