Қазақстанды археологиялық тұрғыдан зерттеу
Жауымбаев С.У., т.ғ.к., профессор
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.
Қазақстан тарихын археологиялық тұрғыдан зерттеуі 1768-1774
жылдары Еділ, Жайық бойынан бастап Солтүстік Қазақстанды тарихи,
географиялық және этнографиялық бағытта зерттеу үшін жасақталған
Россияның екінші академиялық экспедицияның еңбектрінен кездестіреміз.
Экспедиция құрамында атақты ғалымдар П.С.Паллас, И.П.Фальк,
И.Г.Георги, П.И.Рычков, Х.Барденес болды. П.И.Рычковтың «Орынбордың
топографиясы» -атты еңбегінде осы өңірдегі ежелгікен түсті металлдар
қазылған кен орындары және оны қорытқан қоныстар картаға түсірілген.
1771 ж. Жезқазған өңірімен Торғай далсында болған Н.П. Рычков
Кеңгір өзенінің бойындағы, Жезқазғанның өз басындағы ежелгі орындарын
көріп таң қалса, Торғай даласындағы биіктігі 15 сажен, диаметрі 135 сажен
темір дәуірінің қорғандарын салған ескерткіш» деп топшылайды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан террториясы
геологиялық тұрғыдан зерттеле бастады. Орталық және Шығыс
Қазақстанның жерлерінде болған И.П.Шангин, Г.Генс, Б.Ф.Герман ежелгі
кен қазған орындарды картаға түсіріп, көптеген археологиялық ескерткіштер
туралы жазып қалдырды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сырдария және Жетісу
облыстарның құрылуына байланысты Россиядан тарихи музейден, Москва
археологиялық қоғамынан зерттеушілер келе басталды.
Археологиялық ескерткіштерге ұлттық ғалымдардың ішінде алғашқы
көңіл аударған Шоқан Уәлиханов. Ол өзінің Жетісуға сапарында Омбыда
бастап Оңтүстік Қазақстанға дейінгі тарихи ескерткіштерді жазып отырды,
әсіресе Жетісудағы ортағасырлық қалалар Талғар және Шеңгелді туралы
мағұлматтары өте құнды.
1862 ж. В. В. Радлов Семей маңындағы қола дәуірінің қорғандарына
қазба жұмыстарының жүргізді. Ол 1866-1869жж. арасында Павлодар және
Жетісу жерлеріндегі әр дәуірдің ескертіштеріне қазба жұмысын жүргізіп,
археологиялық кезеңдерге бөлуге әрекет жасады. Оны «Ежелгі Сібір» атты
еңбегінен көреміз.
1867 ж. белгілі шығыстанушы П. И. Лерх археологиялық комиссияның
тапсырмасымен Түркістан өлкесіне келді. Сырдария бойындағы Сауран,
Сығнақ қалаларында болып Жент қаласына шағын қазба жұмысын жүргізді.
Осы сапарында П. И. Лерх Томас өзенінің бойында бірнеше ортағасырлық
қалалар жайлы жазады.
1893-1894 жж. Шу, Талас даласына, Сырдарияның төменгі ағысындағы
қалалар туралы шығыстанушы академик В. В. Бартольд шығыс тілдерін
жетік білген адам, болғандықтан қытай, араб жазба деректеріндегі
Қазақстанның қалалары, олардың орны туралы алғашқы нақты дерек берді.
Тараз, Отырар, Испиджаб т. б. ортағасырлық қалалардың дәл орнын В. В.
Бартольдтың еңбектері арқылы анықталды. Осы сапарында В.В. Бартольд
Ташкент қаласында «Түркістанның археологиялық үйірмесі» атты
археологтардың қоғамын құрды, 1904 ж. оның құрамында Отырар қаласында
алғашқы қазба жұмыстарын жүргізген Н. Н. Пантусов, В. А. Каллур, А. А.
Черкасов ғалымдар болды. Қазақстанның Семей өлкесін алғашқы
зерттегендердің бірі В. Коншин «Семей облысында ежелгі ескерткіштер»
деген еңбегінде көптеген археологиялық ескерткіштерге сипаттама береді.
ХХ-ғасырдың 30-жылдарынан бастап Қазақстан территориясына СССР
Ғылым академиясы үлкен экспедиция ұйымдастарды. Оның құрамында М. П.
Грязанов, М. И. Артомонов, И. В. Спицин, М. Н. Комарова, П. С. Рыков,
сияқты белгілі ғалымдар болды. Археологтардың Нұра, Шерубай Нұра,
Жақсы және Жаман Сарысу өзендерінің бойындағы қола дәуірінің
ескерткіштеріне қазба жұмыстарының нәтижесінде Нұра өзенінің бойындағы
қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Дәндібай қорғанынан Сібірдің
қарасұқ мәдениетіне ұқсас заттар табылады. Қостанай жерінен 1930-1939
жылдары О.А. Кривицова-Гракова Алексеев демалатын көне қонысымен
зиратын қазып қола дәуірінің көптеген тарихи ескерткіштерін ашты.
1935-1937 жылдар Шығыс Қазақстанды зерттеген С .С Черников Қалбы
және Нарым тауларынан қалайы, мыс, алтын қазған ежелгі кен орындарын
тауып, олардың қола дәуірінен бастап игерілгендігін дәлелдеді. СССР Ғылым
академиясы, Ғылым академиясының Қазақстан филиалымен бірлесе отырып
1936-1940
жылдары
Жетісу
археологиялық
экспедициясының
ұйымдастырды. Экспедиция жетекшісі А. Н. Бернштамның басшылығымен
орта ғасырлық қалалардың орындары, түрік дәуірінің қорғандары, тас
мүсіндері зерттелді. Осы жылдары Тараз қаласының орнын қазу басталды.
Луговое, Аспара, Мерке, Талғар, Дунғане қалаларының орындарына барлау
жұмыстары жүргізді.
1946 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы құрылып, құрамында тарих,
археология және этнография институты ашылды. Осы кезден бастап
Қазақстанның археологтары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ә. Х.
Марғұланның
басшылығымен
Орталық
Қазақстан
археологиялық
экспедициясы Сарыарқаның қола және темір дәуірінің ескерткіштерін
зерттеуді бастады. Арқа өңіріндегі зерттеу кезінде Ә. Марғұлан Нұра, Сарысу
өзендерінің бойынан, Ұлытауда орта ғасырлық қоныстары мен қалардың
орындары картаға түсірді [1].
Қазақстандағы екінші ірі эспедиция А.Н. Бернштаммен, Е.Н.
Агееваның басшылығы мен Оңтүстік Қазақстанда құрылды. Экспедиция Шу,
Сырдария өзендерінің бойындағы Қаратау маңындағы ортағасырлық
қалаларды картаға түсіріп, барлау жұмыстарын жасады.
1945-1946 жж. Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі дәуір
ескерткіштерін СССР Ғылым академиясының С.П. Толстов бастаған Хорезм
археологиялық экспедициясы зерттеп, ортағасырлық Алтын асар, Бабіш
мола, Шерік Рабат қалаларының орнына қазба жұмыстарын жүргізді.
Бұқтарма ГЭСін салуға байланысты 1947 ж. С.С.Черниковтың
басшылығымен
Шығыс
Қазақстан
археологиялық
экспедициясы
ұйымдастырылып неолит дәуірінен орта ғасырғы дейінгі аралықтағы
ескерткіштер зерттелді [2].
1948 ж. Саратов мемлекеттік университеті И.В. Спицинның
басшылығымен Батыс Қазақстанда Алтын Орда дәуірінен қалған
ескерткіштердің орныдарын зерттеу басталды.
1954 ж. Қазақ ССР Ғылым Академиясының тарих, археология, және
этнография институты Қапшағай ГЭС-нің құрлысының басталуына
байланысты К.А. Акишев бастаған Іле археологиялық экспедициясын құрды.
Экспедиция Іле өзенінің бойындағы, жалпы Жетісудағы көптеген сақ, үйсін
дәуірлерінің қорғандарын картаға түсіріп, қазба жұмыстарын жүргізді [3].
1955 ж. СССР Ғылым Академиясы Батыс Қазақстанға Сорокин
бастаған археологиялық экспедиция ұйымдастырып Ақтөбе облысындағы
қола дәуірінің Тастыбұлақ қонысы және зираты қазылды. Осы жылдары
Жетісу жерінде А.Г. Максимова басқарған Жетісу археологиялық
эспедициясы Алатау шатқалдарынан Тамғалы-тас атты тасқа салған неолит,
қола және темір дәуірлерінің бейнелейтін суреттерді ашты.
50-жылдардың аяғынан бастап Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау
бойының ежелгі палеолит дәуірлерінің тұрақты Х.А. Алпыспаевтың
басшылығымен зерттеле бастады. Шелль-Ашелль кездеріне жататын
Бөріқазған тұрақтарының табылып, зерттелуі Қазақстан тарих ғылымы үшін
үлкен жаңалық болды. 1959 ж. Сырдария өзенінде Шардара ГЭС-ін салуға
байланысты Оңтүстік қазақстандағы ортағасырлық Ақтөбе және Шәушіқұм
қалаларын, қаңлы кезеңінің зираттары қазылды [4].
Көп жолдық археологиялық зерттеулердің нәтижесінде 1960 ж.
Қазақстанның археологиялық картасы атты үлкен еңбек жарық көрді.
60-шы жылдардың аяғындағы ортағасырлық қалаларды зерттеуде Т.Н.
Сенигова Тараз қаласында кең көлемде қазба жұмысын жүргізді. Соның
нәтижесінде Тараз қаласының қашан салына бастағандығы, қыштан,
шыныдан ыдыстар жасайтын шеберханалардың орындары, металл қорытқан
пештер, Талас өзенінен су тартқан құбыр жүйелері, монша т.б. қала
кварталдары зерттелді.
Жетісу археологиялық экспедициясында орта ғасырлық қалалары
зерттейтін топ құрылып оған К.М. Байпаков басшылық жасады. Бұл топ
Сумбе, Талғар, Жақсылық, Құлан, Азпара қалаларына қазба жұмыстарын
жүргізді [5].
1969 ж. Отырар қаласын археологиялық тұрғыда кең көлемде қазу
жұмысы басталып, оған Қ.А. Акишев басшылық жасады. Кейіннен бұл
экспедиция Оңтүстік Қазақстанның археологиялық экспедициясы деп
аталып, құрамына белгілі ғалымдар К.М. Байпаков, Л.Б. Ерзакович,
С.М.Ахынжанов, Б.Нұрмұхамбетов, С.Жолдасбаев, т.б. жұмыс істеді. Сол
экспедициясының
құрамында
бүгінде
Қарағанды
мемлекеттің
университетінің профессоры сол кездегі студент С.У.Жауымбаев.
Экспедициясының негізгі міндеті Отырар ойпатындағы ортағасырлық
қалалар Отырар, Қостөбе, Көкмардан, Мардан, Күйік, Қаратау маңындағы
Түркістан, Құмтөбе қалаларына қазба жұмыстарын жүргізу арқылы
Қазақстаннын ортағасырлық тарихын зерттеуді тереңдету болды.
1971 ж. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінде
археология және этнография кафедрасы ашылып Шымкент, Жамбыл
облыстарындағы ортағасырлық қалалар зерттеле бастады. 1969-1970
жылдары Алматы маңындағы Есік көлінен К.А: Акишев сақ дәуірінің атақты
“Алтын адам” аталған қорғанын қазды. Оған бір топ студенттермен бірге осы
оқулықтың автооры да қатынасты.
70-ші жылдар Ертіс-Қарағанды каналының салуына байланысты
Орталық қазақстанда М.Қ. Қадырбаевтың басшылығымен ежелгі темір
дәуірінің Тасмола және Нурманбай қорғандары қазылып, Тасмола мәдениеті
деп аталады. Осы жылдары Арқа өңірінен 30-қола дәуірінің қоныстары
картаға түсіріліп, Атасу, Ортау, Бұғұлы, Ақсу-Аюлы, Байбола, Жамантас,
Тағабай бұлақтар атты қоныстарына қазба жұмыстары жүргізілді [6].
Орталық Қазақстанда ұзақ уақыт археологиялық тұрғыда зерттеудің
нәтижесінде 1966 ж. Ә.Х.Марғұланның, К.А.Акишев, М.Қ.Қадырбаев, М.М.
Оразбаев “Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті” атты монография
шығарды. Кейіннен Ә.Х. Марғұлан осы еңбектің жалғасы ретінде “Орталық
Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай” мәдениеті деген қола дәуірінің соңғы
кезеңіне арналған көлемді еңбек жазды, оның тарихнамалық мәні бар.
70-ші жылдардың аяғына Х.А. Алпысбаев Қаратау бойындағы
қазылған шелль-ашелль тұрақтарының материалын жинақтап “Оңтүстік
Қазақстанның төменгі палеолит дәуіріндегі ескерткіштері” атты еңбек жазды.
Бұл
еңбекте
ежелгі
палеолит
дәуірінің
тұрақты
Бөріқазғаннан,
Тәңірқазғаннан, Кемер, Тоқалыдан, Дарбаздан табылған тас құралдар туралы
баяндалған. Осы кезеңде Балхаш көлі маңындағы палеолит дәуірінің
ескерткіштерін геолог А.Г. Медоев, ал қарағанды маңындағы тас дәуірін
М.Н. Клапчук зерттеді.
70-ші
жылдары қазақ даласындағы (тас бетіндегі суреттер)
петроглифтерді зерттеу кеңейді. Тас, қола дәуірлеріндегі салынған Қаратау
бойындағы петроглифтерді М.Қ. Қадырбаев және А.Н.Марьяшев зерттесе,
Ұлытау бойын, маңғышылақты А.Г. Медоев зерттеді.
Алғашқы жылдары кең көлемде Отырар қаласының XVIII – XVI-
ғасырлардағы мәдени қабаттары, ал кейіннен XV-XІV ғасырлардағы
Отырардың орны қазылды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде қаланың
мәдени қабаттарынан адам тұрған кварталдар, қыш ыдыстармен, кірпіш
күйдірген
пештермен
шеберханалар,
қоғамдық
орындар-мешіттің,
мавзолейдің және моншаның орындары табылды.
60-шы жылдардың ортасында Қазақстанда нумизматика, яғни металл
ақшаларды зерттеу дамыды. Отырар, Тараз, Құйрықтөбе қалаларынан
табылған көптеген металл ақшаларды Р.З. Бурнашева және В.Н. Ностич
сияқты мамандар зерттеді. Бұл ақшалардың қашан жасалғандығын, сол
кездегі мемлекеттердің экономикалық және саяси деңгейлерінің қаншалықты
дәрежеде болғандығын анықтауға мүмкіндік берді.
1977-1979 жылдары шыққан бес томдық Қазақ ССР тарихының екі
томы Қазақстанның ежелгі және ортағасылық тарихына арналған,
материалдар негізінен археологиялық деректердің нәтижесінде жазылған.
Қазақсатанды археологияылқ тұрғыдан зерттеудің жаңа кезеңі 80-ші
жылдардан басталады. Бұл кезде университеттерде археология кафедралары
ашылып жас археолог мамандар даярлана бастады. Соның бірі Қарағанды
мемлекеттік университетінде археологтар мектебі құрылды. Петропавловск,
Өскемен, Орал, Шымкент облыстық педагогикалық институттар үлкен
археологиялық экспедициялар ұйымдастырып, өз өңірлерін жан-жақты
зерттей бастады. Ал Қазақстанның Ғылым Академиясының тарих,
археология және этнография институты ірі экспедициялық зерттеулермен
қатар, археология ғылымының теориялық мәселелерімен айналысты.
Қазақстан археологтары қазақ халқының шығу тегі туралы мәселеге
үлкен үлес қосты, археологиялық деректер арқылы қазақ даласындағы
көшпелілермен отырықшылардың арасындағы қарым-қатынасы, Қазақстанда
қола, темір дәуірлерінде, орта ғасырда түсті және қара металдың даму
деңгейін көрсететіндей теориялық еңбектер жазды.
Күрделі құнды еңбектердің, ірі археологиялық зерттеулердің
нәтижесінде 1988 ж. Қазақстан ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы –мәдениет
жолы» атты дүниежүзілік программасына енді.
1991 ж. Қазақ ССР Ғылым Академиясына Тарих, археология және
этнография институтынан Археология институты болып бөлініп оған Ә.Х.
Марғұлан аты берілді.
80-96-шы
жылдары
Орталық
Қазақстан
археологиялық
экспедициясының құрамына археолог С.У.Жаумбаевтың қатысуымен қола
дәуірінің Атасу қонысынан мыс қорытатын пештердің орындарын қазып,
реконструкция жасалды. В.Ф. Зайберт бастаған Петропавловскілік
археологтар энеолит дәуірінің Ботай қонысын зерттеді, Қарағанды
мемлекеттік университетінің ғалым-археологтары Қарқаралының Кент
қорығынан қола дәуірінің Кент қонысына үлкен көлемде қазба жұмысын
жүргізіп, сол кездің өзінде қала деңгейіне дейін өскендігін дәлелдеді.
Шығыс және Орталық Қазақстанның тас дәуірі ескерткіштері Ж.К.
Таймағамбетовтың басшылығымен зерттеліп Шульба және Өгізтау сияқты
мустье дәуірінің ескерткіштеріне қазба жұмыстары жүргізілді.
Археолог Ж. Таймағамбетов палеолит дәуірінің көп мәдени қабатты Ш.
Уәлиханов қонысына, қайта қазба жұмыстарын жүргізіп, Қазақстанда
палеолит дәуірінің таралу шеңберін анықтады.
1983-1987 жылдары К.М. Байпаков бастаған Тараз археологиялық
эспедициясы Жамбыл облысының тарихи ескертіштерінің тізімін жасаумен
Тараз қаласына қазба жұмыстарын жүргізумен айналысты.
Осы жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық эспедициясы Отырар
қаласын қазуды жалғастырды, осы өңірден Құйрықтөбе, Алтынтөбе
қалаларының орны қазылды. Оңтүстікте Шымкент педагогикалық
иститутында құрылған А.Н. Подушкиннің басшылығымен Алтынтөбе,
Төлебайтөбе қалалары қазылып б.э. І-мыңжылдығынан бастап өмір сүре
бастаған қалалар болғандығы дәлелденді.
1989 жылдан бастап З.С. Самашев бастаған Батыс Қазақстан
археологиялық экспедициясы сармат дәуірінің қорғандарын, ортағасырлық
қалалар Ақтөбе және Сарайшықты қазып үлкен жаңалықтар ашты .
1997-1999 жж. Ә.Марғұлан атындағы Археология институтымен
Францияның археологтары З.С. Самашевтың басшылығымен Шығыс
Қазақстанда сақ дәуірінің өте жақсы сақталған Берел қорғанын қазып [7].
Қазіргі кезде Қазақстан территориясында Қазақстан Республикасының
Ғылым Академиясынан Ә. Марғұлан атындағы Археология институты
Оңтүстік, Орталық, Шығыс және Батыс өңірлерде ірі қазба жұмыстарымен
айналысуда. Сонымен қатар Қазақ ұлттық және Қарағанды мемлекеттік
университеттерінің ғалымдары, Шымкент, Орал, Петропавл, Евразия
университтері археологиялық экспедициялар ұйымдастырып өз облыстары
көлемінде қазба жұмыстарын жүргізуде. Орталық қазақстанның қола дәуірін
зерттеуде ғалымдар С.У. Жауымбаев, В.В. Евдокимов, В.В. Варфоломеев
еңбектері өте жоғары, Осы салада 2001 жылы тарихшы-археолог
С.У.Жауымбаевтың «Горное дело и металлургия бронзового века» деген
ғылыми еңбегі жарық көрді. Автор 30 жылдық далалық археологиялық қазба
жұмыстарының нәтижесінде жинаған деректерді талдау негізінде
Сарыарқадағы
көптеген
көне
кен
орындарының
орындарындағы
ескерткштерді жүйелеп тау кен және металлургия құралдарын, метал
өндірісін, қола өндіру және қолдан бұйымдар жасау әділ-тәсілдерін зерттеп
жазады. Автордың пікірінше Орталық Қазақстанда қуатты тау-кен
металлугрия орталығы болған, оның өнімдерін Орталық Азия, Волга
жағалауы, Оңтүстік Сібір тұрғындары пайдаланған. Монографияда көне
металлургтердің қоныстары, олардың мыс өндіру технологясы жан-жақты
баяндалады. Бұл еңбек Қазақстан археологиясындағы қызықты қола дәірінің
зерттеу тарихнамасында өзіндік орыны бар. Автор, профессор Евдокимов
В.В. бірге «По следам древних металлургов Сарыарки» атты монография
шығарды [8].
Қола дәуріндегі Орталық және Солтүстік Қазақстанрның тарихи
дәуірін зерттеген профессор В.В.Евдокимов «Историческая среда эпохи
бронзы степей Центрального и Северного Казастана» деген ғылыми енбек
шығарды. Автор археологиялық, этнологиялық, географиялық негіздерін
топтастыру үшін «тарихи орта» деген термин ұғымды енгізді. Енбекте
археологиялық және мәдени – тарихи кезеңдерін қысқаша түсініктерін
көрсетіп, табиғат пен қоғам компоненттеріне сипаттама бере отырып сол
дәуірдегі 190 археологиялық объектілерді қалпына келтіреді және ол туралы
автордың теориялық тұжырымдамасы беріледі. Еңбектің құрлымында
проблеманаың тарихманасы, археологиялық, мәдени-тарихи кезеңдері
берілген. Соныме қатар табиғи компоненттер мен бірге экономикалық-
географиялық ортадағы мал-шаруалышығы, жер өңдеу, тау кен ісі,
металлургия, еңбек құралдарының негізгі категориялараы жан-жақты
талданған. Авторың зерттеу бойынша қола дәуірінде табиғат пен қоғам
арасында тығыз байланысы, қалық саны, потестарлық ұйым жайлы өте
құнды пікірлер берілген. Бұл зерттеуде Орталық және Солтүстік
Қазакстанның далаларында қола дәуіріндегі тарихи ортаның негізгі
компоненттері автордың тікелей қатысуымен ашылған жаңалықтары
айтылады. Қазақстанның даласындағы тайпалар өзінің даму барысында
протоқалалық өркениеттің табалдырығына жақындады. Соған қарамастан
жалпы және өзіндік ерекшеліктеріне қарай б.з.б. II-I мыңжылдықта
номадизмге көшті деп тұжырым жасалған. Автордың осы еңбегінде және
басқада зерттеулерінде, докторлық диссетрациясы мен мақалаларында
Қазақстан
тарихының
тарихнамасында
өте
қажетті
ой-пікірлер
тұжырымдалар жасалған [9].
Достарыңызбен бөлісу: |