ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ
№ 7 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2010 жылғы 18 наурыз
Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының
ең аз мөлшері туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысына (бұдан әрі - № 63 қаулы) сәйкес уәкілетті ұйымдар үшін жарғылық капиталдың мөлшерін одан әрі ұлғайту көзделеді. 2010 жылғы 1 сәуірден бастап уәкілетті ұйымның жарғылық капиталының ең аз мөлшері 5 миллион теңгеге дейін және әрбір жаңадан ашылатын айырбастау пункті үшін қосымша 1 миллион теңгеге ұлғайтылуы тиіс. Осы қаулы қызметiнiң айрықша түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық тұрақтылығын нығайту және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қабылданды.
Осы № 63 қаулы күшіне енгеннен кейін айырбастау пункттерінің желілерін аймақтық бөлуге талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау нәтижелері негізінде ауылдық жерлерде және шекара маңындағы аймақтарда айырбастау пункттерінің жабылуын болдырмау мақсатында 2010 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 6 қаулысы (бұдан әрі - № 6 қаулы) қабылданды.
№ 6 қаулыға сәйкес жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін ұлғайтуға уәкілетті ұйымның және оған тиесілі айырбастау пункттерінің орналасқан жеріне байланысты сараланған тәсіл қолданылды.
2010 жылғы 1 сәуірден бастап облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында орналасқан уәкілетті ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері бойынша талаптар арттырылды (3 – 5 миллион теңгеге дейін). Басқа қалаларда және елді мекендерде орналасқан уәкілетті ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне талаптар өзгеріссіз – 3 миллион теңге мөлшерінде қалады.
Уәкілетті ұйымдар облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында орналасқан қосымша айырбастау пункттерін ашқан кезде олардың ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталы әрбір жаңадан ашылатын айырбастау пункті үшін 1 миллион теңгеге ұлғаюы тиіс. Уәкілетті ұйымдардың басқа елді мекендерде ашaтын айырбастау пункттері үшін жарғылық капиталының мөлшері өзгеріссіз қалады – ол әрбір қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін 600 мың теңгеге ұлғаюы тиіс.
№ 6 қаулы 2010 жылғы 27 наурыздан бастап күшіне енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |