«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кесте



бет2/7
Дата05.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

19

Жаңа 283-2- бап


Жоқ


Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторының қызмет бағыттары

Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторы өнімді өндіретін және (немесе) әкелетін жеке және заңды тұлғалардан Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторының ағымдағы (есеп айырысу) банк шотына келіп түскен қаржыны төмендегілерге пайдалануға құқылы:

1) жеке және заңды тұлғаларға тауарлар қалдықтары мен қаптама қалдықтарын Қазақстан Республикасының аумағына залалсыздандыру және (немесе) жою үшін тапсыру шартымен, осы қалдықтарды жеке жинау және қайта өңдеу бойынша шығындарын өтеуге (өндіріс қалдықтарынан алынған және (немесе) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге осы қалдықтар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болған заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлерден табысталған тауар қалдықтары мен қаптама қалдықтарынан басқа);

2) Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және (немесе) пайдалану бойынша нысандар жоқ тауар қалдықтары мен қаптама қалдықтарын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс залалсыздандыру және (немесе) пайдалану үшін сақтау мен табыстауды ұйымдастыруға;

3) қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) жою жүйесін ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық қамсыздандыру, жарнама, білім беру қызметін, қалдықтар мен қайталама қорларды пайдалану саласындағы маркетингтік зерттеулерді қаржыландыруға;

4) қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) жою саласындағы эксперименттік, тәжірибелік, жобалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға;

5) қалдықтарды пайдалану бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындауға, қалдықтарды жинау және қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын енгізуге, коммуналдық қалдықтар мен қайталама қорларды сұрыптау және (немесе) пайдалану бойынша жаңа зауыттар (өндірістер) салуға, қайталама қорларды жинау және (немесе) пайдалануды, коммуналдық қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды іске асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;

6) экологиялық таза өнім өндірісін ынталандыру бойынша шараларды анықтау және қаржыландыруға, мұндай шараларды іске асыру тәртібін бекітуге;

7) өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторының өз функцияларын іске асыруына байланысты қызметті қаржыландыруға



Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі

20

39-1-баптың 1- тармағы

39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн бюджеттен төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.



1. Дербес кластерлік қордың, дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн бюджеттен төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады




21

39-1-баптың 4-тармағы


4. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.

Дербес бiлiм беру ұйымдары бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.



4. Дербес кластерлік қордың, Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.

Дербес кластерлік қор, Дербес бiлiм беру ұйымдары бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.».






22

67-баптың

12-1-тармағы



67-бап. Бюджеттік өтінім

12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.



Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін дербес білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.



12-1. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін Дербес кластерлік қордың, дербес білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін дербес кластерлік қордың, дербес білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.







67-баптың

жаңа 12-2) тармағы



67-бап. Бюджеттік өтінім

...


Жоқ

12-2. Мемлекеттік мекемелер немесе мемлекеттік кәсіпорындар тұтынылатын энергетикалық ресурстарды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында энергия-сервистік компаниямен энергия-сервистік шарт жасасқан жағдайда энергия үнемдеу және энергия тиіміділігін арттыруға байланысты күнтізбелік бір жыл ішінде үнемделген қаражат соммасына барабар аспайтын көлемінде энергия-сервистік компанияның қызметін төлеу үшін бюджеттік өтініште шығындарды көрсетуі тиіс.

Энергия сервистік шартқа қол қою кезінде мемлекеттік мекемелердің бюджеттік жоспарлау бойынша құқықтық кедергілерді жою үшін. Мемлекеттік мекеме өз бюджетін өткен жылдарының нақты өнімділік энергетикалық ресурастары бойынша шығыстары жоспарлауда. Алайда, энергия сервистік шарт жүзеге асыру кезенінде тұтынудың нақты көрсеткіштері төмендейтін болады, және сәйкесінше, бюджеттен аз ақша бөлінеді, алайда онда үнемделген қаражат ЭСКО-мен төленуі тиіс ол ЭСКО тетігіне үлеспейді.



96-баптың

4-тармағы



96-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері

...


4.Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы келісім шеңберіндегі мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы келісімнің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.



Жоқ

4.Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы келісім шеңберіндегі мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы келісімнің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.



Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер тұтынылатын энергетикалық ресурстарды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында энергия-сервистік компаниямен энергия-сервистік шарт түрінде энергия-сервистік шарттың қолданылу мерзіміне, бірақ 6 жылдан аспайтын мерзімге жасасуы.мүмкін.

Энергия сервистік шартқа қол қою кезінде мемлекеттік мекемелердің бюджеттік жоспарлау бойынша құқықтық кедергілерді жою үшін. Мемлекеттік мекеме өз бюджетін өткен жылдарының нақты өнімділік энергетикалық ресурастары бойынша шығыстары жоспарлауда. Алайда, энергия сервистік шарт жүзеге асыру кезенінде тұтынудың нақты көрсеткіштері төмендейтін болады, және сәйкесінше, бюджеттен аз ақша бөлінеді, алайда онда үнемделген қаражат ЭСКО-мен төленуі тиіс ол ЭСКО тетігіне үлеспейді.


2008 жылдың 10 желтоқсанындағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі)


25

12-баптың жаңа 39-2) тармақшасы


12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

  1. 1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар:

  2. ...

жоқ

39-2) туристік сертификат – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының белгілі бір сомасына тең номиналы бар, туристік сертификат бенефициарының туристік сертификаттар жүйесінің қатысушысынан Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес шығарылған, туристік сертификат номиналына тең құн шегінде туристік көрсетілетін қызметтерді алуға құқығын растайтын құжат.




26

100-бабтың жаңа 14-2-тармағы

100-бап. Шегерімдер

...


Жоқ

14-2. Салық төлеушінің өз қызметкерлері үшін туристік сертификаттарды сатып алуы бойынша шығыстары шегерілуге жатады.

Туристік сертификатты сатып алуға шығыстарды салық салынатын кірісті айқындау кезінде қолданылатын шегерімсдер тізбесіне енгізу мақсатында.

27

Жаңа 114-1-бап.

Жоқ

114-1-бап. Ағаш көшеттерінің алаңын арттыруға, табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер

1. Ағаш көшеттерінің алаңын арттыруға, табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар салық төлеушінің таңдауы бойынша салық кезеңінде осындай шығыстарды жүзеге асыру кезінен бастап үш жыл ішінде екі еселік мөлшерде шегерімге жатады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісілген табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган қол қойған, осындай іс-шаралардың аяқталған кезеңдерін қабылдау актілері табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстарды шегерімге жатқызу үшін негіздеме болып табылады.

3. Мемлекеттік орман иеленушімен келісілген ағаш көшеттерінің алаңдарын арттыру бойынша іс-шаралар жоспары және мемлекеттік орман иеленуші қол қойған осындай іс-шаралардың аяқталған кезеңдерін қабылдау актілері ағаш көшеттерінің алаңдарын арттыруға жұмсалатын шығыстарды жатқызу үшін негіздеме болып табылады.

Аталған түзету табиғатты пайдаланушыларды, оның ішінде мемлекеттік орман қоры аумағында туристік жобаларды іске асыратын табиғатты пайдаланушыларды табиғи-қорықтық және орман қорын қалпына келтіруге ынталандыру мақсатында енгізіледі.

«Орман екпелерінің аумағын ұлғайту, табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіру кезінде табиғат пайдаланушыларды көтермелеу тетіктерін қарастыру.»



(ҚР туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасынан)

28

163-баптың 3-тармағының жаңа 7) тармақшасы

163-бап. Қызметкердің табысы

...


  1. Мыналар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылмайды:

...

Жоқ


7) жұмыс берушінің қызметкер үшін туристік сертификатты сатып алуға шығыстары.

Туристік сертификаттарды салық салынуға жатпайтын қызметкердің кірісі тізбесіне енгізу мақсатында.


29

248-баптың

жаңа 26)

тармақшасы


248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар
Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді:

жоқ




248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар
Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді:



26) төменде келтірілетін жағдайларға бір уақытта сәйкес келумен, инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеушінің өзі өндірген тауарлары:



тауардың мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілеттендірілген органмен және уәкілетті органмен келісумен, инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органмен белгіленген тізімге енгізілуі;

мұндай тауарға инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органның сатылатын тауардың мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілеттендірілген органмен және уәкілетті органмен келісумен, инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органмен бекітілген нысанмен, инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органмен жасалған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім аясында өндірілгені туралы растауы болуы;

Қазақстан Республикасының аумағында сату күніне қатысты тауарда мұндай тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бірегей нөмірдің көрсетілуі.


2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға енгізіледі

Тізім бойынша салық төлеушінің өндірген және өткізген тауарларын өткізу кезінде ҚҚС босату мақсатында.



30

255- баптың 1-тармағының жаңа 14) тармақшасы

255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

1. Мынадай тауарлар:


14) жоқ


255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

1. Мынадай тауарлар:




14) инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органмен моторлық көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеушімен пайдаланылатын автоқұрауыштар, төмендегі жағдайларға бір уақытта сәйкестік шартымен:

мұндай автоқұрауышты әкелудің Кеден одағының кедендік заңнамасымен және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнасамымен қарастырылған құжаттармен ресімделуі;

автоқұрауыштың мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілеттендірілген органмен және уәкілетті органмен келісумен, инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органмен белгіленген тізімге енгізілуі;

мұндай автоқұрауыш бойынша инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органның әкелінетін автоқұрауыштардың моторлы көлік құралдарын өндіруді қамтамасыз етуге мақсатты тағайындалуы туралы, мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілеттендірілген органмен және уәкілетте органмен келісумен, инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органмен бекітілген нысан бойынша растауының болуы


2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі

Автоқұраушыларды әкелу импортын ҚҚС босату мақсатында.








373-баптың 3-тармағының жаңа 8) тармақшасы

373-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы жоқ

«8) арнайы экономикалық аймақтарды басқарушы компаниялары.»

Сонымен бірге, баяндалған қолданыстағы заңнамалықта АЭА қатысушылары үшін жер салықтың ставкасы 0% мөлшерді, ал арнайы экономикалық аймаққа берілген жер телімі, осы жер телімдері АЭА қатысушыларына берілгенімен, жер салықты төлеуден босатпайтын, АЭА басқарушы компаниясына берілетіндікті көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін талап етеді.

Осыған орай, басқарушы компанияларды жер салықтарды төлеуден босатуға ұсыныс берілді.



31

377-баптың 3-тармағы

жоқ

«8) управляющие компании специальных экономических зон»

Согласно пункту 3. статьи 8 Закона Республики Казахстан "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" (далее - Закон) земельные участки, находящиеся в государственной собственности, на которых создается специальная экономическая зона, предназначенные для осуществления приоритетных видов деятельности, предоставляются во временное возмездное землепользование (аренду) участнику специальной экономической зоны в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан на срок создания специальной экономической зоны.
Вместе с тем, согласно абзацу 3 пункта 3. статьи 8 Закона 
управляющая компания вправе передавать лицам, осуществляющим вспомогательные виды деятельности, земельные участки, указанные в части второй настоящего пункта, во вторичное землепользование (субаренду) в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.

В соответствии с подпунктом 6) пункта 2. статьи 33 Земельного Кодекса Республики Казахстан (далее - Кодекс) не допускается совершение сделок землепользователями в отношении права землепользования земельных участков, предоставленных на праве временного безвозмездного и временного краткосрочного возмездного землепользования (аренды).

Таким образом, при нахождении земельного участка, подлежащего передаче Участнику СЭЗ, Управляющей компанией СЭЗ на праве временного безвозмездного и временного краткосрочного возмездного землепользования (аренды), необходимо проделать следующие мероприятия:

  • Направление письмо - отказа Управляющей компании СЭЗ от такого права на земельный участок в размере ХХ га в пользу органа (АКИМАТА), выделившего земельный участок и прохождения процедуры признания данного участка бесхозяйным в порядке (ДОЛГО), предусмотренным законодательством Республики Казахстан;

  • Вынесение ПОСТАНОВЛЕНИЯ МИО-АКИМАТ в связи с отказом УК СЭЗ о выделение з/у Участнику СЭЗ;

  • Заключение договора с Акимат и УК СЭЗ, последующая оплата установленных сборов;

В случае переуступки УК СЭЗ право временного безвозмездного и временного краткосрочного возмездного землепользования (аренды) в пользу Участника СЭЗ путем заключения договора субаренды, УКАЗАННОЕ ПРОТИВОРЕЧИТ согласно пункту 1. статьи 66 Кодекса в тех случаях, когда по основаниям, предусмотренным законодательными актами Республики Казахстан, лицо приобретает на земельный участок право, которое оно (лицо) не может иметь в соответствии с нормами, установленными настоящим Кодексом, указанное право подлежит в течение трех месяцев отчуждению по правилам, установленным гражданским законодательством Республики Казахстан, или должно быть переоформлено в указанный срок в право на землю, которое в соответствии с настоящим Кодексом такому субъекту может принадлежать

Таким образом, согласно абзацу 3 пункта 3. статьи 8 Закона УК СЭЗ, вправе передавать лицам, осуществляющим ТОЛЬКО вспомогательные виды деятельности, земельные участки, указанные в части второй настоящего пункта, во вторичное землепользование (субаренду) в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.

Следовательно, земельные участки, предназначенные для осуществления приоритетных видов деятельности, при выяснении обстоятельств, указанных в пункту 1. статьи 66 Кодекса выше, подлежат передаче участнику СЭЗ в указанном порядке.

32

456-баптың кестесінің 6 және 6.4 тармақтары

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет