«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кесте



бет5/7
Дата05.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

4. Туристік сертификаттардың бенефициарлары туристік сертификаттар жүйесінің кез келген қатысушысынан туристік қызметтер алу үшін туристік сертификаттың шыққан күнінен бастап 18 ай ішінде туристік сертификатты пайдалануға құқылы.

5. Туристік сертификат номиналының жетіспеушілігі жағдайында көрсетілетін туристік қызметтердің толық құнын төлеу үшін қалған бөлікті туристік сертификаттардың бенефициары өз бетінше төлейді.

27-4-бап. Туристік сертификаттар жүйесіндегі шектеулер

1. Туристік сертификаттар жүйесінің қатысушылары туристік сертификаттардың бенефициарлары үшін кез келген басқа туристер үшін жасалған жағдайлардан, оның ішінде құны және көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша кем туристік қызметтер көрсету жағдайларын белгілеуге құқығы жоқ.

2. Туристік сертификаттар жүйесінің қатысушылары туристік сертификаттардың бенефициарларынан туристік қызметтерді нақты көрсетпей туристік сертификаттарды алуға, оның ішінде туристік сертификаттардың бенефициарларына туристік сертификаттардың орнына ақша қаражатын беруге құқығы жоқ.

3. Туристік сертификаттардың бенефициарларына туристік сертификаттарды үшінші тұлғаларға сатуға тыйым салынады.



51

28-бап.

28-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.



28-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

1. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.



2. Осы Заңның, туристік сертификаттар жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының және туристік сертификаттар жүйесі операторымен жасасқан шарттың талаптарын бұзған туристік сертификаттар жүйесінің қатысушылары осындай бұзушылық анықталған кезден бастап екі жыл ішінде туристік сертификаттар жүйесіне одан әрі қатысу құқығынан айырылады.




«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы


52

20-баптың жаңа 22-2) тармақшасы

20-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретiне:

...

жоқ


22-2) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен және су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде туристерді және олардың мүлкін, туристік қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерді және адамдардың мүлкін маусымдық орналастыру және болу үшін уақытша құрылыстар мен құрылысжайларға, тұрғын және тұрмыстық үй-жайларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

Су қорғау белдеулерінің жер учаскелерінде маусымдық құрылыстарды және жеңіл сәулет нысандарын салу ға рұқсат алу және оларды келісу рәсімін жеңілдету ұсынылады. Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 130 қаулысымен бекітілген Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарында реттеледі.

Заң деңгейінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде туристерді орналастыру орындарына талаптарды бекітуге уәкілетті органның өкілеттіктері бекітілетін болады. Мұндай талаптарға сәйкес келетін объектілер жеңілдетілген тәртіппен рұқсат және келісу алатын болады.

Тиісті өзгерістер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін болады.

«Ауыр құрылыс материалдарын пайдаланбай, су қорғау жолақтары бар жер уческелерінде маусымдық құрылыстар мен жеңіл сәулет нысандарын (жағалаудағы дәмханалар) салу мүмкіндігін қарастыру.»



(ҚР туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасынан)


«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы



53

1-баптың жаңа 6) тармақшасы

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

6) инвестициялық жоба – концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған өндірісін қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi;

...


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

6) инвестициялық жоба – концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған өндірісін қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi, сонымен бірге Үкіметпен анықталған жағдайларда өндірісті оның іске қосылуынан кейін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені;





54

1-баптың жаңа 17) тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

...


жоқ

17) шикізат және (немесе) материал – бұл инвестициялық жобаның технологиялық процесі арқылы дайын өнімді алуда қолданылатын құрылымдық құраушы (қазбалар, жартылай фабрикаттар, өнімдер, құраушылар және т.с.с.).

...


Заңның 1-бабында осы тұжырымдамасын болмаған жағдайда.«Инвестициялар туралы» Заңның контекстінде терминді бір жақты түсіну үшін ұсынылады

55

13-баптың 1-тармағының жаңа тармақшасы

13-бап. Инвестициялық преференциялардың түрлері

1. Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

1) кедендік баждарды салудан босату;

2) мемлекеттік заттай гранттар.



13-бап. Инвестициялық преференциялардың түрлері

1. Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

1) кедендік баждарды салудан босату;

2) мемлекеттік заттай гранттар.



3) салықтар бойынша преференциялар



56

17-бап

17-бап. Кеден баждарын салудан босату

1. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.

2. Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі.

3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде 5 жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.

Кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтерді пайдалануға енгізген күннен бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі. Егер жұмыс бағдарламасында екі немесе одан көп тіркелген активтерді пайдалануға енгізу көзделетін жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуге кеден баждарын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бірінші тіркелген актив пайдалануға енгізілген күннен бастап жүргізіледі.


  1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешім туралы хабарламаны уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына жібереді.

  2. Жоқ

17-бап. Кеден баждарын салудан босату

1. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің, сондай-ақ, ақырғы тауарды өндіруге арналған жинақтауыштарының, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.

2. Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі.

Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтерді пайдалануға енгізген күннен бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі. Егер жұмыс бағдарламасында екі немесе одан көп тіркелген активтерді пайдалануға енгізу көзделетін жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін әкелуге кеден баждарын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бірінші тіркелген актив пайдалануға енгізілген күннен бастап жүргізіледі.

3. Ақырғы тауарды өндіруге арналған шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баж салудан босату инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.

4. Уведомление о решении, принятом в соответствии с пунктом 2 настоящей статьи, направляется уполномоченным органом в течение пяти рабочих дней органу государственных доходов.



5. Ақырғы тауарды өндіруге арналған толымдаушыларды, шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баж салудан 5 жылдан артық мерзімде босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына инвестициялық жобаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген артықшылықты қызмет түрлерінің тізіміне сәйкес келуі жағдайында ұсынылады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, «еркін қойманың» режимінде жанындағы компенсаторлық жәрдемақы күшiн жою бекітетін тізбеге сәйкес инвестициялық келісім-шарттар шеңберінде әкелінетін технологиялық жабдықтар мен компоненттерден баждарын салудан босату

57

18-4-бап.

18-4-бап. Салықтар бойынша преференциялар

      1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.


      2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
      1) есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
      2) жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
      3) мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.
      3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
      4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.

18-4-бап. Салықтар бойынша преференциялар

1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық келісім-шарт шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.

2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:

1) есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;

2) жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

3) мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;



4) төменде келтірілетін жағдайларға бір уақытта сәйкестікпен, инвестициялық келісім-шарт аясында салық төлеушінің өндірген және өткізетін тауарларын өькізу бойынша айналымдарын қосымша құн салығынан босату:

тауардың инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органмен белгіленген тізімге енгізілуі;

Қазақстан Республикасының аумағында сату күніне қатысты тауарда мұндай тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бірегей нөмірдің көрсетілуі.

5) төмендегі жағдайларға бір уақытта сәйкестікпен инвестициялық келісім-шарт шеңберінде ақырғы тауар өндірісі үшін импортталған жинақтаушылар, шикізат және (немесе) материалдарды қосылған құн салығынан босату:

жинақтаушылар, шикізат және (немесе) материалдардың инвестициялар бойынша уәкілеттендірілген органмен белгіленген тізімге енгізілуі;

жинақтаушылар, шикізат және (немесе) материалдарды әкелудің Кеден одағының кедендік заңнамасымен және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнасамымен қарастырылған құжаттармен ресімделуі.

3. 1)-3) тармақшаларда көрсетілген салықтар бойынша преференциялар тек инвестициялық басым жобаларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.

4. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ 10 жылдан артық емес, егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі) басқа мерзім қарастырылмаса.

5. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің, «еркін қойманың» режимінде жанындағы компенсаторлық жәрдемақы күшiн жою бекітетін тізбеге сәйкес инвестициялық келісім-шарттар шеңберінде әкелінетін технологиялық жабдықтар мен компоненттерден баждарын салудан босату


«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»

2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы

58

8-баптың жаңа 14-4) тармақшасы

8-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi

Уәкiлеттi органның құзыретiне:

...

жоқ


14-4) туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган әзірлеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелерінде ұзақ мерзімдік пайдалануға арналған басым туристік жобаларға қойылатын туристік тартымдылық өлшемшарттарын келіседі;

Аталған түзету туристік жобаларды іске асыратын адамдарды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелеріндегі учаскелерді ұзақ мерзімдік пайдалану құқығымен қамтамасыз ету үшін қажет.

«ЕҚТА мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді пайдалануға арналған басым туристік жобаларға (бұдан әрі – басым туристік жобалар) қойылатын туристік тартымдылық өлшемдерін (бұдан әрі – өлшемдер) әзірлеу.»



(ҚР туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасынан)

59

20-баптың жаңа 3-2-тармағы

20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту

Жоқ


3-2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және оның инфрақұрылымын жоспарлау жобасы (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісуге жатады.

Аталған түзету ерекше қорғалатынучаскелерде туризмді дамыту мақсатында енгізіледі. Қазіргі кезде ЕҚТА жоспарлау жобалары туристік қызметті дамытудың мүмкіндігін толық көлемде ескермейді.

«Өлшемдерге сәйкес туризмді дамыту бөлігінде бас жоспарларды түзету кезінде ұсыныстар енгізе алатын туризм жөніндегі уәкілетті органмен бас жоспарларды келісу, бұл ретте халықты сауықтыруға арналған бальнеологиялық мақсаттағы жобаларды және ЕҚТА мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде іске асыру үшін экологиялық туризмді басымдықпен жүзеге асыруға арналған объектілерді айқындау.»



(ҚР туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасынан)

60

20-баптың жаңа 3-3-тармағы

20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту

Жоқ


3-3. Жүргізуінде ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы қаланың, астананың орталық, жергілікті атқарушы органдары туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның талабы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақты және оның инфрақұрылымын жоспарлау (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары) жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін қамтамасыз етуге міндетті.



61

23-баптың жаңа 4-тармағы

23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң құқықтық режимi

Жоқ


4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді және рекреацияны жүзеге асыру үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін өзге санаттағы жерлерге ауыстыру талап етілмейді.

Аталған түзету ерекше қорғалатынучаскелерде туризмді дамыту мақсатында енгізіледі.

«ЕҚТА аумағында экологиялық туризмді дамытуды жоспарлау. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде ЕҚТА жерлерін өзге санаттағы жерлерге ауыстырмай, функционалдық аймақтарға бөлуді өзертпей, ағаш отырғызу жобасы негізінде ұлттық туристік жобаларды іске асыру.»



(ҚР туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасынан)


«Мемлекеттік сатып алу туралы»

2006 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы


62

1-баптың жаңа тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ


) туристік сертификат – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының белгілі бір сомасына тең номиналы бар, туристік сертификат бенефициарының туристік сертификаттар жүйесінің қатысушысынан Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес шығарылған, туристік сертификат номиналына тең құн шегінде туристік көрсетілетін қызметтерді алуға құқығын растайтын құжат.



63

4-баптың 1-тармағының жаңа 69) тармақшасы

4-бап. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу

  1. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

...

жоқ


69) туристік сертификатты сатып алу.

Туристік сертификаттарды «ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тізбесіне енгізу мақсатында


«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы»

2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы


64

8-баптың 1-тармағы

8-бап. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттары

1. Арнайы экономикалық аймақ жиырма бес жылға дейінгі мерзімге құрылады.



1. Арнайы экономикалық аймақ қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге құрылады.

«Қазақстан Респубикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына келісті АЭА 10 жылға құрылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 10 АЭА құрылды. Сөйтіп, Қазақстанда алғашқы АЭА 2000 жылдар басында құрылған және АЭА қызмет етудің аяғына дейін 15 жылдан кем қалды. Осы жағдай Қазақстанның АЭА потенциалын толық көлемінде жүзеге асыруға рұқсат бермейді.

АЭА даму ұстуының басты пробламасының бірі АЭА инфрақұрылымдар нысаналары құрылыстарының төмен қарқыны болып табылады. Бүгінгі таңда, тек инфрақұрылымның 3 АЖА 100 % дайын. Бұл –«Оңтүстік» АЭА, «Сарыарқа» АЭА, «Бурабай» АЭА. Қалған 7 АЭА бойынша инфрақұрылымдардың құрылысы 2019 жылға қарай аяқталмақ.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген АЭА құру туралы Жарлығына сәйкес, АЭА нысаналы көрсеткіштердің жетуіне және жылдам дамуына маңызды факторы АЭА дайын қажетті инфрақұрылымның бар болғаны болып табылады.

Сөйтіп, АЭА қажетті инфрақұрылымның жоқтығы және АЭА жарамдылықтың қысқа мерзімі инвесторларды тарту және өнеркәсіпті (өндірісті) құру процесін ұстап тұрады.

АЭА инвесторлары үшін жобаның орнын толтырудың үлгілік мерзімі 10-15 жыл құратындықты атап өту қажет. Осыған байланысты, қазіргі тәртіп және қолданыстағы жағдайдың шеңберінде АЭА қажетті инфрақұрылымдарының бар болғаны өндірісті құруға жеке инвесторлар үшін тіпті қызықты емес.

Дүниежүзілік тәжірибе аса табысты әлемдік АЭА (Қытай, Сингапур, БАП) дамуының орташа мерзімі инфрақұрылымның құрылыстары аяқталғаннан кейін 10 жылдан артық құрғанын көрсетеді. АЭА жарамдылық мерзімі Қытайда 99 жыл, БАП 99 жыл, Ресейде 49 жыл құрады.

Отандық АЭА бұдан әрі дамыту және қолайлы инвестициялық климатты жасау мақсатында, АЭА жаңа деңгейге шығаруға және оларды құруға жоспарланған мақсаттарға жетуге рұқсат беретін, АЭА жарамдылық мерзімін 25 жылдан 49 жылға ұзартқаны орынды болады.



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет