39 Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер
Аталған бөлім ластануды жою, яғни ғимараттар, жерлер, топырақтар, жер үсті және жер асты суларын тазарту бойынша көрсетілген қызметтерді ұсыну кіреді.
39.0 Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер
39.00 Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін де қызметтер
39.00.0 Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін де қызметтер
Бұл ішкі класқа:
- мысалы механикалық, химиялық немесе биологиялық әдістерді пайдалана отырып, жұмыс орнында, сондай-ақ одан тыс жерлердегі ластанған жерлердегі топырақты және жер асты суларын зарарсыздандыру
- ядролық қондырғыларды қоса алғанда, өнеркәсіптік объектілерді зарарсыздандыру
- апаттың нәтижесінде ластанған соң жер үсті суларын залалсыздандыру және тазарту, мысалы, ластағыштарды жинау немесе соған сәйкес химиялық заттарды пайдалану арқылы
- жағалау аймақтарын қоса алғанда, мұнай құйындыларын және жердегі, жер үсті суларындағы, теңіздер мен мұхиттардағы өзге де ластануларды тазарту
- асбестті, қорғасын бояуларын және өзге де уытты материалдарды бейтараптау
- көмір шахталары қызметтерінің салдарларын жою (топырақ шөккеннен кейін пайда болған қыртыстарды, көлдерді, батпақтарды жою) бойынша жұмыстар
- ластанумен күресудің өзге де арнайы шаралары кіреді
Бұл ішкі класқа:
- ауыл шаруашылығында өсімдіктерді зиянкестерден қорғау, (01.61.1 қараңыз)
- сумен жабдықтау үшін суды тазарту, (36.00.0 қараңыз)
- қауіпсіз қалдықтарды өңдеу және жою, (38.21.0 қараңыз)
- қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою, (38.22.0 қараңыз)
- көшелерді сыпыру және су себу кірмейді, (81.29.0 қараңыз)
Аталған секция азаматтық насындағы ғимараттар мен объектілер құрылысы бойынша жалпы құрылыстық және арнайы құрылыстық жұмыстарды қамтиды. Бұған жаңа құрылыс, жөндеу, қайта жөндеу (жаңғырту) және реставрациялық жұмыстар, дайын конструкциялардан біткен ғимараттарды салу, сондай-ақ уақытша имараттар құрылысы жатады.
Жалпы құрылыс жұмыстарына тұтас тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, дүкендер және өзге де қоғамдық, мемлекеттік, ауылшаруашылық ғимараттары және т.б. немесе автомобиль жолдары, көшелер, көпірлер, туннельдер, темір жолдар, ұшу-қону жолақтары, айлақтар мен өзге де су имараттары, суару жүйелері кәріздер, өнеркәсіптік имараттар, құбыржолдар мен электртаратқыш желілер, спорттық имараттары және т.б. құрылысы кіреді.
Мұндай жұмыстар өз есебінен, сыйақы төлеу немесе шарттық негізде негізде жүзеге асырылады. Жұмыстардың бір бөлігі, ал кейде барлық жұмыс түрлері қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін. Бұл секцияда құрылыстық жоба бойынша толық жауапты құрылыс ұйымдары жіктеледі.
Аталған секцияға сондай-ақ ғимараттарды жөндеу жұмыстары мен барлық инженерлік жұмыстар жатады.
Осы секцияға ғимараттар құрылысы (41-бөлім), азаматтық құрылыс (42-бөлім) бойынша барлық жұмыстар, сондай-ақ олар жалпы құрылыс процесінің бөлігі ретінде орындалған жағдайда, арнайы құрылыс жұмыстары да (43-бөлім) кіреді.
Оператормен құрылыс жабдықтарын жалдау осы жабдықтармен орындалатын құрылыс қызметінің тиісті түрлерінде жіктеледі.
Аталған секцияға бұдан әрі сату мақсатында құрылыс жобаларын іске асыру үшін қаржылық, техникалық құралдар және адами ресурстарды біріктіру арқылы азаматтық мақсаттағы объектілерді және ғимараттардың құрылысы бойынша жобаларды әзірлеу жатады. Егер аталған жұмыстар объектілерді одан әрі пайдалану мақсатында (мысалы, осы ғимараттардағы үй-жайларды жалдау, осы аумақтарда өндірістік қызметтерді жүзеге асыру) жүргізілсе, онда мұндай жағдайда объект аталған секцияда жіктелмейді, яғни басқа секцияда жоспарланған қызмет түріне сәйкес қаралады, мысалы, жылжымайтын мүлікпен операция, өндіріс және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |