42 Азаматтық құрылыс
Аталған бөлімге азаматтық құрылыс объектілеріндегі жалпы құрылыстық жұмыстар кіреді. Бұған жаңа құрылыс, жөндеу, қайта жаңғырту (модернизация) және реставрациялық жұмыстар, дайын конструкциялардан аяқталған имараттар салу, сондай-ақ уақытша имараттардың құрылысы кіреді.
Бұл бөлімге автомобиль жолдары, көшелер, көпірлер, туннельдер, теміржолдар, ұшу-қону жолақтары, айлақтар мен өзге де су имараттары, суғару жүйелері, кәріздер, өнеркәсіптік имараттар, құбыржолдар мен электртаратқыш желілері, ашық спорттық имараттар және т.б. сияқты ауыр конструкциялар құрылысы кіреді. Мұндай жұмыстар өз есебінен немесе сыйықы үшін немесе шарттық негізінде жүзеге асырылады. Жұмыстардың бір бөлігі, ал кейде барлық жұмысты толығымен қосалқы мердігерлер орындалуы мүмкін.
42.1 Автомобильдік жолдар мен темір жолдар құрылысы
42.11 Автомобильдік жолдар құрылысы
42.11.1 Жолдар мен автомагистральдар құрылысы
Бұл ішкі класқа:
- автомагистральдарды, халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, оның ішінде ақылы, автострадалар, көшелер, жолдар, автомобиль көлігі және жаяу жүргіншілерге арналған өзге де жолдар құрылысы және қайта жаңғырту
- жол бойындағы сервис объектілері кіру үшін жолдары, соның ішінде тежеу мен екпін алу жолақтарын салу
- автомобиль жолдарын жөндеу (күрделі және ағымдағы), күтіп ұстау
- көшелердің, жолдардың, автострадалардың, көпірлердің немесе туннельдердің төсемдерін жаңарту жөніндегі жұмыстар: жолдарды асфальттау, жолдардың жүретін бөліктерін бояумен белгілеу, жол белгілерін, жол қорғаныс қоршауларын орнату және т.б.
- ұшу аппараттарына арналған перрондарды қоса алғанда, аэродромдардың ұшу-қону жолақтарының құрылысы кіреді
Бұл ішкі класқа:
- көшені жарықтандыру және электрлік сигналжабдықтарын орнату, (43.21.9 қараңыз)
- сәулет және инженерлік ізденістер саласындағы қызмет кірмейді, (71.1 қараңыз)
42.11.2 Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында (учаскелерінде) құрылысты, қайта жаңғыртуды жөндеуді, ақылы қозғалысты және күтіп ұстауды ұйымдастыру қызметі
Бұл ішкі класқа:
- халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысына, қайта жаңғыртуға және күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге, ақылы жүйесін енгізу жұмыстарын ұйымдастыру
- халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңғырту, жөндеу, ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
- жол-құрылыс жұмыстарының барысына бақылауды ұйымдастыру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- құрылыс жобаларын басқару кірмейді, (71.1 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |