Қазақстан республикасының жол қОЗҒалысы ережелерi мазмұны



бет1/36
Дата03.07.2024
өлшемі3.28 Mb.
#502859
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
ЖҚЕ -лекция


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ
ЕРЕЖЕЛЕРI

Мазмұны

  1. Жалпы ережелер

  2. Жүргiзушiлердiң жалпы мiндеттерi

Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi
Жолаушылардың мiндеттерi
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Жалпы ережелер және ұғымдар
Бұл Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының аумағындағы жол қозғалысының бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi. Жол қозғалысына қатысты басқа нормативтiк және құқықтық актiлер осы Ереженiң талаптарына негiзделуi және оған қайшы келмеуi тиiс.
Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөлігін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және олар болған жағдайда бөлу жолақтарын қамтиды;
Басты жол – бұл арнайы белгімен белгіленген немесе автомагистраль белгісі бар жолдармен қиылысатын (қосылатын) не болмаса қиыршық тас төселген жолдарға қатысты қатты (асфальтанған, цементті-бетондалған, тас материалдар және с.с.) жолдар немесе іргелес аймақтардан шығатын жіңішке жолдарға қарағанда үлкен кез-келген жол. Екінші дәрежелі жолдар, тікелей учаске қиылысы алдындағы төселген жол болғанымен қиылысатын жолмен тең болып саналмайды.
Жол қиылысы – жолдардың тиісінше қарама-қарсы, жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыстатылған қиылысты белгіленген сызықтар мен қосатын бір деңгейде қиылысу, түйісу немесе тармақталу орны. Іргелес аумақтардан шығатын жерлер, сондай-ақ олардың алдынан басымдылық белгісі қойылмаған далалық, орманды және екіншгі дәрежелі жолдармен қиып өту орындары, жол қиылысы болып есептелмейді.
Автомагистраль немесе автоарна – арнайы белгімен белгіленген және бір-бірімен бөліп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлінген жүрістің әрбір бағыты үшін жүру бөліктері бар басқа жолдарды, темір жолдарды немесе трамвай жолдарын, бір-бірін кесіп өтпейтін жол.
Темір жол өтпесі-жолдардың темір жолдармен бір деңгейде қиылысуы. Жолдың бөлігінің жақын жердегі рельстен 10 м ара қашықтығы сызықпен көрсетіліп, шектелген бөлігі болып табылады.
Жүріс бөлігінің шеті – таңбалау сызығымен, ол жоқ болғанда, сондай-ақ, жүріс бөлігінің трамвай жолдарымен жол шетіндегі жанасатын жерінде жол төсеніші өтетін шартты сызықпен айқындалады.
Жая жүргіншілер өтпесі – жүру бөлігінің белгілер немесе таңбалармен белгіленген жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтетін қозғалысына арнап бөлінген учаскесі.
Іргелес аумақ –жолға тікелей тақалып жатқан және көлік құралдарының өту қозғалысына арналмаған аумақ ( аулалар, тұрғын үй массиві, автотұрақтар, жанар-жағармай станциялары, кәсіпорын және т.б.).
Бөлу жолағы – жолдың аралас жүру бөлігін жолды жаяу жүргіншінің елді мекеннен тыс жерде кесіп өткендегі кедергі мәжбүрлі аялдамаларды қоспағанда рельссіз көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің қозғалысына және аялдауына арналған конструкциялық бөлінген элементі.
Жол жағалауы – жүріс бөлігінің жиегі немесе бордюр тасымен шеті арасында онымен бір деңгейдегі немесе төсенішпен бекітілген жолақ.
Елді мекен – оған кіретін және шығатын жерлері белгілермен белгіленген құрылыс салынған аумақ.
Тұрғын аймақ – арнайы белгімен бөлінген участок, құрылыс салынған массив немесе аумақ.
Аялдама - көлік құралының қозғалысын 5 минутқа дейін, сондай-ақ, бұл жолаушыларды мінгізу немесе түсіру , көлік құралына жүкті тиеу немесе түсіру үшін қажет болатын жағдайда одан көбірек, уықытқа мақсатты тоқтату. Ескерту: көлік құралының қозғалысын жол қозғалысын ұымдастыруға орайластырып тоқтату қажеттіліг аялдама немесе тұрақ болып саналмайды.
Жол қозғалысы - көлiк құралдарын пайдаланып немесе оларсыз (жаяу жүргiншiлердiң) жолдың бойымен адамдардың немесе жүктердiң орын ауыстырулары кезiнде, сондай-ақ осы орын ауыстыруларды реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы;
Жол қозғалысының қауiпсiздiгi - оған қатысушылар мен мемлекеттiң жол-көлiк уақиғалары мен олардың зардаптарынан қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол қозғалысының жай-күйi;
Жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралының жол бойымен қозғалысы кезiнде және оның қатысуы процесiнде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүктер бүлiнген, не өзге де материалдық зиян келтiрiлген оқиға;
Қозғалыс үшiн қауiптiлiк - жол қозғалысындағы, оның қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн және көлiк құралының жылдамдығын және (немесе) маневр жасауын өзгертудi талап ететiн кенеттен болатын өзгерiс;
Жол қозғалысын ұйымдастыру - жолдарда қозғалысты басқару жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық шаралары мен реттеу iс-қимылдарының кешенi;
Жол қиылысы - жолдардың, тиісінше қарама-қарсы, жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыстатылған қиылысты белгіленген сызықтармен қосатын бір деңгейде қиылысу, түйісу немесе тармақталу орны. Іргелес аумақтардан шығатын жерлер, сонда-ақ олардың алдынан басымдылық белгісі қойылмаған далалық, орманды және екінші дәрежелі жолдармен қиып өту, (түйісу) орындары жол қиылысы болып саналмайды;
Қозғалысқа кедергі - осы жол жолағы бойымен қозғалысты жалғастыруға мүмкіндік бермейтін қозғалыс жолағындағы қозғалмайтын объект. Кептеліс және Ереже талаптарына сәйкес осы қозғалыс жолағында тоқтаған көлік құралы кедергі болып есептелмеді.
Жол қозғалысына қатысушы - қозғалыс процесiне жүргiзушi, жаяу жүргiншi,
Жолаушы - көлiк құралындағы (үстiндегi) және оны басқармайтын адам;
Жүргізуші – көлік құралының жүгі бар, салт жануарларды немесе табынды жолмен басқарушы адам, жүргізуді үренуші де жүргізушіге теңестіріледі.
Жаяу жүргінші – көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын жол бойындағы адам, жаяу жүргіншіге қатысы жоқ мүгедектің арбасындағы, велосипед, қол арба, балалар немесе мүгедектер арбасын сүйретушілер жатады.
Реттеуші – жолдағы қозғалысты басқару жөніндегі іс-әрекеттерін орныдауға уәкілетті, тиісті куәлігі мен керек-жарағы , нысандық киімі немесе айырым белгісі: қарына тағатын байлауышы, ала таяғы, қызыл белгісі немесе жарық қайтарғышы бар дискісі, қызыл немесе ақ жалауша бар ІІО-ның (полицияның), әскери автомобиль полиция қызметкері немесе қызметшісі, Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрлігі көліктік бақылау комитетінің қызметкері, жол пайдалану қызметкері, темір жол өткеліндегі, паром өткеліндегі кезекші.
Маршруттық көлік құралы –жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар белгіленген маршруттық механикалық көлік құралы.
Автобус – жолаушылар мен қол жүктерін тасуға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда , 8-ден астам отыратын орын бар автокөлік құралы
Автопоезд – тіркеме (тіркемеге) тіркеген механикалық көлік құралы.
Велосипед – мүгедектер арбасынан басқа, 2 немесе одан артық, үстіндегі адамның дене күшімен қозғалысқа келтірілетін көлік құралы.
Ірі көлемдегі көлік құралы – көлемі нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген көлем мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы.
Механикалық көлік құралы – арнайы қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін (мопедтен басқа) көлік құралы.
Мопед – жұмыс көлемі 50 см –ден аспайтын қозғалтқышпен қозғалысқа келетін 2 немесе 3 дөңгелекті, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы 50 км/сағ аспайтын көлік құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, шокиктер және осындай сипаттағы құралдар жатады.
Мотоцикл – 2 дөңгелекті, бүйір тіркемелі немесе тіркемесіз, механикалық көлік құралы. Жабдықталған күйінде массасы 400 кг-ден аспайтын 3 және 4 дөңгелекті көлік құралы мотоциклге теңестіріледі.
Маневр жасау – қозғалатын аялдамадан, бұрылу, аялдау, жүрісті бастау, орын ауыстыру және көлік құралының артқы жүріспен жүруі.
Басып озу – ең төменгі қауіпсіз арақашықтықтағы алдында қозғалып келе жатырған көлік құралынан немесе құралдарынан жүріп келе жатырған жол жолағынан шығып, озып кету.
Қатар ауыстыру – көлік құралының өзі жүріп келе жатырған қозғалыс жол жолағын бастапқы бағыттағы қозғалысты сақтай отырып ауыстыруы.
Артықшылық (басымдылық) – белгіленген уақытта басқа да қозғалысқа қатысушылармен салыстырғанда бірінші кезекті қозғалысқа арналған құқық.
Жеткіліксіз көріну – тұман, жаңбыр, қар жауғанда және сол сияқты жағдайларда , сондай-ақ қара көлеңкеде жолдың көрінуі 300 м-ден кем, болуы.
Қауіпті жүк – жүк, оларға тән қасиеттерге және ерекшеліктерге байланысты тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу, сақтау кезінде жарылыстың, өрттің себебін немесе техникалық құралдардың , қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалуы, сондай-ақ, адамдардың, хайуанаттардың өліміне, жарақаттануына және ауыруына соқтыратын, қоршаған ортаға зиян келтіретін жүк.
Рұқсат етілген ең жоғары масса – дайындаушы кәсіпорынның ең жоғарғы рұқсат ету шегінде белгіленген, көлік құралының жүкпен, жүргізуші және жолаушымен тиелген массасы. Көлік құралының құрамының , яғни тіркелген және біртұтас ретінде қозғалатын рұқсат етілген ең жоғары масса етіп, көлік құралының құрамына кіретін ең жоғары рұқсат етілген массасының жиынтығы қабылданады.
Қазақстан Республикасының аумағында көлiк құралдарының оң жақты қозғалысы белгiленген.
Жол қозғалысын ұйымдастыруда қажеттi өзгерiстер мен шектеулер тек қана жол белгiлерiнiң, жол таңбалауларының, сигналдар мен бағдаршамдардың және реттеушiлердiң көмегiмен, сондай-ақ қозғалысты реттеуге уәкiлеттi адамдардың басқарумен Ереженiң шегiнде белгiленген тәртiппен енгiзiледi. Жол қозғалысына қатысушылар өздерiне қатысты Ереже талаптарын, бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналдарын, белгiлер мен таңбаларды, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талаптарын бiлуге және орындауға мiндеттi. Жол қозғалысына қатысушылар қозғалысқа қауiп туғызбайтын және зиян келтiрмейтiндей iс-қимыл жасауы тиiс. Жол төсенiштерiн бүлдiруге немесе ластауға, қозғалыс үшiн кедергi келтiретiн жол белгiлерiн, бағдаршамды және басқа да қозғалысты ұйымдастыру техникалық құралдарын алып тастауға, тасалауға, бүлдiруге, өздiгiнен орнатуға тыйым салынады. Кедергi келтiретiн адам оны жоюдың барлық мүмкiн болатын шараларын қабылдауға мiндеттi, ал ол мүмкiн болмаған жағдайда қауiптiлiк туралы қол жететiн құралдармен қозғалысқа қатысушыларға және iшкi iстер органына хабарлауға мiндеттi. Осы Ереженi бұзған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет