Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20—40-жылдарынан
бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының
еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды,
зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық
құрылысына ғана мән берді.
П. Кушнер:
«Көшпелілерде «рулық мемлекет», феодализмнің бастапқы
нышандары ғана пайда болды», — дейді.
Мысалы,
А.П.Чулюиников деген зерттеуші: «Көшпелілерде
таптық қоғам болған жоқ,
тек рулық қауым болды»
Тоқтасынова Еркежан
XX ғасырдың 30-жылдары С.П.Толстов пен Б.Я.Владимирцевтің
көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әр
түрлі нұсқада қайталанып, дамытылып келді. С. П. Толстовтың
пікірі бойынша: «Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты
алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан
өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери
құлиеленушілік демократия немесе патриархаттық монархия
түрінде құрылды». «Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал
ма?» деген мәселенің төңірегінде пікірталас жүрді.
Бір топ ғалымдар: «Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен
араласқан феодалдық қоғам болды және феодалдық меншіктің
жерге қатысты негізін жерге жеке меншік құрады», — дегенді
айтты. Екінші бір топ зерттеушілер: «Еуразия көшпелілері
патриархалдық-феодалдық қоғамда өмір сүрді, осы таптық
қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке меншік
болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды», —деген
пікірді ұстанды.
Тоқтасынова Еркежан
Көшпелілік
Достарыңызбен бөлісу: |