Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет22/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

20.Сурет салу кезеңдері.

Жоспар:
1.Нақнұсқадан сурет салуды үйрену.


2.Штрихты қолдану кезеңдері.

Сурет салуға үйрету бейнелеу өнерінің ең негізгі міндеті болып табылады.Сурет салудың сыры сызықтан басталады.Сондықтан сызық арқылы нобай, долбар жасауға оқушыларды үнемі жаттықтырған дұрыс.Көзбен көрген нәрсесін есте сақтап, жылдам бейнелеуге үйренеді.Мұнда бала кез- келген нәрсенің пішінін жалпы тұтас бейнелеуге үйренеді, яғни бүтіндей бейнелеуге тырысады.


Сурет салу бағдарламасында жұмыстың негізгі төрт түрі көрсетілген: нұсқаға қарап сурет салу, тақырып бойынша сурет салу, сәндік қолданбалы сурет (декоративтік) және көркем еңбек нен әнгіме сабағын өткізу.
Бағдарламаның қойылған мәселесін шешуге бұл сабақтың түрлері бір- бірімен тығыз байланысты, және бірін - бірі толықтырып отырады.
Сурет салу сабағының қажетті мәселесі — оқушыларға нұсқаға қарап сурет салуды үйрету, тақырып бойынша сурет салуды, әдеби шығармаларға иллюстрация жасау, сәндік қолданбалы сурет және олардың графикалық, живопистік дағдыларын қалыптастыру.Бейнелеу өнер сабағында оқушылардың мынадай белгілерін қарастырамыз: заттың көркемдік элементтерін анықтауды және олардың суретке деген эмоциялық — эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, нұсқаға қарап жеке затттардың суретін салу.
Мысалы: натюрморттар, адамның фигурасы, жануарлар мен құстардың бейнесін тура пропорцияда салу, конструкциялық құрылысын, кеңістіктегі орналасуын, перспективасын, түстерін, көркемдеу құралын пайдаланып сурет сала білуін , жарық пен көйлеңкенің айырмашылығын, акварель,гуашь, қалам мен жұмыс істеудің текникалық тәсілдерін ойына лайықты таңдай білу.
Тақырып бойынша сурет салудың мазмұны- өмірмен қоршаған құбылыстарды бейнелеу және әдеби шығармаларды иллюстрациялау.Суреттің бұл түрі оқушылардың творчествалық ойлау қабілетінің дамуында және идеялық тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.
Тақырыптық суреттің сюжетін өз бетінше таңдап алуды үйрену өте маңызды, ол үшін дайындық жұмысын жүргізу қажет(алдын -ала наброска, зарисовка салу).
Оқыту жұмысының бұл түрі заттың формасын талдау қабілетін үйренуін, конструкциясының құрылысын, кеңістіктегі орналасуын, танымдық қатынастарын, салынатын заттың түсін және салынған сурет пен натураны салыстыру, суреттің әр- түрлі құрлымын, схемасын дұрыс пайдалануын және т.б қалыптастырылады.
Тақырыптық сурет салу сабағында оқушылардың творчествалық суреттерді дәл орындауы, кейіпкерлердің ойлау қатынастарын дәл бере білудің маңызы зор.
Балалардың қызығуы мен жас ерекшеліктерін еске алып, мынадай тақырып бойынша сурет салуды ұсынамыз:
Тақырыптық және демокративтік сурет салу көп ретте оқушылардың творчествалық елестеріне жағдай жасалады.
„Тақырыптарға сурет салу„ деп жазады Г.Я. Шпиколова, өз алдына дербес жұмыстың ерекше түрі, ол оқушылардың бейнелеу қызметіндегі білім тереңдігін, шеберлігін және дағдылануын мұғалімнің тексеріп отыруына жағдай жасайды.
Тақырыптық композиция жасау процесінде оқушылардың обьектідегі елеулі белгілерге байқауы, өздігінен жинақтауына қабілеттілігі сияқты жақтарынан мектеп оқушыларының ой пікірін туғызады.
Танымды жеделдету, шындыққа эстетикалық ой салу, өмірге әсерлі творчествалық қатынасты дамыту, осының бәрі сутет салуды оқытудың түпкі мақсаты.
Сонымен, оқытудың бастапқы кезеңінде графикалық дағдыландыруды қалыптастыру арнасы тар мақсат емес, тек шындықтарды эстетикалық ойлау бағытында бейнелеу болмысының барлық комплексін игерудің құрал — жабдығы ғана болады.
Мұндай міндеттерді орындауда тақырыптық сурет салу үшін үлкен рөль атқарады.Бірақ мұның өзі балалардың бейнелеу творчествасына мұгалім тарапынан нақты басшылық еткен жағдайда іс жүзінде асырылады.
Нақнұсқа латын сөзінен («naturа»-табиғат) -табиғат, айналадағы дүние, заттар. Нақнұсқадан сурет салу дегеніміз-затқа табиғатқа, адам тұлғасына қарап отырып сурет салу.
Штрих
Штрих пен сызықты шатастырмауымыз керек. Жоғарыда айтқанымыздай, сызық қандай да бір заттың шекарасын түзсе, штрих сол заттың жарық, көлеңкесінің қоюлығын беріп, оның формасын ашуға қатынасады.
Штрих жалпы көптеген қысқа сызықтардың жиынтығы. Оның бағыты бейнеленіп отырған заттың пішініне, оның бітімінің қандай екеніне және үлкен-кішілігіне байланысты болады. Сондықтан штрихтау заттың формасына қарай беріледі.
Штрихтардың бірнеше түрлері бар, олар: бір бағыттағы түзу штрихтар, керегекөз штрихтар, көлбеу, доға тәрізді штрихтар т. б. Осының ішіндегі көп қолданылатыны — кереге-көз штрихтар.
Штрихтар сонымен бірге кеңістікті, тереңдікті беруге де қатынасады. Алдыңғы пландағы штрихтар өте анық болады да артқы планға ауысқан сайын сызықтар бір-бірімен тұтасып кәдімгідей ауа кеңістігін бейнелейді. Ол көбінесе суретшінің тәжірибесіне немесе шеберлігіне байланысты болады.
Ең қою көлеңкені бір қабат штрихтың қоюлығымен ала алмаймыз, сондықтан оны бірнеше қабат штрихтауға тура келеді. Әр кабатында штрих-тардың бағытын сәл өзгертіп құбылтып отырамыз. Штрихтаған кезде сызықтардың арасын бір-біріне жақын алған жөн, ал, алшақ алатын болсақ штрихтарымыз «сабанға» ұқсап суреттің сиқын кетіреді. Көлемі кіші суреттерді, немесе бейнелеп отырған затымыздың ұсақ бөліктерін қысқа штрихтармен саламыз. Мысалға, адам басының көз, мұрын, ауыз т. б. мүшелерін салғанда осы қысқа штрихтарды қолданамыз.
Ал, ұзын штрихтарды көлемді суреттерді, ірі жазықтықтарды, көлеңкені бейнелегенде немесе долбар суреттерді салғанда қолданамыз.
Жоғарыда сызықтық бейнелеуді өткенде реңдік бейнелеуді де атап өткенбіз. Сол реңдік бейнелеу осы штрихтардың топталған жиынтығымен беріледі. Реңдік бейнелеу арқылы заттың формасын, қандай заттан істелгенін және кеңістікті айқындауға болады, сондықтан суреттің аяқталу тұсында ол негізгі роль атқарады.
Штрихтарды оңға, солға немесе төмен сызуға болады, ал қарындаштың ұшын жоғары қарай жүргізуге болмайды. Егер штрих сызығы дұрыс жүргізілмеген болса, оны өшірмей-ақ, дәл соның жанынан екінші сызық жүргізген дұрыс. Сонда жіңішке жүргізілген алғашқы дәл емес штрих сызықтары суретке қарағанда көзге түспейді де, сурет салынып біткенде ол сызықтар көрінбей қалады. Штрихтармен нәрсенің түрін, жарық пен көлеңкені, нәрселердің рең бояуындағы үйлесімін, қандай материалдан жасалғанын, қарындашпен бір қатар штрихтар жасау арқылы суреттегі түрліше көлеңкелерді, түстер қатнасын көрсетуге болады.
Сонымен, штрих дегеніміз суретке салынатын заттың объектісін, яғни, оның сурет салушыдан қанша қашықтықта тұрғандығын, қандай материалдан жасалғандығын және сыртқы түсін белгілейтін сызық. Штрих қоюлығы мен жилілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет