Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы



Дата03.03.2016
өлшемі21.08 Kb.
#35126



Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін

одан әрі жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының


3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде құрылып, оған:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы;

2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінен ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мыналарды:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетін;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетін;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетін таратуды;

2) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді;

3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі;»;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі.».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н.Назарбаев


Астана, Ақорда, 2014 жылғы 7 наурыз

761



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет