Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнiнiң мәтiнiн орналастыру ережесiн бекiту туралы



Дата24.02.2016
өлшемі142.66 Kb.
#13349
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнiнiң мәтiнiн орналастыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 36, 410-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 21 қараша N 361 (24934)


"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнiнiң мәтiнiн орналастыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң
2007 жылғы 2 қазандағы
N 873 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк
Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк Гимнiнiң мәтiнiн орналастыру
ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (бұдан әрi – Конституциялық Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнiнiң мәтiнiн пайдалану тәртiбiн айқындайды.


Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын орналастыру

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мынадай орындарда мiндеттi түрде көтерiледi (тiгiледi, орналастырылады):


1) Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының, Парламентiнiң, Сенат пен Мәжiлiстiң, Үкiметтiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Конституциялық Кеңестiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, мемлекеттiк ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкiлдiктерiнiң, сауда өкiлдiктерiнiң, шетелдегi басқа да ресми мекемелерiнiң, шетелдегi мекемелерiнiң басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттiң хаттамалық практикасына сәйкес көлiк құралдарында - ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдiң, Мемлекеттiк хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергiлiктi соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлiнiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң басшыларының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының кабинеттерiнде - ұдайы;
3) Қазақстан Республикасының Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң бiрлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының, Үкiметтiң үйлестiру және жұмыс органдарының отырыстары өтетiн залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергiлiктi соттарының сот мәжiлiсi залдарында, орталық және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және үкiметтiк наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некенi тiркейтiн үй-жайларда - ұдайы;
4) мемлекеттiк органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;
5) егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен халықаралық форумдар өтетiн ғимараттарда немесе үй-жайларда;
6) ресми адамдар ретiнде Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мiнген теңiз кемелерiнде, iшкi жүзу кемелерiнде және басқа да қозғалыс құралдарында;
7) Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде, белгiленген тәртiппен;
8) Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде әскери жарғыларға сәйкес;
9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери құрамаларында, бөлiмдерiнде, бөлiмшелерiнде және мекемелерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мерекелерi күндерiнде, ант қабылдау кезiнде;
10) мемлекеттiк ұйымдар, органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткiзетiн рәсiмдер, салтанатты және спорттық iс-шаралар кезiнде;
10-1) халықаралық ұйымдар өткiзетiн рәсiмдер, салтанатты және спорттық iс-шаралар кезiнде;
11) жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсiмдерi кезiнде;
12) Қазақстан Республикасына мемлекеттiк және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердiң мемлекет басшыларымен, парламенттерi мен үкiметтерiнiң басшыларымен кездесу кезiнде.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3. Қарулы Күштердiң әскери құрамаларында, бөлiмдерiнде, бөлiмшелерiнде, мекемелерiнде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттiк Туды пайдалану (тiгу, орналастыру) тәртiбi жалпы әскери жарғыларда анықталады.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерiнiң еркi бойынша көтерiлуi (тiгiлуi) мүмкiн.
5. Ғимараттарға тұрақты тiгiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туына тәулiктiң қараңғы мерзiмiнде жарық түсiп тұруға тиiс.
6. Ұлттық аза тұтуға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы аза тұту мерзiмi iшiнде ту тұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi.
7. Осы Ереженiң 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген лауазымды тұлғалардың кабинеттерiндегi, залдардағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы (1 х 2 метр өлшеммен) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасының сол жағында (тiгiледi) орналастырылады.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы оның көлемiне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуi тиiс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
9. Халықаралық форумдарды өткiзу, сондай-ақ осы Ереженiң 2-тармағының 5) және 12) тармақшаларында көрсетiлген Қазақстан Республикасына мемлекеттiк және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердiң мемлекет басшыларымен, парламенттерi мен үкiметтерiнiң басшыларымен кездесу кезiнде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 12 қазандағы N 201 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хаттамасында және осы Ережеде көрсетiлген тәртiппен көтерiледi (тiгiледi, орналастырылады).
10. Осы Ереженiң 2-тармағының 10) және 11) тармақшаларында көзделген рәсiмдер және салтанатты iс-шаралар кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туы ту тұғырдан көтерiледi, ту тұғыр жоқ болған жағдайда: құрамында үш адам ту ұстаушы және екi сүйемелдеушiсiнен құралған ту көтеру тобының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын әкелу және әкету рәсiмi пайдаланылады.
10-1. Осы Ереженiң 2-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген рәсiмдер, салтанатты және спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Конституциялық Заңға, сондай-ақ сол мемлекеттiк хаттамалық практикасына және жергiлiктi салт-дәстүрлерге сәйкес орналастырылады.
Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
10-2. Спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер, бас жаттықтырушылар спорттық iс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын орналастыру тәртiбiн сақтауын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. Ереже 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
10-3. Шетелдiк спортшылардың (командалардың) қатысуымен өтетiн жарыстардың жүлдегерлерiн марапаттау рәсiмi кезiнде өкiлдерi спорттық жарыстардың жүлдегерлерi болып табылатын қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк тулары салтанатты түрде көтерiледi.
Ескерту. Ереже 10-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
11. Осы Ереженiң 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген ресми адамдар ретiнде Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мiнген қозғалыс құралдарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туы ту тұғырдан (мачтада) көтерiледi.
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, шет мемлекеттердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң және басқа да ұйымдардың туларымен бiр мезгiлде көтергенде (тiккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының көлемi басқа тулардың көлемiнен кiшi болмауға тиiс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.
13. Тулардың тақ санын бiр уақытта көтергенде (тiккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы ортасында, ал жұп санды, бiрақ екеуден көп туларды көтергенде (тiккенде, орналастырғанда) ортадан солға қарай орналастырылады.
14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын бiр және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлi нұсқада орналастыру кезiнде ғимараттың сәулеттiк ерекшелiктерi ескерiледi және мынадай өлшемдер пайдаланылады:
1) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.27. N 63 Қаулысымен;
2) 1, 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейiн) ғимараттарда Мемлекеттiк Ту (1 х 2 метр өлшеммен) ғимараттың төбесiнде немесе фронтонында немесе ғимаратқа кiреберiс маңдайшада орналастырылады;
3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейiн) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы ғимараттың төбесiнде немесе фронтонында (1,5 х 3 метрден 2x4 метрге дейiн өлшеммен) немесе ғимаратқа кiреберiс маңдайшада (1x2 метр өлшеммен) орналастырылады;
4) 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемлекеттiк Ту ғимараттың төбесiнде немесе фронтонында (2x4 метр және одан жоғары өлшеммен) немесе ғимаратқа кiреберiс маңдайшада (1 х 2 метр өлшеммен) орналастырылады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.27. N 63, 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын орналастыру

15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы мiндеттi түрде:


1) Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының, Парламенттiң, Сенат пен Мәжiлiстiң, Үкiметтiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, Қарулы Күштердiң әскери құрамаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерi мен мекемелерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкiлдiктерiнiң, сауда өкiлдiктерiнiң, шетелдегi басқа да ресми мекемелерiнiң, шетелдегi мекемелерi басшылары резиденцияларының ғимараттарында - ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдiң, Мемлекеттiк хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және жергiлiктi соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлiнiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң басшыларының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының кабинеттерiнде - ұдайы;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң бiрлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының, Үкiметтiң үйлестiру және жұмыс органдарының отырыстары өтетiн залдарда, Конституциялық Кеңестiң отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергiлiктi соттарының сот мәжiлiсi залдарында, орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың алқа отырыстары залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және үкiметтiк наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некенi тiркейтiн үй-жайларда - ұдайы орналастырылады.
16. Қарулы Күштердiң әскери құрамаларында, бөлiмдерiнде, бөлiмшелерiнде, мекемелерiнде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын орналастыру тәртiбi жалпы әскери жарғылармен анықталады.
17. Ғимараттарға тұрақты тiгiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасына тәулiктiң қараңғы мерзiмiнде жарық түсiп тұруға тиiс.
18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы оның көлемiне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуi тиiс.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
19. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдикалық негiзi ретiнде пайдалануға болмайды.
20. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы (диаметрi 500 миллиметр) кабинеттерде лауазымды тұлғаның жұмыс орнының арт жағындағы қабырғаға, осы Ереженiң 15-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген залдарда төрағалық етушi отыратын орынның арт жағында орналастырылады.
21. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын бiр және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлi нұсқада орналастыру кезiнде ғимараттың сәулеттiк ерекшелiктерi ескерiледi және мынадай өлшемдер пайдаланылады:
1) бiр қабатты ғимаратта Мемлекеттiк Елтаңба (диаметрi 500 миллиметр) ғимараттың жабу деңгейiнде немесе фронтонында немесе ғимаратқа кiреберiс маңдайшада орналастырылады;
2) 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейiн) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейiнде немесе фронтонында (диаметрi 1-ден 1,5 метрге дейiн) немесе ғимаратқа кiреберiс маңдайшада (диаметрi 500 миллиметр) орналастырылады;
3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейiн) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейiнде немесе фронтонында (диаметрi 2 метр) немесе ғимаратқа кiреберiс маңдайшада (диаметрi 500 миллиметр) орналастырылады;
4) 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемлекеттiк Елтаңба соңғы қабаттың жабу деңгейiнде немесе фронтонында (диаметрi 3 метр және одан жоғары) немесе ғимаратқа кiреберiс маңдайшада (500 миллиметр диаметрмен) орналастырылады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.27. N 63, 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнелерiн, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнiнiң мәтiнiн
орналастыру

22. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының бейнесi мiндеттi түрде:


1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламенттiң, Үкiметтiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң веб-сайттарында;
2) Қазақстан Республикасының әуе кемелерiнде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады.
23. Осы Ереженiң 20-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген әуе кемелерiнде, ғарыш аппараттарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының бейнесi борттық айырым белгiсi ретiнде қолданылады.
24. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының бейнесi қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдардың туларының геральдикалық негiзi ретiнде қолданылмайды.
25. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының бейнесi мемлекеттiк наградалардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен монеталарының элементi немесе геральдикалық негiзi ретiнде пайдаланылады.
26. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесi мiндеттi түрде:
1) Қазақстан Республикасының Президентi мен оның Әкiмшiлiгiнiң, Парламенттiң, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталары Бюроларының, Үкiметтiң және Премьер-Министр Кеңсесiнiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, Қарулы Күштердiң әскери құрамаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерi мен мекемелерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергiлiктi өкiлдi, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттiк ұйымдардың мөрлерi мен құжаттарының бланкiлерiнде;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Үкiметiнiң, Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Сотының ресми басылымдарында;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен монеталарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарында;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына берiлетiн жеке куәлiкте, туу туралы куәлiкте, паспортта және өзге де паспорттарда, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң қызметтiк куәлiктерiнде;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасына орнатылатын шекара бағаналарында;
6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламенттiң, Үкiметтiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң веб-сайттарында орналастырылады.
27. Осы Ереженiң 22-тармағының 1) тармақшасында және 26-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген веб-сайттарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының, Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесiн орналастыру кезiнде мемлекеттiк рәмiздерi бейнелерiнiң бiрдеңгейлi орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу ретi: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиiс.
28. Осы Ереженiң 26-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мөрлер мен құжаттардың бланкiлерiнде, ресми басылымдарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнелерi ұлттық стандарттарға сәйкес келуi тиiс.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
29. Осы Ереженiң 26-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен монеталарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1193 Жарлығымен бекiтiлген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орналастырылады.
30. Осы Ереженiң 26-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген құжаттарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ ұлттық стандарттарға сәйкес келуi тиiс.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
31. Осы Ереженiң 26-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасына орнатылатын шекара бағаналарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесi "Қазақстан Республикасының шекаралық белгiлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 1528 қаулысына сәйкес орналастырылады.
32. Конституциялық заңда белгiленген жағдайлардан басқа, мемлекеттiк емес ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының бланкiлерiнде, мөрлерiнде және басқа да реквизиттерiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесiн пайдалануға тыйым салынады.
33. Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесi әскери немесе өзге де мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар үшiн белгiленген айырым белгiлерi мен нысанды киiм үлгiлерiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларының элементi немесе геральдикалық негiзi ретiнде, сондай-ақ спортшылардың спорттық костюмдерi мен басқа да спорттық керек-жарақтарына пайдалануы мүмкiн.
34. Мемлекеттiк Елтаңбаның бейнесi өзге де материалдық объектiлерде орналастырылуы мүмкiн.

35. Мемлекеттiк рәмiздер бейнелерi бар стендiлер (плакаттар) салтанатты iс-шаралар өтетiн көпшiлiк назарына қолжетiмдi жерлерде орнатылуы тиiс.


Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
36. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының, Мемлекеттiк Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнi мәтiнiнiң бейнелерiн стендiлерге (плакаттарға) орналастырған кезде мемлекеттiк рәмiздер бейнелерiнiң бiрдеңгейлi орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу ретi: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиiс.
37. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының, Мемлекеттiк Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнi мәтiнiнiң бейнелерi бар стендiлер (плакаттар) әсем безендiрiлуi және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кiре берiстен және киiм iлетiн бөлмелерден алыс орналасуы тиiс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет