Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақпараттық-коммуникациялық желiлер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы



Дата24.02.2016
өлшемі154.26 Kb.
#12496
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақпараттық-коммуникациялық желiлер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шiлдедегi N 178-IV Заңы

"Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 18 шiлде, N 241 (25638); "Казахстанская правда" от 22.07.2009 г., N 176 (25920)



1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; N 15-16, 62-құжат):

1) 289-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 11) тармақшасындағы "тану туралы iстер жатады." деген сөздер "тану туралы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы iстер жатады.";

2) мынадай мазмұндағы 36-3-тараумен толықтырылсын:

"36-3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы өтiнiштер бойынша iс жүргiзу

317-9-бап. Өтiнiш беру

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы өтiнiштi прокурор немесе уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң орналасқан жерi бойынша бередi.

317-10-бап. Өтiнiштiң мазмұны

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы өтiнiште қандай ақпараттың осылай деп танылуға жататыны көрсетiлуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне ақпараттық өнiмнiң сәйкес еместiгi туралы куәландыратын дәлелдемелер келтiрiлуге тиiс. Өтiнiште мазмұндалған ақпараттың таратылғанын растайтын фактiлер өтiнiште мазмұндалуға тиiс.

317-11-бап. Соттың өтiнiш бойынша шешiмi

Сот Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп танып, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұру не тоқтату туралы шешiм шығарады.
Соттың шешiмi тиiстi мемлекеттiк органға жiберiледi.".

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тауар биржалары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

1) 494-1-бап мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"4. Абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттердi бұзу -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
байланыс қызметтерiн көрсету туралы лицензиядан айыруға әкеп соғады.";

2) 541-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "491-1 (үшiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 549-1-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "494-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "494-1 (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының жиырма екiншi абзацында:


орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
"494-1 (үшiншi бөлiгi)" деген сөздер "494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерi)" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., N 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар):

1) 236-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "жалпыға ортақ телекоммуникациялық желiлердегi веб-сайттарда" деген сөздер "интернет-ресурста" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 263-баптың 11-тармағындағы "Жалпыға бiрдей қол жетiмдi телекоммуникациялық желiлердегi веб-сайтта" деген сөздер "Интернет-ресурста" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 621-баптың 2-тармағындағы "веб-сайтында" деген сөздер "интернет-ресурсында" деген сөздермен ауыстырылсын.

4. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 12, 86-құжат; N 13, 100-құжат; N 19, 147-құжат; 2008 ж., N 13-14, 55-құжат; N 21, 97-құжат):


14-1-баптың 7-тармағындағы "көпшiлiктiң қолы жетiмдi телекоммуникациялық жүйелердегi WEB-сайттарды" деген сөздер "интернет-ресурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын.

5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 173-құжат; 2000 ж., N 5, 115-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 20, 153-құжат):


22-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының аумағында мазмұны ұлттық қауiпсiздiкке нұқсан келтiретiн баспа өнiмiн және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуға;".

6. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 77-құжат; 2007 ж., N 12, 88-құжат; 2009 ж., N 2-3, 7-құжат):

1) 1-бапта :
2) тармақшадағы "көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және басқалары) WEB-сайттарды" деген сөздер "интернет-ресурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi WEB-сайтта берiлген" деген сөздер "интернет-ресурста орналастырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша "және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша алып тасталсын;

2) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:


"4. Бұқаралық ақпарат құралын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар не қылмыстық жазаланатын әрекеттер жасау мақсатында пайдалануға жол берiлмейдi.";

3) 5-баптың 1-тармағындағы "WEB-сайттарға" деген сөздер "интернет-ресурстарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық


ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұру
және тоқтату

1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату меншiк иесiнiң немесе соттың шешiмi бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкiн.


2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, радио және телевизия бағдарламаларының эфирге шығуын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды уақытша тоқтату түсiнiледi. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнiмдердi көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, тосқауылдар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15 және 16-баптарының талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу заңда белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты насихаттау және үгiттеу, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгiленген мерзiмде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұру себептерiн жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтатуға негiз болып табылады.
5. Меншiк иесiнiң не соттың шешiмi бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда, уәкiлеттi органға хабарлама жiберiледi.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтату оны есепке қою туралы куәлiктiң күшiн жоюға әкеп соғады.".

7. "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 20, 379-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; 2007 ж., N 12, 86-құжат; N 19, 147-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат):


15-2-баптағы "веб-сайттар", "веб-сайттары", "веб-сайтындағы", "Веб-сайттағы" деген сөздер тиiсiнше "интернет-ресурстар", "интернет-ресурстары", "интернет-ресурсындағы", "Интернет-ресурстағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

8. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 24, 129-құжат):

1) 2-бапта :
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) абоненттер туралы қызметтiк ақпарат - абоненттер туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн телефон нөмiрлерi, сәйкестендiру кодтары, электрондық почтаның мекенжайы, почталық мекенжай, жеке сәйкестендiру нөмiрi және заңды тұлғалар үшiн реквизиттерi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәлiктiң деректерi), биллингтiк мәлiметтер және абоненттерге көрсетiлетiн қызметтер туралы мәлiметтер, деректердi беру желiсiндегi абоненттердiң мекенжайы және деректердi беру желiсiндегi интернет-ресурстарға кiрудiң адресi, интернет-ресурсты сәйкестендiрушiлер, деректердi беру желiсiнiң хаттамалары;";
38-1) тармақшада:
"абоненттiк құрылғының" деген сөздерден кейiн "немесе абоненттiк станцияның" деген сөздермен толықтырылсын;
"ұялы" деген сөз алып тасталсын;

2) 15-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:


"Байланыс операторлары байланыс желiлерiнде қажеттi техникалық құралдарды орнатуға, өз жабдықтарының белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты екi жыл бойы жинау мен сақтауды жүзеге асыруға мiндеттi.";

3) 40-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:


"1-1. Байланыс операторлары абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндетiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.".

9. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 17, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 7, 38-құжат; N 13, 87-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; N 24, 129-құжат):

1) 7-баптың 4) тармақшасындағы "ресми веб-сайтта" деген сөздер "интернет-ресурста" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 13-баптың 3-3-тармағындағы "ресми веб-сайтта" деген сөздер "интернет-ресурста" деген сөздермен ауыстырылсын.

10. "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" 2005 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 9, 25-құжат):
18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "жалпыға бiрдей қол жетiмдi телекоммуникациялық желiлерде (Интернет және басқалары)" деген сөздер алып тасталып, "WEB-сайттар" деген сөздер "интернет-ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын.

11. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 18, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тауар биржалары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2009 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

1) 5-баптың 8-тармағындағы "WEB-сайттарды қоса алғанда, жалпыға бiрдей қолжетiмдi телекоммуникация желiлерiнде" деген сөздер "интернет-ресурстарды қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 23-баптағы "көпшiлiкке қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерде (Интернет және басқаларында) WEB-сайттар" деген сөздер "интернет-ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын.

12. "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 2, 13-құжат):

1) 1-бапта :


мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және депозитарийiн жүргiзудi ұйымдастыруды, мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауiпсiздiгiн техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;";
11) тармақшадағы "мемлекет атынан меншiк иесi", "және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету" деген сөздер алып тасталсын;
15) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"18-1) интернет-ресурс - ашық ақпараттық-коммуникациялық желiде жұмыс iстейтiн электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргiзу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн ұйымдық құрылым;
18-2) интернет-ресурстың меншiк иесi - интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын толық көлемде iске асыратын субъект;";

2) 5-бапта :


14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу тәртiбiн бекiту;";
15) тармақшадағы "веб-сайттарында" деген сөздер "интернет-ресурстарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы "айқындау жатады." деген сөздер "айқындау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымды айқындау жатады.";

3) 6-бапта :


15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткiзу, оларды және нормативтiк құжаттаманы тiркеу, беру, сақтау, депозитке берудiң толықтығын қамтамасыз ету және оларды тiркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбiн бекiту;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) мемлекеттiк органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желiлерiн пайдалану және олардың өзара iс-қимыл жасау ережелерiн әзiрлеу және бекiту;";
17) тармақшадағы "веб-сайтын" деген сөздер "интернет-ресурстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 9-бапта :


6) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақшадағы "веб-сайты", "веб-сайттарының" деген сөздер тиiсiнше "интернет-ресурсы", "интернет-ресурстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

"9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның
өкiлеттiгi

Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым:


1) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттауға қатысады;
2) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық өнiмдерiн, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткiзедi және олардың нормативтiк-техникалық құжаттамасына сараптама жүргiзедi;
3) ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке берудi жүзеге асырады;
4) мемлекеттiк органдардың Интернет желiсiне қол жеткiзудiң бiрыңғай шлюзiн сүйемелдеудi және дамытуды жүзеге асырады;
5) мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге қатысады;
6) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға консультациялық және тәжiрибелiк көмек көрсетедi;
7) "электрондық үкiмет" ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
8) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және депозитарийiн жүргiзудi техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
9) мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды құруға және техникалық сүйемелдеуге қатысады.";

6) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:


"3. Мемлекеттiк ақпараттық жүйенi пайдалануға беру оның ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттаудың нәтижелерi бойынша және сынақ зертханасында мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық өнiмдерiне, бағдарламалық кодтарына сынақтардың және олардың нормативтiк-техникалық құжаттамасына сараптаманың оң нәтижесi болған кезде жүзеге асырылады.";

7) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:


"3. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелер оның ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттауға жатады.";

8) 21-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:


"3. Сот ақпараттық-коммуникациялық желiлер бойынша таратылатын ақпаратты осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнiң талаптарына қайшы келедi деп таныған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, байланыс операторлары, интернет-ресурстардың меншiк иелерi бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң Қазақстан Республикасының аумағында таратылуын не бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын тоқтата тұруға не тоқтатуға мiндеттi.
4. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы сот шешiмi үш айдан аспайтын мерзiмге сол атаумен немесе қайталанатын атаумен домендiк атауды пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.
Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы сот шешiмi домендiк атаудың тiркелуiнiң күшiн жоюға және тiркелуiнiң сот шешiмiмен бұрын күшi жойылған сол атаумен немесе қайталанатын атаумен домендiк атауды бiр жыл бойы пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.";

9) 23-баптың 10 және 11-тармақтарындағы "ұлттық операторға", "Ұлттық оператор" деген сөздер тиiсiнше "ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымға", "Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 24-баптың 1 және 6-тармақтарындағы "ұлттық оператор" деген сөздер "ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 25-баптың 5 және 6-тармақтарындағы "ұлттық оператор", "Ұлттық оператордың", "Ұлттық оператор" деген сөздер тиiсiнше "ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым", "Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның", "Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын.

13. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; N 20, 87-құжат; N 21, 97-құжат; N 24, 128-құжат; 2009 ж., N 2-3, 21-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тауар биржалары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 6 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 7 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
бүкiл мәтiн бойынша "веб-сайттарда", "веб-сайттың", "веб-сайты", "веб-сайтында", "веб-сайтта", "веб-сайт", "Веб-сайтта", "веб-сайтынан", "веб-сайтын" деген сөздер тиiсiнше "интернет-ресурстарда", "интернет-ресурстың", "интернет-ресурсы", "интернет-ресурсында", "интернет-ресурста", "интернет-ресурс", "Интернет-ресурста", "интернет-ресурсынан", "интернет-ресурсын" деген сөздермен ауыстырылсын.

14. "Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., N 15-16, 59-құжат):


7-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы "веб-сайтты" деген сөздер "интернет-ресурсты" деген сөздермен ауыстырылсын.

15. "Бәсекелестiк туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., N 24, 125-құжат):


61-баптың 3-тармағындағы "веб-сайтында" деген сөздер "интернет-ресурсында" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 8-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет