«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кесте


-3-бап. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі



бет4/7
Дата05.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

15-3-бап. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі

...


2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысанын, оның орындалуы туралы ақпараттың нысанын және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурста жариялауға арналған нысанды уәкілетті орган айқындайды.

Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

Инвестициялық бағдарламада (жобада) бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған қаражат айқындалады.


Энергия ресурстар өндіру мен тарату кезенінде шығындарды төмендету мақсатында, инвестициялық бағдарламада энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асыру үшін бөлінген қаражатты алуы тиіс.


«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы»

2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы


35

1-баптың жаңа 32) тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


32) арнайы туристік аймақ – туризм саласында қызметті жүзеге асыратын және арнайы туристік аймақ қатысушылары болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында әрекет ететін қызмет етудің ерекше құқықтық режимі;



36

1-баптың жаңа тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Жоқ


33) арнайы туристік аймақ қатысушысы – арнайы туристік аймақ қатысушыларының тізілімінде ерікті негізде тіркелген, туристік қызметті не туристік саламен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі.



37

1-баптың жаңа тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


34) арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйым – қызметі өзін-өзі реттеу қағидатына негізделген, арнайы туристік аймақтарды басқаруды, жоспарлауды, арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды, сондай-ақ осы Заңда айқындалған функцияларды жүзеге асыратын, осы Заңда айқындалған коммерциялық емес заңды тұлға;



38

1-баптың жаңа тармақшасы

Жоқ1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


35) арнайы туристік аймақтарды дамыту бойынша кеңестер – туристік аймақтарды дамытудың негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау құқығына және арнайы туристік аймақты басқарушыны тағайындау құқығына ие, әрбір арнайы туристік аймақта құрылатын басқарудың алқалы органдары;



39

1-баптың жаңа тармақшасы

Жоқ1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Жоқ


36) туристік кластер –әкімшілік-аумақтық бірліктердің өзара шектесетін бір немесе бірнеше аумағында туристік өнімді әзірлеумен, шығарумен, алға жылжытумен және сатумен, сондай-ақ туристік саламен аралас қызметпен айналысатын өзара байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың шоғырлануы;



40

1-баптың жаңа тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Жоқ


37) арнайы туристік аймақтарды дамыту аймағы – кіру және ішкі туристік ағынды тартудың анағұрлым жоғары әлеуеті бар, нақты белгіленген шекарасы бар арнайы туристік аймақ аумағының бөлігі;



41

1-баптың жаңа тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


38) ең төменгі туристік стандарттар – арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйыммен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін, туристерді орналастыру орындарына, көрсетілетін туристік қызметтердің сапасына, Интернет желісінде туристік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орналастыруға қойылатын талаптарды айқындайтын, арнайы туристік аймақтардың қатысушылары орындауы үшін міндетті құжат;



42

1-баптың жаңа тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


39) туристік сертификат – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының белгілі бір сомасына тең номиналы бар, туристік сертификат бенефициарының туристік сертификаттар жүйесінің қатысушысынан Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес шығарылған, туристік сертификат номиналына тең құн шегінде туристік көрсетілетін қызметтерді алуға құқығын растайтын құжат;



43

1-баптың жаңа армақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


40) туристік сертификаттар жүйесі – Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ әлеуметтік туристер үшін туристік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыратын, мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастардың жиынтығы;



44

1-баптың жаңа армақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


41) туристік сертификаттар жүйесінің операторы – туристік сертификаттарды шығару, өткізу және өтеу арқылы, туристік сертификаттар жүйесіне Қазақстан Республикасының аумағында туристік қызметтерді көрсететін жұмыс берушілер мен ұйымдарды тарту арқылы, сондай-ақ туристік сертификаттарға сұранысты ынталандыруға бөлінген мемлекеттік бюджет қаражатын әкімшілендіру арқылы туристік сертификаттар жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, осы Заңға сәйкес айқындалған тұлға;



45

1-баптың жаңа армақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


42) туристік сертификаттарды сатып алушылар – кәсіптік одақтар, жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, мемлекеттік заңды тұлғалар, коммерциялық емес заңды тұлғалар;



46

1-баптың жаңа армақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


43) туристік сертификат бенефициары – туристік сертификаттарды сатып алушылардан туристік сертификат алатын жеке тұлғалар;



47

1-баптың жаңа армақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


44) туристік сертификаттар жүйесінің қатысушылары – туристік сертификаттарды қабылдауға міндеттенетін, туристік сертификаттар жүйесінің операторымен қосылу шартын жасасқан, туристік қызметтерді көрсететін (қонақүйлер, демалыс аймақтары, шипажайлар, көліктік компаниялар, туроператорлар және турагенттер) жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғала;



48

1-баптың жаңа армақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



...

Жоқ


45) уәкілетті банк – туристік сертификаттар жүйесінің ақшалай операцияларының жүргізілуін қамтамасыз ететін, туристік сертификаттар жүйесінің операторымен шарт жасасқан екінші деңгейдегі банк;



49

Жаңа 2-1-тарау

Жоқ

«2-1-тарау. Туристік қызметтің өзін-өзі реттеуі

14-1-бап. Арнайы туристік аймақтар жұмыс істеуінің жалпы шарттары

1. Арнайы туристік аймақтарды құру мақсаты:

1) туристік көрсетілетін қызметтер нарығында туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

2) туристік кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру;

3) туризмді дамытудың анағұрлым перспективалы аумақтарында материалдық және зияткерлік ресурстарды шоғырландыру болып табылады.

2. Арнайы туристік аймақты құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді уәкілетті орган арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйыммен бірлесіп қабылдайды.

3. Арнайы туристік аймақты құру туралы шешімде:

1) арнайы туристік аймақтың атауы;

2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекараларына сәйкес келетін арнайы туристік аймақтардың шартты шекаралары;

3) арнайы туристік аймақты басқару жүзеге асырылатын елді мекен көрсетіледі.

4. Кіру және ішкі туристік ағынды тартудың анағұрлым жоғары әлеуеті бар арнайы туристік аймақ аумағының бөлігі уәкілетті органның және арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйымның бірлескен шешімімен сол аймақтың шекарасы дәл көрсетіле отырып, дамыту аймағы ретінде айқындалуы мүмкін.

5. Бір арнайы туристік аймақ аумағында бір ғана дамыту аймағы жұмыс істеуі мүмкін.

14-2-бап. Арнайы туристік аймақ қатысушылары

1. Туристік қызметті не туристік саламен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі арнайы туристік аймақ қатысушысы ретінде тіркелуге құқылы.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектісі бір уақытта бірнеше арнайы туристік аймақтың қатысушысы бола алады.

3. Арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі ұйым арнайы туристік аймақ қатысушыларын тіркеуді, арнайы туристік аймақ қатысушылары тізілімін жүргізуді, қатысушыны белгілі бір топқа жатқызуды, арнайы туристік аймақ қатысушылары тізілімінен алып тастауды жүзеге асырады.

4. Арнайы туристік аймақ қатысушыларын тіркеу, тізілімін жүргізу, оларды белгілі бір топқа жатқызу, туристік жобаларға ұлттық немесе басым туристік жоба мәртебесін тағайындау және тиісті тізбеге қосу қағидалары арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі ұйыммен келісілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.

5. Арнайы туристік аймақ қатысушылары мынадай топтарға бөлінеді:

1) бірінші топ – ұлттық туристік жобалар тізбесіне енгізілген туристік жобаларды іске асыратын арнайы туристік аймақ қатысушылары;

2) екінші топ – басым туристік жобалар тізбесіне енгізілген туристік жобаларды іске асыратын арнайы туристік аймақ қатысушылары;

3) үшінші топ – туристік қызметті жүзеге асыратын арнайы туристік аймақ қатысушылары;

4) төртінші топ – қызметі тікелей туристік қызмет болып табылмайтын, бірақ туристік саламен байланысты арнайы туристік аймақ қатысушылары.

14-3-бап. Арнайы туристік аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері

1. Арнайы туристік аймақ қатысушылары:

1) тіркеу үшін арнайы туристік аймақты өз бетінше таңдауға;

2) арнайы туристік аймаққа қатысуын (тіркелуін) тоқтатуға;

3) арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі ұйым іске асыратын іс-шараларға қатысуға;

4) арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі ұйымнан туристік көрсетілетін қызметтердің маркетингі, туристік өнімдерді қалыптастыру, осы Заңда көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер алуға;

5) өзі қатысушысы болып табылатын арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі кеңес мүшелерін сайлауға қатысуға, арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі кеңес мүшесі және арнайы туристік аймақты басқарушы лауазымына кандидатураны ұсынуға;

6) осы Заңда айқындалған шарттармен мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқылы.

2. Арнайы туристік аймақ қатысушылары:

1) өздері жүзеге асыратын қызметке қатысты бөлікте ең төменгі туристік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

2) арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі ұйымның уәкілетті өкілдеріне аумаққа және туристік қызметтерді көрсетуге және туристік салаға байланысты көрсетілетін қызметтерге арналған үй-жайларға ең төменгі туристік стандарттардың сақталуын тексеруді жүзеге асыру үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз етуге;

3) тексеру барысында анықталған ең төменгі туристік стандарттарды бұзушылықты арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі ұйымның уәкілетті өкілдерімен келіскен мерзімде жоюға;

4) арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі ұйымға жарналарды арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі ұйым айқындаған тәртіппен төлеуге міндетті.

14-4-бап. Арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйым

1. Арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйымның функциялары:

1) арнайы туристік аймақ қатысушыларын тіркеу;

2) арнайы туристік аймақ қатысушыларының тізілімін жүргізу;

3) арнайы туристік аймақтарды дамытудың стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеу;

4) халықаралық және қазақстандық туристік көрсетілетін қызметтер нарығында арнайы туристік аймақты ілгерілету жөнінде іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

5) өңірдің туристік саласын дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау.

2. Арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйымның арнайы туристік аймақтарды маркетингтік ілгерілету бөлігіндегі функцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады. Арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйымның арнайы туристік аймақтарды басқару, арнайы туристік аймақтар қатысушыларын мемлекеттік қолдау шараларын әкімшілендіру, инженерлік және өзге туристік инфрақұрылымды құруды және дамытуды қамтамасыз ету бөлігіндегі функцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

3. Арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйымның республикалық деңгейдегі функцияларын іске асыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының туристік саланы дамытуға байланысты міндеттерді шешуге жауапты тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органы жүзеге асырады.

4. Арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйымның өңірлік деңгейдегі функцияларын іске асыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары базасында жұмыс істейтін Арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі кеңестер және Арнайы туристік аймақтарды басқарушылар жүзеге асырады.

5. Арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі кеңестер Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палатасы базасында әрбір арнайы туристік аймақ жанында құрылады.

6. Арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі кеңес ашық дауыс беру кезінде тікелей сайлау құқығы негізінде арнайы туристік аймақ қатысушылары үш жыл мерзімге сайлайтын тең құқылы бес мүшеден тұрады,

7. Арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі кеңес мүшелері арнайы туристік аймақ басқарушысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, арнайы туристік аймақ басқарушысының офисі қызметкерлерінің штат санының лимитін айқындайды.

8. Арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі кеңеске мүшелікке кандидатураларды ұсыну, сайлау өткізу, басқарушыны тағайындау тәртібін арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі ұйым айқындайды.



50

Жаңа 4-1-тарау

Жоқ

4-1-тарау. Туристік сертификаттар жүйесі

27-1-бап. Туристік сертификаттар жүйесі туралы жалпы ережелер

1. Туристік сертификаттар жүйесінің жұмыс істеу мақсаттары мыналар: :

1)Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін туристік қызметтерге кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ әлеуметтік туристердің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту болып табылады.

2. Туристік сертификаттар жүйесінің субъектілері мыналар:

1) туристік сертификаттар жүйесінің операторы;

2) туристік сертификаттарды сатып алушылар;

3) туристік сертификаттың бенефициарлары;

4) туристік сертификаттар жүйесінің қатысушылары;

5) уәкілетті банк болып табылады.

3. Туристік сертификаттар жүйесі мынадай операциялардың жүзеге асырылуын:

1) туристік сертификаттар жүйесі операторының туристік сертификаттар шығаруын;

2) туристік сертификаттар жүйесі операторының туристік сертификаттарды сатып алушыларға туристік сертификаттарды сатуын;

3) туристік сертификаттарды сатып алушылардың туристік сертификаттардың бенефициарларына туристік сертификаттарды беруін;

4) туристік сертификаттар бенефициарларының туристік сертификаттар жүйесінің қатысушыларына туристік сертификат номиналына тең құн шегінде туристік көрсетілетін қызметтерді алу үшін туристік сертификаттарды беруін;

5) туристік сертификаттар жүйесі қатысушыларының туристік сертификаттарды оларды өтеу және туристік сертификат номиналына тең ақша қаражатын алу үшін туристік сертификаттар жүйесінің операторына беруін көздейді.

4. Туристік сертификаттар жүйесінің операторы туристік сертификаттарды сатып алушыларға мемлекеттік бюджеттен туристік сертификаттарға сұранысты ынталандыру мақсатында алынған қаражат есебінен, сондай-ақ өзге көздерден алынған ақша қаражаты есебінен туристік сертификат номиналынан кем құны бойынша туристік сертификаттарды сатуды жүзеге асыра алады.

5. Туристік сертификаттардың айналымы құжаттамалық (қағаз) нысанда және құжаттамалық емес (электрондық) нысанда жүзеге асырыла алады
27-2-бап. Туристік сертификаттар жүйесіндегі ақша операциялары

1. Туристік сертификаттар жүйесінің операторының туристік сертификаттарды сатып алушыға туристік сертификатты беруі туристік сертификаттың құны толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

2. Туристік сертификат құнын төлеу уәкілетті банкте туристік сертификаттар жүйесі операторының шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады.

3. Туристік сертификаттарды сатып алушыға берілген туристік сертификаттар айырбастауға және қайтарылуға жатпайды.

4. Туристік сертификаттар жүйесінің операторы туристік сертификаттарды сатып алушылардан алынған ақша қаражатын туристік сертификаттар жүйесінің қатысушылары берген туристік сертификаттарды уақтылы өтеуді қамтамасыз етуді ескере отырып, уәкілетті банкте депозитке орналастыруға құқылы.

5. Туристік сертификаттар жүйесінің қатысушылары туристік сертификаттар жүйесінің операторына не туристік сертификаттарды қабылдауға туристік сертификаттар жүйесінің операторы уәкілеттік берген өзге де тұлғаға туристік сертификаттарды өтеу үшін береді.

6. Туристік сертификаттар жүйесінің операторы не туристік сертификаттарды қабылдауға туристік сертификаттар жүйесінің операторы уәкілеттік берген өзге де тұлға туристік сертификатты алғаннан кейін туристік сертификаттар жүйесінің қатысушысына уәкілетті банктің комиссиясын және туристік сертификаттар жүйесі операторының комиссиясын шегере отырып, туристік сертификаттың номиналына тең құнын төлеуді қамтамасыз етеді.

7. Уәкілетті банк комиссиясының мөлшерін туристік сертификаттар жүйесі операторының келісуі бойынша уәкілетті банк белгілейді.

8. Туристік сертификаттар жүйесінің операторы комиссиясының мөлшерін туристік сертификаттар жүйесінің операторы белгілейді.

27-3-бап. Туристік сертификаттар жүйесінің жұмыс істеуі

1. Туристік сертификаттар жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын уәкілетті орган осы Заңның ережелеріне сәйкес бекітеді.

2. Туристік сертификаттар жүйесінің операторы арнайы интернет-ресурсының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндеттенеді, онда туристік сертификаттар жүйесіне қатысты барлық ақпарат, оның ішінде алда болатын туристік сертификаттарды шығару туралы ақпарат, барлық кірістер мен шығыстар егжей-тегжейлі көрсетіле отырып, туристік сертификаттар жүйесі операторының бюджеті, нормативтік құқықтық актілер және туристік сертификаттар жүйесінің қызметін реттейтін құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

3. Туристік сертификаттардың бенефициарларына туристік сертификаттарды беру шарттарын және тәртібін туристік сертификаттарды сатып алушылар өз бетінше айқындайды.

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет