Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрі
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-достүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршіліғінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, I дүниетанымынан туындайтын модени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, Кыз ұзату және өлген адамды жәнелту жатады. Қауымдық-қоғамдын ғұрыптарға бүкіл қауым болып өткізетін, жалпы қоғамдық мәні бар әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Мысалы, наурыз тойы, құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б. Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да бір төбе. Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық деп бөлуді шартты түрде ғана түсіну керек. Өйткені отбасылық ғұрыптар мен қауымдық- коғамдық салт-саналар өзара астасып, араласып жатады. Отбасылык ғұрыптар кейде қоғамдық сипат алады, ал бүкіл қауым аткаратын, Катысатың ғұрыптар әр отбасында көрініс табады. Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте, шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, компит пайдаланылған. Шашуды жаңа түскен келінге, алғаш босаға атаған күйеуге, түсауы кесілген балаға, алғаш атқа мінген балаға,т.б. жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні -жақсылық, молшылық, кұт-береке тілеу. Сүйінші-қуанышты хабарды, алдымен, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі. Қуанышты хабар жеткізуші «Сүйінші, сүйінші!», — деп жұртка естірте хабар бере келіп, сүйіншісіне не беретінін де алдын ала сұрап алады. Хабардың маңызына, сүйінші берушінің қолының ашықтығына қарай сүйінші көлемі орқалай болады. Көрімдік-қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде көрімдікті ұйымдастырушының алатын сый-қәдееі. Мысалы, қазақ алғаш көрген келінге, күйеуге, нәрестеге, ботаға, жаңа киімге, әшекей затқа, жаңа отауға көрімдік береді. Отбасылық салт-дәстүрлер. Бала дүниеге келген күні шілдехана жасалады. Шілдехана жасаудағы бірінші мақсат-дүниеге келген баланың қуанышына кішігірім дастархан жайып сауық өткізу болса, екінші мақсат жаңа ғана дүниеге есігін ашқан сәбиді түрлі жамандықтардан (жын, шайтан) қорғау. Түнімен ән салынып, ойын-сауық құрылып бала жатқан жерге ондай пәле жоламайды деп есептеген. Сондықтан кейбір өңірлерде шілдехананы шілде кузет деп атаған. Ат қою. Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған. Мысалы, баласына соған тартсын деп бір жақсы адамға ат қойғызған, немесе жақсы адамның атын қойған. Мысалы, Абылай, Абай, Шокан, т.б. белгілі, даңқты адамдардың атын берген. Немесе Алдаберген, Қүдайберген, Тілепалды деп қойған. Мұндай аттарды ұзақ күткен, әулие-әнбиелердің басына түнеп тілеп алған балаларға қоятын. Қазақ кейде баласына жағымсыз да ат коятын. Мысалы, Күшікбай, Боқбасар, Қасқырбай, т.б. Әдетте, Мұндай атты баласы тұрмай, шетіней берген соң ата-аналары тіл-көз тимесін деп қоятын. Қазақта тілеулі аттарда болған, мысалы, Ұлболсын, Тоқтасын, Тұрсын, т.б. Бесікке салу рәсіміне, негізінен, әйелдер шақырылады. Баланы бесікке салу сол ауылдағы сыйлы бәйбішеге тапсырылатын. Бесікті бала атасына тартып өссін деген ниетпен атасының шапанымен, тонымен, атка тақымы мықты болсын деген тілекпен аттың жабуымен жапқан. Бала дүниеге келгеніне 40 күн толғанда қырқынан шығарады. 40 күнге дейін балаға тіл-көз тимесін деп сырт адамға көрсетпеген. Қырқынан шығаруға да көрші-қолаң, туыстардың әйелдері келеді. Бұл күні баланың қарын шашын (туғандағы шашы), тырнағын алады, 40 қасық суға шомылдырады. Бала жүруге талпынғанда оның тұсауын кесу рәсімі жасалады. Түсау кесуге де, негізінен, үлкендер жиналады. Баланың аяғын ала жіппен, не койдың тоқ ішегімен түсайды да, бала жүрейін дегенде түсауды пышақпен кесіп жібереді. Баланың аяғын ала жіппен, тоқ ішекпен түсауда мән бар. Қазақта ала жіп касиетті, адалдықтың белгісі саналған. Өзінің адалдығын білдіргісі келген жан «біреудің ала жібін аттағаным жок» дейді. Бұл бала адал болып өссін деген тілектен I туған ырым. Ал енді баланың аяғын ток ішекпен түсау бала өскенде бай болсын, малды болсын деген тілектен туындаған. Бала 4-5 жасқа келгенде оны атқа мінгізіп, ашамайға отырғызған. I Ашамай дегеніміз бала аттан құламауға ыңғайланып жасалған ердің бір түрі. 6-7 жасқа келгенде бала өз бетімен атқа мініп әкесімен, не ағаларымен сапарға шыкқан жағдайда ата-анасы баласының тоқымқағар рәсімін жасаған.
Айдар. Ер балалардың орайының тұсынан қалдырылатын бір шок шаш. Тұлым-қыз балалардың кішкене күніндегі екі шекесінде I киылмай қалдырылатын екі шок шаш. Қазақ айдар мен түлымды I балаға көз тимесін деп қояды. Адамның көзі алдымен оның төбесінде шошайып тұрған шашқа түссін деген сенім болған. Қыз ұзату, келін түсіру. Қазақ үл-кызының үй болуына үлкен мән берген. «Баланы жастан» деген қағидамен ұлды үйдің қожасы, корғаны, асыраушысы болуға үйретсе, қызды үй ұстауға, бала тәрбиелеуге, тамақ әзірлеуге, қонақ күтуге дағдыландырған. Ұлы өсіп кележатқан қазақ болашақ құда болатын адамдар 1 жөнінде ойлана бастаған. Болашақ келінінің шыққан жеріне, тегіне I өте мән берген. Қазақта үйлену тек құдалық арқылы болған. Болашақ қалыңдықты таңдағаннан кейін оның ата-анасына жігіт жағынан жөн білетін бір-екі адам барып, өздерінің ниеттерін білдіреді. Қызжақ қарсы болмаса, белгіленген уақытта жігіт жақ қүда түсуге келеді. Қазақтың дәстүрлі салты бойынша қыз айттырғанда қалыңмал береді. Қалыңмал, былайша айтқанда, бір әулеттен екінші әулетке ауысатын қыз баланың төлем ақысы. Қалыңмал екі бөліктен тұрады: бірі-бас жақсы, екіншісі-қара мал. Бас жақсыға, әдетте, түзу мылтык, берен сауыт, жүйрік ат және малдағы артык белді түйе. Бұл заттардың әрқайсысы төрт ірі малға тең болып есептелетін. Ал қара мал деп атайтын бөлігі екі жақтың келіскен санына қарай беріледі. Осындай қалыңмалмен қатар қыз жағына берілетін қәделер де болады. Олар ілу, тоймал, сүт ақы. Ілу-күйеу жігіт қалыңдығымен алғаш танысқалы ұрын барғанда қыздың ата-анасына берілетін сый. Той мал-қыздың ұзатылу тойына сойылатын мал. Сүт ақы кыздың анасына күйеу жігіт тарапынан берілетін сый. Қазақта «Қалыңсыз қыз болғанмен, қәдесіз қыз болмайды» деген мақал, күйеу жігіт тұрмысына байланысты қалың мал бере алмаса да, қәделерін міндетті түрде беруі керек деген салтты білдіреді. Құдалықта болатын міндетті қәделердің бірі қыз ата-бабаларының рухына арнап берілетін қәде- «әлтірі». Қыз әкесі ұзату тойын жасайды. Ұзатылар қыз үйінен аттанарда сіңісу деп аталатын қоштасу өлеңін айтады. Жігіт еліне келгенде жас келінді отауға оң аяғымен кіргізіп, отқа май құйғызады. Той басталар алдында бір өнерлі жігіт келіннің бетін ашады. Беташар домбырамен қосылып айтылатын ән түрінде жүреді. Беташардың мағынасы жаңа түскен келінді елмен таныстыру, қайын-жүртын келінге таныстыру, келінге әзіл-қалжың түрінде тәрбиелік өсиет айту. Беташардан соң сол ауылдың үлкен, беделді адамы жас жұбайларға бата береді, осымен той кызығы басталып кетеді. Дәулетті адамдар фольклорда әсірелеп айтылатындай отыз күн ойын, қырық күн тойын жасаған, ат жарыстырған, балуан күрестірген, көкпар тартқан. Құдаларды құдайындай сыйлап, киітін, сый-сияпатын беріп, риза етіп аттандырған. Үйлену салтында қыздың жасауы деген дәстүр бар. Жасаудың да мөлшері кыз әкесінің ауқатына, берілген калың малдың мөлшеріне байланысты XIX ғасырға жататын деректер бо- йынша ауқатты адамдар қызының жасауына көбінесе мынадай заттар кірген: ақ отау, күміс ертоқымды салт ат, сәукеле, төсек-орын, әркай- сысы тоғыз-тоғыздан көптеген киім түрлері, ыдыс-аяқ, жасау артатын бірнеше түйе. Қыз жасауының ішінде шешесінің, тіпті әжесініц жасауымен келген қымбат киімдер, әшекей бүйымдар да болады. Наурызды қарсы алу. Наурыз тойы көктемгі күн мен түннің теңелу мерзімі 22 наурызда өтеді. Бұл мейрам күнтізбелік ғұрыпқа жатады. Оның шығу тегі Шығыс халықтарының мұсылмандықтан бұрынғы табиғатқа табыну салтымен байланысты. Наурыз мейрамы қыстың аяқталып, көктемнің шығуы кезіне дәл келеді. Наурыз парсы тілінен аударғанда жаңа кун деген ұғымды береді. Шындығында да, бұл жаңаның, жаңарудың мерекесі. Көктем мен бірге табиғат та жаңарады, көк шыға өсіп-өну басталады. Бұл күні жаңару, тазару белгісі ретінде адамдар ауласын тазалайды, жаңа киімін киеді, үйдің ішін кағып-сілкіп тазартады. Бір- бірін қыстан аман шығып, көктемге жеткендігімен құттықтайды, егер бір-біріне өкпе-назы болса, бұл күні ағайын-туыс, дос-жаран бірін- бірі кешіреді де қайта табысады. Бұл мейрамның ең басты гұрпы наурыз көже дайындау. Әдетте, наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады, қыстан қалған сүр етке қосымша су, дәнді дақыл, түз, айран, кұрт, ірімшік қосылады. Бұл жеті түрлі астың өзгермейтін құрамы: су, ет, түз, дән болса, қалғанына қолда барды қоса береді. Қазақтың тұрмысқа, шаруашылыққа байланысты тағы бір ғұрпы ол-жайлауға және қыстауга көшу ғұрпы. Ел жайлауға көшерде бір малын аруақтарға арнап сойып, ағайын-туыс, көрші-қоланына дәм берген. Ертеректе қыстаудан көшерде екі жерге отты лаулатып жағып, малды-жанды көшті соның ортасынан өткізген. Бұл көнеден келе жатқан отпен аластау, әр түрлі пәле-жаладан тазарту ғұрпы. Қыстауға қонарда да осы ғұрыпты жасаған. Қазақтың мұсылмандық ғұрыптары-ораза айт, қурбан айт. Ораза бітісімен үш күн ораза айты өтеді. Бұдан соң дәл 70 күннеи кейін құрбан айт келеді. Құрбан айтта жағдайы келген адамдар кұрбандыққа мал шалады. Әдетте, құрбандыққа еркек және он екі мүшесі сау мал шалынады. Құрбан айтта ауыл-ағайын бір-біріне айттап, әр үйге құран оқып, дәм татысады. Өлген адамды жерлеу. Адамның демі таусылуға жақын қалғанда молда, не жөн білетін үлкен адам иман айтады. Кісі жан тәсілім болғаннан кейін оның көзін жауып, аяқ-қолын созып (бурісіп қалмас уіиін), үйдің оң жағына аққа орап қояды. Ең жақын туыстарына адам өлімі жөнінде хабар беру естірту деп аталады. Естіртуді суық хабардың өзін адамға өз жөнімен, сабырға шақыра отырып жеткізе алатын адамға тапсырады. Қазақ, әдетте, өлген адамды үшінші күні жерлейді. Жерлерден бір күн бұрын қайтыс болған адамның қонақасын береді. Бұл мәйітті түнде күзетуге келген жақын-туыс, ауыл үлкендеріне берілетін ас. Өлген адамды жерлерден бұрын оны арулап жуады, кебінге орап, жаназасын шығарады. Жаназадан соң бейітке апарып жерлейді. Дүниеден қайткан адамның жетісін, қырқын, жылын береді. Бұл мұсылмандық ғұрып емес, көнеден келе жатқан халықтық салт
Қазақтың салт-дәстүрлері (тізім)
Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.
Сәлемдеме Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.
Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
Базарлық Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
Жеті ата Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.
Тыйым«Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
Араша Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.
Құтты болсын айту Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа «қайырлы болсын» айту ата салтымыз. Ол сол адамдарға деген ыстық ықыластың, қуанышқа ортақ екендігінің белгісі.
Тоқымқағар Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.
Тізе бүгу Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді.
Шашу Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.
Достарыңызбен бөлісу: |