Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша
ЕСЕБІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа екпіні және, ең алдымен мемлекеттің және қоғам өмірінің түрлі салаларында оның пайда болуы себеп-салдарының алдын алу бойынша бағдарламалық құжат болып табылады.
Ол мемлекеттік билік огандарында, сондай-ақ жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзілеу және жүзеге асыру кешенін көздейді, және де қазақстандық азаматтардың оған төзімсіздік көзқарасын қалыптастырады.
Стратегияны жүзеге асыруда 2015 жылы жүргізілген жұмыстар мақсатты индекаторларға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Жүргізілген әлеуметтік сауалнама, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі 79% екендігін көрсетті,
ал мемлекеттік басқару институттарына қоғамның сенім деңгейі, орталық мемлекеттік органдарына – 58,1%, жергілікті атқарушы органдарға - 60,4% сенетіндігін көрсетті.
Сонымен қатар, Transparency International Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан өз көрсеткішін жақсартты (126 орыннан 123 орынға дейін).
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылы
18 қарашада қабылданып және 2016 жылдың 1 қаңарынан қолданысқа енізілген жаңа Заңында қаралған.
Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстаннның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға бағытталған.
Заңмен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіретін тиісті уәкілетті орган анықталды – бұл мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, және басқа да жеке және заңды тұлғалар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа институттары енгізілді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қағидалары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет істері Министрінің бұйрықтарымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді.
Бұл механизмдер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.
Енді, Заңға сәйкес жыл сайын Мемлекет басшысының қарауына сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар аясы көрсетілетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама енгізіледі.
Сонымен қатар, Заң дәрежесіне қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтау талаптары, сыбайлас жемқорлықа қарсы мінез-құлқы және өз қызметінде мүдделер қақтығысына жол бермеу көтерілді (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 8 тарауы – Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі).
Заңмен мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар түсінігі енгізілді, мысалы, бұл жеке және заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі, ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі және басқалар.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік жаза заңнамадан алынып тасталынды.
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапасына талаптарды артыру мақсатында, Президенттің Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілді.
Әдеп кодексі әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлық стандарттарын анықтайды – жұмыс кезінде әріптестерімен, қарамағындағылармен, басшылықпен қарым-қатынасты орнату, жұмыстан бос уақыттардағы мінез-құлқы.
Жаңа кодекс мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмірін жан-жақты қамтыған тәжірибелік анықтамалығы, және де меритократияны қорғау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмі болды.
Өз кезегінде, Әдеп жөніндегі уәкілдердің құзыретіне шеңберіне мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды сақтау бойынша консультациялық көмек көрсету, Әдеп кодексінің нормаларын тәжірибеде қолдану мәселелерін түсіндіру, және де құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдау және қорытындысымен мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізу кіреді.
Қоғамдық бақылау институтын енгізу мақсатында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң әзірленіп, 2015 жылғы 2 қарашада қабылданды.
Ол, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына азаматтардың және қоғамның кеңінен қатысуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Қоғамдық кеңестердің негізгі мақсаты, азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелері бойынша пікірін білдіру болып табылады.
Қоғамдық кеңестер екі деңгейде – республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылады. Қоғамдық кеңестер автономды және дербес болып табылады.
Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне, министрліктермен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдармен бірлесіп, қоғамдық институттармен құрылатын қоғамдық кеңестер жатады.
Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады.
Өз кезегінде ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
Бұл ретте, қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдар өкілдерінен құрылған жұмыс тобынан және конкурстық негізде қалыптастырылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.
Осылайша, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын, мемлекеттік органдардың шешімдерін, қоғамдық сараптайтын және алқалы органдардың жұмысына азаматтардың қатысуына қатысты мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауды жүргізуге құқықтық негіз құрылды.
Сондай-ақ, 2015 жылғы 16 қарашада «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы қабылданды.
Осы заңмен қол жеткізілуі шектелуге жатпайтын мәліметтердің тізбесі кеңейтілді. Бұл, атап айтқанда: өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай туралы; тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы; азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдары туралы; сондай-ақ дүлей зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен салдары туралы; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы; терроризм актілерін жасау фактілері туралы және басқа мәліметтер.
Сонымен қатар, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңын бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Осылайша, ақпаратты беруден құқыққа сыйымсыз бас тартқан не көрінеу жалған ақпарат берілген жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке соқтырады.
Ол мемлекеттік қызметкерлерге және де ішінара бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың қызығушылығын тудыратын ақпараттарды иеленуші кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады.
Квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен алғашқы рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жеке секторға да таратылады. Заңға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері олардың қызметі саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бекітеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында судьяларға қойылатын талаптарды күшейту үшін заңнамалық шаралар қабылданды, соның ішінде келесі сұрақтар:
1) судья болуға кандидаттарды дайындау және іріктеу;
2) жоғары судьялық лауазымдарына кадрлық резервті қалыптастыру және олармен жұмыс жасау;
3) судьялардың қызметі мен жауапкершілігін бағалау.
2015 жылдың желтоқсанында судья лауазымына біліктілік талаптары мен кандидаттарды іріктеу тетіктері күшейтілді. Атап айтқанда, Ұлт жоспарының 18 қадамын іске асыру аясында Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы құрылды (ҚР Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 198 Жарлығы).
Өз кезегінде, 29 қазан 2015 жылы персоналды іріктеу рәсімдерінде меритократия, ашықтық және әділдік қағидатын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының кадр саясатында жаңа әдістемелер енгізілді.
Осылайша, жоғары лауазымға жылжыту, кадр резервін қалыптастыру, қызметкерлерді аттестациялау және аудару кезінде әрбiр кандидат заңнаманы білу сынағынан, психометриялық және полиграфиялық зерттеуден, сұхбаттасудан өтеді, ситуациялық есептерді шешеді, физикалық нормативтерін тапсырады.
Осы кезеңдердің қорытындысымен әрбір қызметкердің және қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттілігі, бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері анықталады.
Құқық қорғау салалары мен бағыттарында іс-шараларды жүйелендірудің оңтайлы дәрежесіне жету мақсатында, қызметкердің нақты бағыттағы жұмыс нәтижесіне алгоритмін, талаптар мен ережелерді белгілейтін, қызмет стандарттарын әзірлеу қаралған.
Тиісті нормативтік құқықтық актілер әрбір құқық қорғау органында қабылданған және қолданысқа енгізілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру
Жалпы ақпараттық-насихаттау қызметін ұйымдастыру үшін Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілді.
Оны орындау аясында БАҚ-да белсенді ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мысалы, мемлекеттік қызметті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру, кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындауға қатысты түсіндірмелер беріліп, аталған тақырып бойынша 20-дан астам спикердің баяндамалары жарыққа шыққан.
2015 жылы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған ұлттық және аймақтық телеарналарда 3369 бейнесюжеттер көрсетілді, радиода 4840 ақпараттық хабарламалар айтылды.
Баспа БАҚ-да 6135 мақалалар жарияланған, интернет кеңістігінде және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ ақпараттық агенттіктердің сайттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша 8549 мақалалар мен жазбалар орналастырлған.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары келесі мемлекеттік органдармен белсенді түрде жүргізілді:
Бас прокуратурамен (сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 15 баспасөз-конференциялар ұйымдастырылған, республикалық және аймақтық БАҚ-да 1567 материалдар ұсынылған, оның ішінде басылған мақала - 518, теледидарда - 271, радиода – 282, ақпараттық агенттіктерде – 299, ведомстволық сайттарда - 197);
Жоғарғы сотпен (12 бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерге ұсынылған, бұқаралық ақпарат құралдарында 15 басылымдар жарияланған);
Әділет министрлігімен (45 мақала жарияланды, ұлттық және аймақтық хабар тарату арналарында 13 теле- және 15 радиобағдарламалар шықты).
2015 жылы азаматтардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздігін қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша деректі, көркем фильмдер, әлеуметтік аудио- , бейнероликтерді құру және тарату үшін
іс-шаралар қабылданды.
2015 жылғы желтоқсанда Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп қазіргі кезеңдегі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ашатын бейнедәрісті түсіру аяқталды. Еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бейнедәріс «Адалдық алаңы» (adaldyk.kz) веб-сайтында орналастырылған.
Сондай-ақ, теледидарда, және де ХҚКО, қоғамдық көлік және сауда орталықтарындағы мониторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер дайындалып және таратылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта радио эфирінде тұрақты айдарлар, баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 30-дан астам айдарлар қызмет атқарады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық және аймақтық комиссияларының жұмыс жоспарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша сұрақтар қосылған.
Білім және ғылым министрлігі «тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» мақсаттарының бірі болып табылатын тәрбиелеудің концептуалдық негіздері және оларды жүзеге асыру іс-шаралары Жоспары бектіліген, Жоғары оқу орындарының білім беру үрдісінде пайдалану үшін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модельді оқыту бағдарламасы әзірленді (101 ЖОО-да элективті пәндер каталогына енгізілген),
2016 жылға оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мәселелерін енгізу және жастар ұйымдарының тарту арқылы, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қалыптастыру бойынша жұмыс жоспары әзірленді. Жекелеген пәндер бойынша типтік оқу бағдарламаларына және білім берудің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиыл мәселелері бойынша түзетулер енгізілді.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
Зерттеу мақсаты мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы қоғамдық пікірді сипаттайтын сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін анықтау, оның ішінде қоғамдық санада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін ең тиімді шараларды анықтау болды.
Әлеуметтік зерттеудің нәтижелері мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке үлесін 43,7%, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша онымен бетпе-бет кездескен жағдайда қандай да бір белсенді іс-қимыл жасауға еліміздің 47,2% халқы дайын екендігін білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықтың дамуы
Қазіргі уақытта Қазақстанмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының негізін қалаушы халықаралық құжат ратификацияланған – ол БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы бойынша 18 екіжақты халықаралық келісімдер (Франция (2), ҚХР, Испания, Эстония, БАӘ, Италия, Латвия, Түркия және т.б. сияқты елдермен келісімге отырған, олардың реттейтін тақырыбы қылмыстың барлық түрімен күрес болып табылатын) қолданыста бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЭЫДҰ және Еуропа Кеңесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз қарым-қатынаста.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствалар қауымдастығының (IACCA, Пекин қаласы), Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы торабының (ЭЫДҰ СЖҚТ), Азия елдері және Тұнық мұхит Азиялық Даму Банкі және ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамашылықтардың (АДБ/ЭЫДҰ, Манила қаласы), Халықаралық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясының (ХСЖҚА, Лаксенбург қаласы) және ТМД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (СЖҚМК, Минск қаласы) мүшесі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесті құру келісім шеңберінде Астана қаласында 2015 жылдың 18-19 қарашасында Кеңестің кезекті отырысы өтті, онда 2016 жылғы төрағалық Қазақстанға берілді. Мемлекетаралық кеңестің отырысының қорытындылары шетел БАҚ-да жарияланды.
2015 жылы Newsweek британ журналында Қазақстан туралы арнайы басылым әзірленді, оның аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметі туралы сұхбат жарияланды.
Қазақстандық делегациялардың шетелге сапар аясында (АҚШ, Канада, Германия, Швейцария) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұсаукесерлер, талқылаулар, келіссөздер өткізілді, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деңгейін бағалайтын және рейтинг беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдарға тиісті ақпарат ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |