Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет25/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет Б.Уалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
23.Мүсіндеу сабақтарында балалардың шығармашылығын дамыту.
Жоспар:
1.Балалардың шығармашылығын дамыту.
2.Балалардың мүсіндеу ерекшелігі.

Творчествалық әдіс - өмірді образбен бейнелеп, көркем шығарманы шындық арқылы берудің жолы. Екінші сөзбен айтқанда, өмірдегі болмыс пен көркемөнер дүниесін, бір шығарма көлемінде біртұтас көркем образ жасау жолы болып табылады. ''Жолы'' деген сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт, процесс, тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы ұғымдардың қызметін қоса атқарады.


Творчествалық әдістің табиғаты мен характерін философиялық мағынасында дұрыс тану үшін бейнелеу теориясын басшылыққа алып отырудың маңызы зор. Бұл теория бойынша бейнелеу дегеніміз объектіні – болмысты субъектінің – суреткердің санасына әншейін жансыз айнаға түскендей түсіре салу емес, белсенді түрде қайта жасау актісі, болмыстың сырт көрінісін қалай болса солай көшіру емес, оның нағыз түйінін, ішкі маңызын тауып, мағыналы қасиеті мен сыр-сипатын, ішкі даму заңдылығын ашып көрсету процесі.Міне, бұл қиын акт, күрделі процесс. Мұнда суреткердің дүние тану тұрғысы мен идеялық концепциясы, арман-мақсаты мен творчествалық қиялы үлкен рөл атқарады.
Творчествалық әдіс осы элементтерді бір жүйеде біріктіріп бейнелеу процесінің (өмір фактілерін сұрыптап сомдап алып, өмірдің өз пішінінде образ жасау процесінің) қызметін атқарады. Сондықтан творчествалық әдісті бір жағынан, суреткердің өмір шындығымен байланыс дәрежесін танытатын, екінші жағынан, өмір шындығын игеру, меңгеру дәрежесін танытатын тәсіл деуге болады. Демек, биік дүниетаным жоқ жерде, шындықты терең, дұрыс тану мүмкін емес, құдіретті твочествалық қиял, айқын мақсат, жарқын арман болмаса, осылардың бірі олқы соғып жатса, немесе бірімен бірі сабақтаспаса, сөз жоқ, шығарманың идеялық-көркемдік сапасына ақау түседі. Сөйтіп, әртүрлі қайшылық пен алшақтық та осыдан келіп туады.
Композиция бұл латын тілінен шыққан сөз. Қазақ тіліне аударғанда ''ойлап шығару'' немесе ''құрастыру'', ''тәртіпке келтіру'' деген мағынаны білдіреді. Үйлестіру сурет салуда маңызды орын алады.Өйткені көркем шығарманың композициялық құрылымына байланысты тақырыптың мазмұны ашылады. Суретшінің қолында композиция – көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез – құлқын, іс-әрекетін ашып, бейнелеп, отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.
Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын,нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Қарапайым тілмен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, бір тұтас етеді. Үйлестіру суретшінің бйнелегелі отырған натюрмортындағы немесе картинасындағы заттарды, кейіпкерлерді дұрыс әрі әсерлі ыңғайластырып орналастыру болып табылады.
Ал, шығарманың композициялық құрылысының тұтастығы дегеніміз – кейіпкерлер әрекеттер ағысының табиғи бірлігі, темірдей тәртіпті байланысы, тарихы, соған сәйкес көркемдік нысанның логикалығы. Бұл болмаған жағдайда шығарманың сюжеті, композициясы жайында сөз етудің өзі қисынсыз.
Балаларды мүсіндеуге үйрету тәсілдерінің осылайша өзіндік ерекшілігі болады. Мұның өзі мүсіндеу кезінде балалардың ақыл-ой белсенділігін, тапқырлығын дамытуға және олардың техникалық іскерліктерді бейнелеу тәсілдерін меңгеруге бағыталады.Әрбір сабақтың мазмұны тәрбиешінің балаларға қойған сұрақтары олардың дербестігін қалыптастыруға белсенділік көрсетуге ойының элементерімен ситуацияларды қосуына көмегін тигізетіндей болып құрлады.
Балаларды мүсіндеуді үйретуде дұрыс дайындалған дәл осы жағдайда саз балшық материалдың және құрал-жабдықтардың үлкен мәні бар.Мүсіндеу кезінде столдың үстінде орнықты жатқан тақтайша арлы-берлі жылжымайтындай ауыр болуы тиіс. Столдың үстіне кленка тәрізді жеңіл нәрселерді төсеуге болмайды, өйкені балалар саз балшықты кленкаға орап ойнап кетеді де сабақтан ауытқып кетеді.
Мүсіндеудің дағдыларына және жаңа тәсілдерді сәтті ұйрету үшін, соны тиянақты орнықтыра білу үшін мүсіндеу сабақтары аптасына, бір емес, екі рет жүргізілгені жөн. Балалар материалды жақсы игеріп алған соң, келесі сабақтарды бастауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет