Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы



Дата29.02.2016
өлшемі125.46 Kb.
#33217
Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 2010 жылғы 13 тамыздағы N 363 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6462 болып енгізілді.


      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстердің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 16 тамыздағы № 672 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1955 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж. № 39, 705-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 16 тамыздағы № 672 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 459 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5345 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада № 11 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министрдің
      міндетін атқарушы                         Д. Көтербеков
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация 
министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 13 тамыздғы  
№ 446 бұйрығымен    
бекiтiлген         
Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында
шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін
бекіту жөніндегі нұсқаулық
      Ескерту. Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
      1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кемелерінің шетелдік авиакомпанияларының тұрақты ұшу кестелерін бекіту рәсімін нақтылайды
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Осы Нұсқаулықта мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      1) аэронавигациялық ұйым – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді және әуе кемесінің бортына қажетті метеорологиялық ақпарат беруді, әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;
      2) уақыт аралығы (слот) – әуежайда авиакомпания әуе кемесiнiң белгiлi бiр күнi немесе кезеңде келу немесе жөнелу операцияларын орындау үшiн бөлiнген уақыт;
      3) «тарихи слот» - өткен эквиваленттік кезеңде кестеге енгізілген слот;
      4) тұрақты ұшу параметрлерi - әуе кемесiнiң әуежайға келу немесе жөнелу күнiн, уақытын, орындау кезеңiн, әуе кемесiнiң үлгiсi мен жолаушы сыйымдылығын қамтитын тұрақты ұшу кестесiнiң параметрлерi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) бекiтуiне мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелері;
      2) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы қонбастан шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Кестенi жасау мен бекiтудiң мiндеттерi:
      1) алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) әуе кеңiстiгiнде және әуежайларда тұрақты ұшуды қауiпсiз орындау жағдайларын жоспарлау;
      3) коммерциялық және техникалық қызметтi ұйымдастыру үшiн тұтынушыларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;
      4) жоспарланған ұшуларды орындау үшiн қажеттi материалдық ресурстарды есептеу болып табылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Тұрақты ұшудың кестесiн жасау, бекiту мен түзету дүниежүзiлiк үйлестiрiлген уақытта (UTC) жүзеге асырылады.
2-тарау. Тұрақты ұшу кестесiн бекiту
      6. Авиакомпания тұрақты ұшу кестесiн "Жаз" және "Қыс" деп аталатын екi маусымға әзiрлейдi. Жазғы және қысқы маусымдық кестелердiң қолданылу мерзiмi Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (ИАТА) белгiлеген мерзiмдерге сәйкес келедi:
      "Жаз" - наурыздың соңғы жексенбiсi - қазанның соңғы сенбiсi;
      "Қыс" - қазанның соңғы жексенбiсi - наурыздың соңғы сенбiсi.
      7. Кестені жасау кезінде тұрақты ұшу параметрлері Қазақстан Республикасының әуе қатынасы туралы халықаралық шартының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Шетелдік авиатасымалдаушы ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) толтырылған «Р» нысаны (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) және 4 данада ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша);
      2) тұрақты ұшу авиамаршруты бойынша ұшып шығу және қону әуежайларымен келісілген слоттар;
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8-1. Шетелдік авиатасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қонбай тұрақты ұшулардың басталуына дейін күнтізбелік 15 күнде қайталанатын ұшу жоспарларының тізбесін аэронавигациялық ұйымға ұсынады (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы).
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қонбай тұрақты ұшулардың орындалуына қайталанатын ұшу жоспарларының тізбесі аэронавигациялық ұйымға бекіту туралы хабарлама беру арқылы Комитеттің бекітуіне жатады.
      Ескерту. Нұсқаулық 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Қазақстан Республикасының әуежайы авиакомпаниядан сұраныс түскеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде авиакомпаниялардың тұрақты рейстерін орындау үшін слоттарды келіседі немесе бас тартудың себептері жөнінде жазбаша негіздеме және баламалы слоттар туралы ұсыныс береді. Бағыт параметрлерінде көрсетілген Қазақстан Республикасының әуежайы авиакомпания сұраған тарихи слоттарды басымдық тәртібімен растайды.
      10. Комитет құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кейін оларды авиакомпанияларға және аэронавигациялық ұйымға беру арқылы «Р» нысанын қарауды және бекітуді жүргізеді, немесе осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Тұрақты ұшу кестесінің нысандарын бекітуден бас тарту негіздері:
      1) Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімдердің шарттарына кестенің сәйкес келмеуі;
      2) алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.25 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.25 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      12. Авиакомпания авиамаршруттың кестесіне өзгерістер енгізу кезінде Комитетке осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2) тармақшасын ескере отырып, ұшуға дейін 3 күн бұрын кестені ұсынады.
3-тарау. Қорытынды ережелер
      13. Авиамаршрутқа арналған куәлiктi қайтарып алу немесе күшiн тоқтата тұру жағдайында немесе авиакомпанияның өтiнiмi бойынша Комитет авиамаршрут бойынша тұрақты ұшудың бекiтiлген кестесiнiң күшiн жояды.
      14. Бұрын күшi жойылған тұрақты ұшуларды орындауды қайта жаңғырту осы Нұсқаулықтын 7 және 8-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық
авиамаршруттарындағы тұрақты   
рейстердiң кестелерiн бекiту   
жөнiндегi нұсқаулыққа      
1-қосымша             
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«P» нысаны
«Бекітемін»           
Қазақстан Республикасы      
Көлiк және коммуникация министрлiгi
Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы
____________________(Т.А.Ә.)   
20 __жылғы «____» ___________   
_____ навигация кезеңiнде _________ авиакомпаниясының рейстердi
орындау графигi





ХААҰ коды және рейс нөмiрлерi

Орындау кезеңi

Апта күндерi

Маршруты (әуежай атауы, УТЦ уақыты)

Ескертпе



ггммдд

ггммдд

1

2

3

4

5

6

7





























































Коммерциялық құқығы бар учаскелер

"тоқта-овер" құқығы бар пункттер

Техникалық қону пункттерi

Құрастыру

ӘК үлгiсi
























Авиакомпания басшысы


немесе ол уәкiлеттiк
    еткен тұлға           Т.А.Ә.       МО
Қазақстан Республикасының 
халықаралық       
авиамаршруттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа  
2-қосымша        
      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 № 652 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (RPL)



Пайдаланушы

Адресаты(тар)

+
-

(ж.а.к.)
жарамды

(ж.а.к.) бойынша жарамды

Ұшу күндерi

ӘК таным индексi

ӘК үлгiсi және iздiң турбуленттi санаты

Әуеайлақ және ұшу уақыты

1

2

3

4

5

6

7































































Ұшу әуеайлақтары

ж.а.к. күнi

Сериялық

Парақ

Қосымша деректер

Крейсер Маршруты

Әуеайлақты белгiлеу және бiткен уақыт

Ескертпе

Жылдамдық

Эшелон

Маршрут
























RPL жасауға жауапты тұлғаның ___________ Т.А.Ә.      МО 




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет