ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДА ЭТНОТУРИЗМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАБЫСТЫ ТУРИЗМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Хасенханов Н.Б., Ахметова С.Е.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
e-mail: nurshuak.mail.ru@mail.ru
Туризм саласын дамытуды насихат жұмыстарын қарқынды жүргізу арқылы ғана жолға қоюға болады, өйткені, туристер қай жерге баратындығы жайлы шешімді өздері ат басын бұрған елдердің табиғатының әсемдігі мен саяси тұрақтылығының бекемдігін, демалуға барлық жағдайдың жасалған-жасалмағандығын, туристік кешендер мен демалыс орындарындағы сервистік қызмет сапасының жоғары-төмендігін талдап, таңдау жасағаннан кейін барып қана қабылдары анық. Жалпы, туризмнің тек демалудан басқа өзге елдердің тарихымен, мәдениетімен және ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан салт-дәстүрі һәм әдет-ғұрпымен танысуды мақсат тұтумен жасалатын этнотуризм деп аталатын түрінің де маңызы зор. Жер қойнауы табиғи байлыққа толы Қазақстан туризмге, соның ішінде этнотуризмді дамытуға сұранып тұрған мемлекет екені ақиқат. Өйткені, туристік кластер жүйесін мүмкіндігінше қарқынды дамытудан еліміз мұртын майлап, бюджет әмиянына түсетін мол қаражат тауып қана қоймай, қазақ жері мен республиканың байырғы ұлт өкілі — қазақтарды жалпақ жұртқа тереңірек таныстыруға қол жеткізеді [1].
Қазақстанның қай өңіріне барсаңыз да, бұрынғы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрінен мол мағлұмат беретін тарихи ескерткіштер мен көне мәдени жәдігерлерді көптеп кездестіруге болады. Құс қанаты талып, құлан тұяғы мүжілетін ұлан-ғайыр аумақты бір өзі алып жатқан Қазақстанның батысындағы Атырау мен Маңғыстау, Орал мен Ақтөбе, одан бергі абыздар мен би-батырлардың, толып жатқан баптардың мекені — Қызылорда мен Шымкент өңірі, солтүстіктегі Көкшетау мен Павлодар, жер жәннаты Жетісудың көз тартар әсем жерлері қай елдің болсын мәртебесін асырып, атақ-абыройын еселеуге негіз бола алатындай өңірлер. Шығыс Қазақстан облысының өзін алайықшы. Еліміздің ірі индустриялық өңірі саналатын Кенді Алтай өлкесі жатжұрттықтарға: “Біздерде мынадай бар, мынадай бар”,— деп мақтанышпен көрсететіндей жерлерге кенде емес.
Міне осындай таңғажайып туған жерімізде халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтап жер жаһанға паш ететін мүмкіндік туып тұр. Бар болғаны қолда бар қазынамызды әлемдік деңгейде таныстыру. Ал алпауыт туристік жабдықтаушы елдердің назарын аудару үшін тамыры тереңде жатқан тарихымыздан, тұрмыс-тіршілігімізден сыр шертер этнотуризмді дамытуға тиіспіз.
Этнотуризм – бұл туризм түрі ауылдық жерлерде жүзеге асады. Туризмнің осы түріне төмендегілер кіреді: халық әдет-ғұрыпымен танысу, қол өнер, жер өңдеу және т.б. Этнотуризмді дамыту идеясы (өзін және жан-ұясын табыспен қамтамасыз ету мәселесі қиын) өңірлерде ерекше өзекті
Қызметтің аталмыш түрін қолданушылардың басым бөлігі ірі қала тұғындары мен шетелдік туристер. Қызығушылығын арттырған туризмді туристер тегінде ауыл тынысымен танысу мақсатында келіп, ұлтттық мәдениет пен тіршілікке біте қайнасады. Кейіңгі кездері этнотуризмге деген қызығушылық артып келеді. Ауылға келген турист күйбелең қала тіршілігінен арылып кеңінен тыныстап қана қоймай, сонымен қатар өз қолымен тіршілік қамын жасауға мүмкіндік алады.
Нәзік жандылар қазан-ошаққа араласып ет, бауырсақ, талқан, қымыз (күбі ыстау, пісу үрдісін) т.б. меңгерсе, ер адамдар білек сыбана қора жайдағы (малға шөп салу, қой қырқу, ат тағалау т.б.) жұмыстарды істеп көруге мүмкіндік алады. Шет елдік туристер және қала қонақтары үшін бұл нағыз экзотика. Ал ауыл тұрғындары үшін бұл өз бизнестерін дөңгелету үшін өте ұтымды мүмкіндік.
Этнотуризм бизнес ретінде – клиентті қалай қызықтыруға болады?
Басты ескеретін мәселе бизнестің бұл түрі «Этнос» сөзінен шыққан, яғни территориялық және мәдени тұрғысынан біріккен ұлт немесе адамдар тобы. Жалпы айтқанда өзгелерден мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, дәстүрімен ерекшелінетін адамдар тобы.
Ауылға келген туристерге қандай қызмет түрін ұсынуға болады? Ойланып қарасақ көңіл көтерудің түрлері өте көп. Этнотуризм кең ауқымды. Туристер үшін жергілікті жердің тұрғылықты адамына айналу оны өз жан дүниесімен сезіну өте қызық. Келген қонақтарды тұрғылықты жердің тұрғындардың бейнесіне келтіру үшін келесідей іс-шараларды жасауға болады:
-
ұлттық нақышта безендіріліп тігілген киімдерді киуі тиіс.
-
саятшылық құру. Оптикалық көздеуі бар қару қолданбастан, дәстүрлі қаруларды қолдану арқылы тіпті садақ пен жебе алып дала тағысын аулауға шығару. Балық аулаймын деушілерге спининг емес қарапайым қармақ қолдануды ұсыну.
-
қысқа отын дайындау - туристі балтаны дұрыс қолдануға және ағаш жаруға үйрету.
-
атқа міну. Жазда ат арба ал қыста шананы қолдану.
-
өріске төрт түлікті шығару. Сонымен қатар сиыр, бие сауу бұл туристерге өте қызықты болмақ
-
мөлдір таза өзен-көлдерде шомылу.
-
жеміс-жидек жинау , омарташыларға барып бал алу және тағысын тағы.
Ауылдық жерде екі қолға бір күрек табылары анық. Әрине туристің айналысар ісі барған жерінің тұрғындарының тұрмыс тіршілігіне тікелей қатысты және жыл мезгілдері де әсерін тигізеді.
Нарықтық заманында өмір сүріп жатқанымыздан әрине қаржы мәселесі пайда мәселесі өтек өзекті. Ескере кетер ен басты мәселе бұл туризм түрі кең таралмаған сондықтан нақты бір санды атау қиындық туғызады. Біріншіден барлығы клиент категориясына байланысты. Қазақстан резиденттері яғни қала тұрғындары жайы өз алдына бір мәселе, ал шет елдік туристер мәселесі өз алдына бір төбе. Әрине алыстан ат терлетіп келген шет елдік туристер бұл салаға міндетті түрде қомақты қаржы салары анық.
Ел экономикасына айтарлықтай пайда келтіру үшін, туристердің санының көп болғаны айтпаса да түсінікті. Ал елімізге шет елдік туристерді мейлінше тарту үшін жарнаманың орны ерекше. Туризмнің бұл түрін жарнамалаудың оңтайлы жолы болып туристік агенттіктермен қоян қолтық жұмыс жасау. Егер сіз әріптесіңізбен расымен жақсы қарым қатынаста және өз қызметтеріңіздің сапасына сенімді болсаңыз, онда олар сіз жайында клиенттерге міндетті түрде жағымды ой қалыптастыруға тырысады.
Сонымен қатар әлемдік, халықаралық деңгейдегі көрмелерге қатысу. Мысалы: Италияның Милан қаласында өткен «ЭКСПО-2015» халықаралық көрмесінде Қазақстан павильоны әлемнің үздік үштігіне кірді делінген «МИР 24»-те. Павильонға жауапты басшылықтың айтуынша «барлық адамдар біздің павильонннан шықпастан Қазақстанға келіп, біздің таңғажайып елімізбен етене танысқысы келеді, себебі олардың сол жерде көргені елімізге деген көз қарасты түбегейлі өзгертті» делінген [2].
Аталмыш мәселеге көз жүгірте отырып түйіндейтініміз көпшіліктің қызығушылығын туғызған біздің мәдениетіміз, сал –дәстұр, тұрмыс тіршілігіміздесек артық айтқан болмаспыз. Осы тәжірбиені қолдана отырып алда келе жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесіне тыңғылықты дайындалып. Ата –бабамыз мұрат еткен ғұрпымызды әлемге лайықты түрде паш етейік.
Әдебиеттер
1 http://biznesvbloge.ru/biznes-ideya-158-etnoturizm/
2 http://mir24.tv/news/society/12665972
Достарыңызбен бөлісу: |