Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі
ҰСЫНЫСТАР
Жалпы ережелер
1. Жыл сайынғы Қазақстан Республикасының ЖОО арасында болатын техникалық, әлеуметтiк-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауы (әрі қарай СҒЗЖ байқауы) жоғары оқу орындарының базасында Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен жыл сайын жүргiзiледi.
2. СҒЗЖ конкурсының негізгі міндеттері мен мақсаттары:
1) студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық бағытын ынталандыру;
2) талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;
3) Қазақстан Республикасының интеллектуальді потенциалын қалыптастыруға үлес қосу.
3. СҒЗЖ республикалық конкурсы 3 кезең бойынша өтеді:
1) бірінші кезең – жооішілік;
2) екінші кезең – базалық ЖОО-лар (ОМК);
3) үшінші кезең – (қорытынды) республикалық.
4. Бірінші кезеңнің өткізілу мерзімі (Жооішілік) ЖОО ректорының бұйрығымен қазан мен 1 қаңтар аралығында белгіленеді, екінші кезең (базалық ЖОО-ларда) қаңтар мен 1 сәуір аралығында өтеді, ал үшінші кезеңнің (республикалық) өткізілетін мерзімі – сәуір мен маусым айының аралығы.
5. СҒЗЖ конкурсына ҚР жоғары оқу орындарындағы студенттер мен студенттер ұжымы қатыса алады.
6. Конкурсқа жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық ғылымдар бойынша өзекті проблемалар мен басым бағыттар бойынша студенттің өз бетінше орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстары қатысады.
7. Конкурсқа СҒЗЖ конкурсын ұйымдастыру мен өткізу бойынша құрылған комиссия жетекшілік жасайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының қатысушылары
8. СҒЗЖ конкурсының 1 кезеңіне ғылыми қоғам немесе ғылыми жетекшінің ұсынуымен жаратылыстану, техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнының студенттері қатыса алады.
9. ЖОО ректоры (проректоры) конкурс бөлімдеріне сәйкес конкурстық комиссия құрып, оның құрамына жетекші ғылыми ұйымдар, мекемелер мен жергілікті атқарушы билік өкілдерін енгізеді.
10. ЖОО конкурстық комиссиясының сәйкес келетін ғалымдарының қатысуымен секциялар ұйымдастыруға, жекелеген ЖОО-лар мен кафедраларға, ЖОО-лар мамандарына, ғылыми ұйымдарға жұмысты қарап, конкурстық комиссияға рецензиямен ұсынуын тапсыру құқығына ие бола алады.
11. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстағы бөлім талаптары бойынша міндетті түрде сырт ұйымдардан рецензиялаудан өтеді. Және рецензиялар конкурстық комиссияға есепке қосымша жолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |