ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті"
"ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА"
Жоғары мектеп
КАФЕДРА: ХИМИЯ
№1 МӨЖ
Орындаған: Бибала Қ. Қ.
Топ : МЕП 23-4-НК1
Қабылдаған: х.ғ.к.,доцент Журхабаева Л.
Шымкент, 2024 ж.
1. Көміртек атомы электрондарының қалыпты жағдайдағы конфигурациясы – 1s22s22p2, ал қозған кезде (гибридтенген күйі) 2s2-ден бір электрон ажырап, 2p деңгейшесінің бос орбиталына ауысады:
Енді көміртектің төрт валенттік электрондары дара күйде болып, төрт коваленттік байланыс түзеді. Байланыс түзуге сыртқы деңгейдің төрт орбиталы: бір s- (2s1) және p- (2px, 2py, 2pz) қатысады.
Электрон бұлттарының пішіндері:
s-электрон бұлты
|
сфера (шар) тәрізді.
|
p-электрон бұлты
|
көлемдік сегіз (симметриялы гантель немесе шексіздік) тәрізді.
|
Үш (px, py, pz) p-электрон бұлттары кеңістікте өзара 90°C (перпендикуляр) бұрыш жасайды. Сондықтан гантель тәрізді p-электрон бұлттары түзген байланыстар сфера тәрізді бір s-электронның түзген байланысынан өзгеше болуға тиіс. Бұл жағдайда бір s пен үш p электрондарының түзген байланыстарының қаситтері өзгеше болар еді. Алайда метан CH4 молекуласындағы төрт C-H байланыстарының барлығының қасиеттері бірдей және олар өзара тең
Гибридтену – пішіндері әртүрлі, энергиялары шамалас орбитальдардың араласып, пішіні, энергиясы, байланыс бұрышы, т.б. сипаттамалары бірдей гибридтенген жаңа орбитальдардың түзілуі.
Атомдық орбитальдар тек атомдар арасында коваленттік байланыс түзілген кезде гибридтенеді және гибридтенген орбитальдар саны гибридтенуге қатысқан орбитальдар санымен бірдей болады.
Гибридтенуге көміртек атомының төрт орбиталі (бір s және үш p) қатыса алады. Көміртек атомы үш түрлі болып: sp3- (эс пе үш), sp2- (эс пе екі), sp- (эс пе) гибридтенеді.
Көміртек атомының гибридтену түрлері
Сипаттамалары
|
sp3
|
sp2
|
sp
|
Молекула (мысалы)
|
СH4 – метан
H3С – CH2 – CH3 пропан
|
СH2=CH2 этилен (этен)
СH3 – CH = CH2 пропилен (пропен)
|
HC-=CH ацетилен (этин)
H3C – CH -= CH2 пропин
|
Валенттілік бұрыш
|
109°28`
|
120°
|
180°
|
Көміртек атомдар арасындағы байланыс ұзындығы, нм
|
0,154
|
0,134
|
0,120
|
Көміртек атомдар арасындағы байланыс энергиясы, кДж/моль
|
369
|
712
|
962
|
Молекуланың кеңістіктік пішіні
|
тетраэдр тәрізді
|
жазық тригональді
|
сызықтық
|
Әртүрлі гибридтенген күйде (sp3, sp2, sp) болу қабілеті көміртек атомының дара, қос, үш байланыс түзуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |