Қазақстанда ересектерге білім берудің Қалыптасуы мен дамуы (1920-200ж ж.) Зерттеудің өзектілігі



Дата28.06.2016
өлшемі36.29 Kb.
#163816
Аннотация

Қабекенов Ғабит Уапұлы


ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЕСЕКТЕРГЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ

ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

(1920-200ж.ж.)
Зерттеудің өзектілігі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 24-бабында да: «Ересектерге білім беру қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес білімдер мен дағдылардың қосымша көлемін алу үшін олардың өмір бойы білім алу қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған» екендігі атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында да 2020 жылға қарай өмір бойы оқу үшін жасына, білімі мен кәсіби біліктілік деңгейіне қарамастан, жағдайлар жасалатындығы және халықтың ересек тобын қайта мамандандырудың ваучерлік жүйесі әзірленетіндігі айқындалып берілген.

Дегенмен, ересектер біліміне қатысты түйткілдер аясы толық шешіліп, андрагогика өзінің ғылыми мәртебесіне толық ие болды деп айту қиын. Әсіресе, Қазақстанда бұл мәселеге қатысты арнайы зерттеу жұмысы жүйелі жүргізілген жоқ. Еліміздегі бүкіл білім жүйесінің жаңаруы мен ересектердің білім алуының қарқынды дамуы жағдайында бұл саланың қалыптасуы мен дамуының негізгі тенденцияларын, кезеңдері мен ұстанымдарын ғылыми тұрғыда айқындаудың қажеттілігі артып отыр.

Жоғарыдағы аталған ғалымдардың ғылыми еңбектерін зерделей келе және Қазақстанда ересектерге білім беру мен оқытудың тәжірибесін талдау барысында:



  • шет елдік және қазақстандық ересектерді оқытудың философиялық, психологиялық теориялық мәселелерінің білім берудегі маңыздылығы мен оның ересектерді оқытудың жаңа парадигмасын жетілдіруде қолданылмауы;

  • еліміздегі ересектерді оқытудың тарихи-педагогикалық және әлеуметтік-андрагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен бүгінгі күнде ересектерге білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік деңгейінің қалыптасуында педагогика тарихының қағидаларын пайдаланудың қажеттілігі;

  • білім беру тарихы арқылы ересектерді оқытудың шынайы мүмкіндіктері мен олардың жалпы педагогикалық үдерісте жүйелі пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі анықталып, бұл өз кезегінде Қазақстандағы ересектерге білім берудің теориясы мен тарихын зерттеу мәселесін туындатты.

Бұл біз жазған жұмысымыздың тақырыбын «Қазақстанда ересектерге білім берудің қалыптасуы мен дамуы» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: Қазақстанда ересектерге білім беру үдерісі.

Зерттеудің пәні: Қазақстанда ересектерге білім берудің қалыптасу мен дамуы.

Зерттеудің мақсаты. Қазақстанда ересектер білімінің қалыптасуы мен дамуын әдіснамалық-теориялық тұрғыдан негіздеу және даму тенденцияларын айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Антропогика ғылыми аталаулар жаңа көзқарас тұрғысынан саралау, Ересектерге білім берудің теориялық –әдіснамалық негіздерін айқындау.

  2. «Ересек» ұғымын нақтылау және ересектерге білім берудің психологиялық ерекшеліктерін анықтау

  3. Қазақстанда ересектер білімінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдерін анықтап, оларға тарихи сипаттама беру.

  4. Қазақстандағы ересектер білімі жүйесінің құрылымын, педагогикалық формаларын, дидактикалық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда жүйелеу.

  5. Қазақстанда андрагогиканың даму тенденцияларын айқындау.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша мұрағат, кітапхана қорындағы құжаттарды ретроспективтік-интроспективтік-перспективтік тұрғыдан сараптау, жүйелілік, құрылымдық, компаративистік, герменевтикалық талдау, анализ, синтез, индукция, дедукция, т.б.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • адамды оқыту мен тәрбиелейтін антропогогика ғылымы жаңаша көзқарас тұрғысынан қайтадан тұжырымдалып, ересектерді оқыту мен білім берудің ғылыми-әдіснамалық амалдары мен ұстанымдары негізделді

  • «ересек» ұғымының мәні толығырақ нақтыланып және ересектерге білім берудің психологиялық ерекшеліктері айқындалды.

  • Қазақстанда ересектерге білім берудің қалыптасуы кезеңдері анықталды, әр кезеңге тарихи-педагогикалық сипаттама беріліп, ересектерді оқытудың тарихи қалыптасқан құрылымы мен мазмұнына ғылыми негізде жүйеленіп, үлгісі жасалды.

  • «Білім» қоғамы және халық университтерінің ересектереге білім берудегі орыны саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік рөлі анықталды.

  • Қазақстанда ересектерге білім берудің даму тенденциясы айқындалды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:

Жоғарғы оқу және орта арнаулы оқу орындарының педагогикалық мамандықтағы студенттеріне арнап педагогика тарихы, дидактика, әлеуметтік педагогика, ересектерге білім беру курстары бойынша пайдалануға болады. Ересектерді кәсіптік даярлау мен арнаулы курстардан өткізуге, білім жетілдіру институттарында да оқу-әдістемелік құрал ретінде қолдануға жалпы мүмкіндіктер береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет