«Қазақстан тарихынан 100 дәріс»
курсы бойынша дәрістер тақырыптары
Қазақстанның ежелгі дүние тарихы
-
Қазақстанның ежелгі дүние тарихының тарихнамасы мен дерек көздері.
-
Тарихи танымдағы формациялық және өркениеттілік ұстанымдар: қалыптасуы, сипаты, принциптері, элементтері.
-
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс.
-
Қазақстан петроглифтері; қалыптасуы, кезеңдері, риторикалық формалары.
-
Ежелгі тас ғасыры: кезеңдері және археологиялық ескерткіштері.
-
Неолит дәуіріндегі Қазақстан: Гордон Чайлдтың неолиттік революция ұғымы, неолиттік мәдениеттің тұрақтары, қол өндірісінің бөлінісі, кен өндірудің басталуы.
-
Көшпелілік: шығуы, сипаты, феномені, көшпелі мал шаруашылығының формалары, эволюциясы, құлдырауы.
-
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары.
-
Қола дәуірі ескеркіштері: Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеттері.
-
Қола дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық қатынастар.
-
Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы материалдық мәдениет.
-
Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінің мәдени ескерткіштері.
-
Сақтар: парсы, грек деректері негізіндегі қоныстануы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, ескерткіштер.
-
Сақ мәдениеті: аңдық стиль өнері, жазуы, наным-сенімдері, мифологиясы, қару-жарақтары.
-
Сарматтар: қоныстануы, шаруашылығы, мәдениеті, қару-жарағы, археологиялық ескерткіштер.
-
Қазақстан аумағындағы ғұндар: этникалық тегі, саяси тарихы, шаруашылығы.
-
Үйсіндер: қоныстану аймағы, әскери – саяси құрылымы, шаруашылығы.
-
Қаңлылар: қоныстану аймағы, әлеуметтік – экономикалық тарихы, әскери – саяси құрылымы.
-
Ұлы Жібек жолы: пайда болуының тарихи алғы шарттары, жолдың тармақтары мен негізгі бағыттары, Чжан Цзянь деректері, тарихи маңызы.
-
Ертедегі темір дәуірі (б.з.б. VII–IV ғғ.) мен біздің заманымыздың шебіндегі антропология.
Қазақстанның ортағасырлардағы тарихы
-
Қазақстанның ортағасырлардағы тарихының негізгі кезеңдері.
Ортағасырлардағы Қазақстанның тарихнамасы және деректемелері.
-
ІІІ-Ү ғғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Ұлы Түрік қағанаты: этноәлеуметтік құрылымы, билік жүйесі және саяси тарихы.
-
Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ-ІХғғ.): этноәлеуметтік құрылымы, билік жүйесі және саяси тарихы.
-
VI-IXғғ 1-жартысындағы отырықшы және көшпелі өркениет, олардың өзара байланысы мен ықпалы. Ұлы Жібек жолы.
-
Х-ХІІғғ. ортағасырлық түрік мемлекеттері: аумағы, этноәлеуметтік және қоғамдық құрылымы, шаруашылық түрлері.
-
ІХғ.2-жартысы ХІІІ ғғ. басы материалдық және рухани мәдениет. Қала мәдениетінің даму ерекшеліктері.
-
Ортағасырлық Қазақстан ойшыл-ғалымдарының өмірі мен мұрасы (Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Йасауи).
-
Қазақстан моңғол шапқыншылығы тұсында. Қазақстан Алтын Орда құрамында.
-
ХІҮ-ХҮғғ. бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттер (Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы).
-
ХІҮ-ХҮғғ. бірінші жартысындағы ортағасырлық феодалдық мемлекеттер: шаруашылық үлгісінің ортақтығы, материалдық және рухани мәдениеттің жақындығы мен тіл бірлігінің қалыптасуы.
-
Қазақстанда ислам дінінің таралуы: кезеңдері, ауқымы және ерекшеліктері.
-
Қазақ этногенезі: кезеңдері, негізгі аспектілері және ерекшеліктері. «Қазақ» этнонимі.
-
Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары мен заңдылықтары. Деректер мен тарихнама.
-
ХҮІғ. Қазақ хандығы: нығаюы, әлсіреуі және қайта өрлеуі.
-
ХҮІІғ. Қазақ хандығы. Тәуке хан билігі. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының шиеленісуі.
-
«Жеті Жарғы» әдет-ғұрып заңдар жинағы, оның қазақ қоғамындағы алатын орны.
-
ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктері.
-
Қазақ қоғамындағы билер институты: қалыптасу және даму эволюциясы.
-
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақ халқының материалдық мәдениетінің үлгілері.
-
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақ халқының рухани мәдениеті. Қазақтардың шығармашылық дәстүрі.
Қазақстанның жаңа тарихы
-
XVIII – XX ғғ. басындағы Қазақстан тарихын кезеңдеу және деректанудың теориялық – методологиялық мәселелеріне сипаттама.
-
XVIIIғ. қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік жүйесі және этноәлеуметтік құрылым.
-
XVIIIғ. алғашқы ширегіндегі қазақ даласы Орталық Азияның халықаралық қатынастар жүйесінде.
-
Қазақ жүздері және Ресей империясы: XVIII – XІXғғ. ортасындағы дәстүрлі және мемлекеттік – әкімшілік басқарудың өзара ықпалының тарихы (жалпы сипаттама).
-
Қазақ хандары мен Ресей әкімшілігінің Кіші жүз территориясындағы саясаты: негізгі кезеңдері мен қорытындылары (XVIII – XІXғғ. ортасы).
-
Қазақ хандары мен Ресей әкімшілігінің Орта жүз территориясындағы саясаты: негізгі кезеңдері мен қорытындылары (XVIII – XІXғғ. ортасы).
-
XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ мемлекеттігінің жойылуы.
-
Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар (XVIII – XІXғғ. ортасы): салыстырмалы талдау және негізгі қорытындылары.
-
XІXғ. 40-60 жылдарындағы қазақ халқының ұлт – азаттық қозғалысы.
-
Оңтүстік Қазақстандағы Ресей билігінің орнығуы (XІXғ. 40-80 жылдары): мемлекеттік – әкімшілік басқарудың ерекшеліктері мен әдістеріне сипаттама.
-
ХІХғ. екінші жартысы ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі Ресей империясының қоныстандыру саясаты мен жер қатынастарын мемлекеттік реттеу.
-
Қазақстан халқының полиэтникалық құрамының қалыптасуы (XVIII – XXғғ. басы).
-
XVIII – XІX ғасырлардағы Қазақстандағы рухани – мәдени дамуының негізгі бағыттары.
-
Ресейдің қазақ өлкесіндегі сауда саясаты (XVIII – XXғғ. басы): ішкі нарықтың қалыптасуы, сауда және кедендік бекеттер, сыртқы нарыққа шығу.
-
ХІХ ғ. аяғы ХХғ. басындағы Қазақстан экономикасындағы Ресей және шетел капиталы.
-
Қазақ өлкесін басқару жүйесіндегі реформалар: земствоның таралуы, шаруалар бастықтары институтының енгізілуі, жергілікті жерлерде би соты жүйесіндегі өзгерістер және т.б.
-
ХХғ. басындағы Қазақстан: қоғамдағы саяси ахуал және қазақ халқының азаматтық санасын қалыптастырудағы мерзімді басылымдардың рөлі.
-
І, ІІ Мемлекеттік Думаға Далалық және Түркістан генерал-губернаторлығынан сайланған депутаттар; партиялық құрамы, аграралық мәселедегі ұстанымдары, нәтижелері.
-
Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның Қазақстанға ықпалы.
-
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс; мәселенің теориялық –методологиялық аспектісі, негізгі ошақтары, Мемлекеттік Дума талқысына түсуі, тарихи маңызы.
Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
-
1917ж. Қазақ өлкесіндегі билік үшін күрес және саяси партиялар қызметтеріне салыстырмалы сипаттама.
-
Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан: ақтар қозғалысы, Алашорда, Кеңестер билігіне қарсы тұру.
-
Қазақ елінің өзін-өзі басқару мәселесінің қойылуы және оның мүмкіндігі.
-
1920-1930 жылдардағы кеңестік негіздегі мемлекеттік құрылыс.
-
Қазақстандағы кеңестік модернизация: экономика.
-
Қазақстандағы кеңестік модернизация: әлеуметтік қатынастар.
-
Қазақстандағы кеңестік модернизация: мәдениет.
-
Қазақстандағы кеңестік модернизация: білім және ғылым.
-
1920 – 1950 жылдардағы Қазақстандағы саяси репрессиялар.
-
1934 – 1953 жылдардағы Қазақстандағы лагерлік экономиканың қалыптасуы мен қызметінің ерекшеліктері.
-
Ұлы Отан соғысы жеңісіне қазақстандықтардың үлесі.
-
Соғыс жаңғырығы: шетелдік соғыс тұтқындары мен айдалғандардың (интернированные) тағдыры.
-
1920-1959 жылдардағы Қазақ КСР-нің халқы: демографиялық үрдістердің динамикасы.
-
1946-1970 жылдардағы Қазақстан экономикасын Кеңестік жаңарту: тарихи тәжірибе және сабақтары.
-
Кеңес өкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясаты: экстенсивті бағыт және стагнация (1965-1990жж.).
-
Қазақстандағы урбанизация үрдісі (1950-1986жж.): жалпы сипаттама, аймақтық ерекшеліктері.
-
Кеңестік шындық шеңберіндегі мәдениет пен идеология саласындағы мемлекеттік саясат (ХХғ. 40-80жж. ортасы).
-
Қазақ КСР - і халқының өмір сүру деңгейі: тұрғын – үй құрылысы, еңбек ақысы, тұтынудың қоғамдық қорлары.
-
1960-1988 жылдардағы Қазақстан халқы: жалпы сипаттама және қорытындылар.
-
Қайта құру жылдарындағы Қазақстан (1985-1991жж.).
Қазіргі Қазақстан тарихы
-
Тәуелсіз Қазақстан тарихын кезеңдеу, тарихнамасы мен деректемелер.
-
Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.
-
Тәуелсіздіктің жариялануы және Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қалыптасуы.
-
Қазақстандағы экономикалық реформалар және нарықтық қатынастарға өту.
-
Қазақстан экономикасы: сынақтар мен жетістіктер (1994-2005жж.).
-
Жаһандану үдерісінің ұлттық экономикаға ықпалы: әлемдік қаржы дағдарысы және «Жол картасы».
-
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат.
-
Білім мен ғылым саласындағы реформалар барысы және нәтижелері.
-
Денсаулық сақтау саласының жағдайы мен дамуының негізгі қорытындылары.
-
Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің дамуы. «Мәдени мұра» бағдарламасы.
-
Қазақстандағы қоғамдық-саяси саладағы өзгерістер: қозғалыстар мен ұйымдар, партиялық жүйе, саяси институттардың орнығуы.
-
Қазақстандағы ұлттық саясат және ұлтаралық қатынас.
-
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі: мемлекеттік шекараны белгілеу және әскери құрылыс.
-
Тәуелсіз Қазақстанның белсенді сыртқы саясаты.
-
Қазақстан және Тәуелсіз Мелекеттер Достастығы.
-
Қазақстан және халықаралық ұйымдар.
-
Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық үдерістер.
-
Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.
-
Астана - алтын шаңырақ.
-
Қазақстан Республикасы - қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті мемлекет.
Достарыңызбен бөлісу: |