ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Мухамбетова А. Некоторые эстетические проблемы



Pdf көрінісі
бет124/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Мухамбетова А. Некоторые эстетические проблемы 
казахской инструментальной культуры //Кочевники. Эстетика: 
Познание мира традиционным казахским искусством.
Алматы: Ғылым, 1993. С. 160-188.


390 
Болат Қарақұлов 
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Белгілі болғандай, кез келген ұлттық мәдениетті дамыту үшін 
оның өткен кезеңдеріндегі формаларын түсіндіретін аналитикалық 
ойлану әдістері қалыптасу қажет, өйткені бүгінгі мәдениетте өткен 
ғасырлардың әсері мен оның көпғасырлық мұрасы көрініс табады. 
Келешектегі қазақтың музыка өнеріне қазіргі музыкалық мәдениеттің 
қай формалары кіретінін болжау қиын, бірақ сонда да келешекте көне 
дәстүрлер маңызды рөл атқаратыны белгілі, өйткені олар уақыт 
шыңынан өткен рухани құндылықтар болып танылады.
Музыка өнерінің хронологиялық ауқымы туралы археологиялық 
мәліметтер хабар береді, олардың деректері бойынша Орта Азия мен 
Қазақстан жерлеріндегі музыка мәдениетінің тамырлары көне 
кезеңдерде бастау алады. Қазақстанның жерінде 20-25 ғасыр бұрын 
салынған петроглифтер табылған. Оларда бірнеше музыкалық 
аспаптарда ойнап және билеп тұрған адамдардың мүсіндері салынған. 
Б.д.д. дейін І ғасырда көне Хорезм, Соғда, Бактрия және Парфия 
мемлекеттері кезінде сол уақытта кең тараған музыка аспаптарының 
суреттері табылған. Осыған қарағанда қазіргі кезде Орта Азия мен 
Қазақстандағы көптеген ұлттық музыка аспаптары түрікмен, қырғыз, 
өзбек, қазақ және т.б. халықтардың қалыптасуына дейін пайда болған 
екен. «Археологиялық ескерткіштердің арасында (қабырғаға салынған 
суреттер, жазулар, терракота) екі мың жыл бұрын қолданылған шертіп 
ойнайтын екі ішекті аспаптың суреті ерекше назар аудартады. 
Археологиялық екі ішекті аспаптар – қазақтың домбырасы мен 
қырғыздардың комуз аспаптарына өте ұқсас болып келеді» 
1
, - деген 
ойды В.Виноградов жазған. Кейбір музыка зерттеушілердің пікірінше, 
ішекті аспаптар Орта Азия жерінде пайда болып, осы жерден басқа 
халықтарға жайылған. Қазақтың қобызына ұқсас аспаптар қазіргі 
виолончель, скрипка мен альт аспаптарының «ата-бабасы» болғаны 
мүмкін
2
.
Музыка мәдениетінің өркендеу кезеңі Орта Азияда орта 
ғасырларда көрініс тапқан. Ол кезде орындаушылық өнермен қатар 
сол кездегі батыс еуропалық теориясының деңгейінен аса дамыған 
орта 
азиялық 
ғалымдардың 
музыкалық-теориялық 
ғылыми 
трактаттары пайда болған. Бұл дәуірде әл-Фараби (870-950 жж.), Ибн 
Сина (980 ж. қайтыс болған), Сафиэд-Дин (1414-1452) музыка 
теортиктері өмір сүрген. Олар грек философиясының негіздерін 
1
Виноградов В. Музыкалық археология туралы //Кеңес музыкасы, 1971, № 5 , 89-б.
2
Сонда


391 
меңгеріп, музыканы математикалық әдістермен зерттейтін. «Музыка 
дегеніміз – цифрлық қарым-қатынасы бар әр түрлі дыбыстар мен 
интервалдардың байланысы»
1
, - деп әл-Фараби өзінің музыка туралы 
трактатында жазған.
Жалпы Орта Азия музыка мәдениетінің бір бөлігі ретінде 
қазақтың музыка мәдениетін қарастыра отырып, оның басты өмір 
салты көшпелі түрінде өткенін ескеру қажет. Өйткені қазақтарға дейін 
өмір сүрген тайпалар да көшпелі шаруашылық түрін ұстанатын. 
Сондықтан қазақ музыкасын зерттеу үшін номадизмнің әлеуметтік-
тарихи белгілерін талдап, оның ерекше эстетикалық белгілеріне және 
өнердің дамуындағы ерекше заңдылықтарына назар аудару керек.
Қазақстан жерінде номадизм тарихы VIII-V ғасырларда 
басталады, бұл кезде алғашқы этномәдени типтегі тайпалар 
қалыптасып, көшпелі өмір салтын ұстана бастайды
2
. Адамзаттың 
тарихында номадизмнің қалыптасуы прогрессивтік қадам болды, 
өйткені оның бірқатар жағымды және қолайлы жағдайлары шекаралас 
жерлерде тұратын, жер шаруашылығымен айналысатын елдердің 
және қала мәдениетінің элементтерін тартатын.
Заңды түрде маңызды мәселе көтеріліп тұр: номадизм осы 
жерлерге келгенде осында бұрын болған көркемдік әрекеттердің 
түрлерін сақтап қалды ма, әлде керісінше, өзімен бірге осы жерлерге 
көркемдік мәдениеттің жаңа формалары мен құралдарын әкелді ме? 
Адам болмысының негізін құрайтын еңбектің формалары мен 
түрлері өзгерсе, оның қоғамдық сана мен қоғамның идеологиясы да 
өзгеретіні мәлім. Көшпелілердің өнері жаңа әлеуметтік дүниенің 
нәтижесінде пайда болғандықтан оның жаңа өмірлік қажеттіліктеріне 
сай қасиеттері қалыптасу керек еді. Көшпелілердің сапасы жағынан 
жаңа қоғамдық жүйесінде өнердің түрлері олардың көшпелі өмірге 
сай жағынан таңдалады. Сондықтан номадтардың эстетикалық 
дүниесінде негізінде өнердің идеалды және затқа байланбаған түрлері 
дамыған. Қазақтар мен олардың аталарында ол поэзия мен музыка 
болды.
Музыка мен поэзияға қоғамның қойған мақсаттары көп 
функционалды болғаны соншама, халықтың рухани күштері осы 
аталған өнердің түрлерінің дамуына мақсат қойды. Поэзия мен 
музыканың мазмұны философиялық өмірді жырлау мен адам мен 
табиғаттың 
біртұтастығынан 
туындайды. 
Отырықшы 
жер 
шаруашылығымен айналысатын халықтардың коллективизміне сай 
1
«Араб музыкасы» атты Ж. Рауненің орысша аудармасынан келтірілген сілтеме. Қолжазба 
Ташкенттің мемлекеттік консерваториясының кітапханасынан алынған. 45-б. 
2
Қара: Марғұлан Ә., Әкішев К., Қадырбаев М., Оразбаев А. Орталық Қазақстанның көне 
мәдениеті. – Алматы, 1966, 70, 288-бб. 


392 
табиғатқа қарсы шығатын пафостың керек еместігі көшпелі өмір 
салтында табиғат пен адамның тепе-теңдігін жырлайды.
Мусикалық өнерлердің (музыка және поэзия) қазақтың жалпы 
ұлттық мәдениетінің жүйесінде ерекше әлеуметтік-тарихи орны 
туралы сөз қозғасақ, халық үнемі қозғалыста болып, көптеген 
шақырым жерлерге көшіп жүргенде мүмкіндігінше өзінің қоғами 
өмірін ұйымдастыруға тырысатын. Көшпелі өмір салтының 
жағдайында рулық, тайпалық және одан да ірі ұйымдар құрылып, олар 
дұрыс тіршіліктің басты шарты ретінде ұйымдастырушылық пен 
жалпы мақсаттылықты ұстанатын. Ғасырлар бойы қазақ қоғамында 
тәрбиелі функцияны атқаратын белгілі салттар мен ғұрыптар жүйесі 
қалыптасқан. Ұрпақтардың арасындағы сабақтастықты орнататын 
құрал ретінде музыкалық-поэтикалық өнердің ішінде эстетикалық 
құндылықтар қалыптасқан.
Қазақ даласын А.В. Затаевич «ән теңізі» деп атаған. Шынымен, 
ұзатылып бара жатқан қыз әдетте өз «сыңсуын» өзі шығарып, 
айтатын. Еш бір жас жігіт өзінің сүйгеніне махаббатын қарапайым 
күнделікті әңгімелесетін жай ғана прозалық формада айтпай, арнайы 
сұлу ән шығаратын. Үйлену салтының тойларында ғұрыптық әндердің 
орындалуы музыкалық-поэтикалық спектакльдерге айналатын. Адам 
қайтыс болғанда да ән айтылатын. Егер қартайған кісі өзінің артынан 
ән шығаруға қабілеті жететін адамды көрмесе, өз «жоқтауын» өзі 
шығарып, жақындарына оны айтуға өсиет қалдыратын. 
Музыкалық-көркемдік 
шығармашылықтың 
сүйемелдеуімен 
өтетін индивид пен коллективтің өміріндегі барлық кезеңдерді 
атаудың керегі жоқ, өйткені музыкалық-поэтикалық өнер адам 
өмірінің тіршілігіне қатысты негіздерінен биік идеологиялық ой-
толғауларына дейін барлық салаларында орын алатын. Музыкалық-
поэтикалық шығармашылықтың функциялары өнер мағынасын 
өзгеше түрде білдіретін. Музыкалық-поэтикалық өнерде көркемдік 
образдар түсінікті, анық форма түрінде болғандықтан еңбекке үйрету, 
өнегелі заңдылықтарды ұстану сияқты тәрбиелік мәні бар ақылдар 
өнер арқылы әр адамға жететін. Музыкалық-поэтикалық өнер арқылы 
ұрпақтан ұрпаққа діни ұғымдар, адам мен табиғатқа қатысты 
көзқарастар, экологиялық, космогониялық және басқа дүниетанымдар 
жалғасатын. Адамның туғанынан бастап өмірінің соңына дейін 
музыка бірге жүретін.
Қоғамдық сананың формасы ретінде музыкалық және поэтикалық 
өнер уақыт өткен сайын өз бетімен жеке түрге айналды. Әр түрлі 
факторлардың әсерінен олардың ішкі жүйелік және құрылымдық 
өлшемдері құрылып, олардың ерекшеліктері, бағыттары мен даму 
жолдары қалыптасты. Бұл ерекшеліктер музыка мен поэзияның ішкі 


393 
даму заңдылықтарының формасын игеріп, шынайылықты көрсетуге 
қомақты үлес қосады.
Әр мәдениетте заңдылықты түрде болатын өркендеу және 
ыдырау кезеңдерін қоса қазақтың ауызекі музыкалық мәдениетінің 
нұсқалары оның анық тарихи эволюциясы туралы мәліметтер бере 
алмайды. Жазуы болмаған музыкалық мәдениетінің құрамында 
байырғы көне қабаттарын зерттеп, олардың қалдықтарын да табуға 
болады, бірақ жалпы алғанда музыкалық және музыкалық-поэтикалық 
тілдің эволюциясы көбінесе бірте-бірте жоюлуға және ұмтылуға 
жақын болған.
Қазақтың ұлттық музыкасының өркендеу және ыдырау кезеңдері 
туралы объективті түрде археологиялық және этнографиялық 
деректер мәлімдейді. Олардың мәліметтері бойынша, ХІХ ғасырға 
дейін қазақ қоғамында әр түрлі ысқышты, плекторлық, үрлемелі, 
ұрмалы аспаптар кең таралған. Олардың жоғалуының себебі осы 
уақытта дәстүрлі музыка мәдениетінің ыдырауымен байланысты 
болған. Бұрынғы әлеуметтік институттардың бұзылуына және 
олардың бағыттарының өзгеруіне апаратын жаңа тарихи ықпалдардың 
әсерінен номадизм капиталистік мемлекеттердің бұрын болмаған 
экономикалық өсуіне қарсы тұра алмайтын болды. Күшті өнеркәсіптік 
елдермен жан-жақты қарым-қатынастарды құрып, көшпелі даланың 
негізгі өмір салты көптеген ғасырлар бойы қазақ қоғамының негізгі 
экономикалық түпнегізі болған көшпелі мал шаруашылығы ыдырай 
бастайды. Өзінің функционалдығын жоғалта бастаған әлеуметтік 
институттармен 
қатар 
ғұрыптардың 
музыкалық-эстетикалық 
формалары азайып, қазақтардың музыкалық тұрмысының құрамдас 
элементтері қолданыстан шыға береді. 
Бірақ жалпы халықтың рухани талпыныстарымен пайда болған 
мәдени мұра тарихи сахнада өзінің қайталанбас түрінде сақталып 
қалады. Номадтардың музыкасы да өшпейді, өйткені халық музыка 
өнерінің керемет өнегелі-этикалық күшіне сенетін. «Қазақтардың 
музыкасы жоғары деңгейде дамыған ғажайып бай және әр 
түрлілігімен сипатталады, оның кейбір белгілері жаңа батыс-
еуропаның кәсіби музыкасына (батыс еуропа қалаларының кәсіби 
музыкасына – Б.Қ.) ұқсас болса да, тікелей пайдалану кездеспейді. 
Қазақ музыкасының мәселелерін зерттеу келешек ғалымдардың еңбегі 
деп ойлаймын», - деп ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы 
қазақ музыкасы туралы К. Квитка жазған
1
. Осындай беделі жоғары 
салыстырмалы музыкатану саласының маманының бағасы сол 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет