Көрсетілген сілтеме
https://emirsaba.org/fndardi-medenieti html
Ғұн мемлекетін басқарған билеушілер және олардың іске асырған жорықтары мен соғыстары
Ғұн тайпаларың аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшпенділігімен мәлім.
Б.з. бұрынғы 209 жылы ғұн тайпаларының билеушісі болып Мөде сайланды және ғұн билеушілері шаньюй деп аталды.Ғұндарды құдіретті елге айналдыру мақсатында Мөде бірқатар реформалар жасады.Мөде алдымен көршілес тайпа дунхуларды талқандады.Солтүстігіндегі Саян-Алтай тайпаларын және батыстағы үйсіндерге жорықтар жасап, олардың бір бөлігін өзіне бағындырды.Осы жеңістерден кейін Мөде Қытайға шабуылдады.Ғұндармен болған шайқастарда сәтсіздіктерге ұшыраған Қытай империясы Мөдемен “тыныштық және туыстық туралы” шарт жасасты.Ғұн билеушісі Қытай ханшасын әйелдікке алды және сонымен қатар Қытай империясы ғұндарға жыл сайын көп мөлшерде салық төлеп тұруға міндеттеді.Байкалдан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейін созылып жатқан үлкен аумақ ғұндардың қол астына қарады.Жасалған келісімшарт Мөде өлгеннен кейін де ондаған жыл бойы сақталды.Бұл шартты б.з.бұрынғы 123 жылы император У-Дидің ғұндарға қарсы жасаған жорығы бұзды.Ғұндарды Ордостан ығыстырған қытайлар б.з. бұрынғы 90 жылы Яньшань тауының түбінде ауыр жеңіліске ұшырады.Шаньюй Қулағу қытайлықтарға өз талаптарын қояды және бітім шартын жасайды.Бірақ бұл шарт мерзімі ұзаққа созылмайды.
Б.з. бұрынғы 59 жылы ғұндарда билік үшін күрес басталып, осының нәтижесінде қуатты ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді.Оңтүстіктегі ғұндар Хань империясына бағынышты болды.Солтүстік-батыс Моңғолиядағы солтүстік ғұндар билеушісі Чжи-чжи Қырғыз-Нұр көліне таяу жерден өз ордасын орнатады. Хань империясы мен оңтүстік ғұндардың тарапынан үнемі шабуылға ұшырап отырған солтүстік ғұндар тәуелсіздігін сақтап қалды.Бірақ жиі-жиі шапқыншылыққа ұшыраған солтүстік және оңтүстік ғұндар арасындағы қарым-қатынас шиелінісе түседі.
Жиілей түскен жорықтардан зардап шекккен солтүстіктегі ғұндар Солтүстік Моңғолия мен Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігіне көшіп баруға мәжбүр болды.Одан кейінгі жылдары олардың бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп қаңлылармен көршілес отырады.Осы кезде қаңлылар үйсіндермен соғыста ғұндармен соғыс одағын жасайды.Бірақ бұл одақ берік болмай ғұндар мен қаңлылар арасында жанжал болды.Осыдан кейін екі жақ соғыс одағын бұзып Чжи-чжи қаңлы билеушісінің ордасынан қуылады.Көп ұзамай қытайлар солтүстік ғұндардың Талас бойына салған ордасына шабуыл жасайды.Ғұндардың ерлікпен шайқасқанына қарамастан қытай әскерлері қамал қорғанысын бұзып, қамалды қиратып,қаланы басып алады.Чжи-чжи өзінің туыстарымен, нөкерлерімен, атақты адамдарымен барлығы 1518 адам тұтқынға алынып, барлығының басы кесілді.
Мұхамедов М.Б.,Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы.Оқу құралы. – Алматы: “Қарасай”, 2010, 33-34 беттер.
Аттила тұсында ғұн империясы өзінің шарықтау биігіне көтерілді.Шығыста Кавказға, батыста Ресейге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунай өзеніне дейінгі жерлерді Ғұндарға бағындырды.Еуропаны, Африканың солтүстік бөлігін, батыс Азияны қамтыған Рим империясын өзіне бағындырды.451 жылы Каталаунда (Франция жері) болған римдіктер мен ғұндардың арасындағы шайқаста 200 мың адам мерт болады.Аттила Рим империясының орталық бөлігін талқандап, императордың қарындасын және оның жасауы деп Римнің қазынасын алады да “Мәңгі қала” атанған Рим қаласы бүлікшілік пен қираудан аман сақтайды.Осы жеңілістен кейін Рим империясы шайқалды.Шығыс бөлігі Византия деп аталса, Батыс бөлігі ұсақ-ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті.Аттилаға бағынған елдер: Боспор патшалығы, славяндар, аландар, весготтар мен остготтар, Рим империясы.
https://melimde.com/attila-jene-oni-jaulaushili-joritari.html
Отырықшы мәдени аймақтардың өзара әрекеттесуінің алғашқы кезеңдері.
Достарыңызбен бөлісу: |