Азовое ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі



Дата22.02.2016
өлшемі44.61 Kb.
#1613
Азовое ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті жерлестер!
Азовое ауылдық округінде 2010 жылы біраз жұмыстар атқарылды.

Округтың жалпы көлемі 56493 га құрайтын үш елді мекеннен құралған,адам саны 1037.

Ауылдарда ардагерлер кеңесі,әйелдер кеңесі, қоғамдық кеңестері және көше комитеттері жұмыс істейді.

Есеп беру мерзімінде 6 біріккен ардагерлер мен әйелдер кеңестері, 8 тұрғындар жиыны өткізіліп, 24 арыз қаралды.Қаралған арыздар бойынша шешім қабылданып,шара қолданылды. Өткізілген тұрғындар жиындарында, еңбек ұйымдарында кездесулерде тұрғындармен түсіндірме жұмыстар жүргізілді.Атқарылған жұмыстардың барлығы ауылдық округ тұрғындарының ішкі саяси хал-ахуалдарын, ұлтаралық қатынастарын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарында жіберілген кемшіліктер де бар.

Кейбір үкіметтік емес ұйымдар мүшелерінің жиналысқа себепсіз қатыспауынан іс - шаралар уақытында өткізілмейді, маңызды мәселелерді шешу үшін белсенділік, табандылық іс - әрекет жасамайды.
Бюджет

Округ бюджетінің меншік кірістер түсімі бойынша жоспар 100 пайызға орындалды.2011 жылғы 1қаңтар жағдайында аудан бюджетіне мезгілінде төленбеген салық жоқ. Бағдарлама бойынша бюджетті игеру 99,7 пайызға орындалды.


Ауыл шаруашылық

Ауылдық округтың ауыл шаруашылық аграрлық секторына 56 шаруа қожалығы,1 ЖШС кіреді. 2010 жылы егістік көлемі 3743 га құрайды. 321 га жер көлеміне дәнді – дақылдар, 50 га күнбағыс себілген, 3264 га - көп жылғы екпе шөп, 25,5 га жерге - картоп, 5 га көкөніс отырғызылған.

Жалпы жиналған астықтың нақты өнімі - 1 га жерден 14 ц. алғанда -69,5 ц. Майлы дақылдардың барлық жиналған өнімі - 100 га жерден 400 ц. (1 га жерден 4ц).

2011 жылғы 1 қаңтарда ауылдық округте жыл өткен сайын ірі қара,қой-ешкі,жылқы, құс басы көбейіп келеді.Ірі - қара –1231 бас, қой-ешкі – 2279 бас, жылқы – 159 және 2296 құс басы.

Өткен 2010 жылы 2308 ц. ет, 15102 ц. сүт, 52 ц. жүн өндірілді.

«Шығыс - Сүт » ЖШС бірігіп Ново - Азовое, Азовое, Бетқұдық ауылдары тұрғындарынан сүт жинау ұйымдастырылған.Сүт жинау кәсібімен «Чуембаев» жеке кәсіпкерлігі, иесі С. Чуембаев шұғылданады.Барлығы округ бойынша 87 үй сүт тапсырады.

Мал шаруашылығын өркендету мақсатында Б. Рахимовтың, М. В. Лут, Е. Балтабаевтың жеке шаруашылықтарында мал бордақылайтын 3 алаң ұйымдастырылды. Бұл алаңдарда 104 бас ірі - қара мал бар.

Биылғы жылы, жеке кәсіпкер А. Раимбеков, ауылдық округ аумағында мал соятын алаң және ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пунктын ашуды жоспарлауда.

«Украинское » шаруа қожалығы филиалы ұйымдастырылмақшы,200 га жерді

ауылшаруашылыққа пайдалануға құжаттар ресімделуде.

Ауылшаруашылық өнімдер ашу туралы ұсынымдар түсуде.
Кәсіпкерлік

2011 жылғы 1 қаңтар жағдайында округта 5 дүкен, 3 шағын наубайхана жұмыс істеп тұр.Кәсіпкерлік саласында 18 адам қызмет істейді.

Дүкендердегі сатылатын 8 түрлі тағамдардың бағалары бақылауда.

Білім беру.Денсаулық сақтау

Округта Азовое орта мектебі жұмыс істейді. Мектепте 12 балаға шағын орталық, Бетқұдық ауылынан 7 балаға интернат ашылды.

Өткен 2010 жылы Азовое орта мектебінде ағымды жөндеу жүргізілді. Балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін асхана ашылды . Мектеп асханасында 1- 4 сыныптар арасынан 25 бала, аз қамтылған отбасынан 17 бала ақысыз тамақ ішеді.

Бетқұдық пен Азовое ауылдарының оқушылары (49 бала ) Азовое орта мектебіне балаларды мектепке тасуға бөлінген автобуспен қатынайды.

Округ аумағында, Ново – Азовое ауылында - отбасылық дәрігерлік амбулатория ,Азовое ауылында медицина қызметкері ауруларды өз үйінде қабылдап халыққа қызмет етеді, Бетқұдық ауылында дәрігер маманы жоқ, бірақ аудандық ауруханадан медицина қызметкерін жібереміз, тұратын пәтер дайындап қойыңыз деген хабар келді.

Барлық есепте тұрған аурулар дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Профилактикалық жоспар толығымен орындалды.


Әлеуметтік сала. Жұмыстылық

2011 жылғы 1 қаңтар жағдайында жалпы жұмыссыздық құрамында 2 адам.Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 56 жаңа жұмыс орны жоспарланған, нақты 56 жұмыс орны құрылды.Соның ішінде 21 адам ауыл шаруашылық саласында, шағын бизнесте 5 адам, басқа да салада - 3, уақытша жұмыс орны – 22.

2010 жылы 61 отбасына 797140 теңгеге тұрғын үй көмегі берілді . Арнаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек сұрап 12 отбасы өтініш берді,оларға 880800 теңге бөлінді. 26 отбасына балаларға арналған 671800 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді.

«Қамқорлық» акциясы бойынша Азовое ауылында тұратын І топ мүгедегі Алексей Михайлович Твердохлебовқа мүгедектік арбаша алуға көмек көрсетілді.

Округ бойынша экологиялық өтемақыға құжаттар ресімдеу жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда, 15 адамның құжаттары ресімделді.

Біздің аумақ бойынша -23 тыл ардагерлері,121 зейнеткер, 32 мүгедек, Чернобыль апатынан зардап шеккендер- 2 , ауған соғысына қатысушы – 1 адам.


Автомобиль жолдары,жолаушы тасымалдау,құрылыс,байланыс.

Жолаушыларды,облыс орталығынан Ново-Азовое ауылына арнайы шағын автобус тасымалдайды. Азовое, Бетқұдық ауылдарына жолаушы тасуға үнемсіз болғандықтан қатынамайды.Сонымен қатар, кемшіліктер де жоқ емес. Ново–Азовое, Азовое ауылдарының тұрғындары шағын автобус келісім – шартта белгіленген жүйе бойынша жүрмейді деп наразылық білдіреді.Бұл туралы қызмет жасап жүрген ұйым да біледі.

Қозғалмайтын мүлік нысандарының орнын тегістеу жұмыстары түйінді мәселе болып тұр.Жасалған келісім-шартта көрсетілген мезгілінде тегістеу жұмыстарын нысан қожайындары әр – түрлі себептер айтып, бекітілген жүйе бойынша орындамайды.

2010 жылы округке қараған барлық ауылдар телефон жүйесімен қамтамасыз етілді. Сонымен бұл мәселе шешілді.

Ново–Азовое ауылының тұрғындарын ойландыратын су мәселесі. Су жүйесінің жоба- сметалық құжаттары жасалған. Биылғы жылғы жоспар бойынша су жүйесін жүргізеді.

Ново-Азовое – Азовое жол бұрылысындағы көпір күрделі жөндеуден өткізілді.

Биыл Азовое ауылы көшелерін жарықтандыру жұмыстары жоспарлануда.
Мәдениет, дене шынықтыру және спорт.

Ауылдық округ бойынша жоспарланған мәдени - спорт шаралардың барлығы өткізіледі. Алайда, тұрғындардың мәдени іс – шараларына қатысулары нашар. Біздің спортсмендер баяғыда аудан, ауылдарға шықпайтын болып алды.Бұл үшін жоғары орындардан талай сынға қалғамыз.Бұл кемшіліктерге шара қолданамыз.



Былтырғы өткен тұрғындаржиындарында жол жөндеу, байланыс жүйесінің нашарлығы, мал дәрігерінің қызметі, Бетқұдық ауылын жарықтандыру туралы сұрақтар қойылған. Бұл сұрақтар бойынша мәселелердің бәрі орындалды .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет