Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №11 баспас ө зрелизі



Дата25.02.2016
өлшемі40.38 Kb.
#19138



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

11 Б А С П А С Ө З Р Е Л И З І




Қаржы нарығындағы ахуал туралы
2015 жылғы 5 ақпан Алматы қ.
Инфляция

2014 жылдың қорытындылары бойынша жылдық инфляция 7,4%-ды, 2013 жылы 4,8%-ды құрады. 2014 жылы инфляция деңгейінің өсуі бірнеше факторларға байланысты болды: 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта 2014 жылғы ақпанда ұлттық валютаның айырбастау бағамын түзетуге және оған байланысты импортталатын тауарлардың қымбаттауына, сондай-ақ маусымдық факторларға байланысты болды. 2014 жылғы екінші жартыжылдықта инфляциялық аяның сақталуы 2014 жылғы тамызда ішкі нарықта бензин мен дизель отыны бағасының өсуіне, сондай-ақ табиғи монополиялар кәсіпорындарының қызметтеріне бағалардың өсуіне байланысты орын алды. Ұлттық Банк инфляцияны 5-8% мақсатты дәлізде сақтау бойынша шаралар қабылдауды жалғастырады.



2014 жылғы 9 айдағы төлем балансы және жалпы сыртқы борыш

2014 жылғы 9 айдың нәтижелері бойынша ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы шамамен 5,2 млрд. АҚШ долларын немесе ІЖӨ-нің 3,6%-н құрады.

2014 жылғы 9 айда ағымдағы операциялар шотының 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы түрде жақсаруы тауарлар импортының айтарлықтай жоғары қарқынмен қысқаруы нәтижесінде сауда балансы профицитінің 30,0 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғаюы есебінен болды. 2014 жылғы 9 айда тауарлар экспорты 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға төмендей отырып, 61,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Тауарлар импорты 14,4%-ға 31,8 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды.

ШТИ-дың Қазақстанға жалпы әкелінуі 2014 жылғы 9 айда 19,2 млрд. АҚШ долларын құрады. 2014 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанға жинақталған ШТИ қорлары 125,2 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 2014 жылғы 30 қыркүйекте 155,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан Республикасы сыртқы борышының құрылымында «Банктер» секторының үлесі 7%-ды (10,6 млрд. АҚШ доллары) құрады.
Айырбастау бағамы

Қазіргі уақытта теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы тұрақты болып қалуда, оның 2014 жылғы ақпанның ортасынан бастап аяғына дейінгі ауытқулары 1 АҚШ доллары үшін 180,87-184,95 теңгені құрады. 2014 жылғы желтоқсанның аяғында Ұлттық Банктің ресми бағамы 1 АҚШ доллары үшін 182,35 теңге болды.


Депозит нарығы

Резиденттердің банктердегі депозиттерінің көлемі 2014 жылы 15,9%-ға 11 694, 0 млрд. теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер 17,7%-ға 5 197,7 млрд. теңгеге төмендеді, шетел валютасындағы депозиттер 72,2%-ға 6 496,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Халықтың банктердегі салымдары (резидент еместерді есептегенде) 2014 жылы 12,5%-ға 4 438,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2014 жылы 7,2%-ға ұлғайып, 12 106,1 млрд. теңге болды. Оның 14,8%-н немесе 1 787,8 млрд. теңгені шағын бизнеске берілген кредиттер құрайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 7,9%-ға 8 565,5 млрд. теңгеге дейін, шетел валютасындағы кредиттер көлемі 5,5%-ға 3 540,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2014 жылғы желтоқсанда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 70,3%-дан 70,8%-ға дейін көтерілді.
Елдің халықаралық резервтері және ақша агрегаттары

2014 жылы Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 17,0%-ға 28,9 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды, бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 6 айын құрайды.

Ұлттық қордың активтері 2014 жылы 3,9%-ға ұлғайып, алдын ала деректер бойынша 73,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

2014 жылы Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері 7,3%-ға 102,5 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Ақша базасы 2014 жылы 20,8%-ға кеңейіп, 3 413,6 млрд. теңгені құрады. Ақша базасының кеңеюіне негізінен таза халықаралық резервтердің ұлғаюы ықпал етті.

2014 жылы ақша массасы банк жүйесінің сыртқы, сол сияқты ішкі активтерінің өсуі есебінен 10,5%-ға 12 816,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ақша мультипликаторы 2014 жылы тіркелген ақша базасының кеңею қарқынының ақша массасының өсу қарқынымен салыстырғанда асып кетуі салдарынан 2013 жылғы желтоқсандағы 4,10-нан 2014 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша 3,75-ке дейін төмендеді.


Банк секторы

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР банк секторын 38 банк құрайды. Банк секторының жиынтық активтері 2014 жылы 18 239,3 млрд. теңгені құрай отырып, 17,9%-ға ұлғайды.

Банк секторының жиынтық міндеттемелері 2014 жылы 15 879,6 млрд. теңгеге дейін 18,7%-ға ұлғайды. Банктердің міндеттемелері құрылымында бұрынғыша клиенттердің салымдары басым, олардың үлесі 71,5% болады.

Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың үлесі банктердің жиынтық несие портфелінің 23,5%-ын құрады (2014 жылғы 1 қаңтарға – 31,2%).


Сақтандыру секторы

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру секторын 34 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2015 жылғы 1 қаңтарда 613,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы 1 қаңтардағы осындай көрсеткіштен 17,2%-ға көп.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары міндеттемелерінің сомасы 326,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы 1 қаңтардағы осындай көрсеткіштен 21,3%-ға көп.


Зейнетақы жүйесі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2013 жылғы маусымда Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. 2014 жылы кірістілік 6,3%-ға жетті.



Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2014 жылдың басынан бері 784,4 млрд. теңгеге (21,1%) ұлғая отырып, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4 517,8 млрд. теңгені құрады.
Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 2704 639, +7 (727) 2704 585; +7 (727) 3302 497, e-mail: press@nationalbank.kz, www.nationalbank.kz.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет