№ исх: 12-3/840 от: 23.07.2013
|
Жоба
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642 құжат; № 23, 929 құжат; 2000 ж., № 3-4, 66 құжат; № 10, 244 құжат; № 22, 408 құжат; 2001 ж., № 23, 309 құжат; № 24, 338 құжат; 2002 ж., № 10, 102 құжат; 2003 ж., № 1-2, 7 құжат; № 4, 25 құжат; № 11, 56 құжат; № 14, 103 құжат; №15, 138, 139 құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16 құжат; № 5, 25 құжат; № 6, 42 құжат; № 16, 91 құжат; № 23, 142 құжат; 2005 ж., № 21-22, 87 құжат; № 23, 104 құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25 құжаттар; № 8, 45 құжат; № 11, 55 құжат; № 13, 85 құжат; 2007 ж., № 3, 21 құжат; № 4, 28 құжат; № 5-6, 37 құжат; № 8, 52 құжат; № 9, 67 құжат; № 12, 88 құжат; 2009 ж., № 2-3, 16 құжат; № 9-10, 48 құжат; № 17, 81 құжат; № 19, 88 құжат; № 24, 134 құжат; 2010 ж., № 3-4, 12 құжат; № 5, 23 құжат; № 7, 28 құжат; № 15, 71 құжат; № 17-18, 112 құжат; 2011 ж., №2, 21, 28 құжат; №3, 32 құжат, № 4,37 құжат; №5, 43 құжат; №6, 50 құжат; №16, 129 құжат; №24, 196 құжат; 2012 ж., № 1, 5 құжат; №2, 13, 15 құжаттар; № 6, 43 құжат; №8, 64 құжат; № 10, 77 құжат; №11, 80 құжат; № 20, 121 құжат; № 21-22, 124 құжат; 2013 ж., № 4, 21 құжат; 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2013 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған.):
1) 897-бап мынадай редакцияда жазылсын:
««897-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының нысаны
1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс.
Қазақстан Республикасында тіркелген өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді, тауар таңбаларын қамтитын кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге, тауар таңбаларына қатысты бөлігінде патент органында (ұйымында) тіркелуге тиіс.»;
2) 972-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сәулет, қала құрылысы, безендіру және бау-саябақ өнерi туындылары;»;
3) 978-бапта:
2-тармақтың бір бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Автордың туындыларын пайдалануға айрықша құқықтары мына iс-әрекеттердi жүзеге асыруға, жүзеге асыруға рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқығын білдіреді»;
3-тармақ алып тасталсын;
4) 986-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орындалған туынды авторларының құқықтары сақталған жағдайда орындаушы осы тарауда және Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтарды жүзеге асырады.»;
5) 991-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешім құқықтық қорғау берiлетiн пайдалы модель болып танылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Патент алу құқығы туындайтын өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге қойылатын талаптар, оларды мемлекеттiк уәкiлеттi органының (бұдан әрi - патенттiк органның (ұйымның) беру тәртiбi Заң актiсiмен белгiленедi.»;
6) 992-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«992-бап. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдалану құқығы
-
Өнiмдi қорғалған шешiмдердi қолдану арқылы өндiру, патентпен қорғалған технологиялық процестердi өз өндiрiсiнде қолдану, қорғалған шешiмi бар бұйымдарды сату немесе сатуға ұсыну, тиiстi бұйымдарды импорттау құқықтарын қоса алғанда, патент иесiнiң патентпен қорғалған өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығы болады.
-
Осы Кодекске немесе басқа заң актiлерiне сәйкес патент иесiнiң құқықтарын бұзу болып табылмайтын пайдалану жағдайларын қоспағанда, басқа адамдардың өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi патент иесiнiң рұқсатынсыз пайдалануға құқығы жоқ.
3. Патенттелген өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi қолданып жасалған бұйымдарды рұқсатсыз жасау, қолдану, импорттау, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзгедей енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ өнертабысқа патентпен қорғалатын әдiстi қолдану немесе тiкелей өнертабысқа берiлген патентпен қорғалатын әдiс арқылы дайындалған бұйымды азаматтық айналымға енгiзу не осы мақсатпен сақтау патент иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылады.
Өзгеше дәлелденбейiнше бұйым патенттелген әдiспен жасалған болып саналады.»;
7) 993-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«993-бап. Патентке берiлетiн құқыққа билiк ету
Патентті алуға құқық, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, патенттi иеленуге құқық және патенттен туындайтын құқықтар басқа тұлғаға толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн.»;
8) 994-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторына авторлық құқық берiледi.»;
9) 996-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«996-бап. Қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер
Қызметкер өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындаған кезде жасаған өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге (қызметтiк өнертабыс) берілетін патентке құқықты, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушi иеленедi.»;
10) 998-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«998-бап. Патенттiң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы
-
Қазақстан Республикасының аумағында өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге уәкiлеттi орган берген патент қолданылады.
-
Шет мемлекет немесе халықаралық ұйым берген патенттер, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда қолданылады.
3. Егер белгiленген тәртiпте мәлiмденген шешiм тиiсiнше өнертабыстарға, пайдалы модельдерге немесе өнеркәсiптiк үлгiлерге Қазақстан Республикасының заң актiлерi қоятын талаптарға сай келсе, шетелдiк азаматтар мен шетелдiк заңды тұлғалар немесе олардың құқықтық мирасқорлары Қазақстан Республикасында өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгіге патент алуға құқылы.»;
11) 999-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«999-бап. Патенттiң қолданылу мерзiмi
1. Патент патенттiк органға (ұйымға) өтiнiм түскен күннен бастап қолданылады және заң актiлерiнде белгiленген талаптар сақталған жағдайда:
1) өнертабысқа патент - жиырма жыл бойы; қолданылуына заңда белгіленген тәртіппен рұқсат қажет етілетін дәрі-дәрмекке, пестицидке немесе агрохимикатқа жататын өнертабысқа ерекше құқықты және осы құқықты куәландыратын патенттің қолдану мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек.
Көрсетілген мерзім өнертабысқа патент беру күнінен бастап бес жылды есепке алмастан, өнертабысты қолдануға алғашқы рұқсатты алған күнге дейін ұзартылады.
2) пайдалы модельге патент - бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек;
3) өнеркәсiптiк үлгiге патент - он бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек.
2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау патент органына (ұйымына) өтiнiм келiп түскен күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау патент берiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент беруден бас тартылған жағдайда қорғауға алынбаған болып есептеледі.
3. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң басымдығы заң актiлерiнде көзделген тәртiппен айқындалады.
4. Патенттің қолдану мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ ерекше құқықтың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгі қоғамның игілігіне ауысады.
5. Қоғамның игілігіне ауысқан өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні кез келген адам оған ешкімнің келісімінсіз немесе рұқсатынсыз және пайдаланған үшін сыйақы төлеместен еркін пайдалана алады.»;
12) 1000-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1000-бап. Патенттік құқықты беру туралы шарт
Патенттi беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуы тиiс және патенттiк органда (ұйымда) тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.»;
13) 1003-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1003-бап. Патентті бұзғаны үшін жауапкершiлiк
Патент иесiнiң талабы бойынша патенттi бұзу тоқтатылуы тиiс, ал оны бұзушы патент иесiне өзi келтiрген залалдарды өтеуге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабы). Патент иесi келтiрiлген залалдың орнына тәртiп бұзушыдан өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi заңсыз пайдалану нәтижесінде алған кiрiстi өндiрiп алуға құқылы.»;
14) 1004-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi басымдық алған күнiнен кейiн, бiрақ өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптік үлгiге патент беру туралы мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн адал ниетпен пайдалана бастаған тұлға патент иесінің талап етуi бойынша одан әрi пайдалануды тоқтатуға мiндеттi. Алайда мұндай тұлға патент иесiне өзiнiң осындай пайдалануы салдарынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi емес.».
Достарыңызбен бөлісу: |