Бағалау:
Бағалау критерийлері:
балл
Топтағы бейресми қатынастар жүйесінің ерекшеліктерін жүйелі айқындайды;
2
Оқушылардың психологиялық үйлесімділік дәрежесін анықтайды;
2
Сынып оқушыларының топтық мәртебелерін бағалайды;
2
Жалпы сыныптың психологиялық атмосферасының сапасын анықтайды;
2
Лидер мен аутсайдерлерді анықтайды.
2
Барлығы:
10
Психологиялық тапсырма 3. Бөлінген сыныпта жүргізілген социометриялық зерттеу нәтижесі
бойынша сынып оқушыларымен «Ұйымдастыру әдісін» (Шаттық шеңбері) қолдану
Оқу нәтижелері:
Сынып оқушыларының өзара әрекеттесуін жақсарту және оңтайландыру үшін
«Ұйымдастыру
әдісін» (Шаттық шеңбері) қолданады.
Нұсқаулық:
1. Шаттық шеңберін бөлінген сыныппен ұйымдастырыңыз.
2. Шаттық шеңберін ұйымдастыру үлгісі төменде берілген:
Шаттық шеңбері
– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен
қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап
күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген
қандай тамаша, қандай қуаныш! Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің
әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік! Біздің күлкіміз
көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады) Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын
жүректерінің тұсына қояды). Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн
сияқты) Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).
3. Атқарылған жұмыстар бойынша күнделікке қорытынды жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |