Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


мазмұнына сәйкес кіріктірілуі қажет



Pdf көрінісі
бет7/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы
Гульзира
мазмұнына сәйкес кіріктірілуі қажет
 
Бұл ретте қосымша сағаттар бөлінбейді. Сабақтардың кіріктірілген 
тақырыбы журналдың бір жолына жазылады.
Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістер электрондық 
журналда көрсетіледі.
 
Электрондық журналдар мен күнделіктерді толықтыру бойынша 
техникалық қолдау кол-центр, қолдау қызметі арқылы көрсетіледі.
 
 


13 
Мектепішілік бақылау
Оқу жылына арналған
мектепішілік бақылау жоспары «Орта, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері 
жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту 
туралы» ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының
17-қосымшасына сәйкес дайындалады https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317. 
Оқыту процесінің сапасын арттыру, педагогтерде және білім алушыларда 
кездесетін проблемаларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылауды 
күшейту қажет.
Оқу процесін ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге 
асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне келесі нормативтер 
ұсынылады (1-кесте).
1-кесте. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі үшін мектепішілік бақылау 
нормативтері
№ 
Бақылау нысандары 
Нормалар 

Сабаққа қатысу, бақылау және 
талдау 
- директордың орынбасарлары үшін 
айына кемінде 8 сабақ;
- білім беру ұйымының директоры үшін
айына кемінде 4 сабақ;
- 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут. 

Қысқа мерзімді және орта 
мерзімді жоспарларды тексеру 
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

Электронды сынып 
журналдарын тексеру 
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

БЖБ және ТЖБ-ның 
жүргізілуін тексеру 
мектептің бекітілген кестесі бойынша 

Оқыту процесінде 
педагогтердің қашықтан оқыту 
технологиялары мен ЦБР 
қолдануы 
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
Сабақтарға қатысу алдын ала дайындалған, білім беру ұйымының 
басшысы бекіткен жоспар және міндетті түрде ақпарат тақтасына 
орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Сабаққа жоспардан тыс 
қатысуға жол берілмейді. 
Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау 
парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі
Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың, 
педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын 
арттырудың негізі болып табылады.
Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік 
әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында 
жүйелі түрде талқылануы тиіс. 
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді: 
- педагогтің сабақты өзіндік талдауы; 
- сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;


14 
- педагогке ұсыныстар беру. 
Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады. 
Сонымен қатар педагогтің жұмыс сапасына шағым түскен жағдайда білім 
беру ұйымының басшысы оның сабағына қатысуы қажет. 
Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында 
мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі. 
Білім беру ұйымының әкімшілігі негізгі оқу пәндерінен жекелеген 
тақырыптар бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын
жүргізуді, сыныптар мен өткізу мерзімдерін, қорытындыларды талқылауды 
жоспарлайды. 
Сабаққа қатысудың мақсаты – оқу процесінің сапасын бақылау (мониторинг)
Сабаққа қатысу барысында: 
 
сабақтың оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына 
сәйкестігіне;
 
формативті бағалаудың өткізілуіне;
 
педагогтің кері байланыс жасауына;
 
білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына;
 
әрбір білім алушыға жеке көңіл бөлуге; 
 
сабақта цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануға; 
 
оқыту процесінде белсенді әдіс-тәсілдер мен технологиялардың 
қолданылуына және т.б. назар аудару ұсынылады.
 1-11-сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша орта мерзімді жоспарлар 
«НЗМ 
ДББҰ» 
АҚ 
сайтының 
«Жүйелік-әдістемелік 
кешен» 
блогында 
орналастырылған http://out.easycounter.com/external/smk.edu.kz. 
 
Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды электронды немесе қағаз форматта 
ұсына алады.
2021-2022 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу 
жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын 
жүзеге асыру. 
 2021-2022 оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер 
бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Бақылау 
нәтижелері 
бойынша 
білім 
алушылардың 
біліміндегі 
олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс 
жоспары әзірленеді.
 Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі. 


15 
 Оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг 
жүргізіледі. 
 
Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша мектеп жұмысы 
алгоритмінің үлгісі ұсынылады (www.nao.kz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   262




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет