Қазақстаннан қанша қолма-қол ақша алып шығуға болады?
Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес жеке тұлғалары заңдылығын растайтын құжаттарды ұсынбай-ақ, резидент және резидент емес жеке тұлғалар қолма-қол шетел валютасын алып шығуына болады. Бұл ретте баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын немесе ұлттық валютаны алып кіру немесе алып шығу Қазақстан Республикасының кеден органына алып кіретін немесе алып шығатын қолма-қол шетел және (немесе) ұлттық валюта сомасына кеден декларациясын беру арқылы міндетті түрде декларациялануы тиіс.
Резидент және резидент емес ретіндегі жеке тұлғалар баламасы он мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегі қолма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасынан алып шыққанда, Қазақстан Республикасының кеден органына баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын сомаға олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
Мұндай растайтын № 200 немесе № 210 декларация нысаны бойынша Жеке табыс салығы туралы салық декларациясы (салық төлеушінің данасы), Қазақстан Республикасына қолма-қол шетел валютасының кіргізілгенін растайтын кеден декларациясы, жылжымайтын мүлік сатып алу-сату жөніндегі шарттар және т.б. құжаттар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |