Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі: 7 жыл Қазақстанда, қорытындылары мен даму жоспары



Дата25.02.2016
өлшемі52.18 Kb.
#19137
Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі: 7 жыл Қазақстанда, қорытындылары мен даму жоспары

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуы 2000 жылдың соңында «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы» Заңның қабылдануынан бастау алды. Аталған заңды әзірлеу негізіне бірнеше онжылдықтар көлемінде табысты қызмет етіп келе жатқан Германияның құрылыс жинақ кассаларының моделі алынған.

Елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытудың келесі кезеңі жарғылық капиталына Мемлекеттің 100% қатысу талаптарымен 2003 жылғы 10 шілдеде Қазақстандағы бірінші және әзірше жалғыз тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің –  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құрылуы болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Банк акцияларының мемлекеттік пакетін қызметінің негізгі мақсаттары ел экономикасын тұрақты дамыту, экономиканы жетілдіру мен әртараптандыруды  қамтамасыз етуге жәрдемдесу, сондай-ақ қор құрылымына кіретін компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылатын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл – ауқат қоры» АҚ төлеміне беру туралы шешім қабылдауы 2009 жылғы маңызды оқиғалардың бірі.
Банктің негізгі міндеті елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту және Қазақстанның барлық өңірлерінде жұртшылықтың неғұрлым ауқымды бөлігінің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне тең дәрежеде қол жетімділігін қамтамасыз ету және жеке қаражаттары мен Банктің тұрғын үй заемдарының есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін сапалы банктік қызмет көрсету болып табылады.

Нарыққа қатысқан 7 жыл ішінде Банк жақсы нәтижелерге қол жеткізді, оны негізгі көрсеткіштерден көруге болады. 2003 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 7 жыл ішінде жасалған шарттар саны 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы шартты соманың 302 млрд. теңгеге дейін көбеюімен 0,4 мыңнан 184 мыңға дейін өсті. Осы уақытқа дейін Банктің баспана жағдайын жақсартуға бағытталған барлығы 21 мың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушысына 66 млрд. теңгені құрайтын алдын ала, аралық және тұрғын үй заемдарын бергенін айта кету керек. 

Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі өнімінің танымалдығын арттырудың неғұрлым жоғары қарқыны Банк активтерінің 97% орташа жыл сайынғы өсу жағдайында 7 жыл ішінде 77,5 млрд. теңгеге дейін және тиісінше, кредиттік қоржынның 55 млрд. теңгеге дейін және депозиттік базаның 32,1 млрд. теңгеге дейін өсуіне әсер етті.  Сонымен бірге, негізінен алғанда, Банктің Жалғыз акционері толықтырған қаражаттардан тұратын Банктің меншікті капиталы 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 18,7 млрд. теңгені құрады.
Жұртшылық арасында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің талаптары бойынша түсініктеме беру жұмыстары – тәуелсіз маркетингілік сауалнамалардың нәтижелері бойынша бүгінде бізді халықтың 64% біледі, 184 мыңнан астам адамның Банк клиенттері болып табылуы да  халықтың сенімінің көрінісі.

Үкімет пен акционерлердің сенімі де артып отыр – бүгінгі таңда Банк негізгі талаптары тікелей тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы заем беру механизмін көздейтін Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі операторы болып табылады. Сонымен қатар Банк басқа да бірқатар мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға белсенді тартылуда:



  1. этникалық қазақтарды, қазіргі уақытта шет елдерде тұрып жатқан Қазақстанның бұрынғы азаматтарын, еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын тиімді орналастыруға, оларға тұрмыстық жағдайлар туғызуға және шоғырландыруға бағытталған «Нұрлы-Көш» бағдарламасы;

  2. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жүзеге асыратын жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы;

  3. Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан аймақтық «Жас - Отау» жас отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы.

Банк өзінің негізгі стратегияларының бірінің сапасын анықтап алды. 2007 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екінші деңгейлі қазақстандық банктердің арасында бірінші болып Банктің сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растаған IQ-Net халықаралық сертификациялау органының сертификатын алды. Осылайша, бүгінгі таңда Банктің қаржы нарығындағы ең маңызды артықшылықтарының бірі оның сенімділігі мен Банкке Moody’s халықаралық рейтингілік агенттігі берген жоғары рейтингілер: депозиттер бойынша ұлттық валютадағы Ва1 ұзақ мерзімді рейтингі, депозиттер бойынша ұлттық валютадағы Not Prime қысқа мерзімді рейтингі, Банктің қаржылық тұрақтылығының Е+ рейтингі болып табылады.

Ел экономикасының турбуленттілігі жағдайында макроэкономикадағы және қаржы секторындағы жағдайды ескере отырып, Банкке ұзақ мерзімді даму көрсеткіштерін нақтылап алу қажет. Осы мақсатпен Банкте негізгі стратегиялық мақсаттарды, Банк қызметі тиімділігінің шешуші көрсеткіштерін және мақсатқа жету жөніндегі іс-шаралар тізбесін белгілейтін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2010-2015 жылдарға арналған Ұзақ мерзімді стратегиясы әзірленді және бекітілді.


Жұртшылықтың экономикалық жағынан белсенді бөлігіне шаққандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың үлесін 6% дейін (600 мыңға жуық тұрғын үй құрылыс жинақ шарты) көтеру және 2015 жылдың соңына қарай меншікті капитал тиімділігінің көрсеткішін 10% дейін көтеру жолымен Банктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру Банктің Негізгі стратегиялық мақсаты болып табылады.

Мұнымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің даму қарқынына қолдау көрсету және Банктің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі үшін мынадай іс-шаралар белсенді түрде жүргізілуде:  

- Республикада тұрғын үй құрылысының және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің механизмдерін дамыту және жаңарту жөніндегі мемлекеттік жобаларды енгізу және әрі қарай жүзеге асыру  бойынша ұйымдастыру жұмыстары;
- басқа қаржы институттарының банктік қызметтерінің алдында бәсекелестік артықшылықтарды сақтау үшін көрсетілетін қызметтердің желілерін кеңейту бойынша ұйымдастыру жұмыстары;
- Банк клиенттерімен жүргізілетін жұмыстарды жетілдіру. Банкте тұрақты түрде қызметтерді тұтынушылардың қанағаттанушылығын көтеру мақсатында Банктің ішкі үрдістерін жаңарту үшін базалық негіз болып табылатын клиенттердің сұраныстары мен ерекше ықыластарына  мониторинг және талдау жүргізіледі;
- Банктің, сондай-ақ заемшыларды қоса алғанда, оның контрагенттерінің қаржылық жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізу;
- Банк өнімдерін өткізу арналарын дамыту және жаңарту. Банк өнімдерін өткізу арналарына филиалдық және агенттік желілер кіреді. Қазірде Банктің филиалдық желісі Қазақстан аумағының барлық облыс орталықтарында- 18 филиал және Алматы, Астана, Семей қалаларында жұмыс істейді. Агенттік желіге еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейтін агенттер – жеке тұлғалар және агенттер – заңды тұлғалар - «Қазпошта» АҚ мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бөлімшелері кіреді.

Анықтамалық ақпарат:



«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (www.hcsbk.kz) – Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асырып отырған жалғыз қаржы институты. Банктің негізгі міндеті елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту және жұртшылықтың неғұрлым ауқымды бөлігін жеке қаражаттары мен Банктің тұрғын үй заемдарының есебінен өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға кеңінен тартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі таңда Банк таңдап алынған тарифтік бағдарламаға тәуелді  түрде тұрғын үй заемдары бойынша жылдық, 5%-5%  құрайтын ең төмен мөлшерлемелер ұсынады (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 3,6% -дан 5,3%-ға дейін).
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға мемлекет қолдау көрсетеді. Салымшының қаражаттары қаражаттың жинақталған сомасының 20% құрайтын мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылады. Мұндай жағдайда, қаражат сомасы ең жоғарғы деңгейі 200 АЕК мөлшерінде ынталандырылады. Мұнымен қатар, Банк заемшылары өздерінің салық салынатын кірісін анықтауға қатысты салықтық жеңілдіктерге ие бола алады.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бөлімшелері Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және Алматы, Астана, Семей қалаларында жұмыс істейді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспасөз қызметі


Байланыс тел:  +7 (727) 279-35-11 (218)
+7 701 577 75 78 (Сауле Омарова)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет