Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#174302
1   2   3
§ 5. Тұру орнын ауыстыру

 

103. Тұру орнын алдағы ауыстыру туралы кезекшi диспетчер кеме капитанына жұмыс уақытында, егер порттағы мiндеттi қаулыларда өзге мерзiмдер белгiленбесе 2 сағаттан кешiктiрмей хабарлайды.

104. Кеме орнын ауыстырған және басқа кеменiң бортына үстiнен арқандап байланған жағдайда, онда соңғы кеме бұл жөнiнде ауысу басталарға дейiн кемiнде 1 сағат бұрын ескертiледi.

105. Кеменi бiр айлақтан басқасына ауыстыру немесе оны айлақтан рейдтке апару кемеде капитан немесе кеме капитанының аға көмекшiсi болған кезде жүргiзiледi.

106. Айлақ бойы кеменi алдағы қайта тарту жағдайында, оған басқа кемеден әкелiнген арқандар, бұл жөнiнде басқа кеме капитанының вахта көмекшiсiне хабарланғаннан кейiн берiледi. Егер арқандарды беру кезiнде олар басқа кеме арқандарымен қыстырылып қалса, басқа кеменiң вахта қызметi өзiнiң байлау арқандарын осы уақытқа босатады.



 

 

§ 6. Дауыл кезiндегi iс-қимылдар



 

107. Порттың теңiз әкiмшiлiгi ауа райының күрт бұзылатыны туралы деректер алысымен порт акваториясындағы кеме иелерiнiң диспетчерлiк қызметiне және порт айлақтарында тұрған барлық кемелердiң капитандарына жедел хабарлайды.

108. Кеме капитаны дауыл туралы ескерту алған кезде немесе ауа райы нашарлауының анық белгiлерi болған кезде кеме қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды.

109. Порт капитаны дауыл туралы ескерту алысымен порттың диспетчерлiк қызметiне дауыл кезiнде порттан шығуы тиiс кемелердiң тiзiмiн, сондай-ақ портта қалатын кемелердiң қолайлы жабық жерлерде орналасуын ескере отырып, тұруға көшуiн хабарлайды. Бiр мезгiлде кеме капитандарына, Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне және диспетчерлiк қызметке портта қалған кемелер мен жүзу құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi iс-шаралар жүргiзу туралы нұсқаулар бередi.

 

 

§ 7. Қыстау және портта қазықта тұру



 

110. Кеме иесiнiң немесе кеме капитанының өтiнiшi бойынша кеменiң қысқы тұру, жөндеуге немесе қазықта тұру мүмкiндiгi туралы шешiмдi әрбiр жағдайда порт басшысы қабылдайды, онда әрбiр кеме бойынша мыналар көрсетiледi:

1) үлгiсi, атауы, тiркеу нөмiрi, ұзындығы, енi және шөгуi;

2) тiркелген порты;

3) портта қалаған тұру орны;

4) капитанның немесе жауапты адамның тегi;

5) кемеде қыстап қалатын экипаж мүшелерiнiң немесе кемеде тұратын күзетшiнiң тектерi;

6) команданың (күзетшiлердiң) вахта қызметiн жүргiзу тәртібі мен кезекшiлiк кестесi;

7) кеме иесi мен капитанның мекенжайлары;

8) кемелердi орналастыру сызбасы.

Өтiнiшке кемеде өртке қарсы iс-шаралар жүргiзiлгенi туралы порттың өрт сөндiру күзетiнiң қорытындысы қоса берiледi.

Бiрнеше кемелер қыстаған кезде кеме иесi керуен қалыптастырады, керуеннiң барлық кемелерiнiң тұру қауiпсiздiгiне жауапты керуен капитанын тағайындайды.

111. Кеме капитаны қыстау портынан шыққан жағдайда, ол жоқ кезеңде кемеге және экипажға жауапты адам туралы порт капитанын хабардар етедi.

112. Қыстауға қойылған кемелерде кеме иесi әзiрлеген, бекiткен және Порттың теңiз әкiмшiлiгiмен келiсiлген кеменiң тұрақта тұруы кезеңiнде кеме қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар жоспары болады.

113. Құйылма кемелерiн тұраққа қою алдында танкiлер мен сорғы бөлiмшелерiн толық тазалау және газдарынан желдету орындалады.

114. Қыстайтын кемеде сұйық отын қоры порттың өрттен сақтандыру күзетiнің рұқсатымен ғана қалдырылады.

115. Тұру кезiнде кемелер порттың өрттен сақтандыру күзетiмен және Порттың теңiз әкiмшiлiгiмен байланыспен қамтамасыз етiледi.



 

 

5. Кемелер жүзген және тұрған кезде



порт акваториясындағы құрылыстардың қауiпсiздiгi және сақталуы

 

116. Порт айлағында бұрмалармен жұмыс iстеуге рұқсат етiлмейдi. Теңiзге шығар алдында қозғалтқышты дайындау кезiнде сақтық шараларын сақтай отырып, бұрманы қысқа уақытқа бұруға рұқсат етiледi.

117. Катерлерден, шлюпкалардан және салдардан:



1) кеме қатынасы фарватерлерiнде және арналарда;

2) кемелер жүзуi мен тұруына арналған рейдтер мен плестерде;

3) өнеркәсiп кәсiпорындарының айдыны шегiнде, порттың жүк аудандары мен күзет айлақтарында балық аулауға рұқсат етiлмейдi.

Сонымен қатар кемелер тұруға арналған айлақтардан, пристандардан және басқа құрылыстардан балық аулау жүргiзiлмейдi.

118. Өнеркәсiптiк балық аулауға арналған балық аулау жарақтарын қою орны және оларды қалқымалы ескерту белгiлерiмен қоршау порт капитанымен келiсiледi.

119. Навигациялық жабдықтардың жағалаудағы және жүзбелi құралдары навигация кезiнде оларды ауыстырған кезде алынады (сөндiрiледi).

120. Порт капитанының және навигациялық жабдық құралдары иелiгiндегi ұйымының рұқсатынсыз портқа (арнаға) кiреберiстерде және портта:



1) қандай да бiр навигациялық жабдық құралдарын орнатуға;

2) жарық шығару жағалаулық және жүзбелi навигациялық жабдық құралдарының iс-қимылы аймағында қандай да бiр оттарды орнатуға;

3) тарту және порт навигациялық белгiлерiнiң iс-қимылы аймағында жүк жинап қоюға;

4) навигациялық жабдық құралдарының көрiнуiн нашарлатуы мүмкiн кез келген құрылыстар салуға рұқсат етiлмейдi.

121. Навигациялық жабдық құралдарының көрiнуiн жабатын өсiп тұрған ағаштар мен бұтақтар мерзімділікпен шабылуға жатады.

122. Портта көпiр, әуе кабельдерi өткелдерiн, байланыс және электр беру желiлерiн орнату және салу, құбырларды салу және басқа жұмыстар, сондай-ақ радиожүйе салу Порттың теңiз әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша жүргiзiледi.

123. Жүзбелi маяктарға, буйларға және басқа жүзбелi навигациялық жабдық құралдарына жақындауға және арқанмен байлануға рұқсат етiлмейдi.

124. Навигациялық жабдық құралдарының бүлiнгенiн немесе штаттық орнынан ауысқанын байқаған адамдар бұл жөнiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгiне хабарлайды.

125. Электр желiсiне, телефон жүйесiне, сондай-ақ порттың су немесе жылу беру жүйесiне қосу Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады.

126. Жөндеу үшiн және басқа қажеттiлiктер бойынша айлақтарға немесе жағалауға кез келген жүзбелi құралдарын шығару және орнату Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүргiзiледi.

127. Порттың және порт маңының аймағы аумағында ғимараттарға, қоймаларға, құрылыстар мен қондырғыларға иелiк ететiн немесе оларды өзге де заңды негiзде пайдалатын ұйымдар оларды және оларға жапсарлас аумақты Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң, порттың өрт сөндiру өрт күзетiнiң және санитарлық-карантин қызметiнiң талаптарына сәйкес жай-күйде ұстауды қамтамасыз етедi.

128. Порттағы кемелерде сырлау жұмыстарын жүргiзу Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша орындалады.

129. Портта өрт қауiпсiздiгi арнайы ережелермен реттеледi.

130. Портта өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі өрт-техникалық қызметi (инспекциясы) өкiлдерiнiң талаптарын барлық кемелер мен жағалаудағы ұйымдар орындайды.

131. Басқа кемеден немесе порттан өрттi байқаған кеме дабыл сигналын бередi, ол туралы порттың өрт сөндiру қызметiне және Порттың теңiз әкiмшiлiгiне жедел хабарлайды және өрт сөндiрудi басқаруды жүзеге асыратын адамның нұсқауы бойынша өрт сөндiруге қатысады.

132. Портта немесе кемеде шыққан өрттi сөндiру үшiн Порттың теңiз әкiмшiлiгi порттағы адамдарды немесе кез келген ұйымдар мен кемелердiң өрт сөндiру құралдарын қатыстырады.

133. Портта қандай да бiр объектiде шыққан өрттi сөндiруге порттың (қаланың) өрт сөндiру командасы келгенге дейiн адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялауға басшылық етудi авариялық объектiнiң бастығы жүзеге асырады.

134. Өрт болған жерге өрт сөндiру күзеті өкiлдерi келгенде өрт сөндiрудi басқаруды аға өрт сөндiру бастығы өзiне алады. Өрт сөндiрудi басқарған авариялық объектiнiң бастығы оған өрт көзi, оны жою жөнiнде қабылданған шаралар, сондай-ақ үй-жайлардағы өрт сөндiрумен айналысқан адамдардың саны туралы барлық қажеттi мәлiметтердi хабарлайды.

135. Кемеде өрт шыққан кезде өрт сөндiру кеме экипаждары мен жағалаудағы өрт сөндiру күзетi бөлiмшелерiнiң өзара әрекетiмен ұйымдастырылады.

136. Порттың барлық ғимараттарына, құрылыстарына және объектiлерiне еркiн кіру қамтамасыз етiледi. Кiрме жолдардың қоқыстануына және оны қоймалау мақсаты үшін пайдалануға жол берілмейді.

137. Кемелер тұрған жерлердегi пристер мен айлақтар халықаралық үлгiдегi «жағалау» жарамды өтпелi жалғағыштармен жабдықталады, олар оған өрт туындаған жағдайда су беру үшiн халықаралық үлгiдегi «кеме» кемелiк өтпелi жалғағышты қосуға мүмкiндiк бередi.

138. Кемелер мұнай айлақтары ауданында және танкерлер тұратын жерлерде тұрған кезде ұшқын сөндiргiш қорғанышпен қамтамасыз етiледi.

139. Өрт қаупi бар жүктермен операциялар орындайтын кемелер тұрағына 100 метрден жақын жерде от қолдануға және ашық от жағуға байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.

140. Бункерлейтiн немесе бункерленетiн кемеде өртке қарсы iс-шаралары жүргiзiлмеген жағдайда, сұйық отыны бар кеменi бункерлеуге рұқсат етiлмейдi.

141. Найзағай болған кезде құйылма және ыдыстағы мұнай өнiмдерiн тиеп-түсiру жүргiзiлмейдi. Найзағай болған кезде танкерлер мен газ өткізу құбырлары жабылады.

142. Танкердi тiркеп сүйреген кезде тiркеп сүйрететiн кемедегi өртке қарсы сақтық режимi тiркеп сүйретiлетiн кемедегiдей сақталады.

143. Өздiгiнен жүрмейтiн мұнай құю баржасынан мұнай базасына немесе кемеге мұнай өнiмдерiн құйған кезде осы баржаға жақын жерде оны (кеме) мұнай базасынан дереу әкетуге дайын тiркеп сүйрейтiн кеме тұрады.

144. Портта құрылыс және өзге жұмыстарды жүргiзген, олар туралы мәлiметтер басшылық құжаттар мен карталарда көрсетiлетін қажет ұйымдар мен адамдар порт капитанына навигациялық әдiстемелердi кейіннен түзету үшiн қажеттi материалдар ұсынады.

145. Жұмыс ауданындағы навигациялық қоршауды осы жұмыстарды жүргiзуге мүдделi, тапсырыс берушi ұйымның есебiнен портта навигациялық жағдайды қамтамасыз ететiн ұйым жүргiзедi.

146. Порт капитаны теңiзде жүзушiлердi уақтылы хабардар ету үшiн навигациялық жағдайдың өзгергенi туралы Қазақстан Республиканың Гидрографиялық қызметiнiң жергiлiктi органдарына хабарлайды.

147. Гидротехникалық құрылысқа зақым келтірген кеме капитаны бұл тұрақ туралы Порттың теңiз әкiмшiлiгiне жедел хабарлайды.

148. Портта сүңгуiр жұмыстары тәуліктің күндізгі уақытында және капитанның рұқсатымен ғана жүргiзiледi.

149. Сүңгуiр жұмыстарын жүргiзетiн орыннан өткен кезде барлық кемелер, катерлер мен шлюпкалар күнi алдын ала рұқсат етілетін шекке дейін жылдамдықты азайтады және аса сақтықты сақтайды.



Сүңгуiр жұмыстары жүргiзiлетiн жерде зәкiр тастауға рұқсат етiлмейдi.

150. Порттағы сүңгуiр жұмыстары жүргiзiлетiн ауданда кемелердi қайта орналастыру жағдайында кезекшi диспетчер сүңгуiр жұмыстарымен айналысқан кемені ол туралы 1 сағаттан кешiктiрмей ескертедi.



 

Қазақстан Республикасының



теңiз порттарында және оларға

кiреберiстерде кемелердiң

жүзу және тұрақта тұру

қағидасына 1-қосымша

 

 

Түзетулердi есепке алу парағы

 

Кiтап теңiзде жүзушiлерге хабарлама бойынша қазiргi

заманғы деңгейге келтiрiлген

Орындаушының қолы мен түзету

жасалған күн

Теңiзде жүзушiлерге хабарламаның атауы мен шығу нөмiрi

Теңiзде жүзушiлерге хабарламаны шығару күнi

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының



теңiз порттарында және оларға

кiреберiстерде кемелердiң

жүзу және тұрақта тұру

қағидасына 2-қосымша

 

 

Портқа кемелердiң кіруi мен порттан шығуын реттейтiн сигналдар

 

Сигнал №

Сигнал түрi

Сигнал мәнi

Күндiз

Түнде

1.

Бiрiнiң үстiне бiрi орналасқан

үш қара шар

Бiрiнiң үстiне бiрi орналасқан

үш қызыл от

Айтарлықтай оқиғалар жағдайында (мысалы фарватердiң жабылуы және т.б.) кіруге мүлдем тыйым салынады

2.

Екi қара шар арасында төбесі

жоғары қарай тiгiнен орналасқан қара конус

Тiгiнен қызыл оттар арасында орналасқан ақ от

Портты пайдаланудың

қалыпты жағдайлары кезiнде кіруге тыйым салу (мысалы фарватерге порттан шығатын кемелерге ғана рұқсат етiледi)

3.

Төбесі төменге қараған конус, оның астында ұшы жоғары қараған қара конус, осы конустың астында қара шар

Жоғарыдан төмен тiгiнен: жасыл от, ақ от, қызыл от

Портты пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезiнде кіруге және шығуға тыйым салу (мысалы, жер қазу керуенiнiң, кабель кемесiнiң жұмысы кезiнде және т.б.)

4.

Төбесі төменге тiгiнен қараған

қара конустар арасындағы төбесі

жоғары қараған қара конус

Жоғарыдан төмен тiгiнен: жасыл

от, ақ от, жасыл от

Портты пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезiнде кіруге тыйым салу (мысалы, фарватерге портқа кiретiн кемелер ғана жiберiледi)

5.

Тiгiнен жоғары қараған ортасында қара шары бар екi қара цилиндр

Ортасында қызыл оты бар екi ақ от

Гавандар мен рейдтер бойынша шағын өлшемдi корабльдермен, катерлермен және шлюпкалармен қозғалуға тыйым салынады

 

Қазақстан Республикасының



теңiз порттарында және оларға

кiреберiстерде кемелердiң

жүзу және тұрақта тұру

қағдиасына 3-қосымша

 

 

Брандвахталық посттар мен корабльдердiң сигналдары

 

Корабльдердiң, брандвахталардың немесе жағалаудағы постылардың кемелерге жүзу режимi туралы хабарлау жүзеге асырылатын айырмашылық белгiлерi мыналар болып табылады:

күндiз - үшбұрышты көк ту;

түнде - гафельде көтерiлетiн, тiгiнен орналасқан үш көк от.

Егер осы ауданға кіру немесе онда жүзу тоқтатылған жағдайда, корабль, брандвахта немесе жағалаудағы пост жоғарыда аталған айырмашылық белгiлерiне қосымша мыналар көтерiледi:

күндiз - тiгiнен орналасқан үш қара шар;

түнде - тiгiнен орналасқан үш қызыл от.

 

Қазақстан Республикасының



теңiз порттарында және оларға

кiреберiстерде кемелердiң

жүзу және тұрақта тұру

қағидасына 4-қосымша

 

Мұзжарғыштар мен алып өткiзiлетiн кемелер арасындағы

байланыс үшiн қолданылатын халықаралық сигналдар

 

Сигнал нөмiрi

Сигнал

Сигнал мәнi

мұзжарғыштан

өткiзiлетiн кемеден (лерден)

1

2

3

4

1

А (Альфа).. -

Алға жүрiңiз (мұз арнасы бойынша жүрiңiз)

Мен алға жүремiн (мұз арнасы бойынша жүремін)

2

G (Гольф) - -.

Мен алға жүремiн, соңымнан жүрiңiз

Мен алға жүремiн, соңыңнан жүремiн

3

J (Джулиэт) . - - -

Соңымнан жүрмеңiз (мұз арнасы бойынша жүрiңiз)

Мен соңынан жүрмеймiн

(мұз арнасы бойынша жүремiн)

4

Р (Папа) . - -.

Жүрiстi азайтыңыз

Мен жүрiстi азайтамын

5

N (Новэмбер) -.

Қозғағышты тоқтатыңыз

Мен қозғағышты тоқтатамын

6

Н (Хотел) ....

Қозғағышқа керi жүрiс берiңiз

Қозғағышқа керi жүрiс беремiн

7

L (Лима) . -..

Кеменi дереу тоқтатыңыз

Мен кеменi тоқтатамын

8

4 (Картэфоур) .... -

Тоқта. Мен мұзда тұрып қалдым

Тоқта. Мен мұзда тұрып қалдым

9

Q (Кэбэк) - -. -

Кемелер арасындағы қашықтықты қысқартыңыз

Мен қашықтықты қысқартамын

10

В (Браво) -...

Кемелер арасындағы қашықтықты ұлғайтыңыз

Мен қашықтықты ұлғайтамын

11

5 (Пантафайв) .....

Назар аударыңыз

Назар аударыңыз

12

Y (Янки)

Тiркеп сүйреудi қабылдауға (жіберуге) дайындалыңыз

Тiркеп сүйреудi қабылдауға (жіберуге) дайынмын

 

Ескертпе:

4. Дыбыстық немесе жарықтық құралдармен К (Кило) (- . -) сигналын кемелерге радиосигналдарға үздiксiз бақылау жүргiзу мiндетiн еске алу үшiн мұзжарғыш пайдалануы мүмкiн.

2. Егер бiр кемеден көп алып өтiлетiн болса, онда кемелер арасындағы қашықтық мүмкіндігінше тұрақты ұсталады: ол үшiн өз кемеңнiң және алда келе жатқан кеменiң жылдамдығын бақылау қажет. Егер өз кемеңнiң жылдамдығы азайған болса, онда артта келе жатқан кемеге назар аудару сигналын беру қажет.

3. Осы сигналдарды пайдалану Кемелердiң теңiзде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережелерiн орындаудан ешқандай кеменi босатпайды.

4. Мұзжарғыштан берiлген (. . - . .) сигналы «Алға жылжуды тоқтатыңыз» дегендi бiлдiредi және мұзжарғыштың алдындағы және оған жақындаған немесе алыстаған мұздық арнадағы кемеге ғана берiледi. Кемеден мұзжарғышқа берiлген осы бiр (. . - . .) сигнал «Мен алға жүрудi тоқтаттым» дегендi бiлдiредi. Көрсетiлген сигнал радио арқылы берiлмейдi.

 

Қазақстан Республикасының



теңiз порттарында және оларға

кiреберiстерде кемелердiң

жүзу және тұрақта тұру

қағидасына 5-қосымша

 

 

Мұз операциялары үдерiсiне пайдаланылуы мүмкiн

қосымша сигналдар

 



Сигнал

Сигнал мәнi

1

* Е (Эко).

Мен бағытымды оңға өзгертемiн

2

* I (Индиа)..

Мен өз бағытымды солға өзгертемiн

3

* S (Сиэра)...

Менiң қозғағыштарым керi жүрiске жұмыс iстейдi

4

*М (Майк) --

Менiң кемем тоқтатылды және суға қатысты жүрiсi жоқ

 

Ескертпе: Жұлдызшамен (*) белгiленген сигналдар, оларды дыбыс ретiнде бергенде Кемелердiң теңiзде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережелерiне сәйкес қана қолданылуы мүмкiн.

Мұзжарғыш пен өткiзiлетiн кемелер алмасатын бiр әрiптi сигналдар осы кестеде аталған мәндi бiлдiредi және тек дыбыс пен көру сигналдары арқылы немесе радио арқылы берiлуi тиiс. Мұздан өткізу кезiнде жоғарыдағы бiр әрiптi сигналдардан басқа қосымша екi әрiптi сигналдар да қолданылуы мүмкiн:

(Уиски Майк) - Мұздан өткізу қазiр басталды. Мұзжарғыштар мен өткiзiлетiн кемелер арасындағы байланыс үшiн арнайы сигналдарды пайдаланыңыздар және дыбыс, көру және радиосигналдарды бақылауды үздiксiз жүргiзiңiздер.

(Уиски Оска) жүрiңiз - Мұздан өткізу аяқталды. Алған бағытыңызға жүрiңiз.

 

Қазақстан Республикасының



теңiз порттарында және оларға

кiреберiстерде кемелердiң

жүзу және тұрақта тұру

қағидасына 6-қосымша

 

 

Кеменi айлаққа арқандап  байлау үшiн арқандап байлаушылардың қажетті саны

 



Кеме сыйымдылығы

(тiркелiмдiк тоннамен)

Арқандап байлаушылар саны

1

300 дейiн

1

2

300-ден 1500 дейiн

2

3

1500-ден 2500 дейiн

3

4

2500-ден 5000 дейiн

4

5

5000-нан 10000 дейiн

6

6

10000-нан 20000 дейiн

8

7

20000 артық

10

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет