Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; №12, 88-құжат; №13, 99-құжат; №15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат, № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат):
1) 69-баптың үшінші бөлiгiнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық және жергілікті бюджеттерді бекітуді және мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың активтерін пайдалануды қоспағанда, қаржы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.»;
2) 184-1-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Республикалық және жергілікті бюджеттерді бекітуді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілердің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджеттік үдерістерді жүзеге асыру кезінде, осы ұйымдардың аудиті нәтижесінде анықталған бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы – заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 356-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік инспекциялардың және мемлекеттік бақылау және қадағалау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік инспекциялардың және мемлекеттiк бақылау және қадағалау, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылу туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша тексеріс, тексеру, түгендеу, сараптама және заңнамада көзделген басқа да іс-әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не бұрыс ақпарат беру – жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 130, 147-9, 172-1, 172-2, 216, 219, 219- 10, 305, 313, 317, 317-1,317-4, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау – жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiшке дейін, лауазымды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге он бес айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 571-баптың 2 тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгінде), 177, 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттiк қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы құқылы.»;
5) 571-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«571-1. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган
1. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 167, 167-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.».
6) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 176 (үшінші бөлігі), 177, 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 184, 184-1 (үшінші және бесінші бөліктерді қоспағанда), 185-баптар);»;
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның (356-бап);»;
елу екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (167, 168-5, 168-8, 176 (екінші, үшінші бөліктері), 177, 177-3, 177-4, 177-5, 184-1 (бесінші бөлігі), 204, 309-5 (бірінші бөлігі), 356-баптар);».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ меншік түріне және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан заңды тұлғалар, бюджетке түсетін түсімдерді қалыптастыруға қатысатын және (немесе) бюджет қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, квазимемлекеттік сектор активтерін, мемлекет және квазимемлекеттік сектор кепілдік берген қарыздарды пайдаланушы, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқаруды және пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрі – аудит объектілері);»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«бұзушылық – бюджетті бекітуді қоспағанда, бюджет процестері жөніндегі, оның ішінде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды жоспарлаумен және пайдаланумен, мемлекет кепілгерліктерін, оның ішінде бюджетті атқару қызметіне байланысты басқа да кепілгерліктерді берумен байланысты қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының бюджет өзге де заңнамасы ережелерінің, сондай-ақ нормативтік, құқықтық, оның ішінде оларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдаған актілердің ережелерінің бұзылуына әкеп соқтырған әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік);»;
12-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12-4) бюджет процесi - мемлекеттiк органдардың бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілікті, бюджеттік есеп пен бюджеттік есептілікті, мемлекеттiк аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген қызметi;»;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) қаржылық есептілік - егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттiк аудит объектілерінің қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтижелері және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат;»;
56-2) тармақша алып тасталсын;
2) 44-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердiң мақсатына сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке аудит және қаржылық бақылау актісіне қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қайтарылуға жатады.»;
3) 46-бап мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау ақпараттық жүйесін қалыптастыру үшін қол қойылғаннан (өзгерістер енгізу, есепті жасау) кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің нәтижелері, олардағы өзгерістер туралы келісімдерді, нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептерді Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне ұсынады.»;
4) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он бірінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, қаржы мониторингі;»;
5) 85-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау ақпараттық жүйесін қалыптастыру үшін қол қойылғаннан кейiн (өзгерістер енгізу) бес жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісінше міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, сондай-ақ, жоғарыда көрсеткен құжаттарға енгізілген өзгерістерді осындай өзгерістердің негіздемелерімен бірге Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетіне ұсынады.»;
6) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын:
«105-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
-
Бюджет қаражатын, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектордың активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру, бюджетті атқару кезінде бұзушылықтар мен жетіспеушіліктердің алдын алу, жолын кесу және айқындау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүзеге асырылады.
-
Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен осыған уәкілеттік берілген органдар тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізеді.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мен олардың қызметкерлерін олардың жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулерді (бақылау, қадағалау) жүргізу үшін мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша тартуға жол берілмейді.»;
7) 120-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына.»;
8) 125-баптың 2,3,4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді.
-
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі аудит жөніндегі органға облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті береді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 124-бабында көзделген есептерді береді.
-
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі аудит жөніндегі органға аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді береді.»;
9) 127-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.»;
10) 129-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есептіден кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі аудит жөніндегі органға облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті береді.»;
11) 130-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:
әкімдік уәкілеттік берген адамдардың облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері атқарылуының аудиті және оларды қаржылық бақылау нәтижелері туралы баяндамасын;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.»;
12) 131-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі аудит жөніндегі органға ұсынады.»;
13) 132-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:
әкімдік уәкілеттік берген адамның аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын;
облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің аудиті және оны қаржылық бақылау туралы нәтижелері туралы баяндамасын;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.»;
14) 7-бөлім алып тасталсын.
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат.; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат.; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат.; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 102, 105-құжаттар; № 15, 106-құжат; №18, 144-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат):
1) 557-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын:
«5-1) сыртқы мемлекеттік аудит органдарына сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде қажет мәліметтер бөлігінде.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының cалықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жетімділігі бар лауазымды адамдарының тiзбесiн Есеп комитеті бекітеді.
Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесі мен оларды Есеп комитетіне және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларына ұсыну тәртібін уәкілетті органмен бірлесе отырып, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бекітеді.».
4. 1997 жылғы 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 94-құжат; 1999 ж., № 12, 398-құжат.):
1) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Республика Президентi, Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң мүшелерi, Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, Бас Прокуроры, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы және мүшелері, сондай-ақ Мемлекеттiк хатшы, Президент Әкiмшiлiгiнiң және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшылары, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Парламенттегi өкiлдерi тұрақты комитеттердiң ашық та, жабық та өткiзiлетiн кез келген отырыстарына қатысуға құқылы және өз сөздерiн тыңдатуға құқығы бар.».
-
1998 жылғы 20 қарашадағы «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат):
1) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілер өз қызметіне қаржылық есептілік аудиті жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат береді.».
6. 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
1) 8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, оны өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржы бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық қорытындылар және нұсқамаларды қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұрады.».
7. 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжат; № 15, 92, 95-құжат; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақтың 9-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2) мемлекеттік аудит объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісім бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын қызметке бес жылға тағайындау, сондай-ақ оны қызметтен босату жатады.»;
2) 21-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-2-бап. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
1. Мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.»;
3) 2-1-тарау алып тасталсын.
8. 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат.; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат:
1) 1-баптың 16) тармақшасы алып тасталсын;
2) 1-баптың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«34) нұсқама – уәкілетті органның, анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал етуші себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілік шараларын қолдану үшін бақылау (аудит) объектілеріне жіберетін, орындау үшін міндетті актісі;»;
3) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуетті өнім беруші табыс ететін біліктілік талаптары бойынша ақпараттың дұрыстығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген кезеңінде анықтауы мүмкін.»;
4) 14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік аудит органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;»;
5) 15-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектілеріне осы баптың 2-тармағында көрсетілген бір мезгілде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері болып табылатын адамдар жатады.
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бақылау (аудит) объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны туралы ақпарат келіп түскенде;»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бақылау (аудит) объектісіне орындауға міндетті аудиторлық нұсқама жібереді;»;
7-тармақ алып тасталсын;
8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау (аудит) объектісінің қылмыс құрамы белгілері бар іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасасу фактісі анықталған кезде, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.
9. Мемлекеттік аудит және қаржы органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.».
9. 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» №377-IV Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжат; № 3, 21, 25, 27-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 10-баптың 2-тармағының төртінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары құқықтық статистика органдарында мемлекеттік аудит объектілерін, оның түрін және мерзімін көрсете отырып, тіркейді.»;
2) 12-баптың 3-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттердің жоспарлау және атқару мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының және өзге нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;»;
10. 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжат; № 4, 30, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуына бақылауды тиісті салалардың уәкілетті органдары мен облыстық әкiмшіліктердің аппараттары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтері жүзеге асырады. Мемлекеттік мүліктің сақталуына бақылауды өзге мемлекеттік қаржылық бақылауоргандары да жүзеге асыруы мүмкін.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Достарыңызбен бөлісу: |