Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы «8» мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
2 - қосымша
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап – 6 (алты) айдан аспайды;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;
3) көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) еркін нысандағы өмірбаян;
3) мөлшері 3,5х4,5 см үш түрлі түсті фотосурет;
4) балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқасы және көшірмесі); неке қию туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасында зайыбы немесе оның асырауындағы адамдары болған жағдайда, ол сол адамдардың қызмет алушыға материалдық және басқа да талаптарының жоқтығы туралы нотариат куәландырған өтініштерін береді.
18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші куәландырған өтінішті, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатты қоса отырып олардың заңды өкілдері береді.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші растаған жазбаша келісімін қоса береді.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе пошта арқылы жазбаша түрде қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 77777.
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының азаматтығынан
шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1 - қосымша
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемесінің көлемі
Р/с
№
|
Ел
|
Консулдық алым
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Америка Құрама Штаттары
|
300 АҚШ доллары
|
2.
|
Канада
|
300 АҚШ доллары
|
3.
|
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі
|
190 ағылшын фунт стерлингі
|
4.
|
Бельгия Корольдігі
|
220 евро
|
5.
|
Француз Республикасы
|
220 евро
|
6.
|
Германия Федеративтік Республикасы
|
220 евро
|
7.
|
Аустрия Республикасы
|
220 евро
|
8.
|
Швейцария Конфедерациясы
|
300 Швейцариялық
франкі
|
9.
|
Италия Республикасы
|
220 евро
|
10.
|
Испания Корольдігі
|
150 евро
|
11.
|
Мажарстан
|
70 евро
|
12.
|
Чех Республикасы
|
220 евро
|
13.
|
Литва Республикасы
|
100 евро
|
14.
|
Түркия Республикасы
|
300 АҚШ доллары
|
15.
|
Нидерланды Корольдігі
|
220 евро
|
16.
|
Хорватия Республикасы
|
220 евро
|
17.
|
Грекия Республикасы
|
215 евро
|
18.
|
Румыния
|
200 евро
|
19.
|
Болгария Республикасы
|
150 евро
|
20.
|
Норвегия Корольдігі
|
218 евро
|
21.
|
Мысыр Араб Республикасы
|
50 АҚШ доллары
|
22.
|
Израиль Мемлекеті
|
200 АҚШ доллары
|
23.
|
Біріккен Араб Әмірліктері
|
300 АҚШ доллары
|
24.
|
Сауд Арабиясы Корольдігі
|
300 АҚШ доллары
|
25.
|
Қатар Мемлекеті
|
150 АҚШ доллары
|
26.
|
Иордания Хашимит Корольдігі
|
100 АҚШ доллары
|
27.
|
Иран Ислам Республикасы
|
300 АҚШ доллары
|
28.
|
Пәкістан Ислам Республикасы
|
150 АҚШ доллары
|
29.
|
Ауғанстан Ислам Республикасы
|
150 АҚШ доллары
|
30.
|
Үндістан Республикасы
|
100 АҚШ доллары
|
31.
|
Қытай Халық Республикасы
|
300 АҚШ доллары
|
32.
|
Малайзия
|
200 АҚШ доллары
|
33.
|
Корея Республикасы
|
300 АҚШ доллары
|
34.
|
Жапония
|
300 АҚШ доллары
|
35.
|
Моңғолия
|
100 АҚШ доллары
|
36.
|
Сингапур Республикасы
|
300 АҚШ доллары
|
37.
|
Ливан Республикасы
|
50 АҚШ доллары
|
38.
|
Ливия Мемлекеті
|
200 АҚШ доллары
|
39.
|
Таиланд Корольдігі
|
300 АҚШ доллары
|
40.
|
Ресей Федерациясы
|
50 АҚШ доллары
|
41.
|
Украина
|
50 АҚШ доллары
|
42.
|
Беларусь Республикасы
|
40 АҚШ доллары
|
43.
|
Өзбекстан Республикасы
|
200 АҚШ доллары
|
44.
|
Қырғыз Республикасы
|
150 АҚШ доллары
|
45.
|
Түрікменстан
|
50 АҚШ доллары
|
46.
|
Тәжікстан Республикасы
|
200 АҚШ доллары
|
47.
|
Әзербайжан Республикасы
|
50 АҚШ доллары
|
48.
|
Армения Республикасы
|
200 АҚШ доллары
|
49.
|
Оман сұлтандығы
|
300 АҚШ доллары
|
50.
|
Бразилия Федеративтік Республикасы
|
300 АҚШ доллары
|
51.
|
Индонезия Республикасы
|
200 АҚШ доллары
|
52.
|
Финляндия Республикасы
|
100 евро
|
53.
|
Грузия
|
50 АҚШ доллары
|
54.
|
Польша
|
220 евро
|
55.
|
Куба
|
250 АҚШ доллары
|
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2 - қосымша
нысан
Достарыңызбен бөлісу: |