ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


 Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсаринның эстетикалық



Pdf көрінісі
бет100/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

2. Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсаринның эстетикалық 
көзқарастары 
 
Қазақ ағартушы-демократтары, эстетика мәселелеріне арналған 
арнайы еңбектер қалдырмағаны жұртқа мәлім, бірақ өздерінің 
қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби еңбектерінде олар қазақ 
халқының эстетикалық мәдениетінің дамуы мәселелеріне үлкен назар 
аударған.
Қазақ ағартушы-демократтарының эстетикалық көзқарастары 
халық 
бұқарасының 
өздерін 
қанаушыларға 
қарсы 
азаттық 
қозғалысының, капитализмнің Қазақстан ішіне кіріп, рулық-
феодалдық 
қарым-қатынастарды 
бұза 
бастаған 
кезеңіндегі 
демократиялық ойдың нақтылы көрінісі болып табылады. 
Сондықтан да қазақ ағартушы-демократтарының эстетикалық 
көзқарастары олардың дүниетанымымен тығыз байланыста болуы – 
олар өмір сүрген сол дәуірдегі тарихи жағдайлар тудырған әбден 
заңды құбылыс.
Әңгіме ағартушылылардың эстетика мәселелерін қаншалықты 
жүйелі әрі жан-жақты қарастырғанында емес. Маңыздысы – олар 
эстетика мәселелерін көтерді және оларға өз қатынастарын білдірді. 
Өнер мен сұлулықты барлық халықтар өз дамуының қандай 
сатысында болса да жасайды, ал философиялық ой, олар таптық 
күрестің күрделі түрлерінде шынайы күшке айналған кезден ертерек, 
бұл құбылыстарды қарастырмайды. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан 
қазақ халқының эстетикалық көзқарастары алғашқы рет қазақ 
ағартушы-демократтары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин 
және Абай Құнанбаев шығармаларында теориялық қорытындылауын 
және одан арғы дамуын алды. 


322 
Шоқан Уәлихановтың эстетикалық көзқарастары, біз атап 
өткендей, оның қоғамдық-саяси және философиялық көзқарастарымен 
тығыз байланысты болды. 
Шоқанның балалық шағы Көкшетау өңіріндегі Құсмырын мен 
Сырымбетте өтті. Бұл өңір тарихи аңыздарға толы, ал оның ғажайып 
сұлу табиғатын көптеген қазақ ақындары мен халық композиторлары 
жырлаған. Сол уақытта Көкшетау бүкіл Солтүстік Қазақстанның 
мәдени өмірінің орталығы болды, Шоқанның рухани дамуы үшін бұл 
жағдай, сөзсіз, өте маңызды еді.
Бала кезінде-ақ ол халықтың тарихи аңыздары мен әңгімелеріне 
үлкен қызығушылық танытқан. Шоқан қарапайым адамдардың әндері 
мен әңгімелерін тыңдағанды жақсы көрген. Әсіресе, оның рухани 
өсуіне көп ықпал жасаған әжесі Айғаным аңыздар мен әңгімелерді 
айтуға шебер еді.
Замандастырының пікірлері бойынша (Г.Н. Потанин, И. 
Ибрагимов, А.К Гейнс), Шоқан Уәлихановтың әкесі – Шыңғыс сол 
кезеңдегі қазақ қоғамының тұрмысын, әдет-ғұрыптарын, экономикасы 
мен саяси өмірін жақсы білген. Білімді адам болған, Шоқанның әкесі 
даладағы көптеген мәдени бастамаларға көмек көрсеткен. Атап 
айтқанда, ол ғылыми мекемелерге көрмелер ұйымдастыруға 
көмектескен, географиялық және антропологиялық қоғамдарға, 
музейлерге және т.б. этнографиялық материалдар жинаған. 
Ол қазақтың халық поэзиясы мен қазақтың музыкалық 
фольклорының зерттелуі үшін көп еңбек етті. Оның өзі де қабілетті 
сазгер болған, қобыз бен домбырада ойнаған, өз ауылында атақты 
әншілер, ақындар және сазгерлер қатысуымен музыкалық-поэтикалық 
сайыстар өткізгенді ұнатқан. Осының барлығы да Шоқанның зейінді 
жан дүниесіне әсер етпеуі мүмкін емес еді.
Шоқан жастайынан шығыс тілдерін үйрене бастады. Ол 
ортағасырлық әдебиет ескерткіштерін шағатай тілінде оқыды, араб 
және парсы тілдерінде сөйлеп жаттықты, шығыс ақындарының 
өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Ата-анасы оның болашағына 
қамқорлық жасап, Шоқанды, Қазақстанда сол уақытта сирек құбылыс 
болатын, орыс мектебіне берді. Осының барлығы Шоқан 
Уәлихановтың эстетикалық көзқарастарының қалыптасуы мен дамуы 
үшін өте маңызды болды. Дарынды бозбала болғандықтан, Шоқан 
табиғаттағы әсемдікті терең қабылдады. Орыс суретші-топографтары 
мен геодезистері Құсмұрын камалында, Уәлихановтар жанұясында 
ұзақ уақыт тұрғанда, Шоқан бойында сурет салуға деген талпынысты 
оятты. Шоқанның өзінің туған ауылында, сондай-ақ Ыстық-көл мен 
Памирға, Жоңғарияға, Қытайға және басқа жерлерге жасаған алыс 
саяхаттарында салған суреттерінен кейіннен, үлкен эстетикалық және 


323 
этнографиялық құндылық болып саналатын, бай коллекция жиналды. 
Өзінің ғылыми ізденістерін жүргізу барысында, ол ұлттық киімді, 
Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар өмірінен тұрмыс 
көріністерін, үйлердің және табиғат ерекшеліктерінің суреттерін 
салған. Кеңес дәуірі кезінде Шоқан суреттері бойынша көптеген 
тарихи жерлер, жеке тұлғалардың портреттері, олардың киім түрлері, 
тұрмыс жағдайлары және т.б. қалпына келтірілді
1
. Шоқанның 
замандастарының естеліктерінен Уәлихановтар ауылына қазақ 
халқының тұрмысы мен мәдениетіне үлкен қызығушылық танытқан 
орыс зиялыларының көп келгені мәлім. Олармен Шоқан өте тез 
табысатын. Орыс зиялылары бозбаланың қабілеттерін танып, 
Шоқанға орыс әдебиеті мен өнеріне деген қызығушылықты барынша 
дарытуға талпынды.
Осының бәрі Шоқанның ішкі дүниесінде өшпес әсер қалдырды. 
Кейінірек ол туралы Шоқан өзінің досы Г.Н. Потанинге айтқан. 
Адам қоршаған әлемнен әсер алып ғана қоймай, оған деген өзінің 
қатынасын да білдіргісі келетіні, жұртқа мәлім. Бұның Шоқан 
Уәлихановтың қолынан келгендігіне бізді оның ғылыми және әдеби 
еңбектері сендіреді
2

Шығыс және орыс классикалық әдебиетін білуі Шоқанға өз 
халқының көркем шығармашылығын жаңаша қабылдауға және 
жоғары эстетикалық деңгейден бағалауға мүмкіндік берді. Ол қазақ 
халық ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алу мүмкіндігін жібермеген, көп 
нәрсені жаттап алып, кейін туыстары мен достарының ортасында 
мәнерлеп оқып беретін болған. 
Өзінің ауылында болғанда, Шоқан «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» 
және «Ер Көкше» атты халық поэмаларының бірнеше варианттарын 
жазып алған болатын.
Шоқан Уәлихановтың әр түрлі дарындары, ол Омскінің кадет 
корпусында білім алған кезінде, содан кейін озық ойшылдармен 
танысуы мен жалықпай оқуы барасында, өңделіп, әсерлері мен 
түсініктері толығымен дерлік нақты ғылыми қызығушылыққа реттелді 
әрі қалыптасты. Бұл оқудың қаншалықты жемісті болғандығына 
Шоқан Уәлихановтың еңбектері дәлел. Оның еңбектерінде, жалпы 
өнер туралы және, атап айтқанда, Шығыс пен Орта Азия 
халықтарының көркем шығармашылығы туралы көптеген терең ойлар 
бар. Шоқан Уәлихановтың тарих, этнография және әдебиет салалары 
бойынша жазған еңбектерінің Шығыс халықтарының, ең алдымен, 
қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің дамуы үшін маңызы зор. 
1
Қар.: Нагим-бек Нурмухаммедов. Искусство Казахстана, М., 1970. С. 25. 
2
Қар.: Валиханов Ч.: «Предания и легенды большой Киргиз-кайсацкой орды», «Песень об Аблае», 
«Очерки Джунгарии», «Шуна батыр» ж.т.б. // Собр. cоч. в пяти томах. 


324 
Бұл еңбектерде алғаш рет, ноғай, өзбек, қарақалпақ, қазақ, қырғыз 
халықтарының халық ауыз-әдебиетінің көптеген туындыларына 
ғылыми талдау берілді. Шоқан қазақ және қырғыз халықтарының 
көркем мұрасын өзінің «Жоңғария очерктері», «Қазақ халық 
поэзиясының түрлері туралы» және басқа да еңбектерінде эстетика
тұрғысынан қарастырады. Халық ауыз әдебиеті туындыларын Ш. 
Уәлиханов қазақ халқының ең жоғары эстетикалық сезімдерінің 
көрінісі, «сезінумен, өмірмен және бүкіл қоғамның дамуымен 
айқындалатын, нақ халық ақыл-ойының туындылары»
1
деп санады. 
Өзінің халқына және оның көркем шығармашылығына деген 
жалынды сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін Уәлиханов өзінің 
эстетикалық көзқарастарында білдірді. Оларды сипаттаудағы 
ескеретін маңызды жай, Шоқан Шығыс халықтарының және, атап 
айтқанда, ноғай, өзбек, қазақ, қырғыз халықтарының ауызекі 
поэтикалық шығармашылығын сараптауда реализм және халықтық 
принциптерін қолданған. Шоқан Уәлиханов қазақ, қырғыз, өзбек және 
ноғай халықтарының көркем шығармашылығында кең тараған жанр – 
батырлық эпос екендігі туралы жазды. «Бұл батырлық жырлар 
эпикалық сипатта және ұйқасты өлеңдермен айтылатындықтан халық 
ауыз әдебиетіне жатады. Олар халық рухының, түсінігінің әдет-
ғұрыптарының, өнегелігінің, өмір салтының көрінісі ретінде тамаша, 
сондай-ақ 
филологиялық 
қатынаста 
да 
тамаша 
тарихи 
қызығушылықты тудырады»
2
. Мұндай поэмаларға Алтын Орда 
дәуірінде өмір сүрген қазақтардағы, өзбектер мен ноғайлардағы Едіге, 
Ер Көкше, Орақ, Шөре және басқалар туралы поэмалар жатады.
Шоқан Уәлиханов бұл поэмалардың басты кейіпкерлері тарихи 
тұлғалар екендігін атап көрсетеді.
Ш. Уәлихановтың эпостың қалыптасуы кезеңі туралы айтқан 
пікірлері де назар аударарлықтай. Оның пікірінше, эпикалық 
шығармалар ХІҮ, ХҮ және ХҮІ ғасырларда пайда болған және біздің 
заманымызға олар ауызекі түрде ұрпақтан ұрпаққа берілу арқылы 
жеткен. Эпикалық шығармалардың көне заманнан сақталу фактісін 
ескерте отырып, Шоқан Шыңғысұлы бұл жазуы жоқ кездегі халықтың 
ұлы ерлігі деп санаған. 
Ш. Уәлиханов, сондай-ақ көптеген көшпелі халықтардың 
аңыздарының ұқсастығына назар аударған, оның ойынша, бұл 
ұқсастықтар «қоныстардың ауыспалы болуы мен тіл ұқсастығынан» 
пайда болған. Көптеген халықтарда кездесетін, осындай аңыздардың 
бірі – Едіге туралы поэма. Бұл поэма түркмендерде, қазақтарда, 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет