Қазақстан республикасының



бет8/13
Дата23.02.2016
өлшемі1.55 Mb.
#8136
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Жерлерді бағалық аудандастыру мемлекет жүргізетін салық, баға саясатын жүргізу, жерлерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша шараларды жасау, жер мониторингі, кадастрі, қорларын басқару бойынша бірыңғай ақпараттық-есептеу жүйесін құру үшін жерлердің сапасын, бағасын білуге қажет дұрыс материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағалық аудандастыру ауыл шаруашылық жерлерінің нормативтік бағасын анықтау бойынша есептерді азайтуға және жеңілдетуге мүмкіндік береді.


Бөлімге сұрақтар

  1. Ресейде топырақтарды бонитеттеу әдістемесінің негізін кім қалады?

  2. Бонитеттеу шкаласын құруда қай көрсеткіш ең басты болып саналады?

  3. Топырақтарды бағалауда дақылдардың орта көпжылдық шығымдылығы не үшін қажет?

  4. Топырақтарды бонитеттеуде статистикалық өңдеу қалай жүргізіледі?

  5. Жерді экономикалық бағалау деген не?

  6. Жер учаскесінің орналасуы оның бағасына қалай әсер етеді?

  7. Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау қай мақсаттарда жүргізіледі?

  8. Жерлерді экономикалық бағалаудың қандай негізгі көрсеткіштері болады?

  9. Дифференциалдық пайда деген не?

  10. Шығындар орнының толтырылуы деген не?

  11. Жыртылатын жерлердің экономикалық бағалауы қалай жүргізіледі?

  12. Мал азықтық табиғи алқаптарын бағалаудың ерекшелігі неде?

  13. Нормативтік бағаны есептеу әдістемесінің ерекшелігі неде?

  14. Бағалық аудандастыру, бағалық кластар, контурлар деген не?


6-тарау. ЖЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
6.1 Жерді кадастрлық аймақтау және санаттар бойынша

бағалау әдістері
Қазақстандағы жер реформасын іске асырудың маңызды жолдарының бірі - жер нарығының қалыптасуы мен дамуы және азаматтар мен мемлекетті жеке меншіктікке, соның ішінде жерге меншік құқығымен нақты қамтамасыз ету болып табылады. Республикамызда жер қатынастарының дамуына тиісті заңдық және нормативтік құқықтық актілерді дер кезінде қабылдап қамтамасыз етілуі керек. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Жер туралы", "Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы", Жылжымайтын мүлікті және онымен мәміле жасауды мемлекеттік тіркеу туралы" Жарлықтары, сондай-ақ осы заңдық актілерді жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының қабылдануымен елімізді нарықтық жер қатынастарына көшіруді қамтамасыз ететін толық заң негіздері жүйесі құрыла бастады.

Ауылда ең кең тараған шаруашылық түрін-шаруа /фермерлік/қожалықтарын құру және жұмыс істеу құқықтық негізін жетілдіру, отандық тауар өндірушілерге көмек беру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін жақсартуға бағытталған жер қатынастарын әрі қарай реттеу бойынша 1998 ж. бір қатар заңдық жеке нормативтік -құқықтық актілер қабылданды.

1998 ж. 31 науырызда шыққан Қазақстан Республикасының- "Шаруа /фермерлік/ қожалығы туралы" заңында шаруа қожалығын ұйымдастыруда жер учасклерін беру тәртібі, жағдайларды, олардың мөлшері және тегін беру нормасы, пайдалану тәртібі, жер учаскелерін пайдаланымы бойынша пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ басқа да нормалар жөнінде жер қатынастарын реттеу нормалары белгіленген.

"Жер туралы" Жарлықтың 8-бабына қосымша еңгізілген сызықша пәтер иелерінің кооперативтеріне және кіші кәсіпкерлік субъектілеріне жерді тұрақты пайдалану құқығы тегін беру көзделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.08.98 ж. №763 қаулысы мен 8-мамырдағы 1996 ж. №576 "Жеке меншікке немесе мемлекеттік жерді пайдалануға" берілген жер үшін төлем ставкасын бекіту туралы қаулыға мемлекеттің немесе мемлекеттік жер пайдаланушының жер учаскесін жалға беру төлем мөлшерлерінің шектері жөнінде өзгерістер еңгізілді.

Жер құқық қатынастарын белгілейтін көптеген заң және нормативтік актілерді іске қосу, кейбір санаттағы жерлерге жеке меншіктің пайда болуы, жерді және пайдалану құқығының нарықтық айналымға қосылуы, жер қатынастрының жаңа субъектілерінің пайда болуы дауалардың көбеюіне, ал кейде түсініксіз, реттелмеген сұрақтардың пайда болуына әкелді.

Осыған байланысты жер құқық қатнастарынан шығатын барлық даулар, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Жер туралы " Жарлығының 119-бабына сәйкес шешіледі. Бірақ, бұл мәселелерді сот арқылы шешуде, қаралған істер бойынша соттар әртүрлі шешімдер қабылдады. Бұның себептері соттардың жерге қатысты іс қарау тәжірибесінің жеткіліксіздігі және сотта қарау әдістемесінің жоқтығы бірден көрінді.

Заң нормаларын жүзеге асыру, сондай-ақ жер заңын дұрыс, бірдей қолдану мақсатымен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот пленумі 1998 ж. 14 мамырда

"Соттардың Жер заңын қолдану тәжірибесінің кейбір мәселелері туралы" №2 қаулысын қабылдады. Бұл нормативтік акт жер қатынастарын реттеу мәселелерін, соның ішінде, жер пайдалану, иелену, билік етумен байланысты азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын сот арқылы қорғау бойынша бар құқықтық негізді толықтырды. Сөйтіп, бұл құжат жер қатынастары саласындағы заңдылықты бекітуге бағытталды. Сонда да жер қатынастары бойынша өзгерістердің дамуы, олардың мемлекет, ең алдымен заң құрушы органдар тұрғысынан реттелуі жер заңының әрі қарай жетілдіру керектігін дәлелдейді.

Жеке меншікке берілген /берілетін/ жер учаскелері





Қазақстан Республикасы азаматтарына

Азаматтарға, мемлекетік емес заңды тұлғаларға, соның ішінде шетелдік


Жеке қосалқы шаруашы-лық, бау шаруашылығын және саяжай құрылысын жүргізу үшін

Құрылысалу немесе құрылыс үйлері, ғимараттар, соның ішінде тұрғын жай-лар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет