Қазақстан тарих 7-сынып 2-бөлім
Мемлекет атауы
Тарихи мәліметтер
Билеушілері
Алтын Орда
(ХІІІғ. ортасы- ХVІғ.
Басы)
Астанасы: Сарай Бату, Сарай Берке
Орналасқан жері: Жошы ұлысы
Оқиғалар:
1235ж – Бүкіл моңғолдық құрылтай Батысқа жорық жасау
мәселесі қарастырылды.
1236-1242жж - Батыйдың Еуропаға жорығы болды.
1262ж - Алтын орда ханы Берке достық қарым-қатынас жасау
үшін өз елшісін Мәмлүк хан сұлтан Бейбарысқа жіберді.
1271ж - Египетпен байланысына кедергі жасағаны үшін
Византияға жорыққа аттанды.
1312ж - Алтын Ордада ислам мемлекеттік дін
болып
жарияланды.
1357-1380ж - Алтын Ордада хандық билік үшін тартыс
жылдары болды.
1380ж – Мамай мен Д. Донской арасында Куликово шайқасы
болды. Тоқтамыс Мамай ордасын басып алды.
1382ж. – Тоқтамыс Мәскеуді өртеді.
Қоғамдық құрылыс:
Хан - Алтын Орданың билеушісі,барлық қарулы күштерінің
бас қолбасшысы.
Беклербек - Алтын Ордада әскери іспен айналысқан
Уәзір – Алтын Ордада азаматтық іспен айналысқан
Мәлік - Алтын ордада азаматтық басқару билігін жүзеге
асырған түрік әулетінен шыққан жергілікті әкімдер.
Даруға - Алтын Ордада салық жинауға жауап беретін адамдар.
Басқақтар - моңғол салық жинаушылары
Білікшілер - Алтын Ордадағы іс қағаздарын жазушыларды
атады.
ХУ ғ. ортасында Алтын Орданың орнына құрылған