АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр



бет4/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Есімхан қозғалысының басталуы

“Ойнақтап толқын жел гулеп, Майсар діңгек сықырлап” дегендей үш жерде жасап жатқан қазақтардын басынан өтіп жатқан ауыр күндер менің өз үйімде тып-тыныш мал бағып қымызды ішіп, бағланды жеп, қатын-баламды күтіп, “тек жүрсең тоқ жүресің” дейтін мақалды малданып жасап жүруіме мүмкіндік бермеді.

Өткен өмір, көрген түс. Қыдыртатын талайды “Нені тапсаң соны тап жарамады керекке” дегендей біздің сөйлегеніміз бен істеп келгеніміз түкке жарамады.

Қазақтар үшін “ақиқатты оқпен өлшеуден” басқа жол қалмады. “Қорқақты қуа берсе, батыр болады” дегендей, бандит Шың Сысайдың жоқ нәрсені тап дегендіктен, бұл тәсіл біз үшін өмір мен өлімнің арасын белгілегендей заманды өзінен өзі туғызып жатты. Бізді күшті күрес отында нығайтатын күшті контрреволюцияның болғандығы біз үшін жаман да болмады.

“Басында Қаратаудың бір топ шілік

Айтатын мен ойымнан аз мұңшылық

Шың Сысай жоқты тап деп қысаған соң

Есімхан шәнді өлтіріп салды бүлік.”

деп қажы Ақыт біздің алғашқы төңкерісіміздің шығу себебіне ғылыми түрде тұжырым жасаған еді. Есімхан атты осы қозғалыс, дұшпан мен екі арадағы ақиқатты оқпен өлшеуден басқа әдіс қалмағандығынан туындаған еді.

1940 жылы қаңтар айында Ақыт қажы ұсталды. Дәл осы орайда, Есімхан үкірдай (Иманбай үкірдай ұлы) “Ақытты тартып алып қалалық” деген пікірді ортаға қойды. Біз Өндірқара, Зақоба, Тұрымның Сартерегі болып жиын ашып ақыл құраған (13) 60 адам едік. Соның бірі мен едім. Өндірқарадан – Масғұт Шағалаұлы, Қажақын, Асыл, Рабай, Қауым, Зақобадан – Сартеректен Сүлеймен, менің әкем Молдажан, Байкелең, Зал зәңгі, Қарабұлғыннан Сайып Қалелұлы, Шамғұн Сарбас, Өндірқарадан Оспан, Ителі Уәли, Шағалақ бар еді. Байкелең Үмітбай қатарлы төрт адам тұрып:

- Қазір қыс уақыты. Қыстың өзі бір қиямет болып тұр. Әкетсе әкетсін, орнында баласы Қалман бар ғой. Жаз шыға бұзылалық, - деп жиналған 60 адамды тоқтатып қойды. Ақыт сол кезде Шәкүртідегі қыстауынан қолға алынған еді. Ақытты тартып алып қалу жайында жиналысты Өндірқарадағы Имамбай үйінде ақылдастық. Ақыры дәл сол үйдің өзінде қозғалысты уақытша тоқтатуды мақұл көрдік.

Арада бірнеше күн өткеннен кейін, Көктоғай ауданының қаласына Қалманды шақырып алып қолға алғандығын естідік. Енді бір жұмадан кейін аудандық үкіметтен Кәрім сарт келіп Ақыт мешітіндегі Құран кітабын жинады. Бір күннен кейін мылтық жинау комиссиясының бастығы Жу Ұянжаң мен Көктоғайдың шәні11 Шәкүртідегі Ақыт мешітінде жиын ашып сөз сөйледі. “Сартеректен бергі ел таңертеңгі сағат 9-дан қалмай келсін” деп хат жазған екен.



Көктоғайдың қытай бастығын Өлтіру

Ертеңінде біз Сартеректен бергі ел Ақыт мешітіндегі жиынға келдік. Жиналыстың өту ахуалы қауіпті болды. Келгеніміз 200-дей адам едік. Адамдарды дәретке шығармады. Есіктен кірген жерден ауыздан уәде алды.

- Мылтықты береміз, - деп шулап кірдік. Шән сөзінде:

- Сендерде мылтық көп. Тауға да тығып отырсың, үйге де тығып отырсың. Біз білеміз, қолымызда мәлімет бар, - деп соқты.

- Бір атым дәрі, бір жез қалмайды, - деп ұқтырды. Қысым жасай келіп алпыс адамның атын оқыды.

- Осы адамдар бізбен бірге ауданға барады, - деп ұқтырды.

Бұл алпыс адам Ақытты алып қалсақ деген алпыс адам екенбіз. Ішімізде тыңшылар болғандықтан (14) бұл хабар әлдеқашан сақшы мекемесіне жетіп барған екен. Есімхан шәнге барып:

- Бір сұмға құл болдық. Ат көлік азықтарымызды әзірлеп киімдерімізді жөндеп алып арттарыңыздан барсақ, - деп рұқсат сұрап алды.

Сонымен шәнге уәде беріп қалып қойдық. Ал шән кешінде Оқан зәңгінің үйінде қонбақ болып сол жерге адам жіберіп, үйді дайын етіп мал сойғызыпты. Оқан зәңгінің үйінде бір тәуір қыз бар еді. Шән тарбағатайлық жергілікті қытай, қазақ тілін білгендіктен сол қыздан үміт күтеді екен. Шән адамдары бізден айрылып Дүренің Көктем мектебіне барып, онда үгіт айтты. Онда да жоғарыдағы бізге қолданған тәсілдерді қолданып аттанып кетті. Көктем мектебінен шығып, Карабұлғындағы Қалел аулындағы білім мектебіне барды. Ол кезде Қалел ұсталып кеткен еді. Бұл арада Зақобадағы Оқан зәңгінің үйі шәннің бұйрығы бойынша дайындалып қойылды. Қытайлар Жу Ұянжаң, шән болып барлығы 37 адам еді. Негізінен сақшы адамдары болатын. Шән екі мектептегі үгітін аяқтатып, кешінде Оқан зәңгінің үйіне келді. Оқан Әсімбекұлы, Молқы ішінде Машан еді. Ал Машан ішінде Есет еді. Біз өзіміз 60 адам осы кеште Жу Ұянжаңды шәнмен қосып өлтіруге Өндірқарадағы Иманбай үйінде серттестік. Қолдағы мылтықты түгел береміз деп Жу Ұянжаңға көк қасқа тай сойып күтіп, оларды бейғамдандырып тастадық. Жүз адам Оқанның үйінің Құм жағындағы бір керіш тауға бекіндік. Жас балаларды жіберіп Оқанның қызынан хабар алып тұрдық.

Бұл уақыт 1940 жылы 6 ақпан күні12 болатын. Шән ұйықтаған кезде қыздан хабар келді.

- Маған шән келсін деп адам жіберіп жатыр, - деді. Жер қар еді. Түн қатты суық. Аяқ тықырын білдірмеу үшін етік сыртынан кигіз тұйық тігіп, киіп алдық. Оқтаудай қайынның басын жарып қайың тоз өткізіп алып үйге кіргенде (15) тозды майға малып жарқ етіп кірдік. Өйткені өз адамдарымызды өлтіріп алудан сақтандық. Шән адамдарының қолында екі орыс бесатар, екі қайбан мырыш, екі сарбауыр берен, төрт наған бар еді.

Біз 37 адамды бір жүз он адаммен қамап алдық. Төрт рет оқ атылды. Одан әрі қару қыла алмады. Біздің қолымызда шоқпар, темір күрек, балта бар еді. Осы күшпен отыз жеті адамды өлтіріп тастадық. Дәл осы түні Қалел аулында жатқан Сарноғайды13 Сайып пен Шамғұн өлтірді. Асыл тұқымды мал бағып жатқан Уан атты бір қытайды, Сүлеймен, Ібіш Машейұлы өлтірді. Бұлар ол кезде Тұрымның Сартерегінде болатын. Осы екі адам ең алғашқы ақылдасылған алпыс адамнын ішінде болатын. Кәрім сарт осы 37 адаммен14 бірге өлтірілді.

Ертеңінде “мен де осы ақылдың ішіндемін” деп Шәри зәңгіден қағаз келді. Шәри ауылы ол жылы Шәкүрті бойында еді. Екі күннен кейін Сарсүмбеден төрт адам келді: Ноғайбай, Зәтелбай, Ақтеке би, Мұса мерген. Бұл адамдар ел ішіндегі мылтықтарды жинап беруге келіпті. Мұса мерген екі оғым бар депті. Соны әкеліп беруге Ноғайбай ертіп келіпті. Ақтеке Аралда төрт мылтық бар соны апарып бермек. Зәтелбей Құлдың мылтығын жинап бермек болып қайтады екен.

Бұл төрт адамнын сөзі мынау болды:

- Біздің істегелі келгеніміз сол еді. Бұзылудан басқа жол қалмады. Комиссияны өлтіріп жақсы істеп қойдыңыздар, - деп қосыла кетті.

Сонымен Ноғайбай, Зәтелбей, Мұса Шіңгіл елін бұзатын болып жүріп кетті. Біз 300 адам болып Көктоғай Сақшы мекемесін алуға жүріп кеттік. үкірдай Есімхан басшы болды. Оспан екеуміз отардағы малды жинауға жүріп кеттік. Меркіт Тиянақтың ұлы бір орыс бесатар әкеліп берді. Орыс Сарбелі, 200 оғы бар еді. (16)

Сақшы мекемесі біздің комиссар мен шәнді өлтіргенімізді әлден естіп қойған екен. Сол тұңғыш соғыста Сәріш Келеңұлы бастаған төрт адам шәйіт болды. Алты мылтық түсіріп алдық. Сақшы орны алынбады. Дәл осы кезде, Шеруші Сүлеймен Тілеубайұлы15 сол шақшы мекемесінде жұмысшы екен. Сүлеймен біздің қолымызға түскен соң Есімхан үкірдай алып келіп кісендеп қойды. Бұл кездегі бұзылғанымыз аз адам еді. Елдің көбі әлі бұзыла қоймаған болатын. Қарабұлғын, Шәкүрті маңындағы аз ғана Айтуған, аз ғана Шақабай еді. Аз ауыл Шеруші, аз ауыл Қарақас, аз ауыл Сарбас Үмітбай тобы еді. Есімхандар қайтып елге келгенде, біз де отардан малды көшіріп қайта оралдық. Барлығымыз Өндірқараға жиналдық. Бұзылмаған елдермен арамыз ашылып қалды. Бұл уақытта Шіңгілдегі елден тіл ала алмадық. Осы жағдай кезінде Бимыш деген кемпірді Шатыртастағы Салық тәйжі ауылына жібердік. Кемпір аман барып қайтып келді. Салық тәйжі:

- Сақ болсын. Сарсүмбеден Бұлғындағы Ырысбек Дажұйбаңға әмір жіберіліпті. Барлық әскерді алып Өндірқарадағы шәнді өлтірген бұзықтарды өлтіріп, тірі түскендерді Сарсүмбеге алып келсін деп бұйрық беріліпті дейді, - депті.

Бұл сөздерді естігеннен кейін біз дайындық көріп қаруланып Сартоғайға көшпекші болдық. Ауыр жүк қалды. Кісеңдеулі жатқан Сүлеймен түсімде маған аян берді:

- Мұсылман оғынан қаза болуым мүмкін. Кәпір оғынан қаза болмаймын. Соғысқа шығамын, - деп өтінді.

Сүлейменді босатып алдық.16 Бұл кезде ел болып ерікті түрде әскери міндет өтеуге 700 адам жазылып қойды. Қапсәмет молла мен Мәлікаждар молланы алғызып бүтін әскерге жаназасын оқыттырдық. Жаназа оқыған күніміз 1940 жылы 19 наурыз күні еді. Дәл сол күні жылаған қатын-баланың даусы әлі күнге есімнен кетпейді. Бүкіл Алтай тауы дүрілдеп иман айтқандай болды. Бүкіл Сартоғайдан (17) Жеті Аралға дейін соншама қашықтағы ағып жатқан Бурылтоғай өзені ақ қырау мұз жамылып, ормандарды сүңгімен тұман басты. Шалқая сырғып ағып жатқан қос Шіңгіл өзені де аза білдіріп тұрғандай сезіліп, ит ұлып, сиыр мөңіреп, күндіз күн тұтылып, түнде ай тұтылып, жылқы жал құйрығын сүзіп, алдағы күнде болатын ауыртпалықтардың барлығын көз алдымыздан өткізіп жатты.

Біз тәуекелдің атына міндік. Иесіз иен жатқан қазақ, құрып алған мемлекетіміз жоқ, жинап қойған қорымыз жоқ, салып қойған қаламыз жоқ, тіпті осындай жағдайда жаратып аларлық жаратқан Құдай бізге экономикалық негіздерде әуелі адамзатқа енші бөлгенде бізге ондай ғылыми кәсіптерді бермеген екен. Құдай тағала әуелі адамзатқа енші бөлгенде бізге ондай ғылыми табыстарды бөлмеген екен. Біздің шаруашылығымыздың негізін құраған төрт түлік мал, Алтайдың сұрапыл суықтарында әр он екі жылда бір ақсүйек болып тұрады. Сол малды отардан шулатып қыс үстінде айдап келдік. Жылқылар жалын тарап, құйрығын сүзеді. Арықтап шыққан малдар саудырап өле бастады. Арық малдар не ішсе іш тастай бастады. Шың Сысай бандиттерімен бірге Құдайдың мол беретін қазаққа еншісі осы болғандай. “Жұтаған жұртын мақтайды” деп қазақ сорлап отырсақ та, әлі де мал кәсібін дүниедегі бар кәсіпке теңемейтін надандығымыз да өзімізбен бірге жасап келе жатыр.

Біз туып ойламаған істерді істеуге жолығып қалдық. Біз қарулы орыспен де, қарулы Шың Сысай бандиттерімен де майданға түсіп алысатын болып қалдық. Бірақ сорға қарай Төре Шәріпханның әскері Ырысбек келетін секілді. Енді қайту керек? Тәуекел, жан аясаң жаралы қаласың. Ол жау ғой, ондай болса тәуекел. (18) Тәуекел атына расында мінуге мәжбүр болдық. Бұл дүние бізге бейнет пен ажалын бірдей әкелді. Орыс пен Шың Сысай бандиттерінің бізді аямайтынын түсініп жаттық. Орыстың мақсаты оларға қазақ керек емес, Алтай керек. Ондағы тас пен алтын керек. Ал қытайдың мақсаты да осы еді. Бізде күш жоқ. Тіпті жәрдем қылатын орын да жоқ. Оның үстіне, орыс пен қытай бізді алғанда, қазақпен алып жатыр. Өзіңді өзіңе салады екен. Ен қорлығы, ең ауыр іс осы болды. Сол заман сол жылы, сол ай, сол күні, біздің қызыл қолымызды еріксіз түрде өз жауымызға қарсы тұруға итермелеп сағым қуғандай апарып осы қанды уақиғаға енгізіп жіберді.17

Ежелден Құдайдың қазаққа берген еншісі аз емес еді. Ежелден қазақты жақсы жарылқап келе жатқан Алланың тағы бір қазынасына іліне кеттік. Бұрын тышқан өлтіруден қорқатын қазақ, бандыларды өлтіргенде лақтан бетер әрі оңай, тіспен де, тырнақпен де бауыздай салатын болып алдық.




Каталог: kitaplar


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет