Жоба
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына
тұжырымдама
-
Заң жобасының атауы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
-
Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына тұжырымдама әзірлеу Мемлекет басшысының ҚР Үкіметі алдында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» шеңберінде дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және дене шынықтыру-сауықтыру объектілерін салу бойынша берген тапсырмасын орындау қажеттілігімен негізделген.
Ел дамуының «Қазақстан - 2050» стратегиялық құжатында дене шынықтыру мен спорттың ерекше мәртебесі айқындалған. «Стратегия - 2050»-ге сәйкес дене шынықтыру және спорт – бұл мемлекеттің тікелей қамы. Мемлекеттің елдің адами әлеуетінің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелері елде дене шынықтыру мен спортты жүйелік және кезең-кезеңімен даму қажеттілігін негіздейді. Бүгінгі таңда Қазақстанда спортты және дене шынықтыруды кешенді дамыту үшін қажетті жағдай жасалмаған, дамыған спорт инфрақұрылымына қол жеткізілмеген, бұл өз кезегінде қазақстандық спорттың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына Тұжырымдама (бұдан әрі – Заң жобасына тұжырымдама) 2015 жылғы 23 қарашадағы №1037 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2025 жылғы дейін дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.
Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына Тұжырымдама ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н.Назарбаеваның ҚР-да спорт және дене шынықтыру саласында қаржыландыру жүйесн одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша кеңестің 2015 жылғы 12 қазандағы 20-5/05-1294 хаттамасымен бекітілген тапсырмасына сәйкес бастама жасалып отыр. Кеңес хаттамасының 2-тармағына сәйкес Мәдениет және спорт министрлігіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы тұжырымдамасын әзірлеу міндеті бекітілген.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына Тұжырымдама әзірлеу өңірлерде спортты қаржыландыру жүйесінің айқындылығы мен теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру жүйесіне өзгерістер енгізуді болжайды.
Спортты қаржыландырудың ағымдағы практикасын жетілдіру ең алдымен спортты және дене шынықтыруды қаржыландырудың қолданыстағы моделі тиімділігінің жеткіліксіз болуымен негізделген.
Спорт түрлері бойынша регламенттелген қағидаттарсыз қаржыландыруды бөлудің ағымдағы тәртібі мынадай жүйелік ақаулардың болуына байланысты тиімділік пен объективтіліктің төмен деңгейімен сипатталады.
Жергілікті жерлерде спортты және дене шынықтыруды дамытуға бөлінетін бюджеттік қаражаттың қалыпсыз және теңгерімсіз бөлінуі. Қаржыландыруға қолданыстағы тәсіл облыс басшыларының «спорт басымдықтарынан» шыға отырып, айқындалады. Бұл ретте негізгі басымдықты спорттың ойын түрлерін: футбол, хоккей, волейбол бойынша клубтар құрайды. Әлдеқайда табысты және нәтижелі спорт түрлерінің мүдделері ескерілмейді. Федерация басшысының мәртебесі мен атқарып отырған лауазымының және оның жергілікті атқарушы органмен өзара қарым-қатынасының маңызы зор.
Анықтама ретінде:
2015 жылғы қаржыландыруды бөлу тәжірибесі көрсеткендей спортты қаржыландыруға бөлінген 67 768 млн. теңгеден төрттен бір бөлігі немесе 16 061 млн. теңге футболға бөлінген. Бұл ретте, қаржылық жыл ішінде футбол бюджеті басқа спорт түрлерінің бюджетімен көзделген шығыстарды қысқарту есебінен артады.
Облыстар бөлінісінде бюджет құрылымын талдау жергілікті жерлерде футбол спортын қаржыландыру орташа республикалық мәндерден асатындығын көрсетеді (25%). Футболды қаржыландыруға айтарлықтай үлкен шығыстар Ақтөбе облс.(46 %), Алматы обл. (45%), Атырау обл. (40%), Қостанай обл. (34%), Оңтүстік Қазақстан обл. (33 %), Жамбыл және Ақмола (30%) облыстарында байқалған. Қалған облыстар бойынша шығыстар да айтарлықтай жоғары және көбінесе облыстың жалпы спорт бюджетінің 20%-нан асады.
Футболды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша ең төмен мәндер Алматы және Астана ққ. анықталған (2% шеңберінде), ол клубтардың қаржыландырылуын қамтамасыз ететін бас демеушілердің болуымен негізделген.
Спорт түрлері бойынша бюджет қаражатының теңгерімделген бөлуін қамтамасыз ету мақсатында спорт түрлерін саралау жүйесін енгізу ұсынылады.
Бұл ретте, болжанып отырған жаңа спорт түрлерін саралау жүйесі спортты қаржыландыруға жыл сайын бөлінетін қаражаттан шыға отырып, жүзеге асырылатын болады.
Саралау жүйесін әзірлеу мен енгізуге жауапты болып дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгіленді. Осы шара қаржыландыру жүйесін қалыптастырудың барыншаайқындылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті (бұдан әрі – ҰОК) олимпиадалық спорт түрлерінің ілгерлеуін қамтамасыз ететін басты ұйым бола отырып, жоғары жетістіктер спортын дамытуда аса маңызды рөл атқарады. Көптеген елдерде ҰОК спортты дамыту саласында, атап айтқанда жоғары жетістіктер спортында мемлекеттік саясаттың толыққанды қатысушысы болып табылады. Осылайша, мысалы Ресейде ҰОК спортты дамыту жөніндегі жеке мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге белсенді қатысады, федерациялардың қызметін үйлестіреді және спортты дамыту жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен ынтымақтасады.
Осыған байланысты жоғары жетістіктер спорты үшін саралау критерийлерін айқындауда дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, сондай-ақ ҰОК қатысуы әбден негізделген болып отыр. Федерацияларды жауапты ретінде анықтау ұсынылады. Бұл ретте жауапкершілікті бөлу спорт түрлері бойынша бөлу арқылы қамтамасыз етіледі.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган өңірлік аккредиттелген спорт Федерациялар ұсыныстары негізінде бұқаралық спорт үшін саралау критерийлерін анықтай алады. ҰОК республикалық аккредиттелген спорт федерациялар ұсыныстары негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылда жоғары жетістіктер спорты үшін саралау критерийлерін анықтайды. Аталған шара критерийлер жүйесін қалыптастыруда жоғары айқындылықты және объективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бюджетті айқындаған кезде спорт түрлерін саралау критерийлері ескерілетін болады.
Саралау көрсеткіштерін айқындаудың негізгі критерийлеріне мыналар жатқызылады:
-
халықаралық жарыстардағы спорт жетістіктері;
-
спорт түрінің ұлттық-мәдени «дәстүрлілігі»;
-
кадр әлеуетінің болуы;
-
материалдық-техникалық базаның болуы;
-
өңірдің климаттық жағдайларына спорт түрі ерекшеліктерінің арақатынасы.
Жергілікті және республикалық спорт бюджетін қалыптастыру
рәсімінің төмен айқындылығы мен объективтілігі бюджеттік қаржыны бөлудің қоғамдық сараптау тетігінің болмауы салдарынан болып отыр. Осылайша, қолданыстағы спорт түрлерінің арасында арасында «қолды» бюджеттік бөлу тәртібі бюджетті қалыптастырудың регламенттілігі мен айқындығын қамтамасыз етпейді. Қазақстанда спорт бюджеті жобасын талқылау үшін қоғамдық ұйымдарды тарту тәжірибесі жоқ, алайда ҰОК және республиканың аккредиттелген спорт федерацияларын тарту әлеуеті бар. ҰОК, аккредиттелген спорт федерациялар сияқты жоғары жетістіктер спортын қаржыландырудың нақты талап етілетін мөлшерін айқындау процесіне қатысу өкілеттігіне ие емес.
Спорт жүйесіндегі ҰОК рөлінің осалдағы ҰОК мәртебесі мен өкілеттіліктерін айқындайтын құқықтық шектеулердің болуымен негізделген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҰОК-қа уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимылда мемлекеттік саясатты әзірлеу және өткізу функциялары берілгенге қарамастан, оның мемлекеттік саясатқа іс жүзінде қатысуы шектелген. ҚР ҰОК-тың бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуы негізінен декларативті сипатқа ие. Бұл ретте, ҰОК өзінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдем көрсетуіне уәкілетті. Осыған байланысты, ҰОК құқықтық мәртебесін және оның ұлттық спорт пен дене шынықтыру жүйесінде рөлін күшейту өзектілігі артып отыр.
ҰОК рөлін күшейту үшін ең алдымен қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізіп, оған дене шынықтыру және спорт субъектісінің мәртебесін бекіту қажет. Спорт жүйесінің толыққанды қатысушысы бола отырып, ҰОК елде жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамыту бойынша жарғылық міндеттер мен халықаралық міндеттемелерді толық іске асыруды қамтамасыз ете алады.
ҰОК құқықтық мәртебесін күшейту оның жоғары жетістіктер спорты мен спорт бюджетін қалыптастыру және орындау процесіне қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы шара жоғары жетістіктер спорты бөлігінде бюджетті қалыптастыру мен орындауда уәкілетті органмен өзара іс-қимыл кезінде ҰОК қатысуын болжайды. Бұл ретте ҰОК барлық мүдделі тараптардың есепке алынуын қамтамасыз ету үшін республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының шоғырландырылған позициясын білдіреді.
ҰОК «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы сияқты мемлекеттік тапсырысқа қатыса отырып, белгіленген саралау критерийлеріне сәйкес спорт түрлері бойынша ұлттық командаларды даярлауды қаржыландыру құзыреті берілетін болады.
ҰОК тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде белгілі бір функцияларды жүзеге асыруға аккредиттелген спорт федерациялары уәкілетті болады. Бұл демеушілік қаражаттан спорт федерацияларының тәуелдігін айтарлықтай дәрежеде төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұқаралық спорт деңгейінде – бюджетті қалыптастыру және атқару ҰОК қатысуынсыз, алайда аккредиттелген жергілікті спорт федерациялармен міндетті келісумен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, республикалық және жергілікті деңгейлерде қарастырылған бюджеттік қаражаттар шеңберінде қызметтер сапасын бақылау процесіне спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялардың қатысуын қамтамасыз ету ұсынылады.
Сонымен бірге, аккредиттелген спорт федерацияларының спорт түрлерін саралау критерийлерін қалыптастыруға, сондай-ақ бюджетті қалыптастыру және атқару процестеріне жүйелік қатысуын қамтамасыз ету үшін федерациялардың демеушілерден тәуелділігін төмендету қажет. Осы мақсатта ағымдағы Тұжырымдама шеңберінде ҚР Бюджет кодексіне және басқа нормативтік құқықтық актілерге дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен республикалық және жергілікті спорт федерацияларын ұстау нормаларын енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша шараларды ескеру қажет. Аккредиттелген спорт федерациялар қызметін республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржылық қамтамасыз ету федерациялардың республикалық және өңірлік деңгейде тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоғары жетістіктер спортықа республикалық бюджеттен қаражат бөлу ҰОК міндетті келісуімен спорт түрлері бойынша республикалық аккредиттелген спорт федерациялар өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде бюджеттік администраторлар (әкімдіктер) аккредиттелген өңірлік федерациялармен бірігіп олимпиадалық (ойын емес), ойын және басқа қалған спорт түрлерінің тізбесін дене шынықтыру және спорт саласында уәкілетті органмен бекітуге шығару үшін (спортты саралау) қалыптастыратын болады.
Бюджеттік ассигнациялардың қоғамдық сараптамасы тетігінің болмауы салдарынан жергілікті және республикалық спорт бюджетін қалыптастыру рәсімі айқындылығының және объективтілігінің төмендігі. Осылайша, бюджетті спорт түрлері арасында «қолмен» бөлудің қолданыстағы тәртібі бюджетті қалыптастырудың регламенттілігі мен айқындылығын қамтамасыз ете алмайды..
Жоғарыда баяндалғанмен бірге, қолданыстағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) мынадай бағыттар бойынша пысықтауды қажет етеді:
1) 2-тарауда. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеу:
Дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретінен 3) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық және оларға қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекіту алып тасталуы қажет.
2) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган құзыретінде Заңның 7-бабы 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті
3) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық және оларға қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып, әзірлейді және бекітеді;
Негіздеме: дене шынықтыру мен спорт саласындағы заңнама және Бюджет кодексі арасындағы коллизияны жою. 2014 жылғы 29 қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында уәкілеттіліктерді бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2008 жылғы 4 желтоқсандағы ҚР Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағы былай жазылады: «2. Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып, орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді».
2) 11-баптың «Спорт федерацияларын аккредиттеу» деген 2-тармағында «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті ретінде тану туралы талапты алып тастау қажет.
Негіздеме: «Спорт-Аккорд» халықаралық конвентін Лозанно қаласында 1967 жылы 21 сәуірде 26-ші халықаралық спорт федерациялары құрды. Ол Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген және енгізілмеген спорт түрлері бойынша халықаралық федерацияларды, мультиспорттық ойындардың ұйымдастыру комитеттері мен әртүрлі қауымдастырылған спорт ұйымдарын біріктіретін ұйымды білдіреді. Барлығы Конвент құрамына 109 мүше, соның ішінде тұрақты мүше мәртебесі бар тікелей 93 спорт федерациясы, 16 әртүрлі спорт ұйымы, Конвент мүшелігіне үміткерлер кірді.
Бастапқыда, «Спорт-Аккорд» олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерацияларымен ынтымақтаса отырып, Халықаралық олимпиада комитетінің әріптесі болды. Қалыптасқан тәжірибе бойынша Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Атқару комитетінің отырысы, сондай-ақ Олимпиада ойындарын өткізуге үміткерлер қалалар өтінімдерінің тұсаукесері «Спорт-Аккорд» халықаралық көрме-конференция шеңберінде өтті, сондай-ақ ХОК тану және одан әрі Олимпиада бағдарламасына енгізу «Спорт-Аккорд» мүшелігінсіз мүмкін болмады.
Сонымен қатар, 2013 жылғы қыркүйекте «Спорт-Аккорд» халықаралық конвентінің басшысы болып халықаралық дзюдо федерациясының президенті М. Визер сайланды, ол халықаралық спорт аренасында осы ұйымның маңыздылығын арттыру бойынша ауқымды реформалар қабылдады. 2015 жылғы сәуірде Сочи қ. (РФ) өткен «Спорт-Аккорд» халықаралық көрме-конференция барысында М. Визер ХОК қазіргі басшылығы өткізіп жатқан саясатын қатты сынға алды, бұл ХОК пен Конвент арасындағы қарым-қатынастың үзілуіне, «Спорт-Аккорд» мүшелігінен 22 7- олимпиадалық, 7 олимпиадалық емес федерациялардың шығуына, Конвент қызметін ХОК қаржыландыруын тоқтатуға әкеп соқты, салдарынан «Спорт-Аккорд» халықаралық конвентін президенті лауазымынан М. Визердің отставкаға кетті. Көрсетілген оқиғалар осы ұйымның халықаралық беделінің айтарлықтай төмендеуіне себеп болды және қазіргі таңда оны қалпына келтіру перспективасы көрінбейді. Ұлттық олимпиада комитеттері тарапынан оған маңыздылық беру олардың ХОК-пен одан әрі ынтымақтастығында теріс әсер етеді.
Баяндалғанға байланысты, аталған Халықаралық Олимпиада комитетінің, Азия олимпиада кеңесі мен халықаралық спорт федерацияларының тануы шектелген «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті қолданыстағы Заң редакциясынан алып тасталсын.
Заңның 2-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін, сондай-ақ жазғы және қысқы олимпиадалық және олимпиадалық емес ойын түрлерін дамыту;
Негіздеме: Қазақстан Республикасында дамып жатқан барлық спорт түрлерін қамту мақсатында.
Заңның 35-бабы мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы мен республикалық маңызы бар қаладағы, астананың аудан әкімі Қазақстан Республикасы заңнама талаптарына сәйкес белгіленген негіздемелер бойынша жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне спорттық атақтар мен разрядтарды беруден, республикалық және өңірлік жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуден, спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеуден бас тартады.
Негіздеме: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Жаңартылған Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 5-бабы 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға құқығы бар.
Заңның 41-бабы 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4). Осы Заңның 35-бабының 1 және 4-тармақтарында көзделген спорттық атақ немесе біліктілік санатын алған жаттықтырушылар мен спорт төрешілері аттестатталуға жатады.
Негіздеме: Заңның 41-бабының 4-тармағы мен 58-бабының 2-тармағында коллизияларды болдырмау мақсатында.
6) өңірлер әкімдерінің рейтинг жүйесіне халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін жылына кемінде екі дене шынықтыру-сауықтыру құрылысын салуды енгізу қажет.
Негіздеме: спорт инфрақұрылымын салу және халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралардың қабылдануы мен іске асырылуына жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.
7) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеу» деген 2-тараудың 7-бабы мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
- республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің спорт құрылыстарымен қамтамасыз етілу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
- Спорт құрылыстарының жүктемелік әдістемесін әзірлейді және бекітеді.
Негіздеме: дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган құзыретінде жоғарыда көрсетілген өкілеттіктер, сондай-ақ спорт құрылыстарын пайдалану нормативтері мен қағидалары н бекіту бойынша функциялар жоқ.
Қазіргі таңда спорт және дене шынықтыру саласында спорт объектілерінің нормативтері ИТМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің 2009 ж. 13.01 №31 бұйрығымен бекітілген «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекенді жоспарлау және салу» ҚР ҚНжЖ3.01-01-2008 көзделген.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органнның құзыретіне жоғарыда көрсетілген функцияларды толықтыру маңызды көрсеткіштер, көрсеткіштерді салыстыру механизмдері, нашар дамыған спорт инфрақұрылымы мен спорт мүкәммалымен төмен жарақталуы, спорттың басты проблемаларының бірі әсіресе ауылды жердегі жарақталу болып табылатын өңірлерді саралау бойынша Қазақстан Республикасы спорт объектілерінің қамтамасыз етілуі мен жүктемлілігі қарқыны мен есепке алуына талдау жүргізу тәртібін айқындауға мүмкіндік береді.
Қолжетімді және сапалы инфрақұрылымның болуы спорт қызметі толыққанды нарығының жұмыс істеуінің маңызды шарты, дене шынықтыру және спорт қызметтерінің нарығы ретінде спорт индустриясын ілгерлетудің маңызды факторлардың бірі болып табылады.
«Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеу» деген 2-тараудың 8-бабы мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
-
Қазақстан Республикасының құрама командаларының
құрамында кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушылары мен клубтық командалар жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай қамту төлемдерін әзірлеу және бекіту
негіздеме: «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңының 45-бабы 2) тармақшасына сәйкес Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлейді.
Алайда, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың , ауылдық, кент, және ауыл әкімдерінің құзыреттерінде ақшалай үлес мөлшерін және/немесе нормаларын бекіту көзделмеген, бұл «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңының 45-бабы 2) тармақшасын іске асыруды қиындатады.
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат міндеттерінде спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытудан басқа, жазғы және қысқы олимпиада, олимпиадалық емес сопрт түрлерін дамыту да бар.
Қазақстан Республикасында таралатын барлық спорт түрлерін қамту мақсатында.
4) құрама командалар құрамын қалыптастыру кезінде кандидаттар тізімін алып тастау қажет.
Негіздеме: Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша құрама командаларын қалыптастыру кезінде құрама командаларда аталған кандидаттар тізімі жоқ.
5) жоғары санатты біліктілі деңгейі жоғары жаттықтырушылар, ұлттық жоғары санаттағы спорт судьялары аттестациялаудан өтпейтінімен байланысты жаттықтырушыларды, спорт судьяларын аттестациялауды қайта қарау қажет.
Негіздеме: Заңның 35-бабының 1 және 4-тармақтарымен коллизияларды болдырмау мақсатында.
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган құзыретіне спорт құрылыстарының нормативтерін бекітуді, сондай-ақ спорт құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекітуді қосу.
Негіздеме: көрсетілген нормалар спорт объектілерінің құрылысын реттейді және спорт құрылыстарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
8) ЖАО құзыретіне спортшыларға және қР құрама командалар құрамына кіретін олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамту төлемдерін бекітуді енгізу.
Негіздеме: ЖАО-ның спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлері бойынша құрама командалар құрамындағы спортшыларға бөлінген қаражат шеңберінде ай сайынғы ақшалай қамту төлемдерін бекітуге құзыретінің болмауы.
9) 35-бапқа 5 тармағы қосылсын «5. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі спорттық атақтар мен разрядтар, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттары мынадай:
1) осы Заңның 7-бабының 25-тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда;
2) осы Заңның 7-бабының 21-тармақшасында көрсетілген нормалары мен талаптарына сәйкес осы тармақтарда көзделген негіз бойынша келмеген жағдайда бас тартады.».
Негіздеме: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы 5-бабының
2-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға құқығы бар.
3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары
Заң жобасының мақсаты дене шынықтыру мен спортты бюджеттік қаржыландырудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешуді болжайды.
-
ҰОК-ты дене шынықтыру және спорт субъектісі ретінде айқындау және оған жоғары жетістіктер спортын дамыту мәселелері бойынша аккредиттелген республкалық спорт федерацияларының шоғырландырылған позициясын ұсыну өкілеттіліктерін беру.
-
ҰОК-тың, республикалық және жергілікті спорт федерацияларының спорт жүйесіндегі рөлін дене шынықтыру және спорт саласындағы бюджетті қалыптастыру мен атқару кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар құратын, сондай-ақ қызметтер сапасын бақылау процесіне олардың қатысуы арқылы арттыру.
-
Аккредиттелген республикалық және жергілікті спорт федерацияларды дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асыру. Бұл демеушілердің болуына байланыссыз Федерацияларға тұрақты қызмет жасау мүмкіндігін ұсынады.
-
Спортты қаржыландыруды реттеу. Қазақстан үшін перспективалы спорт түрлерін негізгі көрсеткіштерге сәйкес мемлекеттік рандирлеу жүйесін енгізу:
1) халықаралық жарыстардағы спорт жетістіктері;
2) спорт түрінің ұлттық-мәдени «дәстүрлілігі»;
3) спорт түрі ерекшеліктерінің өңірдің климаттық шарттарына қатынасы
4) материалды-техникалық базасының болуы.
Саралау жүйесінің көрсеткіштерін ескере отырып ҰОК-пен келісілген аккредиттелген республикалық спорт федерациялар өтінімдеріне сәйкес жоғары жетістіктер спортықа қаражат бөлуді жүзеге асыру. Бұқаралық спортқа қаражат бөлуді аккредиттелген жергілікті спорт федерациялар өтінімдері негізінде жүргізу қажет.
Осы Тұжырымдаманы іске асыру кезінде мынадай принциптерді сақтау қажет.
-
Тұжырымдамамен ескерілген негізгі шаралардың кезең-кезеңімен және логикалық іске асырылуын ескеретін қабылданатын шаралар реттілігінің принципі.
-
Спорт түрлері бойынша қаржыландыруды бөлу кезінде саралау принципі
-
Спорт түрлері бойынша қаржыландыруды бөлу кезінде айқын тетіктердің пайдаланылуын ескеретін ашықтық принципі
-
Барлық спорт түрлерінің теңдік принципі және спорт белсенділігінің алуантүрлілігін қолдау
-
Қаржыландыру көздерін жоспарлау және бөлу кезінде негізділік пен басымдық принципі
-
Қоғамдық бақылау тетіктерін пайдалану негізінде қаражатты тиімді бөлу және пайдалану принципі.
4. Заң жобасын реттеу нысаны
Заң жобасын реттеу нысаны дене шынықтыру және спорт саласында пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
5. Заң жобасының құрылымы
Заң жобасы екі баптан тұрады.
1-баппен Қазақстан Республикасының мынадай Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді:
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
2-баппен Заң жобасын қолданысқа енгізу мерзімі мен тәртібі айқындалады.
6. Заң жобасын қабылаған жағдайда болжамды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар
Қарауға мынадай ұсыныстар шығарылады:
Спорт түрлерін мемлекеттік саралау жүйесін енгізу бюджеттік қаражаттан спорт түрлерін объективті қаржыландыруды қамтамасыз етеді, спорт түрлері бойынша қаржыландыруды бөлуге «субъективтік» әсер мүмкіндігін жояды және салада адал бәсекелестікті құрайды.
ҰОК және аккредиттелген республикалық пен жергілікті спорт федерацияларының спорт жүйесіндегі рөлін дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік уәкілетті органдар бюджеттерін қалыптастыру мен атқаруға қатысу арқылы күшейту бюджетті қалыптастыру және іске асыру рәсімінің жоғары объективтілігін, теңгерімділігін және айқындылығын қамтамасыз етеді.
Заң жобасын қабылдау нәтижесінде Қазақстан Республикасында Қазақстан үшін дәстүрлі болып табылатын және халықаралық деңгейде жоғары спорт нәтижелерін алып келетін спорт түрлерін республикалық және облыстық деңгейлерде объективті және дербес бөлінуіне кепілдік беретін спортты қаржыландырудың жеке моделі әзірленеді.
Заң жобасын қабылданаған жағдайда теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар болжанбайды.
Заң жобасын қабылдау нәтижесінде криминогендік сипаттағы салдарлар болжанбайды.
7. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына сәйкес бір уақытта (кейінен ) сәйкес келтіру қажеттілігі.
Әзірленген заңнамаға сәйкес басқа заңнамалық актілерді бір уақытта (кейіннен) сәйкестендіру қажеттілігі жоқ.
8. Заң жобасы нысанының өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі
Заң жобасының нысаны Бюджет кодексімен және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңмен және заңға бағыныыты актілермен регламенттеледі.
9. Қарастырылатын мәселе бойынша шетел тәжірибесінің болуы
Әлемдік тәжірибеде спортты қаржыландырудың екі негізгі моделі бар – еуропалық және американдық.
Еуропалық модель мемлекеттік бюджеттен қаражаттың басымдығымен аралас қаржыландыруды болжайды (Қазақстан, Ресей, Батыс Еуропа, Азия және Латын Америкасы елдері).
Американдық модель (АҚШ) ел бюджетінен спортты тікелей қолдаудың болмауымен және дене шынықтыру-спорт қозғалысын инвестициялайтын жеке сектор үшін салық жеңілдіктерінің жоғары санының болуымен сипатталады.
Қаржыландырудың екі моделі де спорттың мынадай бағыттарын қамтамасыз ету бойынша функциялардың іске асырылуын болжайды: бұқаралық спорт; жоғары жетістіктер спорты (олимпиадалық) және кәсіби спорт.
Бірдей қаржыландыру көздерінің болуына қарамастан, елдер дене шынықтыру және спортты қаржыландыру мәселелерін түрлі әдіспен шешеді.
Спорт түрлерін саралау жалпыға танылған тәжірибе болып табылады. Норвегия және Ұлыбритания сияқты елдерде спортты, атап айтқанда жоғары жетістіктер спортына қатысты саралау жүйесі кеңінен пайдаланылады.
Спорт түрлерін саралауда біркелкі тәсілдері жоқ екендігін атап өткен жөн. Әр ел өз дене шынықтыру жүйесін қаржыландыру ерекшеліктеріне сүйенеді. Бұл ретте іріктеудің негізгі критерийлерінің арасында халықаралық жарыстарда жекелеген федерациялар спортшыларының жетістіктерін (медалдардың және жүлделі орындардың болуы) және және кадр әлеуетінің болуын (жаттықтырушы) атап өткен жөн.
НОРВЕГИЯ
Норвегияда спортты мемлекеттік қолдау жүйесі, оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржыландыру арқылы мемлекеттік қолдау жақсы дамыған.
Спорт жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Денсаулық сақтау және спорт министрлігі болып табылады, ол арқылы спортты, негізінен жоғары жетістіктер спортын дамытуға тікелей трансферттер жіберіледі. Атап айтқанда, қаражат Норвегия Олимпиада комиитетіне және Норвегияның спорт федерацияларына жіберіледі. Жыл сайын бөлінетін қаражат мөлшері шамамен 70 млн.евроны құрайды. Алайда аталған қаражат саралау жүйесі негізінде бөлінеді.
Алайда Қазақстанда федерациялар қазіргі уақытта тек демеушілер қаражаты есебінен қамтылады, ол өз кезегінде демеушілердің болу фактісіне оларды тәуелді қылады. Демеушілердің болуы тәуелдігі федерацияларды қаржыландыру тұрақтылығын, сәйкесінше олардың жұмыс істеу қабылетін төмендетеді.
Мемлекет қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру арқылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жергілікті муниципалитеттерге қаражат бөледі.
Спорт федерациялары федерация көлеміне (яғни, қатысушылары санынан) байланысты емес, қаржыландыру үшін іріктеу критерийлері негізінде қаржыландырылады.
Норвегияда «Спорт күн тәртібі - 2016» сәйкес шамамен 10 іріктеу критерийі бар, олардың құрамына Олимпиада ойындары сияқты халықаралық жарыстардағы табыстар ғана емес, спорт түрлері бойынша спортшыларды дамыту бойынша әзірленген бағдарламаның болуы да кіреді.
Іріктеудің негізгі критерийі спортшыларды дамыту бағдарламасы шеңберінде қоқойылған мақсаттарға л жеткізу сапасы мен нақтылығы болып табылады. Федерациялар мынадай бағыттар бойынша бағдарламалар әзірлейді:
-
біліктілігі жоғары спортшыларға арналған бағдарлама (қазіргі олимпида чемпиондары);
-
дарынды спортшыларды дамыту бағдарламасы (әлеуеті жоғары спортшылар)
-
халықаралық жарыстарға қатысу бағдарламасы.
-
Қазақстанда мемлекеттік бюджетттен федерацияларды ұстауға қаражат бөлу тәжірибесі жоқ, сәйкесінше басымды спорт түрлерін нақты іріктеу критерийлерін болжайтын спортт саралау жүйесі көзделмеген.
Бағдарламаларды іске асыру қорытындылары бойынша спорт федерациялары қызметінің табыстылығы бағаланады, оның негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды тоқтата тұру немесе жалғастыру туралы шешім қабылданады.
Сондай-ақ федерацияларды іріктеу кезінде қажетті кадр құрамының, оның ішінде, жаттықтырушы құрамының, инфрақұрылымның және т.б. болуы ескеріледі.
ҰЛЫБРИТАНИЯ
Ұлыбритания да еуропалық қаржыландыру моделі қолданатын елдер қатарына жатады. Біріккен Корольдықта спортты қаржыландыру бірнеше қаржы көзінен жүргізіледі: мемлекеттік бюджет, жеке инвестициялар, сондай-ақ ұлттық спорт лотерея қызметінен алынатын қаражат.
Лондондағы Олимпиада ойындарына дейн спортты қаржыландыруда мемлекеттік бюджет үлесі аз болды, алайда ойындардың алдында мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражат мөлшері бірнеше есе артты.
Риодағы Олимпида ойындарына дайындалу кезінде (2012-2016 жж.) спортшыларды дайындауға арналған бюджет жылына шамамен 40 млн.британдық фунтты құрады.
Ұлыбританияның спорт федерациялары «Әлемдік нәтижелерге қол жеткізу бағдарламасы» бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдау алады. Осы бағдарлама шеңберінде олимпиадалық және параолимпиадалық спорт түрлерінің федерациялары үшін қаржыландыру қамтамасыз етіледі.
Іріктеудің басты критерийі федерациялар мен спортшылардың спорт жетістіктері болып табылады.
Бұл ретте екі бағыт бойынша спорт түрлерін саралау қамтамасыз етіледі.
1. «Пьедестал», аталған бағыт бойынша спорт жетістіктерінің көрсеткіштерімен жоғары спорт түрлерін дамыту үшін үлкен қаражат бөлінеді (иеленген алқалар санының негізінде)
2. «Әлеуетті чемпиондар», аталған бағыт Олимпиада ойындарында қатысуда жоғары әлеуетке ие спорт түрлерін қаржыландыруды болжайды.
Олимпиада және параолимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт федерациялары орталық уәкілетті мемлекеттік органға қаржыландыруға өтінімдер береді, онда сұратылатын қаражат мөлшерінің негіздемесі, сондай-ақ негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген спорт түрлерін дамыту бағдарламаларын көрсетеді.
Спорт федерацияларын қаржыландыру олардың қызметін міндетті мониторингін және мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру талаптарына толық сәйкестігін болжайды.
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ (еуропалық қаржыландыру моделі).
Ресейде дене шынықтыру және спорт жүйесін дамытуда қаржылық жауапкершіліктің ең үлкен бөлігін мемлекет өз мойнына алады. РФ Спорт министрлігінің бюджеті 2015 жылы 69,8 млрд. рубльді құрады, оның ішінде бұқаралық спорт үлесіне жалпы бюджеттің 18% немесе 12,8 млрд. рубль (ҚР-да 1,3 %), жоғары жетістікіті спорт үлесіне 50 млрд. рубль немесе 71% бөлінген.
Балалар-жасөспірімдер спорты ҚР Білім министрлігінің еншісінде.
РФ-да спорт федерацияларын қаржыландырудың айрықша белгісі спорт федерацияларының қаражатты бюджеттік жоспарлау және бөлу жүйесіне қатысуы болып табылады.
РФ спорт федерацияларын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік (федералды және жергілікті бюджеттер) және бюджеттен тыс (демеушілік көмек, билеттерді сатудан, жариялаудан, өнімді сатудан түсетін пайда, т.б.) қаражат жатады.
Бүкілресейлік деңгейдегі спорт федерациялары қаржыландыруды (субсидиялауды) федаралдық бюджеттен, жергілікті федерациялар сәйкесінше өңірлік және жергілікті бюджеттерден алады.
Қазақстанда аталған практика жергілікті деңгейде спорт федерацияларының спорт мақсатындағы қызметтерді көрсету бойынша (жарыстар, оқу жаттықтыру жиындарын өткізу) мемлекеттік сатып алуға қатысу арқылы қолжетімді екенін атап кету қажет. Бұл ретте дене шынықтыру және спорт басқармалары «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының нормаларын басшылыққа ала отырып, бюджеттік қаражатты құрама командаларды даярлауға және аталған заң нормаларын қолданбай ведомстволық бағынысты ұйымдарда спорт жарыстарын өткізуге жұмсай алады.
Ресейдіңреспубликалық және өңірлік спорт федерациялары спорттық даярлықты жүзеге асыратын ұйымдарға қоғамдық бақылау жүзеге асыруға заң жүзінде уәкілетті болып келеді. Бақылауды жүзеге асыру кезінде Ресейдің Олимпиада комитеті, Ресейдің Параолимпиада комитеті, дене шынықтыру және спорт саласындағы атқарушы билік органдары, сондай-ақ Ресей Федерациясының атқарушы билік субъектілері өзара әрекет етеді.
Бұл ретте қазақстандық тәжірибеде спорт федерацияларына қоғамдық бақылау өткізу функциялары берілмеген.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортшылары мен жаттықтырушыларын спорттық іс- шараларға жіберу бүкілресейдік спорт федерацияларының өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ведомстволық бағынысты ұйымдардың қарауы бойынша бюджеттік қаражатты жұмсауға жол бермейді.
Қазақстанда аталған практика жоқ және республикалық пен жергілікті спорт федерацияларының күнтізбелік спорт жоспарларына ұсыныс енгізуге қатысумен ғана шектеледі, шараларды қаржыландыру спорт федерацияларының пікірін ескерусіз тиісті ведомстволық бағынысты ұйымның басқарушы құрамымен айқындалады.
РФ Спорт министрлігі спортты қаржыландырудың қолданыстағы моделін соңғы модель ретінде қарастырмайды және жаңа басқару мен қаржыландыру әдістерін іздейді.
Кәсіби спортты қаржыландыру бойынша, атап айтқанда спорттың кәсіби түрлері бойынша балалар командалары үшін бюджеттік қаржыландыруды сақтай отырып, бюджеттік қаржыландыруды алып тастау немесе азайту бөлігінде өзгерістер қарастырылады.
АҚШ
Американдық модельді қаржыландыру көздері билеттерді сатудан; жарыстардың телекөрсетілім құқығын сатудан, стадионнан түсетін табыстар, коммерциялық-лицензиялық, жарнамалық, демеушілік және баспа қызметінен, команда акцияларын сатудан, ойыншыларды сатудан, орталық лигалар қорларынан түсімдер, эндаунмент, капиталға түсетін пайыздар, банкке салымдар, инвестициялық қызметтен түсетін бюджеттен тыс қаражат болып табылады.
АҚШ-та мектеп, студенттік, бұқаралық спорт негізгі қаржыландыруды қамтамасыз ететін жергілікті билік басымдығы болып табылады. Сонымен қатар, спорттың жоғарыда аталған бағыттары қайырымдылық қаражат, жеке демеушілік, эндаунмент қорлар және федерациялар демеушілігі есебінен қаржыландырылады (аса дарынды жас спортшыларға арналған қысқа мерзімді спорт лагерьлері).
Балалар-жасөспірімдер және жастар спорты мектептер мен жоғары оқу орындары жанында орналасқан, елдің ұлттық спорты кәсіби және әуесқой спорты сияқты негіз болып табылады. Қайырымдылық қаражат, жеке демеушілік және федерациялар демеушілігі (аса дарынды жас спортшыларға арналған қысқа мерзімді спорт лагерьлері), мектептерге мемлекеттік гранттар есебінен қаржыландырылады.
АҚШ-тың әуесқой спортына және оның ұйымдарына мемлекеттік көмек көрсету салық салудан заң жүзінде босатудан көрінеді, ол ірі корпорацияларды демеуші ретінде тартады. «Салық салу» туралы АҚШ Заңына сәйкес қайырымдылық ұйымдарға жарналар салық салынатын табыстан заңды тұлғалар үшін көрсетілген көмектің 100 % мөлшерінде және жеке тұлғалар үшін 50%-ға дейін шегеруді ескереді.
Салыстыру үшін Қазақстанда салық салу кезінде шегеруге рұқсат етілген демеушілік көмектің мөлшері салық сатылатын табыстан 3%-бен шектелген (ҚР СК 133-бабы). Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыруға бағытталған қалған сомадан аталған демеушілер 20% мөлшерінде корпоративтік табыс салығын төлеуге міндетті.
«Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы» қарастырылып жатқан ҚР Заң жобасы салық салынатын табыстан 9% шегеру және эндаунмент қорларды құру түрінде салық жеңілдігін көздейді.
«1-1) қайырымдылық қолдау көрсететін шағын бизнес субъектілері үшін салық салынатын табыстың 5% құрайтын жалпы сома мөлшерінде;
қайырымдылық қолдау көрсететін орта бизнес субъектілері үшін салық салынатын табыстың 7% құрайтын жалпы сома мөлшерінде;
қайырымдылық қолдау көрсететін ірі бизнес субъектілері үшін салық салынатын табыстың 9% құрайтын жалпы сома мөлшерінде».
АҚШ-та елде спортты дамытуға жауапты мемлекеттік орган жоқ.
АҚШ-тың Олимпиада комитеті (бұдан әрі – АҚШ ҰОК) - елде олимпиада қозғалысын үйлестіруші орган, оның қызметінің мақсаты «барлық американдықтарға жынысы, нәсілі, жасы, тұрғылықты жері мен дене мүмкіндіктеріне қарамастан спортпен айналысуға қолжетімділік алуда көмек көрсету» болып табылады.
Заң бойынша АҚШ ҰОК монополистік бірлестік болып табылады. Заң АҚШ ҰОҚ-қа АҚШ-тың Олимпиада, Паралимпида және Панамерикандық ойындарға қаытсуына қатысты барлық мәселелерде «ерекше юрисдикцияны пайдалану» өкілеттіліктерін береді. АҚШ ҰОК Халықаралық олимпиада комитетімен елдің ұлттық олимпиада ұйымы ретінде танылған.
АҚШ ҰОК-тың жетекші редиотеледидар компанияларымен коммерциялық негізде ғана жүзеге асырылатын ынтымақтастығы ұлттық спорт қозғалысын қаржыландыру жүйесінде үлкен мәнге ие. Мысалы, аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес 2013 жылы АҚШ ҰОК-тың жарияланым құқықтарын сатудан және маркетингтен табысы 93,6 млн. АҚШ долларын құрады.
Салыстыру үшін ҚР республикалық телерадиоарналарында құқықтарды сатып алу ұлттық спорт федерацияларында спорт іс-шараларына құқықтарды сатып алу практикасына жоқ. «Бартер қағидаты» пайдаланылады – іс-шаралар түсірілімін ұйымдастыруды телеарна өз мойнына алады және эфир уақытын бөледі, есесіне Федерациялар іс-шараға тележарияланым құқықтарын тегін ұсынады. Телеарналар бюджеттерінде спорт іс-шараларын көрсетуге ТВ құқықтарды сатып алу шығыстары ескерілген. Алайда телеарналар шетел контентін сатып алуға мүдделі. 2014 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ (ҚАЗСПОРТ) Қазақстан аумағында ағылшын футбол премьер-лигасын жариялау құқықтарын болжамды түрде бір маусымы үшін 1 миллион АҚШ долларынан асатын сомаға сатып алды. Бұл ретте «KAZsport» телеарнасы «Евроспорт» телеарнасында қайталанатын көптеген спорт оқиғаларының көрсетілімін сатып ала отырып (велосипед жарыстары, теннистік турнирлер, биатлоннан, шаңғы жарыстары бойынша әлем кубогы кезеңдері және басқасы) оларды жазбада көрсетеді, бұл қазақстандық телеарнаның көрермен аудиториясын төмендетеді, ал басқа телеарналарда – мысалы, «Евроспорт» - аталған оқиғалар тікелей эфирде жарияланады.
Ұлттық спорт федерацияларын қаржыландыру АҚШ-та олимпиадалық және әуесқой спортты ынталандыру үшін 1984 жылы Лос-Анджелесте Олимпиада ойындарынан кейін құрылған үкіметтік емес ұйым «Американдық Олимпиада ойындары қорымен» жүзеге асырылады.
Жоғары жетістіктер спортын негізінен АҚШ ҰОК қаржыландырады. АҚШ ҰОК жарыстарды өткізу және оған қатысу шығыстарын, ОЖЖ (базаларды күтіп-ұстау), спортшыларды медициналық қамтамасыз ету, спортшыларды, жаттықтырушыларды және мамандарды оқыту, материалдық-техникалық қамту шығыстарын өтейді. АҚШ ҰОК халықаралық спорт қоғамдастығындағы басқа ұйымдардан жеке тұлғалар және іскерлік қоғамдастық қайырымдылық ақылары есебінен қаржыландыруымен ерекшеленеді. АҚШ ҰОК паралимпиада бағдарламалары үшін көмекті қоспағанда, мемлекеттен көмек алмайды. Қайырымдылық ақысынан, демеушілік көмектен және лицензиялық алымдардан тұратын табыстан бөлек АҚШ ҰОК каталогтар және интернет арқылы лицензияланатын жабдықты сатудан пайда алады.
Ұлттық федерациялар мемлекеттік бюджет есебінен қамтылмайды. АҚШ заңнамасына сәйкес ұлттық федерациялар әлем чемпионаттарына және Олимпиадаға дайындалу бойынша ұйымдастыру мәселелерін шешеді. Өзінің қызметін қамтамасыз ету үшін мүшелік салымдар, жарыстарға қатысу салымдары, спорт киімін, құралдарды, жабдықты және атрибутиканы сату, сондай-ақ қайырымдылық төлемдері есебінен түрлі қаржы көздерінен қаржыландырылады.
ГЕРМАНИЯ
Германияда мемлекет қоғамдық спорт ұйымдарына қаржылық қолдау көрсетеді: Неміс спорт одағы (ДСБ), сондай-ақ Ұлттық олимпиада комитетіне онымен жүзеге асырылатын бағдарламалар мен іс-шаралар жалпы мемлекеттік мәнге ие болып және бір жер қаражатымен (әкімшілік-аумақтық бірлік) жүзеге асырыла алмайтын жағдайларда қаржыландырылады. Аталған іс-шараларға негізінен жоғары білікті спортшыларды даярлау, олардың жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына байланысты материалдық қолдау, федералды жаттықтырушылар жұмысын қамтамасыз ету және т.б. үшін орталықтар салу жатады.
Мемлекеттік дотациялар ДСБ жылдық бюджетінің шамамен 80%-ын және осы елдің ҰОК еншісіне жыл сайын келіп түсетін қаржылық қаражатының 60%-дан астамын құрайды.
Жоғары жетістіктер спортын қаржыландырудың мемлекеттік емес қаржы көздерінен ең алдымен «Неміс спортына көмек» қорының қызметін атап кетуге болады. 1967 жылдың мамырында құрылған осы Қордың негізгі мақсаты спортшыларды Олимпиада ойындарына дайындау және қатыстыру, сондай-ақ спортшыларға түрлі көмек көрсету бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.
Спортшыларға көмек көрсету өтінімдерін спорт түрлері бойынша федерациялар береді. Көмектің мөлшері мен түрлері спортшының спорттың қандай түрін ұсынуымен, сондай-ақ оның перспективалылығына байланысты. Көмек алу құқығына олимпиада ойындарына кандидаттар, ұлттық команда мүшелері және олимпиадалық емес спорттағы аса дарынды спортшылар ие.
ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ БӨЛУ КЕЗІНДЕГІ САРАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Қордан қаржылық көмек алуға үміткер барлық спортшылар үш санатқа бөлінген: «С» (юниорлар), «В» (перспективалы спортшылар) және «А» (элита). Жәрдемақылар мөлшері осы жіктемеге сәйкес ерекшеленеді.
Жеке федерацияларды қаржыландыра отырып, «Неміс спортына көмек» қоры кәсібилік үрдісіне ие болатын және жарнамалаушылардың жоғары назарына іліккендерге назар аударады – бұл ең алдымен шаңғы және жеңіл атлетика федерациялары (Германия футбол одағы өзінің қаржыландыру көздеріне ие, сондықтан Қордың көмек көрсету бағдарламасы оған қолданылмайды).
«Неміс спортына көмек» қорының басынан бастап қызметіне қысқаша шолу жасайтын болсақ, мынадай нәтиже шығаруға болады:
Қор жоғары жетістіктер спортын қаржыландырудың мемлекеттік емес коммерциялық құрылымы ретінде германияда ұлттық спорт қозғалысының дамуын анықтайтын орталық ұйымдардың бірі ретінде танылған (ДСБ және ҰОК-пен бірге).
ФРАНЦИЯ
Францияның спорттың қаржыландырылуын ұйымдастыру жүйесі американдық та, еуропалық та қаржыландыру модельдерінінің элементтерін қамтитын аралас қаржыландыру моделіне қарай трансформациялау кезеңінде тұр.
Француз қаржыланыру моделі оны капиталистік американдық модельден де, бұрынғы социалистік елдердің мемлекеттік моделінен де ерекшелейтін айрықша белгілерге ие.
Спортты дамытуға жауапты мемлекеттік орган Жастар және спорт министрлігі болып табылады. Спорт федерацияларының мүдделерін Ұлттық олимпиада және спорт комитеті білдіреді. Аталған ұйымдар спортты қаржыландырылатын мемлекеттік қорларға бірлескен басқаруды жүзеге асырады.
Францияда спортты мемлекеттік қаржыландыру үш құранды бөліктен тұрады: тікелей мемлекеттік қаржыландыру (орталық), Ұлттық спортты дамыту қоры арқылы жанама мемлекеттік қаржыландыру, сондай-ақ муниципалитеттер және басқа жергілікті басқару органдары (департаменттер мен аудандар, яғни аумақтық-әкімшілік бөлініс бірліктері) арқылы орталықсыздандырылған мемлекеттік қаржыландыру.
Францияның мемлекеттік спорт бюджеті жалпы мемлекеттік бюджеттің 0,60 %-ын құрайды.
Спорт федерацияларына даму көрсеткіштерін ескере отырып (мүшелер санының көрсеткіштері бойынша саралау жүйесі), бюджеттік инвестициялар ұсынылады.
Францияның спорт федерациясына мүшелік азамат белгілі бір спорт түрімен айналысқанда спорт федерациясынан алатын мүшелік билетпен расталады. Мұндай мүшелік билеттер елде спорт түрінің танымалдылығын анықтау негізі болып табылады. Билеттерді сатудан түсетін табыс тиісті спорт түрінің жалпы бюджетін құрайды.
Білім министрлігі дене шынықтыру мен спорт оқытушыларының қаржыландырылуын қамтамасыз етеді және олардың кәсіби даярлығын қаржыландырады.
Ұлттық спортты дамыту қоры (ФНДС) 1985 жылы құрылған, ол мемлекеттік қазынашылықтың арнайы есептерінен толықтырылады. Негізінен бұл ұлттық лотереядан және спорт лотереясынан, сондай-ақ қалалық тотализатордан (ат жарыстарына ставкалар) және сусындарға салынатын салықтан түсетін табыс болып табылады.
Қазақстанда спортты демеушілік көмекті қоспағанда қосымша қаржы көздерінен қаржыландыру практикасы көзделмеген.
Орталықсыздандырылған мемлекеттік қаржыландыру Жастар және спорт министрлігінің бюджетінен 10 есе және басқа министрліктермен бөлінген қаражаттан шамамен үш есе артық.
Коммуналар (муниципалитеттер) спортты қаржыландырудың ең ірі мемлекеттік қаржы көзі болып табылады. Коммуналар бюджетінің көзі негізінен жергілікті салық болып табылады. 1984 жылдан бастап аудандарға көптеген әкімшілік және қаржылық өкілеттіліктерді ұсынатын орталықсыздандыру туралы заңды қабылдау нәтижесінде аудандар спортты бірте-бірте қаржыландыра бастады. Департаменттен де олардың артынан ілесті. Спортқа жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бөлінген бюджет соңғы жылдары айтарлықтай өсті.
10. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжамды қаржылық шығыстар
Осы Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен шығындарға алып келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |