Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет12/17
Дата30.06.2016
өлшемі3.81 Mb.
#168567
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес белгіленеді..

3. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм.

Осындай тіркеуден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалған құн мемлекеттік тіркеуі ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген жаңадан салынған тұрғынжайдың салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

Қ - салық салу мақсаты үшін құн,

Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:

тұрғынжайдың салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері бойынша -25 процент, гараж бойынша - 15 процент,

S - тұрғынжайдың салқын жапсаржайларының, шаруашылық (қызметтік) құрылыстарының, шығыңқы ірге қабаттарының, жертөлелерінің, гаражының шаршы метрмен жалпы ауданы,

К таб - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған табиғи тозу коэффициенті

К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті,

К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймақтау коэффициенті.

4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының табиғи тозу коэффициенті амортизация нормаларын және тиімді уақытын есепке ала отырып, мына формула бойынша айқындалады:

К таб = 1 - М таб, мұнда:

М таб - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының табиғи тозуы.

Табиғи тозу мына формула бойынша айқындалады:

М таб = (Т баз - Т п.б) х Наморт/100, мұнда:

Т баз - салық есептелген жыл,

Т п.б - объектінің пайдалануға берілген жылы,

Н аморт - амортизация нормасы.

Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:




 №

п/п


Группа

капитальности



Характеристика здания

Н аморт, %

Срок службы

1

2

3

4

5

1.

1

Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар;

0,7

143

2.

2

Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темір-бетонды, бетонды немесе ағаш; ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар

0,8

125

3.

3

Қабырғалары жеңілдетіліп қаланған кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, жеңілдетіліп монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар

1,0

100

4.

4

Қабырғалары аралас, кесілген ағаштан немесе бедерлі кірпіштен қаланған ғимараттар

2,0

50

5.

5

Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар

3,3

30

6.

6

Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар

6,6

15

Егер тастан қаланған немесе тасымалы панелді тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының табиғи тозуы 70 проценттен жоғары болса, оның ішінде материалдардан салынған үйлерде 65 проценттен жоғары болса, онда 0,2-ге тең табиғи тозу коэффициенті қолданылады.

5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының сапасына қойылатын талаптарды ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мына формула бойынша есептеледі:

К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:

К қаб - тұрғынжайдың орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін есепке алу коэффициенті,

К бұр - тұрғынжайдың құрылыстың бұрыштағы учаскелерінде орналасуын есепке алу коэффициенті,

К қ. мат - қабырға материалын есепке алу коэффициенті,

К жайл - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін есепке алу коэффициенті,

К жылу - жылыту түрін есепке алу коэффициенті.

Қабатына байланысты мынадай қабаттылықтың түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:




Рет №

Қабат

К қабат

1

2

3

1.

Бірінші

0,95

2.

Аралық немесе жеке тұрғын үй

1,00

3.

Соңғы

0,9

 

Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.

Тұрғынжайдың, құрылыстың бұрыштағы учаскелеріндегі орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:

 


Рет №

Тұрғынжайдың құрылыстың бұрыштағы учаскесінде орналасуы

К бұр

1

2

3

1.

Бұрыштағы пәтер

0,95

2.

Бұрышта орналаспаған пәтер немесе жеке тұрғын үй

1,0

Қабырға материалына байланысты мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:

 

Рет №

Қабырға материалы

Коэффициент

1

2

3

1.

Кірпіштен

1,1

2.

Керамзит бетон блоктардан құралған

1,0

3.

Керамзит бетон блоктардан құралған, кірпішпен қапталған

1,05

4.

Темірбетон панелден

1,0

5.

Кiрпiшпен қапталған темірбетон панелден

1,05

6.

Балшықтан - саманнан

0,5

7.

Саманнан, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған

0,6

8.

Монолитты шлакты-бетонды

0,7

9.

Темірбетон блоктардан

1,0

10.

Жиналмалы-қалқанды

0,6

11.

Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған

0,75

12.

Кесiлген ағаштан

0,85

13.

Шпалдан

0,75

14.

Шпалдан, кiрпiшпен қапталған

0,95

15

Қамыс қаңқалы

0,6

16

Өзгелері

0,1

 

Тұрғынжайды, саяжай құрылыстары барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.

Адамдардың тұруы (тұрмыстық), келуі үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде, 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.

Жылыту түріне байланысты мынадай жылытудың түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:

 

Рет №

Жылыту түрі

К жылу

1

2

3

1.

Орталықтан жылыту

1,0

2.

Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту

0,98

3.

Қатты отын арқылы сумен жергiлiктi жылыту

0,95

4.

Пешпен жылыту

0,9

 …

Салқын жапсаржайлар, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстар, шығыңқы iрге қабаттар, жертөлелер, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық базасы осы бапқа сәйкес жылжымайтын мүлікке  құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.

9. Бірнеше салық салу объектілері бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болып табылса, салық базасы әрбір объект бойынша дербес есептеледі.

10. Пайдалану фактісі анықталған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салық қызметі органдары мынадай тәртіппен салық салынатын объектілерінің құны ағымдағы салық кезеңінде пайдалану фактісі анықталған аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:

С = Сб х S х 2

С – салық салу мақсаты үшін мүлік құны,

Сб – осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны,

S – аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы ауданы.»;

174) 409-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

Жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:

1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;

2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша аяқталмаған құрылыс объектісін меншік құқығына немесе пайдалануға иелік етудің нақты мерзімін ескере отырып, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.

Бұл ретте салықты есептеу әрбір салық кезеңі үшін бөлек жүргізіледі.

2. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса, немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану кезеңі он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болған немесе аяқталмаған құрылыс объенктісін пайдалануында болған нақты кезең айларының санына көбейту жолымен есептеледі.

Бұл ретте меншік құқығында болған немесе аяқталмаған құрылыс объенктісін пайдалануында болған нақты кезең салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану фактісі анықталған айдың 1 күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объекті осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) айқындалады.

5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау,  бұзылу фактілерін растайтын, уәкілетті мемлекеттік орган беретін құжаттар болған жағдайда, салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.

7. Бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:

1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;

2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

8. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты  кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс.

Салықтың жылдық сомасын салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.»;

175) 419-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

1) бильярд үстелі – торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;

2) ойын жолы – боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);

3) ұтыссыз ойын автоматы – балалар ұтыссыз ойын автоматын қоспағанда, ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);

4) карт – қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі;

5) балалар ұтыссыз ойын автоматы – балалардың көңлін көтеруге арналған және жеке қабілетін (мергендігі, көзбен шамалау, реакция жылдамдығы) пайдалана отырып, нәтижеге қол жеткізу мақсатында ойнаушының қарсы әрекетін ескере отырып, оған енгізілген бағдарламаны орындайтын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық).»;

176) 420-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«420-бап. Төлеушілер

Тіркелген салықты төлеушілер:

1) ұтыссыз  ойын автоматтарын, оның ішінде балалар ұтыссыз ойын автоматын;

2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) картты (картинг);

5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын  дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.»;

177) 421-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«421-бап. Тіркелген  салық салу объектілері

Мыналар:


1) балалар ұтыссыз ойын автоматын қоспағанда, бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

2) балалар ұтыссыз ойын автоматын қоспағанда, біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;

4) ойын жолы;

5)  карт;

6) бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі;

7) балалар ұтыссыз ойын автоматы болып табылады.»;

178) 422-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«422-бап. Тіркелген салықтың ставкалары

1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:

 


Рет №

 


Салық салу объектісінің атауы

 


Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Балалар ұтыссыз ойын автоматы, бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2.

Балалар ұтыссыз ойын автоматы біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

7.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған балалар ұтыссыз ойын автоматы

1

4

8.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған балалар ұтыссыз ойын автоматы

2

8

»;

179) 426-бапта:

2,3,4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Патент – патент құнын төлеуді растайтын электронды құжат.

3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимді таңдауды:

1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұру кезінде жеке тұлғалар - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – жаңадан құрылған дара кәсіпкер);

2) бір салық салу режимінен басқа салық салу режиміне ауысу кезінде салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған заңды тұлғалар – осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер табыс ететін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тарауды қолдану мақсатында, бұдан әрі - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) жүзеге асырады.

Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан орны бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде, оның ішінде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы табыс етеді.

4. Салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі:

1) осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініште арнаулы салық режимін таңдауды жүзеге асырмау;

2) осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны осы Кодекстің 435-бабы 1-тармағында, 441-бабының 1-тармағында, 450-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде табыс етпеу;



3) патент құнының есебін осы Кодекстің 431-бабы 1-тармағында белгіленген мерзімдерді табыс етпеу деп есептеледі.

5. қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен патент негізіндегі арнаулы салық режиміне немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысқан кезде дара кәсіпкерлер табыс етпейді.»;



7-тармақ алып тасталсын.»;

180) 427 бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3. Осы баптың 7-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында алынған (алынуға жататын) осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

мынадай мазмұндағы 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10 тармақтармен толықтырылсын:

4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері осы тарауға сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады:

1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс, оның ішінде роялти, мүлікті жалға беруден түсетін табыс;

2) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

5) салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырған кезде, егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;

6) шығындарды жабуға мемлекеттік бюджет қаражаттарынан алынған сомалар;

7) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы

8) кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық және демеушілік көмектен басқа);

9) жалға алушының жалға берілген мүлікті ұстап тұруға және жөндеуге жалға беруші дара кәсіпкердің шығыстарын өтеуі;

10) жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алынған мүлікті ұстап тұруға және жөндеуге жалға алушының шығыстары.

5. Заңды тұлғалар осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеуді және төлеуді және осы Кодекстің 4 және 5-бөлімдеріне сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте олар бойынша салық есептілігін табыс етуді жүзеге асырады.

6. Дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар:

1) осы Кодекстің 180 – 180-3-баптарында белгіленген тәртіпте мүліктік табыстың;

2) осы Кодекстің 184-бабында белгіленген тәртіпте өзге табыстардың;

3) осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіпте төлем көзінен салық салынатын табыстардың;

4) осы Кодекстің 180-3-бабында белгіленген тәртіпте осы тармақтың 1) - 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген табыстардың мөлшерін айқындайды.

Бұл ретте жеке табыс салығын есептеу және төлеу осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша салық есептілігін табыс ету тиісті табыс түрі үшін осы Кодекстің 20 және 21-тарауларында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

7. Салық салу мақсатында шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде:

1) мүлікті беруші салық төлеуші үшін – өтеусіз берілген мүлік құны;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін сатып алынған активтерді өткізу;

3) егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған және осындай беру күнінде қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген дара кәсіпкер өтеусіз алған тауардың құны қаралмайды.

8. Осы тарау мақсаты үшін бұрын танылған табыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін азайту түзету деп танылады.

Осы тармақтың 4-тармағында көрсетілген табыстар:

1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;

2) мәміле шарттары өзгерген;

3) бағалар, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін өтемақы өзгерген;

4) бағалардан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер;

5) шарт ережелері негізге алына отырып, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютада төлеуге жататын сомалар өзгерген;

6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құруға әкелген филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.

Осы тармақшада көзделген табысты түзету мынадай жағдайларда:

кредитор дара кәсіпкер дебитор салық төлеушіні тарату кезіндегі талапты оның тарату балансын бекіткен күнге талап етпеген;

дара тұлға заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талапты есептен шығарған жағдайда жүргізіледі және азайту жағына қарай жүзеге асырылады.

Осы тармақшада көзделген табыстарды түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттарды болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған табыс сомасы шегінде жүргізіледі.

Осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлар басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.

Табыстарды түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі.

Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде азайту жағына түзетуді жүзеге асыру үшін табыс болмаған немесе оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, түзету бұрын түзетуге жататын табыс танылған салық кезеңінде жүргізіледі.

9. Егер бір табыстар табыстардың бірнеше баптарында көрсетілетін жағдайда, аталған табыстар табысқа бір рет енгізіледі.

Салық салу мақсаты үшін табысты тану күні осы тарау ережелеріне сәйкес айқындалады.

10. Осы тарау мақсатында егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқару құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы үшін немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесі жүктелген жағдайда, мұндай салық төлеушінің табысына мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары енгізіледі.»;

181) мынадай мазмұндағы 427-1 баппен толықтырылсын:

«427-1-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің табыстарды салықтық есепке алуда тануының ерекшелігі



1. Осы баптың ережелерін Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, табыс дара кәсіпкер беретін кез келген сауда және көтерме сауда жеңілдіктерінің сомасы ескеріле отырып, алынған немесе алуға жататын өтем құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын табыс сомасы дара кәсіпкер мен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасында орындалған шарт негізінде айқындалады.

3. Тауарларды өткізуден түскен табыс төменде аталған барлық шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:

1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауарға меншік құқығымен байланысты көп тәуекелдер мен сыйақылар берсе;

2) дара кәсіпкер меншік құқығымен үйлесетін басқаруға бұдан әрі қатыспаса және сатылған тауарларды бақыламаса;

3) табыс сомасы сенімді түрде өлшенген болса;

4) операциямен байланысты экономикалық пайда дара кәсіпкерге түсу ықтималдығы болса;

5) операциямен байланысты шегілген немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенген болса.

4. Жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге құжат негізінде танылады. Жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге құжатқа қол қойылған кезеңде танылады.

5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:

1) салық төлеушінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;

2) салық төлеуші таратылған кезде тарату балансы бекітілген кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;

4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.

Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс сомасы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес:

осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті табыс еткен;

қалған жағдайларда есептен шығарылған күні төленуге жататын мiндеттемелердiң сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.

Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс:

осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кредитор міндеттемені есептен шығарған;

осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына тарату салық есептілігі табыс етілген;

осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда талап ету мерзімі өткен;

осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда сот шешімі заңды күшіне енген есепті кезеңде танылады.

6. Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы түріндегі табыс түгендеу аяқталған және осындай артықшылықтар фактісін көрсете отырып, түгендеу актісі жасалған салық кезеңінде танылады. Артықшылықтар сомасын дара кәсіпкер Қазақстанда қолданыстағы бағалар мен тарифтердің негізінде дербес айқындайды.



7. Айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы және басқа да санкция түрлері түріндегі табыс сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе олар борышкер деп танылған салық кезеңінде танылады.

8. Дара кәсіпкердің тауарлары, жұмыстары немесе қызмет көрсетулері басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе қызмет көрсетулеріне айырбасталатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді қабылдау-беру актісі жасалуға тиіс. Қабылдау-беру актісінде берілген және алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс. Мұндай операциялардан түсетін табыс қабылдау-беру актісінде көрсетілуге жататын алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің құны мен берілген тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

9. Салық кезеңі ішінде алынуы тиіс (алынған) табыс есепті салық кезеңі ішіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс болып танылады.

10. Мыналар:

1) талап ету құқығын алатын салық төлеуші үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын алу құны арасындағы оң айырма. Мұндай талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс сатып алынған талапты борышкер өтеген салық кезеңінің табысы болып табылады;

2) талап ету құқығын басқаға беретін салық төлеуші үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға беру күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс болып табылады. Мұндай талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс басқаға беру жүргізілген салық кезеңінің табысы болып табылады.

11. жүргізілген салық кезеңінде танылады.

Мүлікке меншік құқығы туындаған күні Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған мүліктің нарықтық құны дара кәсіпкер меншігіне өтеусіз алған мүліктің құны болып табылады.

13. Жалға алушының жалға беруші дара кәсіпкердің шығыстарын, жалға берілген мүлікті ұстауға және жөндеуге шығыстарын өтеу түріндегі табыс осындай өтем алынған салық кезеңінде танылады.

Жалға берушінің жалға алу шарты бойынша төлем есебіне жатқызылатын жалға алынған мүлікті ұстап тұруға және жөндеуге жалға алушының шығыстары түріндегі табыс осындай есепке жатқызу жүргізілген салық кезеңінде танылады.Заңды тұлға құрмай бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысы болып табылатын дара кәсіпкер осы Кодекстің 80-бабының ережесін ескере отырып, салықтық есепке алу жүргізеді.

12. Егер дара кәсіпкер осындай мүлікті алған салық кезеңінде оны кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланса, дара кәсіпкер өтеусіз меншігіне алған мүлік құны кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс болып табылады.

Кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мемлекеттік тіркеге жататын жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын қоспағанда, осындай мүлік алынған салық кезеңінде танылады.

Кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусіз алынған жылжымайтын мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс осындай мүлікке меншік құқығын тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.

Мемлекеттік тіркеуге жататын кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусіз алынған көлік құралы (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс осындай көлік құралын мемлекеттік тіркеу.»;

182) 428-бапта:

3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Арнаулы салық режимін:

1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің;

3) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объетілері бар салық төлеушілердің;

4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;

5) құрылтайшысы немесе қатысушысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың;

6) агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің;

7) коммерциялық емес ұйымдардың;

8) дивидендтер, сыйақылар, роялти түрінде алынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден табыстар алатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың 3) тармақшасының ережесі мүлікті жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

Осы тараудың мақсаты үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) ұғынылады, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін басқа тараптың кепілдігі бойынша өз атынан, бірақ басқа тараптың есебінен, не басқа тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді.

4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолдануға мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің құқығы жоқ:

1) акцизделетін тауарларды өндiру;

2) акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме саудада өткізу;

3) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн - бензиндi, дизель отынын және мазутты өткізу;

4) лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыру және өткізу;

5) жер қойнауын пайдалану;

6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдау;

7) түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу;

8) консультациялық қызметтер көрсету;

9) бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызмет;

10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі;

11) құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет.»;

мынадай редакцияда 5 және 6-тармақтарымен толықтырылсын

«5. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарының мақсаттары үшін дара кәсіпкердің шекті табысы:

осы Кодекстің 427-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;

дара кәсіпкердің негізгі құралдары болып табылатын мүлікті өткізуге байланысты туындайтын осы Кодекстің 180-бабында көрсетілген құн өсімі түріндегі табыстардан;

осы Кодекстің 183-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалатын табыстан тұрады.

6. Осы Кодекстің 433-бабының мақсаттары үшін заңды тұлғаның шекті табысы:

осы Кодекстің 427-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;

осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте айқындалатын жылдық жиынтық табыстан тұрады.»;

183) 429-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«429-бап. Жалпы ережелер



1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін осы Кодекстің 428-бабы 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылатын және мынадай талаптарға сай келетін:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі шекті табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.»;

184) 431-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«431-бап. Қолдану тәртібі

1. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабы (бұдан әрі, осы тараудың мақсатында – есеп-қисап) табыс етіледі.

Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:

1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану айының 1-не дейін;

3) кезекті патент алу үшін патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патент әрекетінің мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін табыс етеді.

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін есеп-қисап табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн және патент қолданысы мерзімінің басталатын күні болып табылады.

2. Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады.

Патент құны осы Кодекстің 432-бабы 1-тармағына сәйкес есептеледі.

Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисап табыс еткенге дейін жүргізеді.

Патент құнының төленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз жеткізгіште табыс етілген кезде табыс етіледі.

Электронды түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табыс етілген есеп-қисапта дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын салық және төлемдер сомаларын төлеу бойынша төлем құжаттарынан мәліметтерді көрсетеді.

Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патентті қалыптастыруды жүргізеді.

Патент нысанын уәкілетті орган бекітеді.

Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Патент негізінде арнаулы салық режимі бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай қолданылады.

Патент негізінде арнаулы салық режимін:

1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;

2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлер бір айдан аз мерзім ішінде қолданады.

3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру үшін дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 74-бабында белгіленген тәртіппен салықтық өтінішті табыс етеді.

4.Алып тасталсын.

5. Патенттің қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы шешім қабылдаған жағдайда дара кәсіпкерлер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етедi.

Бұл ретте:

1) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң аяқталған күнiнен кейiнгi күн жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

5-1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше көзделмесе, патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, оның ішінде салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы шешім қабылдаған жағдайда, дара кәсіпкерлер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етеді.

Бұл ретте:

1) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

6. Патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда дара кәсіпкерлер шарттармен сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етуге міндетті.

Бұл ретте:

1) осындай шарттар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) осындай шарттар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

7. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 429-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, мұндай салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Камералдық бақылау барысында осындай сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейін салық төлеушіге осы Кодекстің 607 және 608-баптарында белгіленген мерзімдерде және тәртіпте камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді.

Бұл ретте:

1) осындай сәйкес келмеу туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) осындай сәйкес келмеу туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

8. Алып тасталсын.»;

187) 432-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«432-бап. Патент құнын есептеу

Патент құнына төленуге тиіс жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомалары қосылады.

Патент құнына қосылатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:

1)  есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;

2) әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актілерге сәйкес жүргізіледі.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

2. Егер нақты алынған табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.

Осы тармақтың ережелері егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабы 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асып кеткен жағдайда қолданылмайды.

Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.

3. Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 431-бабы 5-1 және 6-тармақтарына сәйкес оның мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларды ескере отырып, патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапты табыс етуге құқылы.

Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару  осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.

4. Нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабы 3-тармағында белгіленген шекті табыс сомасынан асып түскен жағдайда, осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап алынған жеке кәсіпкердің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте немесе арнаулы салық режимімен белгіленген тәртіпте салық салынады.»;

188) 433-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«433-бап. Жалпы ережелер

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін осы Кодекстің 428-бабы 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынада шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:

1) дара кәсіпкерлер үшін:

дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болатын ең төменгі жалақының 1500-еселенген мөлшерін құраса;

2) заңды тұлғалар үшін:

қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болатын ең төменгі жалақының 1500-еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.»;

189) 434-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«434-бап. Салық кезеңі

Салық кезеңі жартыжылдық болып табылады.»;

190) 435-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«435-бап. Қолдану шарттары

1. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн жаңадан құрылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушiлер орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етеді.

Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны:

1) жаңадан құрылған (туындаған) заңды тұлғалар заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысқан кезде – оңайлатылған декларация қолдану айының бірінші күніне дейін;

3) патент негізінде арнаулы салық режимінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер:

патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

өзге жағдайларда – патент қолданысының немесе салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етеді.

2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні:

1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн;

2) осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін – әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күн;

3) осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;

4) осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін:

осы Кодекстің 431-бабы 5-тармағына сәйкес патент қолданыс мерзімі өткен күннен кейінгі күн;

осы Кодекстің 431-бабы 5-5-тармағына сәйкес қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;

осы Кодекстің 431-бабы 6-тармағына сәйкес патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмеу туындаған айдың бірінші күні болып табылады.

3. алып тасталсын.

4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысқан жағдайда салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама жібереді.

Бұл ретте:

1) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етiлген айдың соңғы күнi оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтау күнi болып табылады;

2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етiлген айдан кейiнгi айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастау күнi болып табылады.

5. Осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда, салық төлеушілер талаптарға сай келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналасқан жеру бойынша салық органына жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етуге міндетті.

Бұл ретте:

1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеу туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастау күнi болып табылады.

6. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.

Бұл ретте:

1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеу туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;

7-тармақ алып тасталсын;

191) 436-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«436-бап. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу

1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.

2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 проценті мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге жатады.

3. Осы Кодекстің 435-бабының 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап алған салық төлеушінің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте немесе өзге арнаулы салық режимінде белгіленген тәртіпте салық салынуға жатады.

4. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген түзетуге осы Кодекстің 433-бабында белгіленген табыстың сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады. »;

5-тармақ алып тасталсын;

192) 439-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

1) Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;

2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі;

3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.»;

193) 441-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысқан кезде дара кәсіпкер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етедi.

Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін таңдауды осы Кодекстің 426-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.

Бұл ретте::

жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкерді салық органдарында мемлекеттік тіркеу күні;

жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер үшін – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні аталған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні болып табылады.»;

2-тармақ алып тасталсын;

3-тармақ алып тасталсын;

4, 5 жне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;



«4. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде дара кәсіпкерлер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етуге мiндетті.

Бұл ретте:

1) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде, дара кәсіпкерлер талаптарға сәйкессiздiк туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етедi және жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке немесе өзге де арнаулы салық режимiне ауысады.

Бұл ретте:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

6. Салық органы дара кәсіпкерлердің осы Кодекстiң 439-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.

Бұл ретте:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.»;

7- алып тасталсын;

194) 442 бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің  бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.»;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 

«4. Осы кодекстің 441-бабы 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайда жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастаған күннен бастап алған салық төлеушінің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгiленген тәртiпте немесе өзге де арнаулы салық режимiнде белгіленген тәртіпте салық салуға жатады.»;

195) 443-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«443-бап. Салық салу объектісі

Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан, қаладағы аудан, қала) бойынша орташа жердің және жер учаскесі ауданының 1 гектарының бағалау құны негізге алына отырып, айқындалады.»;

196) 444-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бірыңғай жер салығын жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептейді.

Жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалаудың құны жер учаскесін бағалаудың құнын он екіге бөлу және жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі айларының санына көбейту арқылы айқындалады.

Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін учаскесіне иелік етудің (пайдаланудың) нақты кезеңі үшін есептейді.

Жалға алушының нақты пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.

Жалға берушінің нақты пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесі жалға берілген айды қоса алғанда, жер учаскесіне нақты иелік ету кезеңі үшін жүргізіледі.»;

197) 448-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері  үшін  арнаулы салық режимі (бұдан әрі - арнаулы салық режимі);

оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;



жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері  үшін  арнаулы салық режимін таңдаған кезде осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы режимді қолдану шарттарына сәйкес бір күнтiзбелiк жылдан кем емес мерзімде қолданады.

Арнаулы салық режимі корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Арнаулы салық режимі:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың:

жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;

толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;

2) селолық тұтыну кооперативтерінің:

шаруа немесе фермер  қожалықтары  - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу;

шаруа немесе фермер  қожалықтары  - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және осы  өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.»;

4-тармақтың екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, кірістер мен шығыстардың, мүліктің есеп-қисабын бөлек жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.»;

198) 450-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiнен көшкен кезде салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етедi.

Жер учаскесіне құқық ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жоғарыда көрсетілген күннен кейін туындаған жағдайда, ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны салық органына аталған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.

Жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы Кодекстің 577-бабы 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны салық органына табыс етедi.



Бұл ретте арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні мыналар болып табылса:

жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар арнаулы салық режимiн қолдану үшiн - заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күні;

жаңадан құрылғандарды (пайда болғандарды) қоспағанда, салық төлеушілер үшiн - салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс еткен жылдан ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні.»;

2, 3, 4 және 5-тармақтары алып тасталсын;

6, 7, 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiнен көшкен кезде салық төлеушi салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс етуге міндеттi.

Бұл ретте:

1) арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс еткен күнтізбелік жылдың соңғы күні болып табылады;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдану күні салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс еткен жылдан ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні болып табылады.

7. Осы Кодекстiң 448-бабында белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтатуға арналған салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс осындай сәйкессiздiк туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына табыс етедi және үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiнен көшеді.

Бұл ретте:

1) арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні болып табылады;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдану күні салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың бірінші күні болып табылады.



8. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.

Бұл ретте:

1) арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні болып табылады;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдану күні салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың бірінші күні болып табылады.



9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнiнен бастап алған салық төлеушiнiң табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіптте немесе өзге арнаулы салық режимi тәртібінде салық салуға жатады.»;

199) 451-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«451-бап. Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі

1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 процентке азайтылуға жатады.

2. Осы бапта көзделген корпорациялық табыс салығының сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.

3. Бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында осы бапты қолданған кезде:

1) есепті салық кезеңінің басында қалыптасқан өсу қорытындысымен есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кетуі) болмаған жағдайда, осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасы 70 пайызға азайтылады;

2) есепті салық кезеңінің басында қалыптасқан өсу қорытындысымен қосылған құн салығының асып кетуі болған жағдайда, осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасы мен осындай қосылған құн салығының асып кетуі арасындағы оң айырма 70 пайызға азайтуға жатады.»;



200) 455-баптың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет