Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі №147 Қаулысы



бет1/3
Дата11.06.2016
өлшемі177 Kb.
#127826
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.01.2015 14:00:33
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 Қаулысы

 

Нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

 

Қазақстан Республикасының



Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

147 қаулысына



қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 115 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4681 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы мамыр-маусымда жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысының 13-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған).

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4847 тіркелген).

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5156 тіркелген).

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 192 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5443 тіркелген).

7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 шілдедегі № 137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5748 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 4 қыркүйекте № 134 (1557)), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жылы № 9 жарияланған).

8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 тіркелген).

9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнің 10-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 26 тамыздағы № 14 және «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған).

10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556 тіркелген).

11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7661 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 тамызда № 516-521 (27594) жарияланған).

12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 379 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) жарияланған).

 

Қазақстан Республикасының



Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

147 қаулысымен

бекітілген

 


Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін

(уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері

қағидалары

 

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) банк және өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан (бұдан әрі - лицензия) айыруға байланысты банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі - ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау тәртібі, ұйымның жұмыс тәртібі және ұйымның уақытша әкімшілігінің өкілеттіктері айқындалады.

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1) уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарушы) - уәкiлеттi орган мүліктiң сақталуын қамтамасыз ету және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн тағайындайтын орган (бұдан әрі - уақытша әкiмшiлiк);

2) уақытша әкiмшiлiктiң басшысы - уәкiлеттi орган Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз қызметкерлерінің қатарынан не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан тағайындайтын адам;



3) уақытша әкiмшiлiктiң мүшесi - уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің қатарынан не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан, уақытша әкiмшiлiктiң жұмысына қатысу үшiн тағайындайтын адам.

 

 

2. Уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі және оның құрамы



 

2. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi органның шешiмiмен тағайындалады.

Уақытша әкiмшiлiк ұйымның лицензиядан айырылған күнінен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңге тағайындалады.

3. Уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінде:



1) ұйымның толық әрі қысқартылған атауы;

2) уәкілетті органның ұйымды лицензиясынан айыру туралы шешімінің күні және нөмірі;

3) уақытша әкімшіліктің қызмет ету мерзімі;

4) уақытша әкімшілік басшысының және мүшелерінің, олардың лауазымдарын көрсете отырып, тегі, аты, болса әкесінің аты;

5) уәкілетті органның уақытша әкімшілікке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау туралы тапсырмалары көрсетіледі.

4. Уақытша әкімшіліктің құрамын ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің болуына, сондай-ақ алдағы жұмыс сипатына және көлеміне қарай уәкілетті орган айқындайды.



Уақытша әкімшілік басшысы және мүшелері уақытша әкімшіліктің құрамына уәкілетті органның қызметкерін тағайындау жағдайын қоспағанда, олардың келісімімен тағайындалады.

Уақытша әкімшіліктің құрамына кіретін, уәкілетті органның, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері болып табылатын адамдар уақытша әкімшіліктегі қызметінің барлық кезеңіне негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерді орындаудан босатылады.

Көрсетілген кезеңде оның жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген өзге де төлемдер сақталады.

Уақытша әкімшілік басшысы болып Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, жоғарғы экономикалық не заңгерлік білімі және қаржы ұйымдарында жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады. Уақытша әкімшілік басшысы болып уәкілетті органның, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметкері тағайындалған жағдайда қаржы ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болуы талап етілмейді.

Басшының жазбаша тапсырмасы бойынша уақытша әкімшілікке оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру, сондай-ақ уақытша әкімшілік қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін көмек көрсету қажеттігі туындаған уәкілетті органның қызметкерлері ұйым иеленген үй-жайларға кіруге және уақытша әкімшіліктің басқаруындағы құжаттарға рұқсат беріледі.

5. Уақытша әкiмшiлiктiң құрамына:



1) ұйымның қызметкерлері, оның iшiнде ұйымның, оның филиалдарының, өкілдіктерінің және еншiлес ұйымының басшылары, басқару органы мен атқару органына кiретiн адамдар, сондай-ақ бас бухгалтер, ревизиялық комиссия басшысы (ревизор) және ұйымның iшкi аудит қызметiнiң басшысы;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйыммен үлестес тұлға;

3) Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, ұйымның кредиторы болып табылатын адам;



4) ұйым алдында берешегi бар адам;

5) соңғы жыл iшiнде қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам;

6) уәкiлеттi орган лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдағанға дейiн бiр жылдан артық емес кезең iшiнде қаржы ұйымында жұмыс iстеген адам кірмейді.

6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің уақытша әкімшілігінің құрамына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері кіреді. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өкілдері кіреді.



 

 

3. Уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері



 

8. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi орган оны тағайындаған күнi өз мiндеттерiн орындауға кiрiседi. Уәкiлеттi органның ұйымды лицензиясынан айыру және уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмдерiнiң көшiрмелерiн уақытша әкiмшiлiк ұйымның басшысына қол қойдырып тапсырады.

Уақытша әкімшілік тағайындалған күні ұйымда Банктер туралы заңның 62-бабына, Сақтандыру туралы заңның 55-1-бабына сәйкес тағайындалған ұйымды басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жұмыс істеген жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айыруға байланысты тағайындалған уақытша әкімшілік тағайындау туралы бұйрығы ұйымды басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің басшысына (басшының орынбасарына) қол қойдырып тапсырылады.

Уәкiлеттi органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмдерін қол қойдырып тапсыруға мүмкін болмаған кезде уақытша әкімшілік бұл туралы акт жасайды және уәкілетті органға хабарлайды. Уәкiлеттi органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмдері жөнінде ұйым басшысына хабарлау Қағидалардың 16-тармағының 3) тармақшасында көзделген шараларды жүзеге асыру арқылы жеткізіледі.

Ұйым басшысының (оның орнындағы адамның) болмағаны немесе оның уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмдерімен танысып шығудан бас тартуы уақытша әкімшілікке ұйымның үй-жайына кіруге, мүлкі мен құжаттамасын көруге кедергі жасамаса, уақытша әкімшілік уәкілетті органның оны тағайындау туралы шешімінде көрсетілген күні өз міндеттерін орындауға кіріседі.

Ұйымның басшысы (оның орнындағы адам) немесе өзге де адамдар уақытша әкімшілік жұмысына кедергі жасайтын болса, Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында белгіленген іс-қимылдар жүзеге асырылады.

9. Уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшіліктің жұмысын басқарады және үйлестіреді, мүлкін сақтауды және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады, уақытша әкімшілік мүшелерінің арасында міндеттерді бөледі.

Міндеттерді бөлуді уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшілік мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығару және олардың өкілеттіктерін бекіту арқылы жүзеге асырады.

Уақытша әкімшілік басшысы болмаған жағдайда оның міндеттерін басшы уақытша әкімшілік мүшелерінің қатарынан тағайындаған оның орынбасары атқарады.

10. Уақытша әкімшілік ұйым басшысынан және өзге адамдарынан уақытша әкімшілік қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайтын ұйымның, оның ішінде ұйымның филиалдары мен өкілдіктері бойынша барлық мөрлерін, мөртабандарын, клише мен пломбаларын дереу өткізуін талап етеді.



Органдар, ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары), акционерлері және уақытша әкімшіліктің өзге адамдары ұйымның мөрлерін және (немесе) мөртабандарын бермеген жағдайда уақытша әкімшілік мөрлерді және (немесе) мөртабандарды бермегендігі туралы акт жасайды және екі жұмыс күні ішінде мөрдің (мөрлердің) телнұсқасын жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Қажетіне қарай мөртабанның (мөртабандардың) телнұсқасы жасалады.

Уақытша әкімшілік мөрдің телнұсқасын әзірлеген күннің алдындағы жұмыс күнінен кешіктірмей, мөрдің телнұсқасының және мөрдің телнұсқасы бедерлемесін әзірленгендігі туралы уәкілетті органға хабарлама жібереді.

11. Уақытша әкімшіліктің жұмыс жасау мерзімі аралығында ұйымның мүлкімен келісім жасауға және жүргізуге, оның ішінде кезкелген нысандағы берешекті өтеуді қоса алғанда, ұйымның міндеттемелерді орындауына, ыңғайлас біркелкі талаптардың сынағын жүзеге асыруға, ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауға байланысты мәмілелерді жасауға заңнамамен көзделген жағдайлардағы және лицензиядан айырылған күнге дейін туындаған міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға жол берілмейді.



Уәкілетті орган бақылайтын және қадағалайтын функцияларды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкімшіліктің қызметін тексеруді жүзеге асырады.

12. Уақытша әкімшілік шығындарды барынша төмендету мақсатында уәкілетті органға хабарлама жібере отырып, ұйымның мүлкін жалға береді.



Мүлікті жалға бергеннен түскен ақша ұйымның банктік шотына аударылады.

Уақытша әкімшілікпен жасалған жалға беру шартын жасау уақытша әкімшіліктің алғашқы талап етуі бойынша мүлікті босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті жалға беру (қосалқы жалдау) мүмкін еместігіне кедергі жасауға шектеулер қоюға жалға берушінің келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.

Уақытша әкімшілік жалға алушыны таңдауды тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 тіркелген) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату қағидаларының 84-2, 84-3,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет