Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес белгіленеді.»;
164) 382-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«382-бап. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары
Елді мекендердің тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі болып есептеледі.
Үй іргесіндегі жер учаскелері мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға жатады:
1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
2) қалған елді мекендер үшін:
көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.»;
165) 384-баптың 1 және 2 тармақшаларын мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында аталған жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында аталған жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына базалық ставкалар жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентінен аспауға тиіс.»;
166) 391-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте, жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.»;
167) 393-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Егер осы баптың 1-тармағында және осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар жер салығы бойынша салық есептілігін салық органдарына табыс етпейді.
Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.»;
168) 394-баптың 2-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан орны бойынша салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
167) 396-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«396-бап. Салық салу объектісі
1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептілігiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiкке инвестициялар;
1-1) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындаға жататын ғимараттар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде есептелетін сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарты бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бір бөліктері;
2) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шартына сәйкес берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.
1-1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайға жататын және осы Кодекстің 60-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес негізгі құралдар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.»;
168) 397-бапта:
1-тармақ мынадай редакияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
Концессия объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалған осындай объектiлердiң құны салық базасы болып табылады.
Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы есепті салық кезеңінің 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешек мөлшерінде белгіленеді.»;
4-тармақ мынадай редакияда жазылсын:
«4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға шығындардың, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға шығындардың жиынтығы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің салық салынатын объектілері бойынша салық базасы болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабы 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға, сондай-ақ бағасы (құны) белгісіз мәмілелер бойынша, не тегін, оның ішінде сыйға тарту, ... , қайырмалдық, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған осы активке меншік құқығы туындаған күнге салық салу объектісінің нарықтық құны салық базасы болып табылады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 406-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салық базасы осы бапта көзделген тәртіпте айқындалады.»;
169) 398-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мүлік салығын осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.»;
170) 399-бапта:
3-тармақ мынадай редакияда жазылсын:
«3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.»;
5-тармақ мынадай редакияда жазылсын:
«5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын енгізеді.
Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекті мерзім осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер мен осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін осы баптың 7-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.»;
7 және 8-тармақтары мынадай редакияда жазылсын:
«7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мүлік салығын есептеу бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.
8. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.»;
171) 402-баптың 1-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакияда жазылсын:
«1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге міндетті.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге міндетті.»;
172) 405-бапты мынадай редакцияда жазылсын:
«405-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап бұдан әрі (бұдан әрі – пайдалану кезінен бастап) оларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.»;
173) 406-бапты мынадай редакцияда жазылсын:
«406-бап. Салық базасы
1. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалған салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг.
Осындай тіркеуден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалған құн мемлекеттік тіркеуі ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген жаңадан салынған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:
C = C б x S x К функц х К айм.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
Қ - салық салу мақсаты үшін мүліктің құны,
Қ б - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының бір шаршы метрінің базалық құны,
S - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының шаршы метрмен пайдалы ауданы,
К таб - табиғи тозу коэффициенті,
К функц - функционалдық тозу коэффициенті,
К айм - аймақтау коэффициенті,
К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті.
2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының теңгемен көрсетілген бір шаршы метрінің базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады:
Рет №
|
Елді мекеннің санаты
|
Базалық құн, теңгемен
|
1
|
2
|
3
|
|
Қалалар:
|
|
1.
|
Алматы
|
30000
|
2.
|
Астана
|
30000
|
3.
|
Ақтау
|
18000
|
4.
|
Ақтөбе
|
18000
|
5.
|
Атырау
|
18000
|
6.
|
Қарағанды
|
18000
|
7.
|
Қызылорда
|
18000
|
8.
|
Көкшетау
|
18000
|
9.
|
Қостанай
|
18000
|
10.
|
Павлодар
|
18000
|
11.
|
Петропавл
|
18000
|
12.
|
Талдыкорган
|
18000
|
13.
|
Тараз
|
18000
|
14.
|
Орал
|
18000
|
15.
|
Өскемен
|
18000
|
16.
|
Шымкент
|
18000
|
17.
|
Облыстық маңызы бар қалалар
|
12000
|
18.
|
Аудандық маңызы бар қалалар
|
6000
|
19.
|
Кенттер
|
4200
|
20.
|
Селолар (ауылдар)
|
2700
|
Достарыңызбен бөлісу: |