«Қазақстанның топырақ түрлері және оның экологиялық мәселелерін шешу жолдары»
Авторлық бағдарлама
Түсінік хат
«Қазақстанның топырақ түрлері және оның экологиялық мәселелерін шешу жолдары» атты авторлық бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ет барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясындаәдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді.
Топырақтану – оқулығы студенттерге топырақ туралы түсінік беретін, топырақтың бүкіл биосфераның басты экологиялық қуысы ретінде, табиғаты мен қасиеттерін оның қоршаған ортамен байланысын көрсеткен, іргелі теориялық ғылыми пəндердің бірі. Топырақ ерекше биокосты дене. Ол геологиялық жəне биологиялық денелермен тығыз байланысты, ал оларды оқып-білу эколог мамандарына өте маңызды.
Топырақтану – топырақтың түзілуі, құрамы мен қасиеттері, оларды қорғау жəне тиімді пайдалану жолдары туралы ғылым. Ландшафтың туындысы жəне элементі бола тұрып топырақ жер бетінің табиғатының дамуына маңызды орта болады. Атмосфера, биосфера, литосфера, гидросфера арасында үздіксіз байланысты болып, топырақ жамылғысы Жер бетінде осы сфералардың арасындағы тіршіліктің дамуына аса қажет тепе-теңдікті сақтайды. Өзінің құнарлығы арқылы топырақ өндірістің негізгі құралы болады. Сондықтан да топырақты, оның биосферадағы жəне адам өміріндегі маңызын білу өте қажет.
Авторлық бағдарламаның мақсаты: Жердің тірі қабаты – топырақ туралы, оны табиғи дене ретінде қарап, оның қасиеттері, түзілуі, эволюция туралы білім негіздерін қалау. Топырақ түзілу процесін, оның жер бетінде дамуын, топырақ түзілуіне экологиялық факторлардың əсерлерін, топырақ қорларын тиімді пайдалану жолдарын оқып білу.
Достарыңызбен бөлісу: |