Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығы
«Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында сатуға арналған марканы бекіту туралы бұйрық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті көрсетушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған марканы беру.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағында, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру кезінде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің* көшірмесі.
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
құрылтай құжатының көшірмесі (заңды тұлға үшін) (болған жағдайда);
егер мәлімделген уылдырық:
отандық-табиғи (жабайы) болса, мәлімделген уылдырық алынған бекіре балық түрлерін аулаудың заңдылығын растайтын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттың көшірмесін ұсыну қажет;
импорттық болса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік орган уылдырықты Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге берген рұқсатының көшірмесін ұсыну қажет;
тәркіленген болса, тәркілеу туралы сот қаулысын ұсыну қажет;
маркалар үшін төлемақы туралы төлем тапсырысының төлнұсқасы, төлемақы мөлшері және төлеу деректемелері Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minagri.gov.kz, «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімі.
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі өтініш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
егер мәлімделген уылдырық:
отандық-табиғи (жабайы) болса, мәлімделген уылдырық алынған бекіре балық түрлерін аулаудың заңдылығын растайтын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттың көшірмесін электрондық құжаттар нысанында ұсыну қажет;
импорттық болса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік орган уылдырықты Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге берген рұқсатының көшірмесін электрондық құжаттар нысанында ұсыну қажет;
тәркіленген болса, тәркілеу туралы сот қаулысын электрондық көшірме нысанында ұсыну қажет.
маркалар үшін төлемақы туралы төлем тапсырысының төлнұсқасы, төлемақы мөлшері және төлеу деректемелері электрондық құжаттар немесе электрондық көшірме нысан түрінде.
Маркалар үшін төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырыла алады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті лауазымды адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000 г. Астана, улица Кенесары 36, кабинет 301, телефон: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.
Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефоны: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
____________________
«Қазақстан Республикасының сыртқы
нарығында бекіре балық түрлері
уылдырығының саудасына арналған
марканы бекіту және оны
Қазақстан Республикасының
ішкі нарығында сатуға арналған
марканы беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна
мен флора түрлерімен халықаралық сауда
туралы конвенция бойынша
Әкімшілік орган
_________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
_________________________________
жеке тұлғаның (дара кәcіпкердің)
_________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
_________________________________
мекенжайы, телефоны)
Өтініш
Бекіре балық түрлерінің уылдырығын ішкі нарықта сатуға арналған маркаларды беруді сұраймын
1.
|
Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген уылдырық түрі
|
|
2.
|
Үлгінің шығу тегі (отандық, импортталған, тәркіленген), егер Қазақстан Республикасында қолдан өсірілген болса, әкімшілік органда тіркелгені туралы куәлігінің нөмірі мен мерзімін көрсету қажет
|
|
3.
|
Өтінім берушінің мемлекеттік және орыс тіліндегі заңды мекенжайы (жеке тұлға үшін - үй мекенжайы, паспорттық деректері), олардың телефондары
|
|
4.
|
Банкалар саны және уылдырықтың түрі бойынша салмағы
|
|
20___ жылғы _________________ Мөр орны
(өтініш берілген күн)
__________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының қолы және тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
«Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны
Қазақстан Республикасының
ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
____________________________________________________________________
(Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының немесе Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
аумақтық бөлімшелерінің атауы)
Нөмір:__________ Берілген күні: ________
Жануарлар дүниесін пайдалануға
РҰҚСАТ
Берілді: __________________________________________________________
Пайдалану түрі: ___________________________________________________
Алып қою мақсаты:________________________________________________
Су қоймасының атауы:_____________________________________________
Алып тастау тәсілі:________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты тұлғалар:_________________________________________________________
Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны:
Балықтардың және басқа да су жануарларының түрлері
|
Саны (кг, тн)
|
|
|
|
|
Жыныс-жас құрамы (қажет болған жағдайда)__________________________
Алып қою мерзімі__________________ бастап _____________ қоса алғанда
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы _________________________________________________
Нақты орналасқан жері ______________________________________________
Алып қою құралдары:_______________________________________________
Алып қою құралдарының атауы
|
Саны дана
|
|
|
|
|
жүзу құралдары:
Уәкілетті адам:
|
____________________
«Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Конвенция о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения (СИТЕС)
|
ОРИГИНАЛ
Original
|
Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora (CITES)
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан
Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
|
|
Экспорт
Export
|
Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы
Административный орган СИТЕС в Республике Казахстан
Management Authorities for CITES in the Republic of Kazakhstan
|
010000, Ministry House, Orynbor 8, Astana city, Republic of Kazakhstan Tel.: (+7172) 743325 Fax: (+7172) 743300
|
|
|
Импорт
Import
|
|
Реэкспорт
Re-export
|
|
Прочие
Other
|
Экспортер / Реэкспортер:
Exporter / Re-exporter:
|
Разрешение №:
Permit №:
|
Защитная марка №:
Security stamp №:
|
Действительно до:
Valid until:
|
Импортер:
Importer:
|
Особые условия:
Special conditions:
|
Для живых животных данное разрешение действительно только, если условия транспортировки соответствуют рекомендациям СИТЕС, а в случае авиаперевозки правилам ИАТА
For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA Live Animal Regulations
|
Русское и латинское название животного или растения
Russian and scientific name of animal or plant
|
Описание образца, включая метки
Description of specimens, including identifying marks or numbers
|
Приложение
Appendix
|
Источник
Source
|
Цель
Purpose
|
Количество экземпляров или вес
Quantity: number of specimens or weight
|
А
|
|
|
|
|
|
Страна происхождения
Country of origin
|
Номер разрешения и дата
Permit № and date
|
В
|
|
|
|
|
|
Страна происхождения
Country of origin
|
Номер разрешения и дата
Permit № and date
|
Настоящее разрешение выдано:
This permit was issued on: ______________ ___________________________________________
Дата / Date Защитная марка, подпись и печать
Казахстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal
|
Подтверждение экспорта / реэкспорта
|
Заполняется в пункте пересечения таможенной границы Республики Казахстан
Пункт пропуска: _________________
Дата: ___________________________
Подпись должностного лица и печать: _________________________
Номер коносамента/авианакладной: _________________________________
|
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |