Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



Дата15.06.2016
өлшемі29.79 Kb.
#138030

Зейрденова Ә.Б., “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” мемлекеттік мекемесі Қарағанды филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы;
Алаяқтардың (пластикалық) құрбаны болмау үшін не істеу керек.

Қазақстандағы төлем карточкаларының дамуы облыстың төлем жүйелерінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Төлем карточкаларының нарығы қаржы секторының болашақ бағыттарының бірі бола отырып, шұғыл және тиімді қарқынмен дамуды одан әрі жалғастыруда.

Бүгінде нарық қызмет көрсетудің түр-түрін көрсетеді және түрлі карточкалық бағдарламалардың әжептәуір саны ұсынылды. Қазіргі жағдайда оның динамикалық жағдайда дамуын атап өту қажет: пластикалық карталардың эмиссиясы дамуда, айналымдар және карталық шоттар бойынша қалдықтар өсуде, оларды пайдалана отырып, қызмет көрсетулердің жиынтығы кеңейтілуде. Қазақстанның көптеген тұрғындары қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүргізуде тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізушілердің пайдасына қарай төлем карточкаларын қолдануды артық көреді.

Пластикалық карточкалар біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болып танылып, әрбір жанұяның әдеттегі төлем құралы болып табылады.

Банктік кредиттік карточкалардың тез таратылуы, олардың есеп айырысулардың құралына айналуы, тұрғындардың арасында таратылуының өсуі есеп айырысудың бұл түрінің тиімділігінің куәсі болады және қазіргі заманғы адамның атрибуты болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы карточкалардың санының өсуіне, төлем карточкаларын қабылдайтын сауда кәсіпорындарының және сервистердің өсуіне байланысты төлем карточкаларын қолданатын айлакерлік операциялардың саны да өседі деп болжанылуда. Кредиттік карточкалардың нарығы да бұл жағдайда ерекше болып қалмайды.

Төлем карточкаларының болуының бір басымдылығы қауіпсіздігі болып табылады, яғни сіз карточкаңызды жоғалтатын болсаңыз, сізден оны ұрлап алған жағдайда немесе өрт болған жағдайда жанып кетсе, сіз ештеңе жоғалтпайсыз, өйткені карточка PIN-кодпен қорғалған және сіздің ақшаңызды сақтайтын сейф тәрізді болады. Пластикалы картамен бірге сізге тәулік бойы сервистік қызметтердің және карта жоғалған жағдайда оларды оқшаулау үшін банктің телефондары беріледі. Банкке телефон арқылы карточканың жоғалғаны туралы хабарлай отырып, сіз карточкаңызды оқшаулайсыз және оны ешкім қолдана алмайтын болады. Карточкаңыз жоғалған жағдайда, банк сізге 1-2 күннің ішінде ақшаңызды береді немесе жаңа карточка береді.

Пластикалық картаны пайдаланушылар олардың сақталуын есте сақтағаны абзал.

Теория жүзінде әрбір карточка рұқсатсыз қатынаудан PIN-кодпен қорғалған. Бірақ, алаяқтардың оны есептеп шығаруы қиынға соқпайды. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар орын алуда. Егер алаяқтарға сіздің картаңыздың нөмірі, PIN-коды, картаның деректері белгілі болса немесе магнит жолақтың көшірмесі болса, олардың сіздің картаңызды қолдана алатындығын естен шығармаған жөн. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, алаяқтықты азайту мақсатында төмендегі ұсыныстарды есте сақтауды сұраймыз:

- қойын кітапшасына немесе карточканың екінші жағына PIN-кодты жазуға болмайды,

- Картаңызды ешқашан басқа біреуге бермеңіз;

- Картаңызды қараусыз қалдырмаңыз, машинада, мейрамхана столында және басқа жалпыға бірдей жерлерге;

- ешқашан телефонмен өзіңіздің картаңыздың нөмірін бермеңіз, сіздің сөзіңізді неше адам еститінін білмейсіз ғой.

- Карточкаңыздың нөмірі көрсетілген чектердің, билеттердің және басқа құжаттардың көшірмелерін жойып тастаңыз;

- Адам жоқ жердегі автоматты немесе керісінше адам көп жиналған жердегі автоматты қолданбауға тырысыңыз;

- терілген PIN-кодты бөгде адамдарға көрсетпеңіз, әйтпесе карточкаңыздың жоғалғанын және карточкаңыздың шотынан ақшаңыздың жоғалғанын көресіз.

- PIN-кодты теруде қателеспеңіз, кодты үш рет қате терген жағдайда банкомат сіздің картаңызды ұстап қалады;

- Банкоматтан барлығын алдыңызба тексеріңіз. Операция аяқталғаннан кейін сізде карточка, ақша, жүргізілген операцияның көшірмесі болуы керек. Егер бірдеңе жетпесе және банкомат сізге ешқандай қосымша ақпарат бермесе, сіз алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін.

- Банкоматтан алынатын операциялардың қорытындысының көшірмесін үнемі сақтап жүріңіз. Ол алынған ақшаның есебін жүргізуге және шотыңыздың есебінен ақшаның шығарылуын бақылауға қажет болады.



Осы ұсыныстар пластикалық карталарды қолдануда алаяқтықтың алдын алуға пайдасы тиеді деп сенеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет